
- •Пәнінен сынақ бітті қазақстан тарихы
- •Қазақстан тарихы пәнінен сынақ бітті математика
- •Математика пәнінен сынақ бітті физика
- •Физика пәнінен сынақ бітті химия
- •Химия пәнінен сынақ бітті биология
- •Биология пәнінен сынақ бітті география
- •География пәнінен сынақ бітті дүние жүзі тарихы
- •Қазақ әдебиеті
- •Ағылшын тілі
География пәнінен сынақ бітті дүние жүзі тарихы
1. Ертедегі адамдар әр түрлі суреттерді салды: A) Өзі денесіне. B) Жерге. C) Тасқа. D) Қағазға. E) Ағашқа. |
2. Египет орналасқан жер: A) Ніл өзені алқабында. B) Евфрат өзені алқабында. C) Үнді өзені алқабында. D) Тигр өзені алқабында. E) Танга өзені алқабында. |
3. Ежелгі Үндістан билеушісіның титулы: A) Кшатрии. B) Номарх. C) “Патшалардың патшасы”. D) Пандава. E) Раджа. |
4. Олимпия ойындары қай құдайдың құрметіне өткізілді? A) Зевс. B) Гелиос. C) Аполлон. D) Посейдон. E) Аид. |
5. Спартак бастаған құлдардың Сицилия аралына қарай бағыт алуының себебі: A) Аралға жеке мемлекет орнату. B) Сицилиядағы құлдарды көтеріліске шығару. C) Сицилияда бейбіт өмір сүру. D) Африкаға өту. E) Римдіктерден бой тасалау. |
6. Славян әрпі пайда болды: A) X ғасырда. B) XI ғасырда. C) VIII ғасырда. D) IX ғасырда. E) XІІ ғасырда. |
7. Ежелгі аңыздар бойынша осыдан мың жыл бұрын Норвегиялық адамдар ашқан жер: A) Америка. B) Австралия. C) Антарктида. D) Африка. E) Англия. |
8. Ағылшындар Жанна д’Арктің ерлігін жоққа шығарып жапқан жаласы: A) Ағылшындармен құпия бітім жасады. B) Жауынгерлерді дұрыс ұйымдастырмады. C) Сиқырлық жасады. D) Діни алауыздық туғызды. E) Корольге қастандық жасады. |
9. Орта ғасырда еуропалықтардың тынық мұхитты басқаша атауы. A) Ұлы теңіз. B) Ақ теңіз. C) Көк теңіз. D) Қызыл теңіз. E) Долы теңіз. |
10. Германиядағы халықтық Реформацияның көсемі. A) Лютер. B) Мюнцер. C) Лойола. D) Кальвин. E) Альба. |
11. “Күн қозғалмайды, Жер оны айналады” – деген тұжырымды Европада алғаш айтқан ғалым: A) Ф.Инголи. B) Д.Бруно. C) И.Ньютон. D) Н.Коперник. E) Т.Галилей. |
12. 1648 жылы мамырда Корсунь түбінде … A) Украин көтерілісшілері Речь Посполита әскерінен жеңілді. B) Речь Посполита Украина тәуелсіздігін тануға келісті. C) Б.Хмельницкий әскері поляк әскеріне қатты соққы берді. D) Б. Хмельницкий Речь Посполитамен қарулы күреске әлі ерте деп санады. E) Украин көтерілісшілері мен Речь Посполита әскері бітімге келді. |
13. Солтүстік штаттардың Англияға қарсы тәуелсіздік үшін соғысы кезінде Ресей: A) Ағылшын соғыс флотының теңіздегі тонаушылығын қолдады. B) Америкаға жіберу үшін Англияға жасақтарын жіберді. C) “Қарулы бейтарап декларациясын” жариялады. D) Жаңа мемлекет – АҚШ-ты ресми түрде мойындады. E) Англияға қаржылай көмек көрсетті. |
14. XIX ғасырда Бурбон әулетінен соңғы француз королі болған … A) Карл X. B) Карл I. C) Карл V. D) Людовик XVII. E) Людовик XVIII. |
