Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
для МОСказ_2015.doc
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
2.95 Mб
Скачать

2.2. Мунайгаз жэне химия өндірісі негізінде қалыптасқан техногендік ластанудың негізгі түрлері мен қосылыстары, көлемі мен пайда болуы

Атмосфераны ластаудыңтабиғи және антропогендік түрлері бар. Атмосфераның табиғи ластануына: вулкан атқылау, тау жыныстарының желмен ұшуы, қатты шаңды жел, орманның жануы жэне т.б. апатты құбылыстар жатады.

Атмосфераның антропогендік ластануына: өнеркәсіптің, автокөліктің және отынның жануынан келетін зиян жатады.

Ұзақ уақытқа дейін ауаны ластаушы ретінде отынды, соның ішінде көмірдің жануы ауаға зиянды деп келді. Қазіргі кезде қоршаған ортаға автокөлік пен өнеркәсіп орындарынан шыққан залалды заттар көбірек зиян келтіруде.

ҚР мұнай - газ саласында Атырау аймағы 1899 жылдан мунайды шығару, өңдеу, тасымалдау, мұнай мен газды қайта өңдеумен айналысып келеді. Осы уақыт аралығында 24 кен орнының ресурстары шығарылды. 43 кен орны зерттелу устінде, 18 кен орнының ресурсы игеруге дайындалуда. 9 кен орны барлау үстінде.

6 және 7 - суреттерде мунайды өңдеу кәлемі жылға байланысты келтірілген.

6-сурет. Атырау облысындағы мұнайды өндірудің өсу динамикасы

1Ш7 1 т 1933 1995 1907

7-сурет. Атырау облысындағы ауаға зиянды лақтырылыстардың өсу динамикасы

Стационарлық шығару көздерінің 80% көбі «Теңізшевройл» ЖШС, «Ембімунайгаз» АҚ, «Теңізмунайгаз» АҚ, Атыраумұнайөңдеу заводы және Атырау жылу злектр станцияларының үлесіне тиеді.

Мунай-химия бірлестігі «Теңізшевройл» ЖШС сыртқа шығарылатын лақтырылыстың (выброс) қурамында 39 улы зиянды қосылыстың бар екені анықталған.

Мұнай өңдеу мен тасымалдауға көлік санының көбюіне байланысты атмосфералық ауаға зиян келтіретін заттардың саны да арта түсуде. Егер 1985 жылы стационарлық лақтырылыс көздері мен көліктен шыққан залалды заттардың жал пы қосындысы 94,96 мың тонна болса, ал 1997 жылы ол 203,99 мың тоннаға жетті.

Атмосфералық ауаға антропогендік әсерлер тікелей және жанама түрінде эсер етеді. Жанама эсер ету- экологиялық тепе-теңдіктің биосфераның басқа компоненттерімен адамдардың әсерінен бузылуы, соңынан атмосфераныңжағдайына эсер етеді. Бұған үлкен көлемдегі ормандар, улкен су қоймаларын орналастыру, судың бағытын өзгерту, суландыру жұмыстары.ашық турде жер байлықтарын өндіру жатады.

Атмосфераға тікелей антропогендік эсер етуге жылу энергетикасы, өнеркәсіп, мунай газ өңдеу, транспорт және т.б. салалар эсер етеді. Әрбір өнеркәсіп орындарының өздеріне тэн қурамы әртүрлі лақтырылыс заттары бар. Өнеркэсіп лақтырылысының кең тараған зиянды заттарына: күйе, мырыш (цинк)тотығы, силикаттар, қорғасын (свинец) хлориді және күкірттің үш тотығы, күкіртті сутектер, альдегидтер, көмірсутектер, смолалар, азоттың тотығы мен қостотығы, аммиак, озон, көміртегі тотығы мен қостотығы, фторлы сутек, хлорлы сутек, радиоактивтік газдар, шаңдар жэне азрозолдер жатады.

Жыл сайын отынды жағу барысында (тазалауды есептегенде) 20 млрд тонна көмірдің қос тотығы және 700 млн тоннадан жоғары бу және газтәрізді қосылыстар ауаға шығады. Атмосфералықауа 0,032% көмірқышқылымен, 0,000003% күкірттің қос тотығымен ластануына қарамастан, ірі кәсіпорыны дамыған аймақтарда күкірттің қос тотығының мөлшері орташа есеппен 1400 есе асады.

