- •Әдiстемелiк нұсқаулары методические указания по проектированию городских и
- •2. Жобалау құжаттамасының көлемi мен құрамы
- •3. Жобалау құжаттамасын әзiрлеуге арналған бастапқы деректер
- •Есептiк электрлiк жүктемелер
- •Қалалық электр тораптарының электрлік жүктемелерін анықтау
- •Тұрғын ғимараттардың жүктемелері
- •Қоғамдық ғимараттардың жүктемелері
- •5. Кернеу мен тораптың бейтараптық режимін таңдау
- •6. Тораптар сұлбалары Жалпы ережелер
- •7. Электрмен жабдықтау сенімділігі
- •8. Кернеуі 110/35 кВ және одан жоғары электрмен жабдықтау тораптарының сұлбалары
- •9. Кернеуі 0,4—10 (6) кВ тораптардың сұлбалары
- •10. Тораптарды есептеу. Сымдар мен тораптардың қимасын таңдау
- •11. Тарату тораптарының трансформаторларының қуатын
- •12. Кернеу деңгейлерін есептеу және реттеу құралын таңдау
- •13. Реактивті қуатты қарымталау
- •14. Сыйымдылық токтарын қарымталау
- •15. 1000 В—қа дейінгі тораптарды бірфазалық қысқа тұйықталу кезінде желілерді автоматты ажыратуды қамтамасыз ету шартымен тексеру
- •16. Автоматика, қорғаныс және телемеханика
- •17. Электр энергиясын есепке алу
- •18. Кернеуі 110—35 кВ және одан жоғары тораптар. Электр тораптары элементтерінің құрылымдық орындалуы
- •Кернеуі 0,4—10 кВ тораптар.
- •Қалалық электр тораптарының 1000 тұрғынға шаққандағы электр жүктемелерiнiң меншiктi көрсеткiштерi
- •Қалалық электр тораптарындағы 6—10/0,4 кВ трансформаторлық қосалқы станциялардың 1000 тұрғынға шаққандағы меншiктi көрсеткiштерi (дана)
- •Меншiктi көрсеткiштерi, кВа
- •Қалалық электр тораптарының 6—10 кв кабель желiлерiндегi 1000 тұрғынға шаққандағы меншiктi көрсеткiштерi, кВа
- •Қалалық электр тораптарының 6—10 кв әуе желiлерiндегi 1000 тұрғынға шаққандағы меншiктi көрсеткiштерi, км
- •Қалалық электр тораптарының 0,38 кВ кабель желiлерiндегi 1000 тұрғынға шаққандағы меншiктi көрсеткiштерi, км
- •Қалалық электр тораптарының 0,38 кВ әуе желiлерiндегi 1000 тұрғынға шаққандағы меншiктi көрсеткiштерi, км
- •Қалалық электр тораптарының бөлшектерiнде реновациялаудың меншiктi көрсеткiштерi бесжылдық кезең үшiн %
- •Электрқабылдағыштардың меншікті есептік жүктемесі, кВт/пәтерлер
- •Максимумдардың үйлеспеу коэффициенті
- •Сұраныс коэффициенті
- •Сұраныс коэффициенті
- •Сұраныс коэффициенті
- •Сұраныс коэффициенті
- •Сұраныс коэффициенті
- •Сұраныс коэффициенті
- •Сұраныс коэффициенті
- •Есептік максимумдардың үйлеспеу коэффициенті
- •Iрілендірілген меншікті электр жүктемелері
- •Трансформаторлардың рауалы асқын жүктемесi
- •Негiзгi анықтамалар
Есептiк электрлiк жүктемелер
Қалалық (кенттік) электр тораптарының тұтыну-шылары мен электр жүктемелерінің жіктелуі.
4.1. Қала (кент) аумағындағы тұтынушыларды мынандай белгілері бойынша айыра тану қажет: ведомствоға тиістілігі, электр тұтыну және электр жүктемелерінің шамасы, электр қабылдағыштардың номенклатурасы мен жеке қуаты, электр энергиясының сапасы мен электрмен жабдықтау сенімділігінің талапқа сайлылығы.
