
- •Пәнінен сынақ бітті қазақстан тарихы
- •Қазақстан тарихы пәнінен сынақ бітті математика
- •Математика пәнінен сынақ бітті физика
- •Физика пәнінен сынақ бітті химия
- •Химия пәнінен сынақ бітті биология
- •Биология пәнінен сынақ бітті география
- •География пәнінен сынақ бітті дүние жүзі тарихы
- •Қазақ әдебиеті
- •Ағылшын тілі
Қазақ әдебиеті
1. ’’Құтадғу білік’’ (’’Құтты білік’’) атты еңбектің авторын табыңыз. A) Жүсіп Баласағұн. B) Қожа Ахмет Иассауи. C) Махмуд Қашқари. D) Әл-Фараби. E) Хорезми. |
2. Сарай қаласынан шыққан Құтб ақын қай кезде өмір сүргенін белгілеңіз. A) X ғ. B) XІV ғ. C) XV ғ. D) XІ ғ. E) XІІ ғ. |
3. Eр Төстік жер бетіне шыққан соң күресетін жауыздың иесін белгілеңіз. A) Темірхан. B) Кенде хан. C) Кенжекей. D) Жылан патшасы Бапы. E) Шойынқұлақ. |
4. "Айман-Шолпан" жырындағы Айманның ақылы неден байқалатынын белгілеңіз. A) Көз жасынан. B) Ашуынан. C) Баланы баурап алуынан. D) Теңгемен достығынан. E) Жалынышынан. |
5. Біржан салдың "Жанбота" өлеңінің шығуына себеп болған жайтты табыңыз. A) Жақсыдан шарапат. B) Ел жақсысын дәріптеу. C) Өткір ыза. D) Көп алдында көзге түсу ниеті. E) Үстемдерге бас ию. |
6. Мақалдың алғашқы жолын белгілеңіз. … , тірлік болмас. A) Ырыс алды – ынтымақ. B) Ынтымақ болмай, іс оңбас. C) Бірлік болмай. D) Бірлігі жоқ ел тозады. E) Игілік басы – ынтымақ. |
7. Бұлт болған айды ашқан, Мұнар болған күнді ашқан,-... деген үзіндіде Қазтуған кім туралы айтып отырғанын белгілеңіз. A) Өзі. B) Хан. C) Би. D) Шаңқұтты. E) Ақсүйек. |
8. Екі арыстан жау шапса, Оқ қылқандай шаншылса … Бетегелі Сарыарқаның бойында Соғысып өлген өкінбес! – деген шумақ кімнің өлеңінен алынғандығын анықтаңыз. A) Махамбет. B) Асан қайғы. C) Бұқар жырау. D) Доспамбет. E) Қазтуған. |
9. ’’Жалп-жалп еткен жапалақ Жазыда кімге жолдас болмаған,’’- деген жолдар қай шығармадан алынғанын анықтаңыз. A) ’’Қоғалы көлдер, қом сулар’’. B) ’’Жел, жел есер, жел есер’’. C) ’’Шағырмақ бұлт жай тастар’’. D) ’’Жауынды күні көп жүрме’’. E) ’’Ор, ор қоян, ор қоян’’. |
10. Махамбеттің ағасын атаңыз. A) Қарауылқожа. B) Өтеміс. C) Бекмағамбет. D) Баймағамбет. E) Бимағанбет. |
11. Исатай-Махамбет бастаған көтеріліс жыршысының бірі, күрескер ақын аты - A) Алмажан Азаматқызы. B) Үмбетей жырау. C) Балқы Базар жырау Оңдасұлы. D) Мұрат Мөңкеұлы. E) Шернияз Жарылғасұлы. |
12. XІX ғасырдың бірінші жартысындағы әдебиет өкілі, ұлттық тәуелсіздікті жырлаған ақынды атаңыз. A) Шәкәрім. B) Жиембет. C) Үмбетей. D) Бұқар. E) Дулат. |
13. Мұрат Мөңкеұлының өлеңдерін көрсетіңіз. A) «Әсемпаз болма әрнеге» , «Жаз». B) «Сырым» , «Елім-ай». C) «Анама хат» , «Қазақ қалпы». D) «Замана», «Насихат». E) «Үш қиян», «Өлім». |
14. Шоқанның қазақ өлеңдерін нешеге бөлгендігін анықтаңыз. A) 2 B) 5 C) 3 D) 4 E) 6 |
15. «Асыл шөп» , «Қыпшақ Сейітқұл», «Бақша ағаштары» , «Бір уыс мақта»әңгімелерінің авторын табыңыз. A) Абай Құнанбаев. B) Сұлтанмахмұт Торайғыров. C) Сәбит Дөнентаев. D) Ыбырай Алтынсарин. E) Спандияр Көбеев. |
