
- •Қазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі с.Сейфуллин атындағы қазақ агротехникалық университеті
- •5В050700 «Менеджмент» мамандығына арналған
- •Әдістемелік нұсқаулары
- •Өндірістік практиканың мақсаттары мен міндеттері
- •Өндірістік практикаға жетекшілік ету
- •3. Практика мазмұны
- •4. Практиканы өткізуді ұйымдастыру және өткізу тәртібі
- •5. Өндірістік практиканің тақырыптық жоспары
- •5.1 Кәсіпорын қызметінің ұйымдастыру-шаруашылық жағдайы
- •5.1.1 Кәсіпорынның жалпы сипаттамасы
- •5.1.2 Басқаруды ұйымдастыруды талдау
- •5.1.3 Кәсіпорындағы менеджмент жүйесін жобалау
- •5.2 Кәсіпорынның экономикалық қызметтері және қаржы-шаруашылық жағдайының талдауы.
- •5.2.1 Кәсіпорынның шаруашылық жағдайын және экономикалық даму деңгейі талдауы.
- •5.2.2 Экономикалық (жер) ресурстарын (материалды-техникалық базаны) пайдалануды талдау.
- •5.2.3 Кәсіпорынның (ауыл шаруашылық) өндірістік негізгі қорлармен қамтамасыз етілу және оларды қолдану тиімділігі талдауы.
- •5.2.4 Өнімдер (қызметтер) өндіруді талдау
- •5.2.5 Еңбек ресурстарын пайдалану мен еңбекті төлеу қорын талдау
- •5.2.6 Өндіріс шығындары (айналымы) талдауы және өнімдердің (қызметтердің) өзіндік құны
- •5.2.7 Кәсіпорынның табыстарын, пайдасын және рентабельділігін талдау
- •5.2.8 Сауда кәсіпорнының қаржылық жағдайын талдау
- •5.3 Таңдау бойынша бөлім (мысалы «Кәсіпорында персоналды басқару»)
- •6. Студенттердің практикадан өту барысындағы құқықтары мен міндеттері
- •7. Практика бойынша есепті рәсімдеу және қорғау
- •7.1 Өндірістік практика туралы есепті ресімдеуге арналған талаптар
- •Қосымша б
- •Қосымша в
- •Қосымша г
- •Қосымша д Кафедраға өндірістік практикаден кейін тапсырылатын материалдар тізімі
5.3 Таңдау бойынша бөлім (мысалы «Кәсіпорында персоналды басқару»)
Кәсіпорынның кадрлық әлеуетін және оның қалыптасуын зерттеу қажет, оның ішінде:
- кәсіби құрамы, кадрлардың біліктілігі және білім деңгейі (персонал категориялары бойынша);
- жұмыс күшіне деген қажеттіліктің жоспарлары және жобалануы (персонал категориялары бойынша);
- кадрлар таңдау үрдісі: басшылар және мамандар;
- материалдық және құлықтық ынталандыру жүйесі;
- басқару персоналының функциялары;
- басқару аппаратының қызметкерлеріне қойылатын талаптар, олардың жалпы және біліктілік даярлық талаптарына сәйкестілігі;
- кадрлармен жұмыс жүйесі (ротация, біліктілікті көтеру, кадрларды даярлау және қайта даярлау, жоғарлату резервтерімен жұмыс және т.б.);
- басқару еңбегінің тиімділігін жоғарлату әдістері.
Кесте 8-де талап етілетін талдаулардың негізгілері көрсетілгген. Талдаудың негізгі міндеттері:
- кәсіпорын және оның құрылымдық бөлімшелерінің персоналмен қамтамасыз етілуін сандық және сапалық параметрлер бойынша талдау;
- кәсіпорында персонал экстенсивтілігін және интенсивтілігін, тиімділігін пайдалануды бағалау;
- кәсіпорында персоналды тиімділі және толығырақ пайдаланудың резервтерін анықтау.
Ақпарат көздері — еңбек бойынша жоспар, «Еңбек бойынша есеп» туралы статистикалық есеп, табель есебі және кадрлар бөлімінің мәліметтері.