15. Ресейде Наполеон армиясына қарсы Отан соғысының болған жылы: A) 1810. B) 1821. C) 1820. D) 1812. E) 1811. |
16. Тайпиндер көтерілісінің мақсаты. A) Шаруаларға салықты көтеру. B) Феодалдық қатынастарды нығайту. C) Помещиктер билігін сақтау. D) Адамдардың теңдігін нығайту. E) Маньчжур әулетін қолдау. |
17. XVIII ғасырда ағылшын дәрігері Э. Дженнердің медицина саласында ашқан жаңалығы: A) Көз ауруын емдеу. B) Рентген сәулесімен емдеу. C) Соқырішекке операция жасау. D) Шешекке қарсы алдын ала егу. E) Линза жасау. |
18. 1870 жылы 4 қыркүйектегі Франциядаяғы революцияның нәтижесін көрсетіңіз: A) Елде социалистік революция болды. B) Пруссиямен бейбіт келісімшарт орнатылды. C) Пролетарлық күштер билікке келді. D) Екінші империя билігі күшейді. E) Франция республика болып жарияланды. |
19. 1900 жылы құрылған Британия лейбористік партиясының алғашқы жетекшісі: A) Том Манн. B) Джон Макдональд. C) Роберт Оуэн. D) Рамсей Макдональд. E) Давид Ллойд Джордж. |
20. Монғолияда антифеодалдық, антиимпериалистік халыќ революцисының жеңіске жеткен жылы: A) 1922 ж. B) 1921 ж. C) 1917 ж. D) 1919 ж. E) 1924 ж. |
21. XX ғасырдың басында атом құрылымының планетарлық теориясын ұсынған физик-ғалым: A) М. Склодовская - Кюри. B) Н. Бор. C) А. Беккерел. D) А. Эйнштейн. E) Э. Резерфорд. |
22. 1936 ж. қабылдаған Германияның экономикалық дамуының төрт жылдық жоспарының басты мақсаты: A) тау-кен өнеркәсібін дамыту. B) халық майданын құру. C) экономикалық дағдарыстан шығу. D) соғысты болдырмау. E) соғысқа дайындық. |
23. Екінші дүниежүзілік соғыстың басы: A) 1938 ж. наурызы. B) 1939 ж. наурызы. C) 1938 ж. қыркүйегі. D) 1941 ж. 22 маусымы. E) 1939 ж. 1 қыркүйегі. |
24. 1945 жылдың 2 мамырында болды: A) Германияның жеңілгені туралы акт. B) Крым конференциясы. C) Японияның жеңілуі. D) Берлинді алу. E) Потсдам конференциясы. |
25. ІІ дүние жүзілік соғыстан кейін, 1970 жылға дейін фашистік диктатура сақталған ел. A) Португалия. B) Италия. C) Бельгия. D) Австрия. E) Германия. |
26. Төменде көрсетілген елдердің бірі, ІІ дүниежүзілік соғыста Германия мен Италияның Одағы болған мемлекет: A) Югославия. B) Албания. C) Венгрия. D) Польша. E) Чехия. |
27. 1966-70 ж.ж. Йемен халқының таңдаған даму жолы. A) Патриархалдық. B) Социалистік. C) Прогресті. D) Феодалдық. E) Капиталистік. |
28. КСРО-ның бірінші Президенті М.С.Горбачевтің сыртқы саясаттағы жаңа бағыты. A) «Бейбіт қатар өмір сүру принципі». B) «Жаңа бағыт». C) Жаңаша ойлау. D) «Мәдени революция». E) «Ақ революция». |
29. Мексикада ұлттық-реформистік саясат бекінген кезең: A) Х.Перон билігі. B) Л.Карденас билігі. C) Ф.Кастро билігі. D) Л.Корвалан билігі. E) С.Альенде билігі. |
30. Батыс Еуропа елдері үшін кемелденген индустриялдық қоғам кезеңі аяқталды: A) XX ғасырдың 50-жылдары. B) XX ғасырдың 60-жылдары. C) XX ғасырдың 40-жылдары. D) XX ғасырдың 30-жылдары. E) XX ғасырдың 70-жылдары.
ДҮНИЕ ЖҮЗІ ТАРИХЫ ПӘНІНЕН СЫНАҚ БІТТІ |