
- •Әдiстемелiк нұсқаулары методические указания по проектированию городских и
- •2. Жобалау құжаттамасының көлемi мен құрамы
- •3. Жобалау құжаттамасын әзiрлеуге арналған бастапқы деректер
- •Есептiк электрлiк жүктемелер
- •Қалалық электр тораптарының электрлік жүктемелерін анықтау
- •Тұрғын ғимараттардың жүктемелері
- •Қоғамдық ғимараттардың жүктемелері
- •5. Кернеу мен тораптың бейтараптық режимін таңдау
- •6. Тораптар сұлбалары Жалпы ережелер
- •7. Электрмен жабдықтау сенімділігі
- •8. Кернеуі 110/35 кВ және одан жоғары электрмен жабдықтау тораптарының сұлбалары
- •9. Кернеуі 0,4—10 (6) кВ тораптардың сұлбалары
- •10. Тораптарды есептеу. Сымдар мен тораптардың қимасын таңдау
- •11. Тарату тораптарының трансформаторларының қуатын
- •12. Кернеу деңгейлерін есептеу және реттеу құралын таңдау
- •13. Реактивті қуатты қарымталау
- •14. Сыйымдылық токтарын қарымталау
- •15. 1000 В—қа дейінгі тораптарды бірфазалық қысқа тұйықталу кезінде желілерді автоматты ажыратуды қамтамасыз ету шартымен тексеру
- •16. Автоматика, қорғаныс және телемеханика
- •17. Электр энергиясын есепке алу
- •18. Кернеуі 110—35 кВ және одан жоғары тораптар. Электр тораптары элементтерінің құрылымдық орындалуы
- •Кернеуі 0,4—10 кВ тораптар.
- •Қалалық электр тораптарының 1000 тұрғынға шаққандағы электр жүктемелерiнiң меншiктi көрсеткiштерi
- •Қалалық электр тораптарындағы 6—10/0,4 кВ трансформаторлық қосалқы станциялардың 1000 тұрғынға шаққандағы меншiктi көрсеткiштерi (дана)
- •Меншiктi көрсеткiштерi, кВа
- •Қалалық электр тораптарының 6—10 кв кабель желiлерiндегi 1000 тұрғынға шаққандағы меншiктi көрсеткiштерi, кВа
- •Қалалық электр тораптарының 6—10 кв әуе желiлерiндегi 1000 тұрғынға шаққандағы меншiктi көрсеткiштерi, км
- •Қалалық электр тораптарының 0,38 кВ кабель желiлерiндегi 1000 тұрғынға шаққандағы меншiктi көрсеткiштерi, км
- •Қалалық электр тораптарының 0,38 кВ әуе желiлерiндегi 1000 тұрғынға шаққандағы меншiктi көрсеткiштерi, км
- •Қалалық электр тораптарының бөлшектерiнде реновациялаудың меншiктi көрсеткiштерi бесжылдық кезең үшiн %
- •Электрқабылдағыштардың меншікті есептік жүктемесі, кВт/пәтерлер
- •Максимумдардың үйлеспеу коэффициенті
- •Сұраныс коэффициенті
- •Сұраныс коэффициенті
- •Сұраныс коэффициенті
- •Сұраныс коэффициенті
- •Сұраныс коэффициенті
- •Сұраныс коэффициенті
- •Сұраныс коэффициенті
- •Есептік максимумдардың үйлеспеу коэффициенті
- •Iрілендірілген меншікті электр жүктемелері
- •Трансформаторлардың рауалы асқын жүктемесi
- •Негiзгi анықтамалар
ҚР ҚБҚ 4.04-191-2002
ҚҰРЫЛЫСТАҒЫ БАСШЫЛЫҚ ҚҰЖАТТАР
ҚАЛАЛЫҚ ЖӘНЕ КЕНТТIК ЭЛЕКТР ТОРАПТАРЫН ЖОБАЛАУДЫҢ
Әдiстемелiк нұсқаулары методические указания по проектированию городских и
ПОСЕЛКОВЫХ ЭЛЕКТРИЧЕСКИХ СЕТЕЙ
Енгізілген күні — 01.03.2003 ж.
