
- •Мақал-мәтелдер
- •Аңыз әңгімелер
- •Б) ғалым
- •Ежелгі дәуір әдебиеті
- •Қорқыт ата кітабы
- •«Дерсеханұлы Бұқашжан»
- •Қорқыт ата тақырыбы бойынша крассвордты шеш:
- •Қорқыт атаның нақыл сөздерінен
- •Халық ауыз әдебиеті және Ежелгі дәуір әдебиеті тараулары бойынша викториналық сұрақтар
- •Хіх ғасыр әдебиеті ш оқан Уәлиханов
- •Ыбырай Алтынсарин
- •Абай Құнанбаев
- •Тест сұрақтары
- •Хх ғасыр әдебиеті Мысал туралы
- •Ахмет Байтұрсынұлы
- •Ж амбыл Жабаев
- •Сәкен Сейфуллин
- •Ілияс Жансүгіров
- •«Көкшетау»
- •Сапарғали Бегалин
- •«Бала Шоқан» повесі
- •Венн диаграммасын толтыр:
- •М ұхтар Әуезов
- •«Әжемнің әңгімесі»
- •Сәбит Мұқанов
- •Каронмен күрес
- •Жұмбақтардың, кроссвордтардың, тестердің жауаптары
Абай Құнанбаев
Данышпандардың бәрі – ақын емес,
ақындардың бәрі – данышпан емес,
Абай солардың екеуі де болады.
С. Мұқанов
Абай Құнанбаев – ХХ ғасырдағы қазақ әдебиетіне төңкеріс жасаған ұлы ақын, философ, сазгер, қазақ жазба әдебиетінің негізін салушы.
Абай поэзиясында оқу-ағарту, ғылым тақырыбы негізгі тақырыптардың бірі болып саналады.
Абай – үлкен өнерпаз, оның сазгерлік өнері де болған. «Көзімнің қарасы», «Желсіз түнде жарық ай», т.с.с. әндері ақын өзі айтқандай, «құлақтан кіріп, бойды алар».
Ұлы ақын халықтың болашағы – жастар деп оларға арнап бір топ өлеңдер жазған. «Ғылым таппай мақтанба» (1886 ж.) деген өлеңі жасөспірімдерді өнер-білімге шақырады. Жастарға ғылым жайын түсіндіріп, оның тек еңбекпен, талаппен келетіндігін ескертеді. Нағыз ғылым жолына түскен адам өз бойына бес нәрсені жинау керектігін айтады.
Ақын қандай қасиеттерге асық бол, ал қандай қасиеттерден қашық бол дейді?
Асық бол Қашық бол
____________________________ _____________________________
____________________________ _____________________________
____________________________ _____________________________
____________________________ _____________________________
____________________________ _____________________________
Сұрақтарға жауап беріңдер:
Абайдың табиғат мерзіміне арналған қандай өлеңдерін білесіңдер?
Абайдың жастарды білім алуға, өнер үйренуге шақыратын қандай өлеңдерін білесіңдер?
Өлең жолдарын қалай түсінгендеріңді жазыңдар:
Цитата |
Комментарий |
Ғылым таппай мақтанба, Орын таппай баптанба... |
|
Болмасаң да ұқсап бақ, Бір ғалымды көрсеңіз. |
|
Сізге ғылым кім берер, Жанбай жатып сөнсеңіз. |
|
Сен де бір кірпіш дүниеге, Кетігін тап та, бар, қалан! |
|
қырын жүріп, анық бас, Еңбегің кетпес далаға. |
|
Тест сұрақтары
1. «Әдебиет» араб тілінен аударғанда қандай мағынаны білдіреді?
а) көркем шығарма
ә) асыл сөз
б) бейнелі сөз
2. «Әдебиет – халықтар жаны» – кімнің сөзі?
а) Ш. Уәлиханов
ә) М. Әуезов
б) В. Белинский
3. Жұмбақтың шешуін тап:
Қолы жоқ – сурет салады,
Аузы жоқ – тістеп алады.
А) көлеңке
ә) айна
б) аяз
4. Жұмбақтың шешуін тап:
Алдына келсең , өзіңді көресің
А) көлеңке
ә) айна
б) аяз
5. Өте ерте заманда жазу болмаған кезде ауызша шығарылған қызықты және көркем әңгіме:
а) жаңылтпаштар
ә) мақал-мәтелдер
б) ертегілер
6. Қазақ ертегілері неше топқа бөлінеді?