Атмосфералық ауада зиянды қосылыстардың таралуын ауа қозғалысының жэне жеке ағыстың тікелей жэне көлденең бағытымен анықтайды. Ауада олардың мөлшері көп жағдайда ауа қабатының тік және көлденең қозғалу жылдамдығына эсер ететін, ауаның температурасына, күнніңашықтығына, туманға, жауын-шашынға жэне т.б. факторларға байланысты. Зиянды заттардың таралуы зиянды заттардың ауадағы емір сүру уақытымен немесе белгілі бір зиянды заттарға жэне метеорологиялық жағдайларға, желдің бағыты мен жылдамдығына байланысты.

З - тарау. ТАБИҒИ ОРТА ЖАҒДАЙЫН ЖІКТЕУ.

МОНИТОРИНГ ЖҮЙЕСІ ҚАМТИТЫН ТАБИҒИ ЖҮЙЕ РЕАКЦИЯСЫ, ЭСЕР ЕТУ ФАКТОРЛАРЫ МЕН КӨЗДЕРІ

3.1. Жергілікті ластану. Эсер ету факторлары. Орта жағдайы. Биотаның, ірі жуйелердің тұтастай биосфераға

реакциясы

Қазіргі уақытта көптеген ғылыми деректер бойынша, ірі қапалардың атмосфералық ауа құрамындағы зиянды заттардың мөлшері адамның организміне қауіп төндіретін дәрежеге жеткен деген мағлұмат бар. Белгілі бір метеорологиялық жағдайда индустриясы дамыған ірі қалаларда өнкркәсіптен және автокөліктен шыққан улы заттардан халықтың зардап шеккені бар. Мыс. Маас (Бельгия), АҚШ-тың Донор қаласында, Лондонда, Лос-Анджелесте, Питсбургте, Батые Европада, ал соңғы уақытта Жапония қалаларында қала халқының улы газбен уланғаны, оның соңы қазалы уақиғаға ұласқаны көп айтылады.

Ірі өнеркәсіпте шаңмен байланысты жұмыс жасайтын жұмысшылардың, мысалы, кеншілер, кокс - химия саласындағы жұмысшылар, көмір, цемент жэне т.б. шығару өндірістері жұмысшылары, түтіннің құрамында бос кремний мен кремний қос тотығының болуына байланысты өкле ауруына жиі ұшырайды. Бұндай ауруды ірі электр станцияларына жақын орналасқан үйлердегі балалардың да денсаулығынан байқауға болады. Ауаның құрамында бірнеше күн түтінмен және куйенің болуы адамдардың қазалы уақиғаға ұшырауымен бітеді.

Әсіресе адамдарды құртатын метеорологиялық жағдай тымык, болуы, қала үстінде зиянды заттардың бірнеше кун тұруына септігі тиеді.

Атмосфералық ауаның құрамындағы зиянды қосылыстар адам организмімен байланысқа түскенде терінің беткі қабатын немесе сілекей қабатты зақымдайды. Тыныс алу органдарымен қатар, көру, иіс сезу органдарын зақымдап, қолқаның сілекей қабатына түскенде дауысқа да зиян келтіреді. 0,6 - 1,0 мкм шамасындағы қатты және сұйық заттар қанға сіңіп, кейбіреулері лимфа буындарында турыл қалады.

Ластанған ауа көп жағдайда тыныс алу жолдарын тітіркендіріп, бронхит, эмфизема, астма ауруларынтудырзды. Бұл ауруды тудырушыларға S02 және S03, азотгың буы, НСІ, HN03, H2S04, HZS, фосфор және оның қосылыстары жатады. Құрамында кремний тотығы бар шаң силикоз-қауіпті өкпе ауруына әкеп соғады. Ұлыбританияда жургізілген зерттеулерге қарағанда, атмосфералық ауаньің ластануы мен бронхитпен өлудің арасыңда байланыс бар екенін анықтаған.

Өнеркәсібі дамыған қалаларда көз ауруларының 30 - 60% ауаның құрамындағы күйе мен шаңның үлесінетиеді, нәтижесінде әртүрлі асқынған көз аурулары пайда болады.

