Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
практикаа дістемелік нусау азаша.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
628.74 Кб
Скачать

7.1 Өндірістік практика туралы есепті ресімдеуге арналған талаптар

Есеп мәтіні компьютерде Word for Windows редакторында шрифт биіктігі №14 жол арасындағы арақашықтық – 1,0 терілген және А4 форматты сапалы қағазды принтерде басылған болуы қажет. Мәтінді жолдың мынадай мөлшерін сақтап жазылуы қажет: оң жағы – 10 мм, жоғағы жиегі – 20 мм, сол жағы – 35 мм, төменгі жиегі – 20 мм. Азат жол үш белгіге тең. Әр бөлімді жаңа парақтан (беттен), 16 қалың шрифтпен бастау қажет. Бір бөлімнің ішіндегі бөлімшелер бір-бірінен мәтіннен екі жол төмен түсіріліп бөлінеді,14 қалың шрифпен, одан кейін екі жолдан соң мәтін басталады. Тақырып атауларында қысқартулар жіберілмейді.

7.1.1 Беттерін басынан аяғына дейін мәтін бойымен араб сандарымен нөмірлеу қажет. Беттің нөмірі қағаздың төменгі жағының ортасына нүктесіз қойылады.

Титулдық беті жалпы беттердің нөмірленуіне қосылады. Титулдық бетіне нөмір қойылмайды.

Жекелеген беттерде орналастырылған иллюстрациялар және кестелер дипломдық жұмыс (жоба) беттерінің жалпы нөмірленуіне қосылады.

7.1.2 Иллюстрациялар (сызбалар, графиктер, схемалар, диаграммалар, фотосуреттер) анық, әрі нақ, жұмыстың барлық жерінде бірдей безендірілуі қажет (компьютерлік теру, СТ РК 1.5 талаптарына сай).

7.1.3 Иллюстрацияларды мәтінде бірінші рет айтылғаннан кейін, келесі бетте орналастыру қажет.

Иллюстрациялар компьютерде орындалған болуы мүмкін, оның ішінде түрлі түсті. Барлық иллюстрацияларға сілтемелер берілуі қажет.

7.1.4 Қосымшалардағы иллюстрациялардан басқа иллюстрациялар араб сандарымен басынан аяғына дейін нөмірленуі тиіс.

Егер сурет біреу болса, онда ол «Сурет 1», «Сурет» сөзі және оның аталуы жолдың ортасынан жазылуы тиіс.

7.1.5 Иллюстрацияларды бөлімдер аясында (ішінде) нөмірлеуге болады. Мұндай жағдайда иллюстрациялар нөмірі нүктемен бөлінген бөлімнің нөмірі мен иллюстрацияның реттік нөмірінен тұрады. Мысалы: Сурет 1.1

71..6 Иллюстрациялардың қажет болған жағдайда, атаулары мен қоса түсіндірілетін мәліметтері болуы мүмкін (сурет астындағы мәтін). «Сурет» сөзі мен оның атауын түсіндірілетін мәліметтерінен кейін келесідей орналастырады: Сурет 1. Банк жүйесінің құрылымы.

7.1.7 Иллюстрацияға сілтеме жасау барысында басынан аяғына дейін нөмірлеуде «... 2 суретке сәйкес» деп жазу қажет, ал бөлім бойынша нөмірлеуде «... 1.2 суретіне сәйкес» болуы тиіс.

7.2 Кестелер

7.2.1 Кестелер көрнекілік ретінде және көрсеткіштерді салыстыру мақсатында қолданылады. Кестелердің атаулары оның мазмұнын ашуы керек. Дәл, қысқаша болуы тиіс. Кестелердің атауын кестеден жоғары, жолдың енінен азат жолдан кейін «кесте 1» сөзінен соң келесі жолға орналастыру керек.

7.2.2 Кестені өзі ескертілген мәтіннен кейін немесе келесі бетте орналастыру қарастырылады.

7.2.3 Барлық кестелерге сілтемелер болуы тиіс. Сілтеме қоюда «кесте» деп нөмірлері көрсетіліп жазылуы қажет.

7.2.4 Көп мөлшерлі жолдары бар кестені келесі параққа (бетке) көшіруге болады. Кесте бөлігін келесі параққа (бетке) көшіру барысында «Кесте» сөзі және оның нөмірі бір рет кестенің бірінші бөлігінің сол жағына, ал келесі бөлігінде «Жалғасы» сөзі жазылады және кесте нөмірі көрсетіледі, мысалы: «1 кестенің жалғасы». Кестенің бөлігін көшіруде кестені шектейтін төменгі көлбеу сызық сызылмайды.

Кестелерді келесі параққа (бетке) көшіру барысында тақырыбы тек қана бірінші бөлігінің үстіне орналастырылады.

7.2.5 Қосымшаға шығарылған кестелерден басқа, кестелер араб сандарымен басынан аяғына дейін нөмірленуі тиіс.

Бөлім ішіндегі кестелерді бөлім шегінде нөмірлеуге рұқсат беріледі. Мұндай жағдайда кестелер нөмірі нүктемен бөлінген бөлімнің нөмірінен және кестенің реттік нөмірінен тұрады.

Әрбір қосымшаның кестелері жеке арап сандарымен, алдына қосымшаның белгісі қойылып белгіленеді.