16. Абай Қ±нанбай±лыныњ Лермонтовтан аударѓан шыѓармаларыныњ жалпы санын белгілеңіз. A) 27. B) 1. C) 4. D) 2. E) 3. |
17. Шәкәрімнің "Қалқаман-Мамыр" дастанында Мамырды атып өлтірген кім екенін анықтаңыз. A) Көкенай. B) Тұрсын. C) Әнет. D) Мәмбетей. E) Қалқаман. |
18. ’’Батыр Баян’’ поэмасында қай ханның аты көп аталады? A) Тәуке хан. B) Абылай хан. C) Жәңгір хан. D) Қасым хан. E) Әбілхайыр хан. |
19. «Мен таңқы мұрын, бадырақ көз, шұнақ құлақтау, жарқабақтау, кірпі шаш, қарыс маңдай, қара сұр жігітпін. Жасым - отыз бесте» Кімнің портреті екенін көрсетіңіз. A) Бекболат. B) Мамырбай. C) Ескендір. D) Балташ. E) Мұқаш. |
20. Бейімбет Майлиннің шын есімін табыңыз. A) Бекмахамед. B) Бекмұханбет. C) Биаға. D) Бекмағанбет. E) Бимағамбет. |
21. ²Тілінің көркемдігі, сөз образдарының байлығы жағынан І.Жансүгіров қазақ әдебиетінде айрықша орын алады²,- деген пікірдің авторын көрсетіңіз. A) З.Қабдолов. B) З.Ахметов. C) Қ.Жұмалиев. D) Т.Кәкішев. E) С.Қирабаев. |
22. Жамбылдың шәкіртін белгілеңіз. A) Айкүміс. B) Балпық. C) Қаблиса. D) Кенен. E) Нұрила. |
23. С.Мұқановтың «Балуан Шолақ» шығармасында бала Нұрмағанбеттің алғашқы ерлігі қашан байқалғанын табыңыз. A) Күресте жеңіп шығуынан. B) Ауылдағы балалар арасындағы жарыстан. C) Асау тайды үйретуінен. D) Құдыққа құлаған өгізді тартып шығаруынан. E) Патшаға сырттай кіжінуінен. |
24. Қазақ мәдениетінде театр өнері тұңғыш қай жерде пайда болғанын табыңыз. A) Орынборда. B) Ералы жазығындағы Ойқұдық жайлауында C) Шыңғыстаудағы Жидебайда. D) Қазақтың тұңғыш театрында. E) Семей қаласында. |
25. Ғ.Мүсіреповтің шығармаларындағы Есеней - қай шығарманың кейіпкері екенін табыңыз. A) ’’Қос Шалқар’’. B) ’’Ер ана’’. C) ’’Италия сапарынан’’. D) ’’Ұлпан’’. E) ’’Ақан сері-Ақтоқты’’. |
26. Мойыным сұңғағындай жүзген қудың, Лебізім шырынындай шәрбат судың. Қандай көркемдегіш сөз бар? A) Теңеу. B) Антоним. C) Синоним. D) Ассонанс. E) Аллитерация. |
27. Қазақ театрының туып, қалыптасуына артист ретінде үлес қосқан азаматтарды көрсетіңіз. A) С.Мұқанов, Ж.Шанин. B) Қ.Кемеңгеров, Б.Майлин, Ғ.Мүсірепов. C) М.Әуезов, Ж.Тілепбергенов. D) Қ.Қуанышбаев, С.Қожамқұлов, Е.Өмірзақов. E) Ә.Қашаубаев, С.Сейфуллин, Ж.Аймауытов. |
28. Парижде болғанда дағыстандық суретшіні көргенін, қартайған суретшінің суреттерінде туған елге деген сағыныш тұнып тұрғанын әсерлі жазған қаламгерді табыңыз. A) Ғ.Гулям. B) Р.Ғамзатов. C) Ш.Айтматов. D) Ғ.Мүсірепов. E) М.Әуезов. |
29. Шерхан Мұртазаның туған жерін табыңыз. A) Семей облысы, Аягөз ауданы. B) Жамбыл облысының Жуалы ауданында. C) Алматы облысының Нарынқол ауданында. D) Қарағанды облысы, Ақтоғай ауданы. E) Қызылорда облысы, Қармақшы ауданы. |
30. Ақын Қадыр Мырзалиевтің «Қызыл кітап» поэмасының негізгі тақырыбын табыңыз. A) Соғыс. B) Ауылды көтеру. C) Махаббат. D) Табиғаттың байлығын қорғау. E) Достық.
ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІ ПӘНІНЕН СЫНАҚ БІТТІ |