Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ЭЛЕКТРДИНАМИКА. ТЕРБЕЛІСТЕР МЕН ТОЛҚЫНДАР.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1.11 Mб
Скачать

Коммерциялық емес

акционерлік қоғам

АЛМАТЫ

ЭНЕРГЕТИКА

Және

БАЙЛАНЫС

УНИВЕРСИТЕТІ

Физика кафедрасы

Электрдинамика. Тербелістер мен толқындар

5В071800 – Электрэнергетика мамандығының

студенттері үшін есептеу-сызбалық жұмыстарды

орындау бойынша әдістемелік нұсқаулықтар

Алматы 2014

ҚҰРАСТЫРҒАН: Искаков Ж.

Электрдинамика. Тербелістер мен толқындар. 5В071800 – Электр энергетика мамандығының студенттері үшін есептеу-сызбалық жұмыстарды орындау бойынша әдістемелік нұсқаулықтар - Алматы: АЭЖБУ, 2014. – 29 б.

Әдістемелік нұсқаулықтарда есептеу-сызбалық жұмыстарының (ЕСЖ) тапсырмалары, ЕСЖ – ын орындауға мысалдар, қажетті әдебиеттер тізімі келтірілген.

Без. - 17, кесте - 6, әдеб. көр. – 7 атау.

Пікір беруші:

«Алматы энергетика және байланыс университеті» КЕАҚ 2014 жылғы баспа жоспары бойынша басылады.

 «Алматы энергетика және байланыс университеті», КЕАҚ 2014 ж.

Кіріспе

«Электрдинамика. Тербелістер мен толқындар» пәні 5В071800 – Электрэнергетика мамандығының бакалаврларын даярлауда электрэнергетика саласындағы бакалаврлардың ғылыми көзқарасы мен кәсіби іс-әрекетінің негізін қалыптастыратын курс болып табылады. «Электрдинамика. Тербелістер мен толқындар» курсында оның негізгі бөлімдері: электрмагниттік өрістің жалпы сипаттамалары, электрстатикалық өріс, тұрақты токтың өрісі, магнит өрісі, электрмагниттік өріс, заттағы электрмагниттік толқындар және тербелістер, оның ішінде айнымалы электр тогы оқытылады.

Курстың мақсаты - студенттерді электрмагниттік өріс, электрмагниттік толқындар мен тербелістер теориясының негізгі теоремалары мен заңдарын, теңдеулерін, сондай-ақ теориялық және тәжірибелік - машықтану есептерін шешудің әдістерін қолдануда дағдылары мен біліктерін қалыптастыру, өзіндік танымдық іс-әрекетінің дағдыларын қалыптастыру; олардың болашақта кәсіптік іс-әрекеттеріндегі нақты есептерді шешуге көмектесетін физикалық құбылыстарды ғылыми - тәжірибелік зерттеудегі әдістерді меңгеріп, қолдана білуін қамтамасыз ету.

Курстың міндеттеріэлектрдинамиканың негізгі түсініктерінің, заңдарының, теорияларының олардың ішкі өзара байланыстарындағы мағынасын ашып көрсету; студенттердің кәсіби міндеттерін шешу және одан әрі өз білімін жетілдірудің өзіндік тәсілдерін табу біліктілігі ретінде пәннің типтік есептерін шешу біліктері мен дағдыларын қалыптастыру; студенттердің шығармашылық ойлауының, өзіндік танымдық іс-рекет дағдыларының, физикалық құбылыстарды моделдеу біліктілігінің дамуына қолдау жасау.

Электрдинамика. Тербелістер мен толқындар курсын оқу нәтижесінде студент:

• негізгі физикалық теориялар мен принциптерін, зерттеудің теориялық әдістерін, негізгі заңдары мен олардың қолданылуының шектерін білуі;

• теориялық білімдерді нақты физикалық есептер мен жағдайларды шешу үшін қолдана білуі, физикалық эксперимент нәтижелерін талдауды, физикалық жағдайларды моделдеуді білуі;

• физикалық эксперимент жүргізу, өлшеуіш аспаптармен жұмыс істеу және алынған нәтижелерді есептеу мен өңдеу дағдылары болуы қажет.

Студенттердің «Электрдинамика. Тербелістер мен толқындар» курсын оқып үйренуде алған білімдері мен біліктіліктері электр машинасы, өнеркісіптік электроника және кәсіби пәндердің таңдау компененттерін оқуда негіз бола алады.

Электрдинамика. Тербелістер мен толқындар курсы үш кредиттен (модулден) тұрады, олардың әрқайсысы үшін студенттер есептік-сызбалық жұмыстарын орындайды.

Күндізгі бөлім студенттері үшін нұсқа нөмірін студенттің өзі таңдап, оны машықтану сабағын жүргізетін оқытушы бекітеді