Осы Әдістемелік нұсқаулар Қазақстан Республикасы энергетика және көмір өнеркәсібі министрлігі жүйесінде қалалық және кенттік электр тораптарын жобалау кезіндегі жобалау құжаттамасының көлемі мен құрамын белгілейді.
1. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
1.1. Осы Әдістемелік нұсқаулар талаптары қаладағы (аудандар мен ықшамаудандардағы) және кенттердегі тораптар мен объектілердің ведомостволық тиістілігіне қарамай жекелеген объектілерге баратын тораптарды қоса алғанда жаңадан жобаланатын және қазіргі бар, бірақ қайта құрылымданатын электр тораптары үшін орындалуы тиіс.
Әдістемелік нұсқаулар талаптары ғимараттар мен имараттардың ішкі электр тораптарына қолданылмайды.
1.2. Қала аумағындағы электр тораптары технологиялық жағынан 110 (35) кВ және одан жоғары кер- неулі электрмен жабдықтау тораптары және 0.38—10 кВ кернеулі тарату тораптары болып бөлінеді.
1.3. Тораптарды дамытудың әртүрлі қаржы көздерінің болуы, олардың ведомостваларға тиістілігі қалалар мен кенттерді электрмен жабдықтау жүйесіндегі бұл екі бөлімнің, қағида бойынша, жекелей дамуына әкеледі.
1.4. Қалалардағы 35 кВ және одан жоғары электр тораптарын және 0,38—10 кВ тораптарды жобалау мен оларды салу кешенді түрде болуы керек, яғни қаладағы және оған іргелес аудандардағы барлық тұтынушыларды жалпы дамыту принциптерімен үйлескен және келісілген болып орындалуы керек, әрі ең үлкен үнемділікті, электрмен жабдықтауда керекті дәрежедегі сенімділікті және электр энергиясының белгіленген сапа мөлшерін қамтамасыз етуі керек.
1.5. ЭҚЕ (1.2.11.) талаптарына сәйкес – барлық тұтынушылар үшін олардың ведомстволық тиістілігіне қарамастан электр тораптары қамтитын аумақта кешенді орталықтандырылған электрмен жабдықтауды қамтамасыз ету, ал жүктемесі 4—7 МВт, одан жоғары тұтынушылар үшін 35 кВ және одан жоғары электрмен жабдықтау тораптары деңгейінде шешілуі керек.
1.6. Қалалық электр тораптары кешеніне мына электр тораптары имараттары жатады:
10 (6) кВ желісі, қоректендіру орталығынан (ҚО) тұтынушылар кешеніне қуат беруге пайдаланылатын;
тарату орны (ТО) мен трансформаторлық қосалқы станциясының (ТҚС) желілер коммутация-ланатын тарату құрылғысы, сонымен бірге төменгі кернеулі тұтынушылардың жүктемесін жабуды қамта-масыз ететін жоғары кернеулі 10 (6) кВ транс-форматорлық қуат;
қ
Ресми
басылым
аладағы
(кенттегі) қоныстық аймақтағы 0,38 кВ
жалпы абоненттік тораптар. Үй ішіндегі
және алаң ішіндегі 0,38 кВ (және басқа
төменгі кернеулі) тораптар қалалық
кешенді электр тораптарына жатқызылмауы
керек. Қаланың өнеркәсіп аймақты
аумағында 0,38 кВ тораптар, қағида бойынша,
қалалық электр тораптарына жатқызылмайды.
1.7. Қалалық және кенттік электр тораптарының жобалары осы әдістемелік нұсқаулардың, электр қондырғыларын құру ережелерінің (ЭҚҚЕ), тиісті құрылыс нормалары және ережелерінің (ҚНжЕ және ҚН) және басқа нормативтік құжаттардың талаптарына сәйкес жасалынуы тиіс.