Улы газдармен уланғанда адамның жалпы денсаулығы нашарлайды: бас ауру пайда болады, жүрегі көтерілуі мүмкін, әлсіздік пайда болады, еңбекке қабілеттілігі төмендейді немесе жойылады. Кейбір зиянды заттардың өзіне тән ерекшеліктері болады. Мыс.: фосформен ұзақ уақыт уланса ішек- қарын жолдары ауырып, тері сарғая бастайды. Тамаққа тәбеті төмендеп, бара-бара адамның сүйегі жіңішкеріп, нәзіктене бастайды. Организмнің ауруға қарсы тұру қабілеті төмендейді.

Кукірт тотығымен улануды исі мен демінен анықтайды. Оның 6-20см3/м концентрациясы мұрынныңсілекей қабатын, тамақ, көз, терінің дымқыл бөлігін тітіркендіреді. S02 демалғанда өкпенің және тыныс алу жолдарының ауруларын, кейбір жағдайда өкпенің ісуі, кеңірдек және тыныс алу жолдарының паралич ауыруына соқтырады. Күкіртті көміртегі қосылыстары ауыр жуйке ауруларына, ойлау қабілетінің бұзылуына себепші.

Өте қауіпті полициклді ароматты көмірсутектерге кіретін бенз(а)пирен (С6Н12), отын толық емес жанғанда тузілетін канцерогендік зат, яғни ісік ауруларын тудырушы.

Атмосфералық ауаның ластануынан болатын келеңсіз жағдайлар -жағымсыз иістер, жарықтың төмендеуі және тағы басқалар, адамның психологиясына жағымсыз эсер етеді.

Атмосферадағы және жерге тускен зиянды қосылыстар жануарларға тыныс алу жолдарымен және шаң басқан өсімдіктермен қоректену арқылы түседі. Жануарлар көп мөлшерде уланған зиянды қосылыстармен қоректенсе қатты уланады. Жануарлардың фтор қосылыстарымен ластанған тамақ немесе сумен қоректенуімен, мал дәрігерлерінің арасында аталып кеткен «өндірістік флюороз» ауруына ұшырайды, бұл аурудың белгісі -тістіңжәнетіс қаңқасыныңтозуы.

Франция, ФРГ және Швецияның ара өсірушілері араның бал беретін гүлдерге отырғаннан, олардың фтормен уланғанын, соңында аралардың өлгенін, балдың мөлшерінің азайғанын және ара санының күрт төмендегенін байқаған.

•А т2 Іп

Ұлыбританияда, Калифорния (АҚШ) штатында және Швецияда ірі қалалардың молибденмен уланғаны байқалған. Топыраққа түскен молибден өсімдіктердің мысты сіңіруін тежейді. Ал тамақ құрамында мыстың болмауы жануарларда тамаққа қабілеттілікті төмендетіп, салмағы жойылады.

3.2. Ауаны ластайтын зиянды заттардың жіктелуі

Қоршаған ортаға зиянды заттардың эсер етуі олардың физикалық және химиялық қүрамына, қоршаған ортаға шығарылатын өнімнің қурылыс деструкциясына және концентрациясына байланысты. Атмосфераға зиянды қосылыстардыңтаралуын анықтайтын параметр -оның атмосферада өмір суру ұзақтығы.

Осьщан далаға шьғарыпатын лақтырылыстар (выброс) немесе зиянды заттардың өздері 3 түрге бел інеді:

1. Ғаламдық келемде ласгануға әкеп соғу - қоршаған ортада ғаламдық келемде лақтырылыс орнына байланыссыз таралуға мүмкіндігі бар (көмірқышқыл газы, радионуклидтер бір айдан кептеу мерзімдегі), атмосферада узақ уақыт сақтапатын зиянды қосылыстар (жыл немесе бірнеше айлар);

2. Аймақтык, деңгейде (бірнеше мемлекеттің аумағын қамтуы мүмкін) ластануға әкеп соғу - зиянды қосылыстардын, ауада белгілі бір мерзімде өмір сүруі, одан басқа аймақта зиянды заттардың концентрациям тез

8-сурет. Атмосфераны ластайтын негіэгі көздер

темендейді, бірақта із түрінде барлық жерде кездесуі мүмкін (күкірттің және азоттыңтотықтары, пестицидтар, ауыр металдар);

3. Жергілікті деңгейде ластануға әкеп соғу (салыстырмалы үлкен емес аумак,тар) -далаға шығарылатын зиянды заттардың өмір сүру қабілеттілігі аздау «қатты дисперциялы аэрозолдер, күкіртті сутек және басқа заттар, сонымен қатар алдыңғы типтегі кейбір заттар).

