Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
РДС РК 4.04-191 каз..doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
948.22 Кб
Скачать

3. Жобалау құжаттамасын әзiрлеуге арналған бастапқы деректер

3.1. Қалалық электр тораптарының сұлбасын (ТЭЕ, жұмыс жобасы) әзірлеуге арналған бастапқы деректер мына материалдар:

3.1.1. Әзірлеуге белгіленген тәртіппен берілген, келісілген және бекітілген тапсырма;

3.1.2. Қаланы (қала типті кентті) дамытудың бас жоспары, қазіргі және алдағыны есептеу кезеңіндегі тұрмыстық—азаматтық және өнеркәсіптік құрылыстар­ды орналастырудың нақты жоспарлау жобасы, бұл құжаттарды пайдалану шарты, есептеу кезеңіне бай­ланыстырылған қажетті түзетулер мен қосымша талап­тар;

3.1.3. Есептеу кезеңіндегі қаланы дамытудың не­гізгі көрсеткіштері туралы анықтама (халық саны, тұрғын үй қорының шамасы, олардың қоныстық ай­мақта таралуы, қаланы инженерлік қамтамасыз етуді дамыту жүйесінің негізгі көрсеткіштері, өндірістік қуа­ты мен дислокациясы көрсетілген электр энер­гиясын тұтынушылардың барлық санаттарының құрылысын жасау және шоғырлануын кеңейту көзделген тізбесі);

3.1.4. Өткен бірнеше жыл ішіндегі бүкіл қала (кент) бойынша электр энергиясын босату және жеке­леген тұтынушылардың есеп беру жүктемелері, олар­­­дың санаттары туралы энергия өткізу бөлім­ше­сінің жүйеленген материалдары.

3.1.5. Қаладағы (кенттегі) электр энергиясының жаңа тұтынушылары мен қазіргілерін дамыту туралы материалдар (сауалнама—өтінім және жаңа қуат қо­су­дың техникалық шарттары, құрылысы жүріп жатқан және қайта құрылымдағы объектілердің сыртқы электр жабдықтау сұлбасының жобалау құжаттары);

3.1.6. Қаладағы 10 (6) кВ қазіргі бар, салынып жатқан және жоспардағы тораптар туралы деректер (жоспар—сұлбалар және коммутациялық сұлбалары, барлық имараттардың параметрі, торап жұмысының өзіне тән нүктелерінде жүктемелерді өлшеу, бөл-шектеу және жою т.б. көзделінген имараттар туралы материалдар).

3.2. Жобалаудың негізі ретінде келісілген қала­ның бас жоспарында (немесе басқа жоспарланған материалда), мыналар орындалуы керек: құрылыс қабаттылығына байланысты, тұрмыстық тамақ дай­ындау үшін қабылданған энергия тасымалдаушылар, ыстық сумен жабдықтау, жылыту, электр аспап­тары­мен жарақтандыру бойынша қоныстық аймақты ау­дан­дастыру; қалалық маңызы бар қоғамдық ғима­раттардың, өнеркәсіптік және тағы басқа объектілер (қазіргі және жаңа) экспликациясының болуы; тұрғын құрылыстың жобалау көлемін олардың әрбіреуіндегі тұрғын үйдің пайдалану көлемін көрсетіп, нақты алаңға байланыстыру.

3.3. Қазіргі электр тораптарының жоспар сұлба­сында салынатын электр тораптары имараттары, жоспарланғандары және салынуы жорамалданған­дары түсірілуі керек.

3.4. Егерде, тапсырыс беруші сұлбаны әзірлеу үшін (ТЭЕ) бастапқы деректерді беруге мүмкіндігі жоқ болса, онда жобалау ұйымына осы материалдарды жинау, жүйелеу және талдау жұмыстары үшін қосым­ша еңбекақы төлеп, тапсырма беруіне болады.

3.5. Техникалық тексерудің материалдары белгі­ленген тәртіп бойынша ресімделеді және жобалау ұйымының мұрағатында сақталады.