а) 2
ә) 3
б) 4
7. «Алтын сақа» ертегісі ертегілердің қай тобына жатады?
а) Қиял-ғажайып ертегісі
ә) Хайуанаттар туралы ертегі
б) тұрмыс-салт ертегісі
8. Қиял-ғажайып ертегілерінің кейіпкерлері:
а) хайуанаттар
ә) Жалмауыз кемпір
б) Қожанасыр
9. Әдеби ертегілерінің халық ертегілерінен айырмашылығы неде?
а) айырмашылығы жоқ
ә) халық ертегілерінің авторы бар, әдеби ертегілердің авторы жоқ
б) әдеби ертегілердің авторы бар, халық ертегілерінің авторы жоқ
10. «Толағай» ертегісінің авторы кім?
а) авторы белгісіз
ә) Әбділда Тәжібаев
б) Ахмет Байтұрсынов
11. Толағай кім?
а) ақын бала
ә) батыр бала
б) саяхатшы бала
12. Аңыз-әңгімелердің ертегілерден айырмашылығы:
а) Аңыз-әңгімелердің авторы бар
ә) Аңыздар тарихта болған адамның атына, іс-әрекетіне байланысты туады.
б) Аңыз-әңгімелерде қиял-ғажайып оқиғалар болмайды.
13. Қорқыт ата, әл-Фараби – нелердің кейіпкерлері?
а) аңыз-әңгімелердің
ә) әдеби ертегілердің
б) халық ертегілерінің
14. Қайсысы аңыз-әңгімеге жатады?
а) «Бай баласы мен жарлы баласы»
ә) «Жиренше мен хан»
б) «Алтын сақа»
15. Қорқыт деген кім?
а) батыр
ә) ақын
б) жазушы
16. Қорқыт қандай аспап жасады?
а) домбыра
ә) баян
б) қобыз
17. Әл-Фараби қай қалада туып-өскен?
а) Тараз
ә) Бағдат
б) Отырар
18. Әл-Фараби, аңыз бойынша, Бағдат қаласы әмірінің сарайында не істейді?
а) домбырамен күй тартады
ә) өлең оқиды
б) ғаламдар, әкімдермен әңгімелеседі
19. «Қорқыт ата кітабы» неше жырдан тұрады?
а) 8
ә) 12
б) 20
20. «Қорқыт ата кітабы» қай жерде сақтаулы тұр?
а) Түркістанда
ә) Бағдатта
б) Дрезденде
21. Дерсеханұлы Бұқашжанның атын кім қойған?
а) Қорқыт ата
ә) әл-Фараби
б) Жиренше
22. «Шығыстың шоқ жұлдызы», - деп кімді атаған?
а) Шоқан Уәлихановты
ә) Ы. Алтынсаринді
б) А. Құнанбаевты
23. Қазақ тіліндегі тұңғыш оқулық – «Қазақ хрестоматиясының» авторы кім?
а) Шоқан Уәлиханов
ә) Ы. Алтынсарин
б) А. Байтұрсынов
24. «Бай баласы мен жарлы баласының» авторы кім?
а) Ш. Уәлиханов
ә) Ы. Алтынсарин
б) А. Байтұрсынов
25. «Бай баласы мен жарлы баласы» әңгімесінде Үсен сусыз жерде ненің мекен етпейтінін білді?
а) қаздың
ә) үйректің
б) тауықтың
26. «Бай баласы мен жарлы баласы» әңгімесінде балалар ненің етін пісіріп жеді?
а) қаздың
ә) үйректің
б) тауықтың
27. Шыңғыстау бөктерінде қазақтың қай ұлы ақыны дүниеге келген?
а) Абай Құнанбаев
ә) Ыбырай Алтынсарин
б) Ахмет Байтұрсынов
28. Абай «бес асыл іс» деп нені айтқан?
а) Талап, еңбек, терең ой, қанағат, рахым
ә) Ғылым, ақыл, білім, тіл, өнер
б) өсек, өтірік, мақтаншақ,еріншек, бекер мал шашпақ
29. Болмасаң да ұқсап бақ,
Бір ғалымды көрсеңіз.
Ондай болмақ қайда деп,
Айтпа ғылым сүйсеңіз. – деген өлең жолдары Абайдың қай өлеңінен үзінді?
а) «Әсемпаз болма әрнеге»
ә) «Ғылым таппай мақтанба»
б) «Жасымда ғылым бар деп ескермедім.
30. Абайдың шын аты кім?
а) Мұхаммедханафия
ә) Ибраһим
б) Шәкәрім