Мерзіміне байланысты далаға шығатын зиянды заттарды: тұрақты (немесе үздіксіз) және оқтын- оқтын (периодты, залповый), соның ішінде апатты деп бөлінеді. Газ тәрізді зиянды заттар немесе аэрозолдер атмосфераға түтін тұрбалары, аэрациялық фонарлары және желдеткіш қондырғылары арқылы далаға шығарылады. Зиянды қосылыстарды шығару көзінің биіктігіне байланысты тұрбаларды биік (Н>50 м), орташа биіктік (Н=10 - 50 м), аласа (Н= 2 - 10 м) бөледі.

Атмосфераны ластайтын зиянды заттардың екі турі бар - табиғи және антропогендік (8-сурет).

3.3. Атмосферадағы зиянды заттардың химиялық реакциясы

Ауаға шығарылатын зиянды заттардың қурамы әртүрлі. Ол отынныңтүріне, жану жағдайына, өнеркәсіптің шикізаттың қүрамына т.б. байланысты. Мыс. болат балқыту кезінде қурамындағы әртурлі зиянды қосылыстар шаң, сары түтін түрінде ауаға шығады. Мырыш, қорғасын, мыс жэне т.б. түсті металдар өндірісінде бос атомды күкірт пен кеміртегі белініп шығады. Алюминий жэне суперфосфат заводтарының түтінінен ауаға фтор, ал азот қышқылын өндіру кезінде азоттың тотығы, аммиак және кеміртегі тотығы ауаға шығады. Қағаз өндірісінде және пайдалы қазбаларды өндіру кезінде, жылу электр орталықтары жұмыстарында ауаға күкірт қосылыстары бөлінеді.

Ауаға шығарылған күкірт тотығы ауада узақ уақыт сақталмайды. Ауадағы ультракүлгін сәулемен қосылып күкірт тотығына, одан ауадағы ылғалмен қосылып, күкірт қышқылына айналып, улы туманға айналып жерге түседі. Күкірт қышқылы өсімдіктер жапырағына тиіп, клетканың өмір сүру қабілетіне зиян келтіреді. Адамға зияны кәзге, тыныс алу жолдарына, ал узақ уақыт күкірт тотығымен эсер етсе, қолқаның созылмалы ауруы, өкпе т.б. ауыруы мүмкін.

Ғалымдардың есебі бойынша, АҚШ жыл сайын 26 млн т, ал Европада 60 млн т күкірт қостотығы шығарылады.

Жыл сайын ауаны кеміртегі мен оның тотығы көбірек ластауда. Бұл көбінесе автокөліктен шығады. Жалпы 23 минут уақыт жүретін автокөлікалғашқы 2 минутында 80% кеміртегі тотығын ауаға шығарады. Іштен жану двигательдеріне кеміртегі тотығынан басқа азоттың тотығы, қорғасын, хлор т.б. қосылыстар ауаға шығарылады. Бір жылда әрбір автокөлік шамамен 1 кг қорғасынды шаң түрінде ауаға шығарады.

Автокөлік ірі қалаларда фотохимиялық түтін аралас тұмандар түзуге басты себепші. Фотохимиялық түтін аралас тұмандар температуралык, инверсия кезінде пайдаболады, ластанған ауажылы ауаны жоғарыдан қысып, нәтижесінде вертикалды бағыттағы ластану нәтижесінде пайда болады.

Мунай өнімдері, керосин және бензинді, отын ретіндежағу қоршаған ортаға күкірт қосылыстарын шығарады. Мұнай мен көмірден газдың айырмашылығы -оның қурамында күкірт болмайды. Бұл жағынан газ - экологиялық таза отын.

Отын жанғанда пайда болған күкірттің қос тотығы ауадағы көміртегімен қосылып үш тотығын (триоксид) түзеді, ол бірден су буымен реакцияға түсіп, күкірт қышқылын түзеді. Бул тамшылардан тұратын туман ауада жеңіл тұман ретінде қатысады.

