
- •Әдiстемелiк нұсқаулары методические указания по проектированию городских и
- •2. Жобалау құжаттамасының көлемi мен құрамы
- •3. Жобалау құжаттамасын әзiрлеуге арналған бастапқы деректер
- •Есептiк электрлiк жүктемелер
- •Қалалық электр тораптарының электрлік жүктемелерін анықтау
- •Тұрғын ғимараттардың жүктемелері
- •Қоғамдық ғимараттардың жүктемелері
- •5. Кернеу мен тораптың бейтараптық режимін таңдау
- •6. Тораптар сұлбалары Жалпы ережелер
- •7. Электрмен жабдықтау сенімділігі
- •8. Кернеуі 110/35 кВ және одан жоғары электрмен жабдықтау тораптарының сұлбалары
- •9. Кернеуі 0,4—10 (6) кВ тораптардың сұлбалары
- •10. Тораптарды есептеу. Сымдар мен тораптардың қимасын таңдау
- •11. Тарату тораптарының трансформаторларының қуатын
- •12. Кернеу деңгейлерін есептеу және реттеу құралын таңдау
- •13. Реактивті қуатты қарымталау
- •14. Сыйымдылық токтарын қарымталау
- •15. 1000 В—қа дейінгі тораптарды бірфазалық қысқа тұйықталу кезінде желілерді автоматты ажыратуды қамтамасыз ету шартымен тексеру
- •16. Автоматика, қорғаныс және телемеханика
- •17. Электр энергиясын есепке алу
- •18. Кернеуі 110—35 кВ және одан жоғары тораптар. Электр тораптары элементтерінің құрылымдық орындалуы
- •Кернеуі 0,4—10 кВ тораптар.
- •Қалалық электр тораптарының 1000 тұрғынға шаққандағы электр жүктемелерiнiң меншiктi көрсеткiштерi
- •Қалалық электр тораптарындағы 6—10/0,4 кВ трансформаторлық қосалқы станциялардың 1000 тұрғынға шаққандағы меншiктi көрсеткiштерi (дана)
- •Меншiктi көрсеткiштерi, кВа
- •Қалалық электр тораптарының 6—10 кв кабель желiлерiндегi 1000 тұрғынға шаққандағы меншiктi көрсеткiштерi, кВа
- •Қалалық электр тораптарының 6—10 кв әуе желiлерiндегi 1000 тұрғынға шаққандағы меншiктi көрсеткiштерi, км
- •Қалалық электр тораптарының 0,38 кВ кабель желiлерiндегi 1000 тұрғынға шаққандағы меншiктi көрсеткiштерi, км
- •Қалалық электр тораптарының 0,38 кВ әуе желiлерiндегi 1000 тұрғынға шаққандағы меншiктi көрсеткiштерi, км
- •Қалалық электр тораптарының бөлшектерiнде реновациялаудың меншiктi көрсеткiштерi бесжылдық кезең үшiн %
- •Электрқабылдағыштардың меншікті есептік жүктемесі, кВт/пәтерлер
- •Максимумдардың үйлеспеу коэффициенті
- •Сұраныс коэффициенті
- •Сұраныс коэффициенті
- •Сұраныс коэффициенті
- •Сұраныс коэффициенті
- •Сұраныс коэффициенті
- •Сұраныс коэффициенті
- •Сұраныс коэффициенті
- •Есептік максимумдардың үйлеспеу коэффициенті
- •Iрілендірілген меншікті электр жүктемелері
- •Трансформаторлардың рауалы асқын жүктемесi
- •Негiзгi анықтамалар
Қалалық электр тораптарының электрлік жүктемелерін анықтау
4.8. Қаланың орналастырылған коммуналдық—тұрмыстық жүктемесі қоныстық аймақтың әр типі үшін 1 текше метр үй қорына (жалпы немесе төленетін тұрғын алаңға) келтірілген меншікті есептік жүктемесі арқылы анықталады.
4.9. Меншікті есептік жүктемелер Вт/м2 жалпымемлекеттік нормалар (ҚНжЕ және ҚН) негізінде мыналарға байланысты белгіленеді:
тұрғын ғимараттардың қабаттарына;
тұрмыста тамақ дайындау үшін қолданылатын энергия тасымалдағыштарға, ыстық сумен жабдықтау және ғимараттарды жылытуға;
электр аспаптарымен (жекелей алғанда, ауабаптағыш қондырғылар және т. б.) жарақтану деңгейіне.
