- •Мазмұны
- •1.1 Халықтың әртүрлі категорияларымен әлеуметтік жұмысының істеудің мәні мен мазмұны
- •Әлеуметтік жұмыс объектіс , субъектісі және қағидалары
- •2.1 Қазіргі кездегі жастар мен әлеуметтік жұмысының барсы
- •2.2 Мүгедектерге әлеуметтік қызмет көрсету жүйесін талдау
- •2.3 Халықтың әлеуметтік - әлсіз топтарына мемлекеттік көмек жүйесі
- •3.1. Әлеуметтік жұмысты жетілдірудегі шетелдік тәжірибенің маңызы
- •3.2 Халықтың әртүрлі категорияларымен әлеуметтік қызмет көрсету жүйесін жетілдіру
- •Қорытынды
- •Қолданылған әдебиеттер тізімі
Қорытынды
Еліміздегі әлеуметтік жұмыстың әрбір саласы халықты қолдау мен көмек көрсету барысындағы нақты мәселелер шешілуде, әлеуметтік жұмыстың нормативтік-құқықтық базасы құрылып, әлеуметтік жұмыстың кәсіби іс-әрекеті ретіндегі функциялық міндеттері орындалуда. Дегенмен, әлеуметтік қызметкерлер тек қана әлеуметтік қорғау мен әлеуметтік қамсыздандыру әрекетімен ғана айналысып қоймай, адамды кедейшіліктен, мұқтаждықтан, әділетсіздіктен, маргиналдықтан құтқаруғадағы мүмкіндіктерінің шектелгендігін игерудегі, өз бетімен шешім қабылдауға, қиыншылықтағы қысылған жағдайда жол таба білуге, оны жеңе білуге, қабілеттерін жақсартуға көмек көрсетудегі белсенділіктері ескеріліп, мемлекет тарапынан қолдау көрсетілсе деген ойдамыз. Сол қоғамдық өмірдегі саяси-идеологиялық саясатқа араласа отырып, халықтың мұң-мұқтажы шенеуніктердің құлағына жеткізеді деген үміттеміз. Ата дәстүрін жалғастырушы, әлеуметтік мұқтаждың жоқтаушысы бар маман - әлеуметтік қызметкерлерді жан-жақты біліммен қаруландырсақ, көп нәрсені ұтатынымызды уақыт көрсетер.
Жалпы әлеуметтік жұмыстардың шетелдік тәжірбиесін оқып-үйренуге бірқатар әдістерді пайдалану ұсынылады. Олардың арасынан жалпы (тарихи, жүйелік талдау, салыстыру және т.б.) сыртында әдістерді бөліп алуға болады.
Осындай тарихи әдіс қайырымдылықтың қалыптасу және даму үдерісі елдерде қалай жүргізілген, әлеуметтік жұмыс кәсібі қалай пайда болып, дамығанын салыстыра отырып оны өз елімізде дамытуға мүмкіндік береді. Ал салыстыру әдісі салыстыру объектілерін бөліп алуға, соның ішінде қоғамдық-саяси және әлеуметтік-экономикалық даму деңгейін ескере отырып, елдерді бөліп қарауға мүмкіндік береді.
Әлеуметтік жұмыстарды салыстыру шаруашылық жүргізудің нарықтық немесе жоспарлы нысандарын игеру есебінен іске асырылуы мүмкін. Осы жағдайда тегін білім беру, медициналық қызмет көрсету, демалыс және т.б. қамтамасыз ету үшін қолданылатын, халыққа әлеуметтік қолдау көрсетуде қоғамдық тұтыну қорлары барынша маңызды орын алатын қазіргі қолданыстағы және бұрынғы тәжірбиелер ерекше маңызды. Жүйелі әдіс әлеуметтік жұмыстардың объект, субъект, мазмұн, құрал, басқару, әлеуметтік жұмыстардың қызметі мен мақсаты сияқты элементтерін өзіне қоса отырып, тұтас жүйе ретінде әлеуметтік жұмысты тәжірибе жүзінде іске асыруға мүмкіндік береді. Осы жағдайда жалпы жекелеген елдердің әлеуметтік қорғалу жүйесі және олардың жекелеген маңызды компоненттері ретінде салыстырмалы талдау қажет.
Әлеуметтік жұмыстардың шетелдік тәжірибесін оқып-үйренудің жоғарыда аталған жалпы әдістерімен қатар міндетті түрде жиынтық және әр қайсысы бөлек түрінде жеке әдістері (байқау, құжаттарыды талдау және т.б.) пайдаланылады.
Сонымен қатар, елімізде балалары бар отбастарымен жүргізілетін әлеуметтік жұмыстар соның ішінде: балаларға әлеуметтік көмек көрсететін арнайы мекемелер төмендегі қызметтерді (аз қамтылған отбастарына тегін) ұсыну жолдарын дамыту, ата-аналар үшін кәсіби оқудың әлеуметтік топтарын ұйымдастыру, еңбекке орналастыру жөнінде көмекпен қамтамасыз ету; күндіз және кешкі уақытта жұмыс істейтін ата-ана балаларының күтімін қамтамасызх ету; қалалық денсаулық сақтау орталықтары жанынан күйеуге шықпаған аналар үшін қызметтерін құру, ата-анасы тарапынан зорлыққа ұшыраған балаларды қорғау қызметін құру және қолдау, бала асырап алған отбастарымен жұмыс, баланың жаңа отбасына бейімделуін бақылау. Балалардың әлеуметтік қызметі міндетіне жетім балаларды асырап алу мәселесін қолға алу және т.б.
Қазақстанда табысы төмен отбасыларының саны ұдайы өсіп отыр, осылардың өзіне асыраушысы жұмысынан айрылған, ұзаққа созылған ақысыз демалыстағы, жұмыссыздығы жөнінде жәрдемақы алу құқын жоғалтқан отбастары қосылып отыр. Әлеуметтік қызметкердің пайда болған жағдайдағы міндеті – белгілі өмір сүру деңгейін сақтау және халықтың әлеуметтік әлсіз тобына көмек көрсету. Бұл үшін кедей және өте кедей адамдардың қорғалмаған топтарын және «кім кедей» екенін анықтау қажет.
Республикада нарықтық өзгерістерге байланысты жұмыссыздар армиясы едәуір өсіп, ертеңгі күнге деген сенім төмендеуде және т.б. Бұл мемлекеттен мемлекет және жалпы қоғам деңгейінде белсенді әлеуметтік саясат жүргізуді талап етеді. Демек, әлеуметтік саясат арқылы әлеуметтік араласудың қандай да бір түрі «болуы тиіс» осының нәтижесінде әлеуметтік және қоғамдық жұмыстардың жаңа заңдары мен жаңа түрлері болуы тиіс.
Сонымен қоса, тұрмысы төмен азаматтарға көмек көрсету жөніндегі жалпы ұлттық қорлардың санын және сапасын жоғарылату. Еліміздің түпкіріндегі алыс ауылдарда, шалғайдағы шаруашылықтарда күнкөріс жайы төмендеген шарасыздықтан шаршаған жандар бар. Солардың бірқатарына қайырымдылық қолын созу. Осы мақсатта, қайырымдылық қорлар қызметін кеңейту.
Осы жоғарыда көрсетілген мәселелерді іске асыру үшін ерекше маман иелері әлеуметтік қызметкерлерді дайындау мақсатында, презентация, дөңгелек столдар, конференциялар өткізу және де жоғарғы оқу орындарында сәйкес кафедралар ашу және т.б.