Күкірттің қос тотығы (S02) өсімдіктерге қауіпті, себебі жапыраққа түскен ол клетканың өмір сүру қабілетін жояды. Бұл кезде жапырақ қоңыр түске боялып, артынан қурап қалады. Күкірттің қостотығы және күкірт қосылыстары көздің сілекей қабатын, тыныс алу жолын, ал аз концентрациясымен ұзақ уақыт эсер етсе созылмалы асқазан ауруына, бронхит, ларингит және тағы басқа ауруларға ұшырауы мүмкін.

Ауада S02 металдардың қатысуымен, соның ішінде марганецпен S03 айналады. Сонымен қатар газ тәрізді және еріген күйде S02 озонмен немесе сутегі тотығымен тотығады. S03 сумен қосылып күкірт қышқылына айналады, ол бірнеше сағаттардан бірнеше күндей ауадағы ылғалға және тағы басқаларға байланысты сақталады.

S02 ұзақ қашықтықтарға таралуына және оның атмосфераның жоғарғы белігіне жайылуына биік турбалар эсер етіп, жергілікті ластанудан сақтайды.

Жану кезінде көмірдің, мұнайдың, газдың құрамындағы көп мелшердегі күкірт күкірттің қос тотығына, ал атмосфералық азот оттегімен реакцияға түсіп азот тотығын түзеді. Бұл тотықтар атмосфераның құрамындағы ылғалмен жаңбыр күйінде қосылып, күкірт жэне азот қышқылдарын түзеді. Қышқылдылықты өлшеу 1 л судағы сутек атомының санымен елшенеді. Әдетте қышқылдылықты сутек атомдарының су молекуласына қатысы емес, сутек иондарының логарифмін алады, бұл елшемді рН д.ат. 1 г (0, 000 000 1) = 7, тең болғандықтан, рН=7 таза суды белгілейді, қышқылдық емес нейтралды

Суға түскен қышқылдық жауындар оны қышқылдық ортаға айналдырып, ондағы балық популяциясына эсер етеді. Құрылыс тастарының құрамына кіретін кальций, магний қышқыл жауынмен қосылып құрылыстың бузылуына деградацияға әкеп соғады. Ормандардың құрып кетуіне себебін тигізеді.

Ауада өте улы қосылыс- бенз(а)пиреннің болуыісік ауруларын туғызады.

Тағы бір зиянды қосылыс - ол көмір тотығы, исі, түсі жоқ газ, Ертеректе көмір тотығымен ауаны ластайтын автокөлік деп келді.Ірі қалаларда көмір тотығының 90% отынның толық емес жанған көміртегі бөлінеді. Отын толық жанбаған кездө кәмір тотығын түзсе, ал тотық жанғанда көмірдің қостотығы (С02) түзіледі. Атмосфералық ауада көміртегі қос тотығының шамадан тыс көп болуы адамдардың тұншығуына (асфикция) әкеп соғады.

Атмосфераны ластайтын кейбір зиянды қосылыстар (азоттың тотықтары және көмірсутектер) фотохимиялық реакцияға түсіп, нәтижесінде жаңа зиянды қосылыстар түзеді (соның ішінде озон және альдегидтер).

Атмосфералық ауада азоттық басты 5 қосылысы кездеседі: N2 NH3, NO, N02, N20. Мамандардың мәліметі бойынша, осы қосылыстардың ішінде адамның организміне көбірек зиян келтіретін - азоттың қос тотығы. Алғашқыда азоттың қос тотығы ауаға шығарылған азоттың 10% қүраса, ауада күрделі химиялық реакция нәтижесінде азоттың тотығы өте қауіпті азоттың қос тотығына айналады. Азоттың қос тотығы -жағымсыз иісті улы газ.

Бензин және дизельді отынның толық емес жануынан сұйық көмірсутектер атмосфералық ауаны ластайтын зиянды қосылыстар қатарын кебейте түседі.

Автокөлігі көп ірі қалалар ауасында қорғасын (свинец) қосылыстары жиі кездеседі. Қала ауасында орташа қорғасын мөлшері 5мкг/м . Автокөліктіңжанармайларында, олардыңсапасын жақсарту үшін тетраэтмлқорғасын немесе тетраметилқорғасын қосады. Шамамен 75% қорғасын іштен жану двигателі жұмысжасағанда ауаға шығарылады.

Атмосфералық ауаға көп мөлшерде зиян келтіруге ез үлестерін қосатын әнеркәсіп орындарына, металлургия, энергетика, қурылыс шикізаттарын шығаратын заводтар жатады.

