
- •Әдiстемелiк нұсқаулары методические указания по проектированию городских и
- •2. Жобалау құжаттамасының көлемi мен құрамы
- •3. Жобалау құжаттамасын әзiрлеуге арналған бастапқы деректер
- •Есептiк электрлiк жүктемелер
- •Қалалық электр тораптарының электрлік жүктемелерін анықтау
- •Тұрғын ғимараттардың жүктемелері
- •Қоғамдық ғимараттардың жүктемелері
- •5. Кернеу мен тораптың бейтараптық режимін таңдау
- •6. Тораптар сұлбалары Жалпы ережелер
- •7. Электрмен жабдықтау сенімділігі
- •8. Кернеуі 110/35 кВ және одан жоғары электрмен жабдықтау тораптарының сұлбалары
- •9. Кернеуі 0,4—10 (6) кВ тораптардың сұлбалары
- •10. Тораптарды есептеу. Сымдар мен тораптардың қимасын таңдау
- •11. Тарату тораптарының трансформаторларының қуатын
- •12. Кернеу деңгейлерін есептеу және реттеу құралын таңдау
- •13. Реактивті қуатты қарымталау
- •14. Сыйымдылық токтарын қарымталау
- •15. 1000 В—қа дейінгі тораптарды бірфазалық қысқа тұйықталу кезінде желілерді автоматты ажыратуды қамтамасыз ету шартымен тексеру
- •16. Автоматика, қорғаныс және телемеханика
- •17. Электр энергиясын есепке алу
- •18. Кернеуі 110—35 кВ және одан жоғары тораптар. Электр тораптары элементтерінің құрылымдық орындалуы
- •Кернеуі 0,4—10 кВ тораптар.
- •Қалалық электр тораптарының 1000 тұрғынға шаққандағы электр жүктемелерiнiң меншiктi көрсеткiштерi
- •Қалалық электр тораптарындағы 6—10/0,4 кВ трансформаторлық қосалқы станциялардың 1000 тұрғынға шаққандағы меншiктi көрсеткiштерi (дана)
- •Меншiктi көрсеткiштерi, кВа
- •Қалалық электр тораптарының 6—10 кв кабель желiлерiндегi 1000 тұрғынға шаққандағы меншiктi көрсеткiштерi, кВа
- •Қалалық электр тораптарының 6—10 кв әуе желiлерiндегi 1000 тұрғынға шаққандағы меншiктi көрсеткiштерi, км
- •Қалалық электр тораптарының 0,38 кВ кабель желiлерiндегi 1000 тұрғынға шаққандағы меншiктi көрсеткiштерi, км
- •Қалалық электр тораптарының 0,38 кВ әуе желiлерiндегi 1000 тұрғынға шаққандағы меншiктi көрсеткiштерi, км
- •Қалалық электр тораптарының бөлшектерiнде реновациялаудың меншiктi көрсеткiштерi бесжылдық кезең үшiн %
- •Электрқабылдағыштардың меншікті есептік жүктемесі, кВт/пәтерлер
- •Максимумдардың үйлеспеу коэффициенті
- •Сұраныс коэффициенті
- •Сұраныс коэффициенті
- •Сұраныс коэффициенті
- •Сұраныс коэффициенті
- •Сұраныс коэффициенті
- •Сұраныс коэффициенті
- •Сұраныс коэффициенті
- •Есептік максимумдардың үйлеспеу коэффициенті
- •Iрілендірілген меншікті электр жүктемелері
- •Трансформаторлардың рауалы асқын жүктемесi
- •Негiзгi анықтамалар
Кернеуі 0,4—10 кВ тораптар.
18.11. Қалалар мен кенттердің қоныстық аумағында кернеуі 10 кВ дейінгі (қоса санағанда) электр тораптары биіктігі 4 қабат және одан жоғары ғимараттары бар құрылыс аудандарында, қағида бойынша, кабельмен, ал 3 қабатқа дейінгі құрылыс аудандарында әуе желілерімен орындалуы керек.