4.10. Қалада орналастырылған коммуналдық—тұрмыстық жүктемелердің есептеу нормативі әр ауданның (қиыр оңтүстік т.б.) ерекшелігіне байланысты түзетілуі керек.
4.11. Электрлендіру дәрежесі елеулі өзгеріске ұшырамаған құрылыстың есептік нормативін жеткен деңгейден табиғи өсімі 1—1,5% деп есептей отырып қабылдау ұсынылады.
4.12. Шоғырланған тұтынушылардың (объектілердің) барлық санатының пәрмені бар жүктемелерінің өсуі жеткен деңгейден келешек белгіленген дамуын есептей отырып (негізгі өндірістік қуаттың өсуіне үйлесімдікпен) анықталады. Өндірістік қуатын ұлғайту жоспарланбаған объектілер үшін, есептік кезеңнің соңындағы электр жүктемелерін жеткен деңгейден жылдық табиғи өсімі 1—3% деп есептеп белгілеу қажет.
4.13. Салынушы (жобаланушы) объектілердің (тұтынушылардың) жүктемелері мына негіздерде белгіленеді:
осы объектіні салудың бекітілген (әзірленген) жобалау құжаттары;
жобаланушы объектіні электрмен жабдықтаудың техникалық шарты берілуі үшін тиісті ведомстволар мен мамандандырылған жобалау ұйымдарының сұратуы.
Алынған деректерді меншікті есептік жүктемелерін (электртұтыну) өндірістік қуат бірлігіне жатқызу арқылы салыстырып тексеру қажет. Меншікті жүктемелер 2-қосымша, 2.1-кестеде келтірілген.
4.14. Ауылшаруашылық тұтынушыларының электр жүктемелерін «0,38—110 кВ тораптардың электр жүктемелерін есептеудің Әдістемелік нұсқауларына» (Ауылэнергожоба, 1980 ж.) сәйкес анықтау қажет.
4.15. Қалалық электр тораптарына қосылатын жүктемелер құрамын жүктемелердің сәйкес санатымен атап көрсету керек:
4.15.1. Номиналь кернеуі 10 (6) кВ электрқабылдағыштар;
4.15.2. Қаласырты тұтынушылары, қалалық электр тораптарына оларды қоректендіретін тарату тораптарын қарастырмағанда (белгіленген қуат алу нүктесінен тұтынушыға дейін) транзиттік қосылатын;
4.15.3. Жаңа қоныстық аймақтар (орналастырылған және шоғырландырылған коммуналдық—тұрмыстық тұтынушылар), сұлбада (ТЭЕ) қарастырылмаған тарату торабы.
4.15.4. Электр жабдықтау сұлбасы қалалық электр тораптарының (тарату тораптарын қарастырмағанда) 10 (6) кВ тарату орнына (ТО) тек қосылу көлемінде ғана шешілетін тұтынушылар. Мұндай жүктемелер қалалық электр тораптарының сұлба құрамында (ТЭЕ) 10(6)/0,4 кВ трансформаторлық қуатты қажет етпейді.
4.16. Қажет болған жағдайда ҚО жоғары кернеулі шиналардағы толық есептеме жүктемені анықтау, 35 кВ және одан жоғары шиналардағы олардың жүктемелерін ПОЭиЭ және «Энергия», «Қазауылэнергожоба» институттарымен келісе отырып қабылдау керек.
4.17. Қала шетінен сырт орналасқан ауылшаруашылық жүктемелерін есепке алуды олардың қалалық электр тораптарына (ҚО, ТО) қосылу нүктелерін топтау арқылы ірілендіре жасау керек.
4.18. Электрмен жабдықтаудың барлық буындарының есептік жүктемесі іске қосылатын тұтынушылардың қосынды есептік жүктемелеріне максимумдардың үйлеспеуі коэффициенттерін қолданумен анықталады (2—қосымша, 2.2—кесте).
4.19. Қалалық электр тораптарын дамытудың сұлбасында (ТЭЕ) электрмен жабдықтаудың мына буындарының:
4.19.1. 10(6) кВ трансформаторлардың;
4.19.2. 10(6) кВ тарату тораптары учаскелерінің;
4.19.3. 10(6) кВ тарату орны бөлік шиналарының;
4.19.4. 10(6) кВ қоректендіру орталығы бөлік ши-наларының есептік жүктемелері анықталады.
4.20. Қалалық электр тораптарын тұтынушылар туралы бастапқы ақпараттарды жинау, талдау, және жүйелеу барысында олардың жүктемелерінің құрамын ЭҚҚЕ—ге сәйкес электрмен жабдықтау сенімділігінің санатына байланысты белгілеу керек.