4.2. Сыртқы электрмен жабдықтаудың сұлбасын шешудің қағидасы бойынша қалалық (кенттік) тұтынушылар мынандай үш топқа бөлінеді:
4.2.1. Жүктемелері шамамен 20—30 МВт және одан көбірек, көбінесе өнеркәсіптік сипаттағы тұтынушылар. Мұндай тұтынушылардың сыртқы электрмен жабдықтау сұлбасы электрмен жабдықтау тораптарының деңгейінде, қағида бойынша, абоненттің балансында және қызмет көрсетуінде болатын әрі басқа тұтынушылар қосылмайтын 110 (35) кВ және одан жоғары кернеулі төмендету қосымша станцияларының қажетті санын орналастыру арқылы шешіледі.
4.2.2. Жүктемелері 4—7—ден 20—30 МВт—қа дейінгі ауқымдағы өндірістік сипаттағы тұтынушылар. Мұндай тұтынушыларды сыртқы электрмен жабдықтау бір қосымша станцияның әртүрлі бөлік шинасынан (немесе әртүрлі қосымша станциядан) тұтынушының балансында болатын және солармен қызмет етілетін, 10 (6) кВ кернеумен шегіне жеткенше өткізуге қабілетті екіден кем емес қуат беру арнасы арқылы 6—10 кВ кернеу деңгейінде шешіледі. Мұндай тұтынушылар қоректенетін қосымша станциялар, әдетте электрмен жабдықтау ұйымына жатады және әртүрлі ведомстволардағы қиындыққа ұшыраған абоненттердің электрмен жабдықтау кешенін біріктіруге арналады.
4.2.3. Жүктемелері 4—7 МВт-тан аз тұтынушылар. Тұтынушылардың бұл тобы үшін сыртқы электрмен жабдықтау сұлбасын шешудің дұрыстығы 0,38—10 кВ электр тораптары имараттарын біріктіру болып табылады. Бұл топтың 0,38—10 кВ электр тораптары имараттарының кешені, өзінің негізгі көлемі жағынан, электр жабдықтау ұйымына тиесілі және сонымен қызмет етіледі.
4.3. Электр энергиясын тұтынушылар өзінің тағайындалуы жағынан мына санаттарға жіктеледі:
орналастырылған коммуналдық-тұрмыстық тұтынушылар;
шоғырланған коммуналдық-тұрмыстық тұтынушылар;
қаланы инженерлік қамту жүйесінің тұтынушылары;
өнеркәсіп, құрылыс, көлік және тағы басқа тұтынушылары.
4.4. Орналастырылған коммуналдық-тұрмыстық тұтынушыларға қаланың (кенттің) барлық тұрғын ғимараттары (бөлмелері), сонымен бірге жергілікті (аудандық) мәні бар қоғамдық ғимараттар (бөлмелер) жатады.
4.5. Шоғырланған коммуналдық-тұрмыстық тұтынушыларға жалпықалалық және қала сырты мәні бар (әкімшілік—шаруашылық мекемесі, байланыс мекемесі және кәсіпорны, ағарту, мәдениет, денсаулық сақтау, қоғамдық тамақтандыру, сауда және халыққа коммуналдық-тұрмыстық қызмет көрсету) қоғамдық ғимараттар (кешендер) жатады.
4.6. Инженерлік қамту жүйесінің тұтынушыларына сумен жабдықтау және канализация объектілері (суалғы имараттары, сорғы бекеті және айдау, тазалау имараттары, жөндеу—өндірістік базасы т.б.), қала іші көліктері, соның ішінде электрлендірілген (тартымдық қосалқы станциялар, депо, жылжымалы состав паркі, автобаза, жөндеу—өндірістік базасы т.б.), энергиямен жабдықтау (қазандықтар, жылу орындары, газ тарату орны, газразрядты станция, газ, жылу, электр және т.б. тораптардың жөндеу—өндірістік базалары), сыртқы жарықтандыру.
4.7. Өнеркәсіп, көлік тағы да басқалардың тұтынушылар санатына өнеркәсіп, құрылыс, қала сырты көліктері кәсіпорындары, сондай-ақ, алдыңғылар санатына жатқызылмаған объектілер, сонымен бірге өндірістік автокөлік базасының қоймалары, жинақтау-баптау басқармасы, әртүрлі ведомстволардың басқа арнаулы сипаттағы тұтынушылары жатқызылады.
