Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
6-ТЕЗИСЫ ЛЕКЦИЙ ҚАРЖТАЛДАУ.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
919.55 Кб
Скачать

6 - «ҚАРЖЫЛЫҚ ТАЛДАУ» ПӘНІ БОЙЫНША ДӘРІС ТЕЗИСТЕРІ

Тақырып 1. Қаржылық талдаудың пәні және әдістері

  1. Қаржылық талдаудың мәні, ролі және маңызы

  2. Қаржылық және басқарудағы талдаудың өзара байланысы

  3. Қаржылық талдаудың әдістері

1. Қаржылық талдаудың мәні, ролі және маңызы

Нарық жағдайында қаржылық жоспарлау кәсіпорынға оның қызметі жөнінде көптеген параматрлерді сырттан бекітетін орталықтандырылған әкімшілік сипатты жояды. Ол, ең алдымен бәсекелестік нәтижесінде қарқынды өзгеріп отыратын нарықтық коньюнктура жағдайында өзінің хал-жағдайын нығайтуға ұмтылатын кәсіпорынның шаруашылық әрекетінің икемді стратегиясы мен тактикасын жасауға қызмет етеді. Қаржылық қызметте нормативтерді пайдалану кәсіпорынның өз еркінде, сондықтан нормативтер туралы ақпараттар коммерциялық құпияға айналады. Жоспарланған нормативтерден ауытқуды талдау, кәсіпорынның ішкі талдауының құрамдас бөлігі болып табылады. Бухгалтерлік есеп беруге негізделген қаржылық жағдайды талдау, сыртқы талдау сипатына ие болады, яғни бұл кәсіпорынның қызметі туралы ақпараттардың шектеулі бөлігінен тұратын есеп мәліметтері негізінде осы кәсіпорынның мүдделі контрагенттерінің – меншік иесі немесе мемлекеттік органдардың берілген кәсіпорынның шегінде жүргізетін талдауы. Қаржылық жағдайды ішкі талдау әдістемесі, әрбір кәсіпорын үшін тек потенциалды әріптестерін бағалау мақсатында ғана емес, сонымен қатар қаржылық есепті сыртқы пайдаланушылардың көзқарасы тұрғысынан алғандағы өзін-өзі бағалау үшін де қажет.

Тереңдетіліп нақтыланған талдау экспресс-талдаудың бөлек тәртібін кеңейтеді, толықтырады және дәлелдейді. Оның мақсаты – шаруашылық субъектісінің қаржы жағдайы туралы, оның өткен есепті кезеңдегі қызметінің нәтижесі, сондай-ақ кәсіпорынның болашақтағы даму мүмкіндіктеріне соңғы толық баға беру болып табылады. Осыған орай нақтылау дәрежесі аудитордың өзінің ықыласына байланысты.

Қорыта айтқанда, кәсіпорынның қаржы жағдайын талдауда аудитордың түрлі әдістер мен тәсілдерді қолдануға еркі бар. Оларды ұтымды пайдаланып, осы талдауды жүргізудің дәйектілігіне байланысты дұрыс әдісті таңдай отырып, аудитор қаржылық жағдайға терең, жан-жақты әрі кешенді талдау жүргізе алады, сондай-ақ объективті және анық баға береді, қаржылық тұрақтылықтың нығаюы мен кәсіпорынның табыстылығының өсуі жөнінде ұсыныстар дайындайды.

  1. Қаржылық және басқарудағы талдаудың өзара байланысы

Қаржылық талдау кәсіпорынның шаруашылық қызметін жалпы талдаудың бір бөлігі болып табылады. Ол бір бірімен тығыз байланысты мынадай тараулардан тұрады:

  1. Қаржылық талдау;

  2. Өндірісті басқарудағы талдау.

Сыртқы қаржылық талдаудың негізгі ерекшеліктері мынада тұрады:

  1. Талдау субъектілерінің көптілігі;

  2. Талдау субъектілерінің мақсаттары және мүдделерінің әртүрлілігі;

  3. Типтік әдістемелерін, есеп стандарттарын пайдалану;

  4. Талдаудың кәсіпорынның сыртқы есептемелеріне бағытталуы;

  5. Талдау нәтижелерінің барлық пайдаланушылар үшін ашықтығы.

Кәсіпорын серіктері сыртқы қаржылық талдауды келесі бағыттар бойынша жасайды:

  • Төлем қабілеттілігін және баланс өтімділігін, қаржылық тұрақтылыгын талдау;

  • Меншікті және қарыз капиталды, активтерді пайдалану тиімділігін талдау;

  • Пайданың абсолюттік көрсеткіштерін зерттеу;

  • Табыстылықтың салыстырмалы көрсеткіштерін талдау;

  • Кәсіпорынның қаржылық жағдайын жалпы бағалау.

Басқарудағы талдаудың ерекшеліктеріне келесілер жатады:

    • Талдау нәтижелерінің кәсіпорын басшыларының мүдделеріне бағытталуы;

    • Талдау жүргізу үшін ақпараттың максималды көлемін пайдалану;

    • Кәсіпорын қызметтерінің барлық жақтарын зерттеу;

    • Жоспарлау, есеп және талдау жүйелерінің бір бірімен бірлесуі;

    • Талдау нәтижелерінің максималды жабықтығы.

Пайданы табуға мақсатталған кәсіпкерлік қызметтің (бизнестің) концепциясы қаржылық талдаудың мазмұнын және тиімділігін түсінуге мүмкіндік береді. Пайда кәсіпорынның табыстылық түрі ретінде соңғы қаржылық нәтиже болып есептелінеді. Кезкелген бизнестің соңғы мақсатына жету үшін қабылданатын басқару шешімдерді 3 аспектілер арқылы көрсетуге болады:

      • Капиталды пайдалану бойынша шешімдер;

      • Қорлар арқылы орындалатын шаралар;

      • Жүзеге асырылатын шаралардың (қаржылық операциялар, инвестициялық проекттер және т.б.) экономикалық тиімділігін бағалау.

Қаржылық және инвестициялық шешімдерді ұақытылы және сапалы негіздеу кәсіркерлік қызметтің кезкелген саласында кешенді қаржылық талдаудың мазмұнын сипаттайды. Ондай дәлелдеуді жүргізу үшін бір қатар стандартты әдістер қолданылады.