Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
РДС РК 4.04-191 каз..doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
948.22 Кб
Скачать

10. Тораптарды есептеу. Сымдар мен тораптардың қимасын таңдау

10.1. Сымдар мен кабельдердің қимасы қалып­ты, апаттық және апаттан кейінгі режимдердегі жүкте­мелер бойынша таңдалуы керек.

10.2. Кабель желілерінің қималары қалыпты жә­не апаттан кейінгі режимдегі ұзақ шекті жүктемелер бойынша, ЕҚҚЕ—де және басқа нормативтермен бел­гіленген жоғарылатқыш және төмендеткіш коэффи­циенттерді есепке ала, төсеу тәсіліне, жерде парал­лель орналастырылған кабельдер санына, қоршаған ортаның есептік температурасына, желінің апатқа дейінгі жүктемесіне және жүктеме максимумының өту ұзақтығына байланысты таңдалады.

Таңдалған қиманы былай тексереді:

қалыпты режимді жұмыстағы токтың экономика­лық тығыздығына;

желінің соңындағы қалыпты және апаттан кейінгі кернеудің деңгейіне;

қысқа тұйықталуға тұрақтылығына байланысты.

10.3. ӘЖ сымдары, бұдан басқа, желдің және көк мұздың жүктемелерін есепке ала, механикалық төзімділікке тексеріледі.

11. Тарату тораптарының трансформаторларының қуатын

ТАҢДАУ

11.1. Қалалық тарату тораптарында электрмен жабдықтау сенімділігінің талабына және жүктеме ты­ғыздығына байланысты біртрансформаторлы және екітрансформаторлы ТҚС қабылданады.

11.2. Трансформаторлар саны 9—тарауға сәйкес қабылданады.

11.3. Резервтелетін тораптарда, трансформа­торлар қуатын резервтеу қажет болғанда транс­форматорларды таңдау олардың апаттық режимде рұқсат етілетін асқын жүктемесін есепке ала жүр­гізіледі. Резервтелмеген тораптарда трансформатор­ды таң­да­ғанда рұқсат етілетін жүйелі асқын жүктемесі есепке алынады.

11.4. Тұрғын және қоғамдық ғимараттарды, ара­лас өнеркәсіптік (тұрғын, қоғамдық және өнеркәсіптік) және басқа жүктеме түрлерін күздік—қыстық макси­мумдарымен, қоректендіретін ТҚС күштік трансфор­маторларының жүктемесін трансформаторлардың жүктеме кестесіне және салқындатқыш ортаның тем­пературасына байланысты асқын жүктемесін есепке ала анықтаған жөн.

11.5. Трансформаторлардың рұқсат етілетін асқын жүк­те­месі оның номиналь қуатына үлес ретін-де және шектік жүктемесі 3—қосымша (3.1—кестеде) мы­налар­ға байланысты келтірілген:

тұрмысты электрлендіру деңгейіне (1—деңгей газ және қатты отынды тақталары бар тұрғын үйлер, II—деңгей электр тақталы тұрғын үйлер) және жүктеме кестесін толтыру коэффициентіне;

трансформаторларды орнату тәсіліне:

трансформаторлар желілеріндегі төменгі кер­неулі тораптарда резервтің болуына.

11.6. Трансформаторлардағы рұқсат етілетін жү-йелі асқын жүктеме тораптардағы кернеуді реттеу­дің жағдайына байланысты болады.

11.6.1. 3—қосымша, 3.1—кестеде көрсетілген транс­форматорлардың асқын жүктемеі, ҚО шина­ларындағы кернеуді қарсы реттегіш бар болғанда, тарату тораптарында кернеу шығындары нормалан­ғанда және ТҚС трансформаторларының тармақ­талуын оңтайлы қолданғанда рұқсат етіледі.

11.6.2. Басқа, кернеуді реттеудің қолайсыз жағ­дайларында жүйелі асқын жүктемелер 3—қосымша, 3.1—кестеде келтірілген мәндермен салыстырғанда төмендетілуі керек.

11.7. ТҚС қосуға ұсынылған пәтерлер саны тұр­мысты электрлендіру деңгейіне, трансформаторлар­дың оңтайлы қуаты мен рұқсат етілетін асқын жүк­темесіне байланысты 3—қосымша 3.2—кестеде беріл­ген. Соны­мен бірге, резервтелмеген тораптарда пә­терлер са­нын трансформаторлардың рұқсат етілетін жүйелі асқын жүктемесін (3—қосымша, 3.1—кесте) есепке ала қа­был­даған жөн. Резервтелген торап­тарда бір транс­форматорлы ТҚС—да пәтерлер саны трансформатор жүктемесін 100% деп қабылдайды. Егер, бір ТҚС бар­лық тұтынушылары басқа ТҚС—ның бір транс­форматорынан резервтелсе, онда қосыла­тын пәтер­лер саны 3—қосымша, 3.1—кестеде келтіріл­ген транс­форматорлардың апаттан кейінгі шектік жүкте­месі­мен регламенттеледі. Соңғысы екітранс­форматорлы ТҚС—на қатысты.