Кесте 8 – Кәсіпорындағы персоналды бассқару талдауы
Талдау түрлері |
Критериилер мен көрсеткіштер |
Ұсынылатын әдебиеттер |
1 Кәсіпорынның 2006, 2007, 2008 жж. кезеңіндегі еңбек ресурстармен қамтамасыз етілуі
|
|
Г.В. Савицкая АӨК кәсіпорынның ШҚТ: Оқу құралы Мн.: ИП «Экоперспектива», 1998, 6 Бөлім, 116-143 бет |
2. 2006, 2007, 2008 жж. кезеңіндегі жұмыс күшінің қозғалысы
|
2.1 Персоналды жұмысқа қабылдау бойынша айналым коэффициенті, шығу бойынша айналым коэффициенті, кадрлар ағымдылығы коэффициенті, кәсіпорынның персонал құрамы тұрақтылығы коэффициенті, орынбасу коэффициенті 2.2 Қызметкерлердің жұмыстан шығу себептерін талдау (өз өтініштері бойынша, кадрларды қысқарту, еңбек тәртібін бұзушылық және т.б.) |
Г.В. Савицкая АӨК кәсіпорынның ШҚТ: Оқу құралы.-5 басыл. түз. және тол.-Мн.: Жаңа білім, 2005 6 Бөлім,125-159 бет |
3. Кәсіпорынның әлеуметтік даму жоспарын талдау |
3.1 Қызметкерлер біліктілігін көтеру бойынша жоспар орындалуы және динамикалық талдауы 3.2 Қызметкерлер еңбек жағдайын жақсарту және денсаулығын бекіту бойынша шараларды бағалау;
|
Г.В. Савицкая АӨК кәсіпорынның ШҚТ: Оқу құралы.-5 басыл. түз. және тол.-Мн.: Жаңа білім, 2005 6 Бөлім,125-159 бет |
4. Кәсіпорын еңбек ресурстарын пайдалануды талдау |
4.1 Жұмысшылар санының талдауы 4.2 Бір жұмысшының жұмыс орындаған күндерінің санын талдау (жұмыс уақытының толық күндік жоғалту) 4.3 Жұмыс күнінің ұзақтығын талдау (ауысымдылық ішінде жұмыс уақытын жоғалту және олардың пайда болу себептерін зерттеу) |
Г.В. Савицкая АӨК кәсіпорынның ШҚТ: Оқу құралы.-5 басыл. түз. және тол.-Мн.: Жаңа білім, 2005 6 Бөлім,125-159 бет |
5. Еңбек өнімділігін талдау |
|
Г.В. Савицкая АХД предприятий АПК: Учебное пособие.-5 изд. испр. и доп.-Мн.: Новое знание, 2005 Глава 6, стр.125-159 |
6. Еңбек ресурстарын пайдалану тиімділігін талдау |
6.1 Кәсіпорын бір жұмысшысына келетінпайда мөлшеріне сату рентабельділік факторлары өзгерісінің әсерін талдау 6.2 Тауарлық деңгей факторы ықпалының талдауы 6.3 Жұмысшының жылдық өндіру факторы ықпалының талдауы |
Г.В. Савицкая АХД предприятий АПК: Учебное пособие.-5 изд. испр. и доп.-Мн.: Новое знание, 2005 Глава 6, стр.125-159 |
7. Еңбекақы қорын пайдалануды талдау |
7.1 Еңбекақы қорын пайдалану талдауы ( абсолюттік, салыстырмалы ауытқулар факторлары) 7.2 Жұмыскерлердің орташа табысы туралы мәліметтерді талдау 7.3 Еңбек өнімділігі өсу қарқыны мен орташа еңбекақы мөлшерінің өсу қарқыны арасындағы сәйкестікті анықтау. |
Г.В. Савицкая АХД предприятий АПК: Учебное пособие.-5 изд. испр. и доп.-Мн.: Новое знание, 2005 Глава 6, стр.125-159 |
8. Еңбекақы төлеу қорын пайдалану тиімділігін талдау
|
8.1 Өндірілетін өнімнің қазіргі бағадағы көлемі 8.2 Еңбекақының теңгесіне келетін табыс пен пайда сомасы. 8.3 Осы көрсеткіштердің динамикасын, олардың деңгейі бойынша жоспардың орындалуын зерттеу (шаруашылық аралық салыстырмалы талдау) |
Г.В. Савицкая АХД предприятий АПК: Учебное пособие.-5 изд. испр. и доп.-Мн.: Новое знание, 2005 Глава 6, стр.125-159 |