
- •Мазмұны
- •2. Жер бедерінің қалыптасуында эндогендік үрдістердің (жанартау атқылау, жер сілкіну) әсері
- •2.1 Жанартау
- •3. Жер бетінің қалыптасуында экзогендік үрдістердің (жел эрозиясы, су эрозиясы, физикалық үгілу, биологиялық шіру, химиялық ыдырау) әсері
- •3.1 Жел эрозиясы
- •3.2 Су эрозиясы
- •3.3 Физикалық, биологиялық, химиялық үгілу
- •4. Адамдар мен жер бедері туралы
- •5. Өзен эрозиясының үрдістері
- •6. Өзеннің жоғары, орта, төменгі аңғарлардағы пішіні
- •7. Меандрдың, ескі арна, атыраудың және аңғардың қалыптасу үрдісі
- •8. Бұлақтар мен арықтардың топырақты шаюы туралы тұжырымдама
- •9. Қар суының ағынынан пайда болған құмды, зандрлы жазықтардың қалыптасу үрдісі
- •Жалпы геоморфологиялық терминология
- •Тест тапсырмалары
- •Пайдаланылған әдебиеттер
3. Жер бетінің қалыптасуында экзогендік үрдістердің (жел эрозиясы, су эрозиясы, физикалық үгілу, биологиялық шіру, химиялық ыдырау) әсері
3.1 Жел эрозиясы
Экзогендік күштер тауды бұзады, ойпатты жерлерді борпылдақ материалмен толтырып тегістейді.
Жел эрозиясы - ең алдымен, жер бедерінің құрылысымен айқындалатын, одан кейін жел әрекетінің белгілі бір бағыттағы арнасын бойлай қопсыма материалдардың (құмның, көлдік сазбалшықтың) үрленуі.
Үгілу енімдері мен борпылдақ жыныстарды тасымалдау арқылы жер бедерін өзгертуде желдің маңызы зор. Жел әрекетінен қалыптасатын жер бедері пішіндерін золдық деп атайды. Әсіресе шөлдердегі құрғақ климат жағдайында жел әрекеті айқын көрінеді, мұнда құмды тебелер мен жалдар, толқын тәрізді эолдық пішіндер таралған. Теңіздер мен көлдердің жағалауларында да жел әрекетінен түзілген мұндай пішіндер жиі кездеседі.
Топырақтың беткі ұнтақталған құнарлы қабатының жел күшімен ұшуы салдарынан құнарының азаюы. Жел эрозиясы кез келген топырақ типінде кездесіп, жел күшімен топырақтың беткі қабатын, кейде өсіп тұрған өсімдігімен бірге басқа жаққа ұшырып әкетеді. Әдетте жел эрозиясы жер бедері жазық, құрғақ, ормансыз шөл аймақтарында жиі болады. Тіпті шөл аймақтарындағы құмды алқаптардың шөп өспейтін бөліктері жел әсерінен бір орыннан екінші орынға жиі жылжып отырады. Оларды жылжымалы құмдар деп атайды. Топырақ бетінде өсімдік жақсы өскен алқаптар жел эрозиясына ұшырай бермейді. Өсімдік тамырлары топырақтың беткі қабатын бекітіп ұстап тұрады, өскіндері жауын суының біразын өздеріне сіңіріп, қалғанын жер астына өткізеді, ал екпе ағаштар қар тоқтатуға және олардың топырақ бетінде біркелкі таралуына септігін тигізеді, желдің күшін азайтады, т.б. Ал бұл жерлерді кәдімгі қайырмалы соқамен жыртып, топырақтың майда ұнтақталған бос қабаты жер бетіне шыққан кезде олар желдің еркіне беріліп ұшады. Осындай жағдай тың игеру кезінде Қазақстанның солт. аймақтарында кең өріс алған. Табиғаттың бұл апатымен күресуде акад. А.И. Бараев басшылық еткен Қазақ астық шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты жақсы нәтижелерге қол жеткізді. Топырақты жел эрозиясынан қорғау үшін жасалған жүйенің негізінде топырақты бұрынғыдай қайырмалы соқамен жыртудың орнына қайырмасыз етіп жыртып, терең қопсыту ұсынылған. Сонда топырақта өскен дақыл сабақтары топырақ бетінде қалып, қыста қар тоқтатуға, желдің күшін төмендетуге септігін тигізеді. Ең бастысы бос топырақ жер бетіне шықпай, біршама тереңдікте жатады. Жел эрозиясына жиірек ұшырайтын алқаптар жайылымдық жерлерде, топырағы жұқа шөл белдемдерінде кездеседі. Себебі шөл белдемдерінде өсімдіктер сирек өседі әрі жақсы дамымаған, сондықтан бұзылуға өте бейім топырақ түзіледі. Мал жиі жайылатын елді мекендер немесе мал суаратын пункттердің төңірегіндегі топырақ та жиі бұзылып, шаңы шығып, желге ұшады. Ондай жағдайларды болдырмау үшін ауыспалы жайылымдық жүйеге көшу қажет.
Сурет 3. Жел әрекеті
3.2 Су эрозиясы
Су эрозиясы – тау жыныстары мен топырақ бетін аққан судың шаюы. Шайылу және ұсақ түйірлердің тасымалдану қарқыны тау жыныстарының қаттылығына, топырақ қабаттарының жатыс бағытына, су ағынының жылдамдығына және мүжілу нәтижесінде пайда болған массаның ірілі-ұсақтығына байланысты. Эрозиялық құбылыстың дамуына сол жердің топырақ-өсімдік жамылғысы және геол. құрылысы да әсер етеді. Эрозия – жер бедерін қалыптастырушы факторлардың бірі. Түзілген жербедер пішіндеріне байланысты беткі Эрозияға (ағын өткен жер беті ой-шұңқырлары тегістеледі) және тілімдеу Эрозиясына (жер беті сай-жыраларға тілімделеді) ажыратылады. Беткі Эрозияаңғар және арнаның бүйірлері бұзылып, ағынның жайылуынан, ал тілімдеу Эрозиясы ағын арнасының тереңдеуінен қалыптасады. Демек, Эрозиялық бедер пішіндері – бүйірлік және тереңдік Эрозиялардың нәтижелері. Кейбір ғыл. әдебиетте “Эрозия” термині негізінен мұздық, жел және теңіз толқыны әрекетін сипаттағанда жиі қолданылады. Эрозияқұбылысына қарсы күресу жолдары – табиғатты қорғаудың басты шараларының бірі болып табылады. Сонымен қатар Эрозияның қалыпты (табиғи) және
Сурет 4. Су әрекеті