18.12. Кернеуі 1000 В дейінгі әуе желілерінің сымдары, қағида бойынша, сыртқы жарықтандырудың сымдарымен ортақ тіректе орналасуы керек.
18.13. Кернеуі 10 (6) кВ тарату тораптарында алюминий талсымды кабельдердің қимасын, оларды жердегі орда төсегенде 35 мм2 кем емес қабылдау керек.
18.14. Кабельдер тікелей жерге, орға төселуі керек. Техникалық—экономикалық негіздеу бар болғанда кернеуі 0,4—10 кВ кабельдерді каналдарда, блоктарда, коллекторларда және тоннелдерде, ал транзиттік кабельдер тұрғын және қоғамдық ғимараттардың үйасты қабаттары мен техникалық еден-астыларында тұрғын ғимараттардың электржабдықтарын жобалаудың нұсқауларының және жаппай салынатын қоғамдық ғимараттардың электржабдықтарын жобалаудың нұсқауларының талаптарын есепке ала төселуі рұқсат етіледі.
18.15. ҚО—нан ТО—на дейінгі кабель желілерін оларды жерде төсегенде, қағида бойынша, әртүрлі трассада төсеу керек. Ерекшелік ретінде, ортақ трассада, бірақ әртүрлі орда төсеуге рұқсат етіледі.
18.16. Жетілдірілген жабуы бар жолдар арқылы өту, тереңдігі 1 м—ден кем емес тікелей жерге төселетін негізгі желілердегідей қималы кабельдермен қарастырылуы керек. Жолдың жабуын ашпай кабелдерді ауыстыру үшін кабельдермен бір орда, тесік аузы тығыз жабылған резервтік құбырлар (кабелдердің резервтік кесіндісінсіз) төсеуді қарастыру керек (кабельдер саны үшке дейін болғанда — бір құбыр, ал кабельдер саны үштен көп болғанда — екі құбыр).
18.17. Кернеуі 0,4—10 кВ әуе желілері үшін темірбетонды тіректер қолданылуы керек. Бір ұйыммен қызмет көрсетілген жағдайда, кернеуі 0,4 кВ және 10 кВ сымдарды бірге ортақ тірекке іліп қолдану рұқсат етіледі.
18.18. Қосалқы станциялар (ҚО); ТҚС, ТО, сонымен бірге барлық кернеулер үшін әуе желілерінің тіректері, белгіленген тәртіп бойынша бекітілген, типтік болуы тиіс.
18.19. Қалалық электр тораптарында кірпіштен, панельден, блоктан және басқадан жасалған ТҚС—мен қатар заводта жасалған ЖТҚСС (жинақы трансформаторлық қосалқы станция, сыртқы) кеңінен қолдану ұсынылады, әуе тораптары бар аудандарда діңгектік ТҚС қолдануға рұқсат етіледі.
Негізделген жағдайда ғимараттарға жапсарлас салынған ТҚС және жерасты ТҚС мен ТО қолдануға рұқсат етіледі. Қоғамдық ғимараттарда ТҚС орналастырған кезде жаппай салынатын қоғамдық ғимараттардың электржабдықтарын жобалаудың нұсқауларының талаптары сақталуы тиіс.
18.20. 10 (6) кВ кернеуге РАҚ құрылғысын жүктеме ажыратқыштарын пайдаланып орындау рұқсат етіледі.
18.21. Жерде төселетін барлық кернеулер үшін кабель желілеріндегі (металл қабықшалы және болат сауытты) кезбе токтардан болған тоттануды бақылау үшін бақылау—өлшеу орны орнатылуы жөн.
Кабель желілерін тоттанудан қорғау шарасы МСТ 9.602.—89 (Тоттану мен тозудан Қорғаудың бірыңғай жүйесі. Жерасты имараттары. Тоттанудан қорғаудың жалпы талаптары) талаптарына сәйкес қарастырылуы керек.
1-қосымша