7.2.6 Кесте жолдары мен баған тақырыптары жекеше түрде бас әріппен жазылады, ал бағанның тақырыпшалары, егер тақырыпша бір сөйлемнен тұрса, тармақша әріптермен, немесе егер олар дербес мағынаға ие болса, бас әріппен жазылады. Кестенің тақырыбы мен тақырыпшаларының соңында нүкте қойылмайды.

7.2.7 Кестелердің сол жағынан, оң және төменгі жағынан, ережедегідей, сызықпен шектелуі тиіс. Кестелердің шрифт мөлшерін, мәтіндегіден кем алуға рұқсат беріледі.

Кестені шектейтін, егер ол кестені қолдануды қиындататын болса, көлденең және тік сызықтарды жүргізбейді.

Баған атаулары, ережедегідей, кесте жолына қатарлас жазылады. Қажет болған жағдайда баған атауларын перпендикуляр орналастыруға рұқсат етіледі.

Кестенің басы кестенің қалған бөлігінен жеке сызықпен бөлінуі тиіс. Кестелерді рәсімдеу мысалы кесте 1 келтірілген

Кесте1 - Айранның қауіпсіздігінің көрсеткіштері и

Көрсеткіштер

Айран мөлшері май үлесімен, %

1,0

2,5

3,2

майсыз

Улы элементтер, мг/кг, не более:

свинец

0,1

0,1

0,1

0,1

кадмий

0,03

0,03

0,03

0,03

7.3 Ескерту

7.3.1 «Ескерту» сөзі азат жолдан бас әріппен жазылуы және сызылмауы тиіс.

7.3.2 Егер мәтін мазмұнына, кесте немесе графикалық материалдарға түсінік немесе анықтамалық мәліметтер қажет болса, дипломдық жұмысқа ескерту енгізіледі.

7.3.3 Ескертуді ескерту қатысты мәтіннен, графикалық материалдан кейін немесе кестеге орналастырады. Егер ескерту біреу болса, онда «Ескерту» сөзінен кейін сызықша қойылып, ескерту бас әріппен жазылады. Бір ескерту нөмірленбейді. Бірнеше ескертулер рет-ретімен, нүктесіз, араб сандарымен нөмірленеді. Ескерту кестенің соңында, кестенің аяқталуын білдіретін сызықтың үстіңгі жағында орналастырылады.

Бірнеше ескертулерді реттік арап сандарымен нүктемен нөмірлеу қажет.

7.4 Дерек көздері туралы мәлімет

Дерек көздері туралы мәлімет дипломдық жұмыстың (жобаның) мәтініндегі дерек көздерінің сілтемелерінің жасалу реті бойынша орналасу керек және азат жолынан араб сандарымен, нүктесіз нөмірленеді.

7.5 Қосымшалар

7.5.1 Қосымшалар жұмыстың жалғасы ретінде оның келесі парақтарында ресімделеді.

7.2.2 Жұмыстың мәтінінде барлық қосымшаларға сілтеме болуы тиіс. Қосымшалар есеп мәтініндегі сілтемелердің ретіне қарай орналасады.

7.5.3 Әрбір қосымша жаңа беттен басталып, «Қосымша» сөзі мен оның белгісі беттің жоғарғы жағының ортасында көрсетілуі тиіс.

Қосымшаның аты болуы қажет және ол жеке жолға мәтінге симметриялы түрде бас әріппен жазылуы керек.

7.5.4 Қосымшалар А дан бастап, Ё, 3, Й, О, Ч, Ь, Ы, Ъ әріптерінен басқа, орыс алфавитінің бас әріптерімен белгіленеді. «Қосымша» сөзінен кейін реттілігін білдіретін әріптермен белгіленеді.

Қосымшаларды латын алфавитінің әріптерімен, тек I, О әріптерінен басқа, белгілеуге болады.

Орыс әріптерін және латын әріптерін толық қолданған жағдайда, қосымшаларды арап сандарымен белгілеуге болады.

Егер құжатта тек бір ғана қосымша болса, ол «Қосымша А» болып белгіленеді.

7.5.5 Қосымша мәтіндері, қажет болған жағдайда, бөлімдерге, бөлімшелерге, пунктерге, пунк астыларына, әрбір қосыша шеңберінде белгіленеді. Нөмір алдына осы қосымша белгісі қойылады.

7.5.6 Қосымшалардың жұмыстың қалған бөліктерімен бірге басынан басталатын ортақ нөмірлері болуы тиіс.

Қосымша А

КАЗАХСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

С. СЕЙФУЛЛИН АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ

АГРОТЕХНИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

МЕНЕДЖМЕНТ КАФЕДРАСЫ

Есеп

өндірістік практика туралы

______________________________________________

Студент Ф.А.Ә

Дипломдық жұмыс тақырыбы _________________________________________

Практика орны ______________________________________________

Кәсіпорын атауы

Кафедрадан бекітілген жетекші______________________________________________

(Ф.А.Ә., қолы)

Кәсіпорында бекітілген жетекші ______________________________________________

(Ф.А.Ә., қолы)

М.О.

(кәсіпорын мөрі)

Қорғау

_________ ___________

күні баға

Практикаден өту мерзімі

_____ ________2015 г.

Астана 2015