4 - тарау. БИОЛОГИЯЛЫҚ, ГЕОЭКОЛОГИЯЛЫҚ ЖӘНЕ БИОСФЕРАЛЫҚ МОНИТОРИНГ

4.1. Негізгі міндеттері. Техногендік ластанумен қоршаған ортаның ластануы. Канцерогендік заттардың мониторингісі.

Қоршаған ортаның халықаралық мониторингісі

Экологиялық-экономикалық нәтижелер бойынша табиғатқа бағытталған басты антропогендік әсерлер арасында айтарлықтай айырмашылық жоқ, себебі ластануды қоршаған ортаның қайтымды бір бөлігі ретінде - таза судаза ауа, бөлінбеген жер, тамақ өнімдері, биологиялық бірлестікжәне осымен байланысты адам денсаулығының ауруы мен адамдардың амандығы ретінде қарастыруға болады.

Ластану кең көлемде экологиялық ортаға өзіне тән емес физикалық, химиялық, биологиялық (9-сурет) және ақпараттық агенттердің немесе табиғи факторлардың техногендік деңгейінің көбеюінен, соңы жағымсыз аяқталуымен түсіндіріледі. Жалпы алғанда ластану сөзімен барлық заттар, процестер, «табиғат үшін өз орнында, өз сағатында және өз мөлшерінде емес» пайда болған заттарды жатқызуға болады.

Ластануға байланысты агенттерді, олардың әсерін, техногендік әсерлерін мынадай негізгі кластарға жіктейді:

  1. Материалды-энергетикалық факторлар: механикалық, физикалық(жылулық, электромагниттік, радиациялық, толқындық), химиялық, биологиялық факторлар және агенттер, олардың химиялық уйлесімділігі. Көп жағдайда бұндай агенттерге әртурлі техногендік көздердің эмиссиялар й (яғни, зиянды заггардың лақтырылысы, сәуле алу және т.б.) жатады.

  2. Мөлшерлік эсер ету сипаттамасы: зиянды заттардың эсер ету күшімен қауіпсіздік дәрежесі (фактордың қарқындылығы мен әсері, салмағы, мөлшері, эсер ету сипаттамасы, улылығы, санитарлық- гигиеналық және экологиялық нормаларға сәйкестігі, қауіптілік дәрежесі); кеңістікте таралу көлемі (аймақтық, жергілікті, ғаламдық).

  3. Уақытша параметрлері мен эсер ету сипатына қарай бөлу: ұзақ және қысқа уақыт, тұрақты және тұрақсыз, тіке және жанама, ашық немесе жабық эсер ету эффектісі, бейтарап және қайтымды, өзекті және потенциалды.

  4. Әсерету нысана категориясы: әртурлі тірі реципиенттер (яғни, қабылдайтын жәнесезетін қасиеті)-адамдар, жануарлар, өсімдіктер;

9-сурет. Қоршаған ортаны ластау түрлері

қоршаған орта бірлестіктері (тіршілік ортасыдабиғи ландшафтылар, жердің беткі қабаты, топырақ, су нысаналары, атмосфера, жерге жақын кеңістік); өнім және құрылыс.

Экологиялық көзқарас бойынша, биотикалық айналысқа түспейтін техносфераның барлық заттары ластаушы болып табылады.

Қоршаған ортаның ластануы қасақана емес ластануға жатады, дегенмен, кейде экологиялық тәртіптің жеңіл бұзылуы да бар.

Қазіргі адамзаттың шығарған жалпы қалдығымен техносфера заттары шамамен 140 Гт—жыл құрайды. Соныменжер бетіндегі әрбір адам жылына шамамен 22 т антропогендік эмиссияны құрайды. 131 Гт қалдықтың шамамен 2,5 Гг (суды есептемегенде) барлық адамдардың жалпы шығаруына, ал қалған 128 Гт «таза техногендік» қалдықтар мынадай баспалдақта орналасады: 32 Гт (25%) атмосфераға шығарылады, 14 Гт (11%) ағыстар арқылы су қоймаларына құйылады, 82 Гт(64%) жердің беткі бөлігіне түседі.

Барлық қалдықтардың белгіпі бір мөлшері ғана улы қасиеттері бар және олар зиянды қосылыстарға жатады. Әртүрлі бағалаулар бойынша, әртүрлі

қауіпсіздік кластарына жататын, техногендік эмиссияның жалпы массасы, шамамен жылыиа5-тен8 Гтқұрайды,яғниәрбіржердегіадамғашамамен

0,8-ден 1,3 кг құрайды. Бұл ғаламдық ластанудың минимальды бағасы.

