- •Әдiстемелiк нұсқаулары методические указания по проектированию городских и
- •2. Жобалау құжаттамасының көлемi мен құрамы
- •3. Жобалау құжаттамасын әзiрлеуге арналған бастапқы деректер
- •Есептiк электрлiк жүктемелер
- •Қалалық электр тораптарының электрлік жүктемелерін анықтау
- •Тұрғын ғимараттардың жүктемелері
- •Қоғамдық ғимараттардың жүктемелері
- •5. Кернеу мен тораптың бейтараптық режимін таңдау
- •6. Тораптар сұлбалары Жалпы ережелер
- •7. Электрмен жабдықтау сенімділігі
- •8. Кернеуі 110/35 кВ және одан жоғары электрмен жабдықтау тораптарының сұлбалары
- •9. Кернеуі 0,4—10 (6) кВ тораптардың сұлбалары
- •10. Тораптарды есептеу. Сымдар мен тораптардың қимасын таңдау
- •11. Тарату тораптарының трансформаторларының қуатын
- •12. Кернеу деңгейлерін есептеу және реттеу құралын таңдау
- •13. Реактивті қуатты қарымталау
- •14. Сыйымдылық токтарын қарымталау
- •15. 1000 В—қа дейінгі тораптарды бірфазалық қысқа тұйықталу кезінде желілерді автоматты ажыратуды қамтамасыз ету шартымен тексеру
- •16. Автоматика, қорғаныс және телемеханика
- •17. Электр энергиясын есепке алу
- •18. Кернеуі 110—35 кВ және одан жоғары тораптар. Электр тораптары элементтерінің құрылымдық орындалуы
- •Кернеуі 0,4—10 кВ тораптар.
- •Қалалық электр тораптарының 1000 тұрғынға шаққандағы электр жүктемелерiнiң меншiктi көрсеткiштерi
- •Қалалық электр тораптарындағы 6—10/0,4 кВ трансформаторлық қосалқы станциялардың 1000 тұрғынға шаққандағы меншiктi көрсеткiштерi (дана)
- •Меншiктi көрсеткiштерi, кВа
- •Қалалық электр тораптарының 6—10 кв кабель желiлерiндегi 1000 тұрғынға шаққандағы меншiктi көрсеткiштерi, кВа
- •Қалалық электр тораптарының 6—10 кв әуе желiлерiндегi 1000 тұрғынға шаққандағы меншiктi көрсеткiштерi, км
- •Қалалық электр тораптарының 0,38 кВ кабель желiлерiндегi 1000 тұрғынға шаққандағы меншiктi көрсеткiштерi, км
- •Қалалық электр тораптарының 0,38 кВ әуе желiлерiндегi 1000 тұрғынға шаққандағы меншiктi көрсеткiштерi, км
- •Қалалық электр тораптарының бөлшектерiнде реновациялаудың меншiктi көрсеткiштерi бесжылдық кезең үшiн %
- •Электрқабылдағыштардың меншікті есептік жүктемесі, кВт/пәтерлер
- •Максимумдардың үйлеспеу коэффициенті
- •Сұраныс коэффициенті
- •Сұраныс коэффициенті
- •Сұраныс коэффициенті
- •Сұраныс коэффициенті
- •Сұраныс коэффициенті
- •Сұраныс коэффициенті
- •Сұраныс коэффициенті
- •Есептік максимумдардың үйлеспеу коэффициенті
- •Iрілендірілген меншікті электр жүктемелері
- •Трансформаторлардың рауалы асқын жүктемесi
- •Негiзгi анықтамалар
2. Жобалау құжаттамасының көлемi мен құрамы
2.1. Қалалық электр тораптарын жобалау, қағида бойынша, бір сатыда — жұмыс жобасы болып орындалуы тиіс.
2.2. Қалалық электр тораптарын дамытудың бірсатылық жобалауына «Қаладағы (кенттегі) 0,38—10 кВ тораптарды дамытудың техникалық—экономикалық есептеулері» деген бұрынғы атқарылған жоба алдын-дағы жұмыс негізделуі тиіс. Аталған жұмыс өз құра-мы, көлемі және қызметі жағынан “Қаладағы (кент-тегі) 0,38–10 тораптарды дамыту сұлбасымен” сәйкес.
