Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ана т.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
4.02 Mб
Скачать

Сабақ барысы

1.Оқыту үрдісінің маңыздылығы: Үй тапсырмасын тексеру

2.Жаңа тапсырмаларды қалыптастыру:

Мазмұндама мәтінімен танысу:

Мазмұндама№1 «Күз»

Қыркүйек. Күздің алғашқы айы. Аспан бұлттанды. Күннің қызуы азайды. Ағаштың жапырақтары сарғая бастады. Терек пен қайың жасыл жапырағынан айырылды. Айнала сары ала түске боялды. Шық осы айда түседі. Құстар да жылы жаққа ұшып кетеді.Аңдар қысқы тіршіліктеріне кіріседі. Айнала сары кілем төсегендей. Күзгі табиғат қандай тамаша! (46 сөз)

Күз

Жоспар Сұрақтар:

  1. Қыркүйек айы 1. Қыркүйек күздің қай айы?

  2. Құстар тіршілігі 2. Ағаштың жапырақтары қандай күйде?

3. Аңдар тіршілігі 3. Құстар тіршілігі қандай?

4. Аңдар қайтеді?

5. Айнала қандай?

Керекті сөздер: жапырақтар,терек пен қайың , айнала сары , құстар, жылы жаққа, қысқы тіршіліктеріне, кілем ,төсегендей.

Мәтінді әңгімелеу (жұптық жұмыс), тақтаға шығып әңгімелеу.

Сергіту сәті: Қазым, қазым қаңқылда, көлде жүзіп саңқылда.

Жем шашайын жейсің бе, әлде кәмпит берсі дейсің бе?

Жоқ, жоқ кәмтип болмайт тәтті ас, бидай менен арпа шаш.

3.Жаңа білімді бекіту:

Жоспар бойынша, сұрақтар бойынша, керекті сөздерді пайдаланып мазмұндама мәтінін дәптерге жазу.

Күз

Жоспар Сұрақтар:

  1. Қыркүйек айы 1. Қыркүйек күздің қай айы?

  2. Құстар тіршілігі 2. Ағаштың жапырақтары қандай күйде?

3. Аңдар тіршілігі 3. Құстар тіршілігі қандай?

4. Аңдар қайтеді?

5. Айнала қандай?

Керекті сөздер: жапырақтар,терек пен қайың , айнала сары , құстар, жылы жаққа, қысқы тіршіліктеріне, кілем ,төсегендей.

4.Үйге тапсырма: қайталау

Күні:

Сабақ: ана тілі

Тақырыбы: Астана-бас қала. Еліміздің мемлекеттік рәміздері.

Мақсаты мен міндеттер: мәтінді і оқу арқылы оқушыны көркем шығарманың мазмұнын түсінуге жетелеу,

1.Білімділік: түсініп оқу, мәнерлеп оқу дағдыларын қалыптастыру;

2.Дамытушылық:өлеңді, талдау қабілеттерін дамыту; белсенділіктерін дамыту;

3.Тәрбиелік: ізгілікті-елжанды дара тұлға төрбиелеу; патриоттыққа тәрбиелеу.

Сабақ түрі : жаңа тақырыпты таныстыру сабағы

Көрнекіліктер: Астана суреттері, мемлекеттік рәміздер суреттері.

Әдіс-тәсілдер: жұптық , талдау, сипаттау; Сабақ барысы

1.Оқыту үрдісінің маңыздылығы: Бүгін жаңа бөлімді бастаймыз. «Туған елім, туған жерім.»

Қалай ойлайсыңдар бұл бөлімде не туралы мәтіндер, өлеңдер оқимыз?