Канцерогендер дегеніміз - ісік ауруларын тудыратын радиациялық химиялықзат.

Радиациялық қауіп ядролық қару қорынан, отын және ядролық жарылыстар мен апаттардан радиоакгивтікзаттардың жерге жауынмен түсуі қауіп төидіреді.

4-кесте. Семей ядролық полигонында болған жер асты жарылыстары туралы мәлімет

Жарылыс уақыты

Зарядтың күші, кг

Жарылыс биіктігі, км

19. 01. 57

10

13,7 (10,4)

01. 11. 58

10

(5,6)

03. 11. 58

10

(6,2)

06. 09 58

10

22,7

06. 10 61

40

40 (41,3)

27. 10 61

1,2

300

27. 10. 61

1,2

150

22. 10. 62

300

300

28. 10. 62

300

150

01. 10. 62

300

50

Ұлыбритания, Франция, Қытай, АҚШ, КСРО-де 1946 - 1996 жж. аралығында жер асты бөлігінде 400-ден астам ядролық жарылыстар болды. Атырау облысының Құрманғазы ауданында 17 жер асты жарылыстары болған (4,5- кестелер).

5-кесте. «Галит» нысанасындағы ядролык, жарылыстың сипаттамасы

Алаңның номері

Жарылыс уақыты

Жарылыс тереңдігі, м

Зарядтың кұші, кг

Атмосфераға радиоактивті газдарының шығуының ұзақтығы

Жалпы шығарылыс (выброс), Ки

А-1

22.04.1966

160

1

20 күн

1,9.10е

А-2

01.07.1968

600

30

9 күн

5,4 Ю5

25 04 1975

?

?

?

14 10.1977

?

?

?

30 10.1977

?

?

?

12.09.1978

?

?

?

30.11.1978

?

?

?

10 01.1979

?

?

?

А-3

22 1 2.1 971

990

70

?

?

29.03.1976

?

?

9

А-4

29.07.1976

1000

60

11 ай

500

А-5

30.09.1977

1500

10

4 кұн

1,2 105

А-7

17 10.1978

1000

75

49 күн

3

А-8

17 10 1979

1000

70

2 күн

4 Ю5

А-9

18.02.1978

900

100

16 күн

200

А-10

24.10.1979

980

30

9 ай

5

А-1 1

14.07 1979

900

25

2 ай

40

Барлығы'

10-10*

Көп жылдық жүйелі бақылаулар мен өлшеулер радиациялық жағдайдың қоршаған табиғат ортасына қатерлі зиян келтірмейтінін бақылады. Атом электрстанциялар маңында туратын адамдардың сәуле алуы 10 жылға/мкЗв аспайтынын, ол белгілі мөлшер деңгейінен 100 есе аз.

Халықаралық (ғаламдық) мониторингхалықаралық бірлестіктер негізінде, қазіргі барлықЖердегі табиғат жүйесін бағалауға негізделген. Бақылау лланетаның базалык, бак,ылау станцияларында әртүрлі аймақтарда (30 - 40 жердегі және 10 астам мухитта) жүргізіледі. Көпшілік жағдайда биосфералық қорықтарда орналасады.

5 - тарау. ТМД ЖӘНЕ ШЕТ ЕЛДЕРДЕГІ МОНИТОРИНГ ҚЫЗМЕТІ

5.1. Ластанудың жүйе астылық бақылауы. Қоршаған орта сапасына ведомстволық және қоғамдық бақылауды ұйымдастыру

Экологиялық мониторингтің мемлекеттік бақылау жүйесіне - экологиялық бақылау жүйесінен басқа мемлекеттік, өндірістік және қоғамдық бақылау кіреді.

Мемлекеттік экологиялық бақылау - экологиялық заңдылықтарды сақтап және табиғат қорғау шараларын ұйымдастыратын мемлекеттік әкімшілік қызметтің бір турі. Бақылауды заң шығару және орындаушы органдар, сонымен қатар мемлекеттің арнайы тағайындаған маманы атқара алады. Экологиялық бақылау - табиғат ортасын қорғауды реттейтін маңызды элемент.