2.3. ТЭЕ—де (тораптарды дамыту сұлбасы, жұмыс жобасы) мыналар қарастырылады:
қазіргі электрмен жабдықтау жүйесі;
қоректендіру орталығына (ҚО) аудандастырылған активті және реактивті электр жүктемелері және оларды жабу көздері;
қалалар мен кенттердің аудандарын электрмен жабдықтау тораптарының сұлбасын таңдау, (ҚО)-ның санын, қуатын, кернеуін және тұратын орнын анықтау, керек болғанда (ТО)—ның да;
кернеуі 10 (6) кВ тораптар сұлбасының, ал керек болған жағдайда 0,38 кВ кернеулі тораптардың да параметрі мен пішіндемесін таңдау;
реактивті қуатты қарымталау;
бейтараптамалар жұмыс режимі және тораптағы сыйымдылық тогын қарымталау;
қысқа тұйықталу тогы;
электр энергиясын есепке алу;
релелік қорғаныс және тораптар автоматикасы;
найзағайдан қорғаныс және торапты жерлендіру;
тораптарды диспетчерлендіру және телемеханикаландыру;
тораптарды пайдалануды ұйымдастыру;
тораптардың негізгі және меншікті техникалық—экономикалық көрсеткіштерінің мәліметі (паспорты);
негізгі жабдықтар мен материалдардың тізімдемесі;
қоршаған табиғи ортаны қорғау;
құрылысты ұйымдастыру;
құрылыс бағасын есептеу.
2.4. Кескіндемелік материалдар көлемі мынаны құрайды:
жүктемелері тораптар бөлшектерінде көрсетілген қала (кент) жоспарындағы110—35 кВ және одан жоғары кернеулі тораптардың электрлік жалғау сұлбасы мен пішіндемесі;
жүктемелері тораптар бөлшектерінде көрсетілген қала мен кент жоспарындағы 10 (6) кВ кернеулі (керек болғанда, 0,38 кВ кернеулі тораптардың да) электрлік жалғау сұлбасы мен пішіндемесі.
2.5. Қалалардың динамикалық дамуы азаматтық—өнеркәсіптік құрылыстағы күнделікті және келешектегі жоспарларға түзету енгізуді талап етеді, бұл ТЭЕ (сұлбасы) әзірлемесінде қарастырылған қала электр тораптарын дамытудың бастапқы ережелеріне өзгеріс әкеледі. Осыған байланысты қазіргі ТЭЕ—ге тұрақты түрде түзету енгізу немесе жаңадан құрастыру керек. ТЭЕ жаңадан құрастыру немесе қазіргісіне түзету енгізу жобалау ұйымы мен ТЭЕ—ді бекітетін инстанцияның өзара келісімімен болуы керек.
2.6. Қалалық 0,38—10 кВ электр тораптарын дамытудың әзірленген және бекітілген сұлбасының немесе ТЭЕ негізінде құрылыс мерзімі екі жылдан аспайтын жекелеген немесе кешенді электр тораптары имараттарының жұмыс жобасы әзірленеді. Бұл кезде осы құрылысты негіздеуге жеке техникалық—экономикалық есептеу талап етілмейді.
2.7. Ерекше жағдайларда (0,38—10 кВ қалалық электр тораптарын дамытудың ТЭЕ—нің бұрын бекітілген бастапқы ережелерінің өзгеруі) басжобалаушы және энергиямен жабдықтау ұйымы бөлімшелерінің келісімімен нақты электр тораптары объектілерінің (олардың кешендері) құрылысын негіздеу үшін әзірленген техникалық—экономикалық есептеу қолданылуы мүмкін.
2.8. Жобалауға дайындық кезінде бастапқы деректерді жинамай тұрып қалалық электр тораптарының табиғи көлемін алдын ала бағалау үшін «0,38—10 кВ қалалық электр тораптарының сұлбасын дамытуға әзірлеудің әдістемелік нұсқауларында» келтірілген көрсеткіштерді пайдалану ұсынылады (1—қосымша, 1.1—1.8-кестелер). Бұл аталған әдістеме қалалық (кенттік) 1000 тұрғынға шаққандағы, меншікті көрсеткіштер жүйесін қамтиды.
