Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
РДС РК 4.04-191 каз..doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
948.22 Кб
Скачать

12. Кернеу деңгейлерін есептеу және реттеу құралын таңдау

12.1. Қалалық электр тораптары оларға жалған­ған электр энергиясын қабылдағыштардың қыспақ­тарында қалыпты режимде кернеу ауытқуын (торап­тағы номиналь кернеуден %) келесі мәндерден ас­пайтындай қамтамасыз етуі керек:

12.1.1. электрқабылдағыштардың негізгі көле­міне +5%, —5%

12.1.2. айтарлықтай көру күші талап етілетін, өнеркәсіптік бөлмелер мен қоғамдық ғимараттарда орнатылған жұмыстық жарықтандыру құралдарының қыспақтарында, сонымен бірге сыртқы жарықтан­дырудың прожекторлық қондырғыларында минус 2,5%—тен +5%—ке дейін;

12.1.3. электрқозғалтқыштар мен оларды жүр­гізетін және басқаратын аппараттардың қыспақта­рын­да минус 5%—тен +10%—ке дейін;

12.2. Электр тораптарында кернеудің ауытқуына есеп жүктемеінің максималь және минималь режи-міне жасалады. Тұтынушылардың құрамы әртекті болған­да, тәуліктің таңғы және күндізгі сағатта-рындағы жүктемедің аралық деңгейі үшін торап-тарды есеп­теу керек.

12.3. Сымдар мен кабельдердің қимасын алдын ала таңдауды қалыпты режимдегі кернеу шығыны-ның төмендегідей орта мәніне сүйеніп жасауға рұқсат етіледі:

кернеуі 10 (6) кВ тораптарда 6%—тен аспайтын, 0,4 кВ (ТҚС—нан ғимарат кірмесіне дейін) тораптарда 4—6%—тен аспайтын болуы керек.

Үлкен мәндері ғимараттарды шығыны аз кернеу­мен қоректендіретін (аз қабатты, бір қабатты және бөлікті ғимараттар), кіші мәндері — үйаралық торап­тарда ғимараттарды шығыны көп кернеумен қорек­тендіретін (көпқабатты көпбөлікті тұрғын ғимараттар, ірі қоғамдық ғимараттар мен мекемелер) желілерге жатады.

12.4. ҚО 10 (6) кВ кернеуі шиналарында, терең­дігі тұтынушылар құрамы мен тораптардың пара­метріне қарай анықталатын кернеуді қарсы авто­матты реттеу қамтамасыз етілуі керек.

12.5. Жекелеген жағдайларда, егер тиімді жа­салған тораптарда ҚО шиналарында кернеуді орта­лықтандырылған қарсы реттеумен кернеудің норма­ланған ауытқуы қамтамасыз етілмесе, онда кернеуді орнында реттейтін қосымша құралдарды, бірінші кезекте статикалық конденсаторлар көмегімен қол­дануға рұқсат етіледі.

12.6. 0,4—10 кВ кернеулі тораптар МСТ13109—87—ге сәйкес электрқозғалтқыштарды жіберген кез­де­гі кернеу өзгерісі құлашының рауалы мәні, соны­мен бірге өздігінен жүріп кету жағдайына қарай тек­серілуі керек.

12.7. Кернеудің сипаттамасы бұрмаланатын (тартымдық қосалқы станция, балқытып біріктіру қон-дырғылары және басқалар) тұтынушылардың электр-қабылдағыштары үшін, тұтынушылардың эл­ектр-қабылдағыштар кешенінде сүзгі орнату немесе тұр-лауландырғыш құрылғы орнату арқылы кернеудің сапасын жақсартатын шараларды қарастыру керек.

13. Реактивті қуатты қарымталау

13.1. КСРО Басмемэнергоқадағалаудың 6.12.84 жылғы №17—6/51—Т хатына сәйкес тұрғын және қо­ғам­­дық ғимараттардың тұтынушылары үшін реак­тивті қуатты қарымталау қарастырылмауы керек.

13.1.1. Ықшамаудандарда орналасқан тұрғын жә­не қоғамдық ғимараттарға (мектептер, бала—бақ­шалар, сауда және қоғамдық тамақтандыру кәсіп­орындары және басқа тұтынушылар) қызмет ететін жергілікті және орталық жылу орындарын, сорғылық, қазандық және басқа тұтынушылар үшін қарымталау қарастырылмау керек, егер қалыпты жұмыс жағдай­ында қарымталау құрылғысының есептік қуаты әрбір жұмыс кірмесінде 50 кВар—дан аспаса (қарымталау құрылғысының қосынды қуаты 100 кВар—дан аспаса). Бұл көрсетілген тұтынушылардың қосынды есептік жүктемесі 250 кВт—қа сәйкес келеді.

13.2. Қарымталау құрылғысының қосынды есеп­тік қуаты 100 кВар және одан көбірек болатын, тұтынушылары қоғамдық емес ғимараттардағылар үшін реактивті қуатты қарымталау КСРО Минэнерго—ның электр тораптарында реактивті қуатты қарым­талауды жобалаудың Нұсқауына М788—930 сәйкес орындалуы керек. Қарымталаушы құрылғы, қағида бойынша, тікелей тұтынушылардың маңына орналас­тырылуы керек.