Экологиялық бақылау нысаналарына жер, ондағы қазба байлықтар, орман, жануарлар әлемі, атмосфералық ауа, табиғи қорықтар фондысы, континенталды шельфтер, сонымен қатар тұтастай қоршаған табиғи орта кіреді.

Мемлекеттік экологиялық бақылау - бұл экологиялық заңдылық пен табиғат қорғау қызметін қамтитын мемлекеттік әкімшілік қызмет. ҚР қоршаған табиғат ортасын қорғау заңының 77 - бабына сай, олар мыналарға құқылы:

  • экологиялық зиянды нысаналардың жұмысын тоқтатуға және қызметін қысқартуға;

  • табиғат қорғау заңын бұзғаны үшін, бел гілі бір мөлшерде әкімшілік айыппұл салуға;

  • қоршаған ортаға зиян келтіргені үшін іс қозғап, айыптыны жауапқа тартуға;

  • мемлекеттік экологиялық сараптама жүргізуге, табиғатты пайдалануға, ауаға лақтырылатын зиянды заттардың нормасын (шамасын) анықтау, зиянды заттарды суға жіберуге руқсат бере алады.

Ведомстволық экологиялық бақылау табиғатты тиімді пайдалануды заңды негіздежәне қоршаған табиғаттағы ведомстволық нысананы қорғаумен шұғылданады.

Мемлекеттік және ведомстволық экологиялык, бақылаудың айырмашылығы, ведомстволық бақылау белгілі бір сала аясында бақылау жүргізсе, ал мемлекеттік бақылау ведомстволық мекемелердің устінен қарайды және тексеретін органдарға бағынбайды.

Өндірістік-экологиялық бақылау аясына өндірістің өндірістік- шаруашылык, қызметі және басқа шаруашылық субъектілері кіреді.

Өндірістік экологиялық бақылаудың басты мақсаты тексеру:

  • қоршаған табиғат ортасын және табиғат ресурстарын тиімді пайдалану ушін жоспарлар мен шараларды орындауға;

-өндіріске тиісті табиғатқа эсер ететін шектің мөлшерін сақтауға;

  • қоршаған ортаны қорғау жөнінде басқа да заңдылықтарды орындау.

Ведомстволық және ендірістік экологиялық бақылау мемлекеттік органдармен бірлесіп жұмыс жасап, әртүрлі деңгейдегі табиғат қорғау қызметінің сапасын жақсартуда маңызды роль атқарады.

Көп жағдайда бірлесіп жұмыс жасау мен оның нәтижесін көру - мемлекеттік экологиялық бақылаудың ұстап отырған бағытына байланысты. Бұл кезде текәкімшілікнұсқаларды ғана орындап қоймай, сонымен бірге адамдарды сендіруге және тәрбиелеуге жұмыстану керек.

Табиғаттың эсер етуі мен қоғам арасындағы заңдык, механизмін қалыптастыру демократиялық бағытта жүруі керек.

Адамзат және қоғамдық экологиялық бірлестіктерде кәсіпшілік және басқару аясында шаруашылық саласында экологиялық талаптарды сақтауы қажет.

Экологиялық талаптардың орындалуында қоғамдық қадағалау қызметі қоршаған ортаға эсер ету бағасының қорытындысы бойынша жүреді. Қоғамдық тыңдау кезінде экологиялық маңызы бар мәселелерді бақылауға дайындық кезінде адамдар екі позицияда болуы мүмкін.

Біріншіден, экологиялык, қауіпті аймақтарға адамдар өздерінің құқықтық заңдарын, сонымен қатар жаңа экологиялық қауіп төнбес үшін, экологиялык, қауіпті қызметтердің таралуын болдырмау. Адамдар мен қоғам мемлекеттің құзырлығындағы табиғат ресурстарын қосымша қадағалап отыруға құқылы.

Екіншіден, азаматтардың, қоғамның қуқықтық қорғауы шектеулі және оның қоғамдық бақылауда экологиялық талаптарды орындау заңды мүддесі.

Негізгі кепілдік - сотқа заңсыз іс-әрекеттер мен шешімдерді шағымдануға, сонымен қатар мемлекеттік органдардың, олардың қызметкерлерінің әрекетсіздігінен, кәсіпкерлік құрылымда, егер бұдан экологиялық қуқық пен азаматтардың мүддесі қозғалса.