Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
для МОСказ_2015.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
2.95 Mб
Скачать

1.4. Ғаламдық экологиялық мониторинг. Қазақстан Республикасындағы экологиялық мониторинг

1972 ж. Стокгольм мәжілісінде қоршаған орта туралы БҰҰ Ғаламдық экология жүйесін құрды (3-сурет). Бүл жүйенің мақсаты:

  • табиғат ортасына бақылау жүргізу, соның ішінде ластану деңгейін анықтау;

  • ғаламдық деңгейде орта жағдайына антропогендік әсерлердің болжамы;

  • бақылауды бағалау және орта жағдайын бағдарлау;

  • антропогендік әсерлердің әсерінен жалпы беталысты бағалау.

Сарапшылардың 1974 ж. болған кеңесінде ғаламдык, мониторинг

жүйесінің мақсаты бекітілді (Престон, Париж, 1980):

  1. Адам денсаулығына келетін зиянды ашық турде хабарлау;

  2. Атмосфераның ғаламдық деңгейде ластануын және оның климатқа әсерін бағалау;

  3. Биологиялық жуйедегі, соның ішінде тамақтану тізбөгіндегі, зиянды заттардыңтаралуы мен қарқындылығын бағалау;

  4. Ауылшаруашылығында және жер пайдалану нәтижесінде пайда болатын қиын-қыстау жағдайды бағалау;

  5. Қоршаған ортаға жер беті экологиялық жүйенің қарсы реакциясы;

  6. Мұхиттың ластану жағдайын багалау және оның теңіз экожүйесіне әсері;

  7. Төтенше апаттар женінде халықарал ық жүйені жақсарту.

Ғаламдық мониторингтің құрамдасбөлігі климаттық (ауа райылық)

мониторинг. Бұл мониторинг ауа райы құбылыстарын адамзат қоғамында практикалық қызметте оқып-білуге, оның құбылыстары мен тербелістерін түсінуге кемектеседі (Израэль, 1980).

Климаттық мониторинг негізгі метеорологиялық өлшемдерді, атмосфералык, құбылыстар мониторингісін және процестерін, тиісті ауа режимін қамтиды. Бұл жағдайда ауаның экспериметті температурасы, атмосфералық қысымы, ауаның ылғалдылығы, желдің жылдамдыгы мен бағыты, дымқылдың қарқындылығы, ауа райы құбылысы, атмосфераныңжағдайынабақылау жүргізеді.

Климаттық езгерісін түсіну үшін атмосфера - мұхит - жер беті (езендер мен келдерді қоса) - биотаның климаттық жағдайының өзгерісі туралы білуіміз керек. Бұл бағытқа мыналар жатады:

    1. Жер бетіне жақын ауаның, атмосферамен оған жақын жер бетінің энергия - массалық айырбастау мониторингісі;

    2. Теңіздегі, өзендегі, келдегі мұздың, мұздақтардың, мәңгілікмұз қабаттарының аумағын және құрлықтағы қар жабындысының келемін өлшеу.

    3. Жердің беткі қабатындағы және өсімдіктер жабындысындағы биомассаның тықырлану көлемі.

    4. Өсімдіктердің және топырақтың суды ұстағыштығын өлшеу, мұхиттың айналысқа түсу (циркуляциясы), атмосфераның оптикалық жүйесін, атмосфераның жағдайын бақылау.

Климаттық мониторингтің екінші бағыты факторлық мониторинг, Жерге қатысты ішкі және сыртқы факторлар жатады. Сыртқы эсер

3-сурет, Экологиялық мониторингтің мемлекеттік жуйесі

ету факторына Куннің есері мен галактикалық сәуле шығару арқылы жүреді. Ал ішкі факторға биосфераға түсіп жатқан әртүрлі ластырылыстар (выброс) мен жылу жатады.

Ғаламдық мониторинг жүйесінде биота мониторингісі, яғни Жер биосферасының биологиялық құраушысы маңызды орын алады. Бүл жағдайда экожүйенің антропогендік және табиғи алатын орны мен олардың уақытша өзгерісі, биосфераны периодты түрде картаға түсіру және аймағын анықтау маңызды орын алады. Аймақты картаға түсіру әсіресе урбанизацияға ұшыраған аймақтарда, тақырланған аймақтарға, ормандардың кесілуі мен қайта отырғызуға, суармалы және сусыз ауылшаруашылық өнімдері, мәңгі мүздак, аймақтар, батпақты жерлер, ашық тау қазбаларына ерекше мән беріледі.

Бұл жағдайда маңызды ролді мониторингтің (дистанциялық) ара қашықтықтан басқару әдісі атқарады, соның ішінде ғарыш құралдарымен бақылау және картаға түсіру.

Ғаламдық мониторинг басқа да бақылауға - импактілік (жергілікті), аймақтық, фондық негізделген. 3 - кестеден зиянды заттардың ластану басымдылығына байланысты кластарға бөлінуі көрсетілген: И - импактілік; А - аймақтық, Ф - фондық.

ҚР экологиялық мониторингі негізінен мемлекеттік мекеменің құрамына кіреді. Қазіргі уақытта бұл жұмысты Мемлекеттік қазыналық мекеме «Қазгидромет» атқарады. Атмосфералық ауаның мониторингісін республикамызда 33 қала мен поселкілерде бақылау жұмыстары жургізіледі. Жалпы стационарлық бақылау бекеттерінің ішінен, маусымдык, және атмосфералық ауаның ластануының көп жылдықөзгерудеңгейін, сонымен қатар әртүрлі қалалардағы ластану деңгейін салыстыру ушін, 44 демеуші (опорный) бақылау бекеті жұмыс жасайды. Стационарлык, бақылау бекеттерінің саны, оларды поселкіде орналастыру, халық саны мен жер бедеріне, нормативтік құжаттар бойынша ластану деңгейіне байланысты орналастырады.

Ауаның ластануын бақылау көбінесе мұнай-газ өндіру, соның ішінде Қарашығанақ, Теңіз, Жаңажол, Өзен мұнай-газ және газконденсатты мұнай өндірілетін жерлерінде жургізіледі. Жылжымалы факель асты бақылау Оңтүстік Қазақстанның ірі өнеркәсіптік мекемелері орналасқан Шымкент және Тараз қалаларында жургізіледі.

Стационарлык, (тұрақты) бақылау бекеттерінде жергілікті уақыт бойынша 01, 07,13,19 сағаттарда Астана, Ақтөбе, Алматы, Жезқазған қалаларында толык, бағдарлама бойынша, 07, 13, 19 сағаттарда жургізіледі. Ауаның ластануымен бақылаумен қатар метеорологиялық бақылау, яғни қалада және поселкілердегі зиянды заттардың таралуын анықтау, ауаның ластану көрсеткіш і есептеледі.

Ұлттық бақылау мониторингжүйесі бірнеше деңгейден тұрады:

  • алғашқы (төменгі) деңгей - бақылау жургізіліп, белгілі бір мәліметтерді талдайтын және қорытатын бекеттер;

  • екінші деңгей - алынған материалды талдау, анализдеу, сонымен қатар бұл орталықтар аумағына жергілікті болжам жасайтын аумақтық орталық;

  • үшінші (жоғарғы) деңгей - қоршаған ортаға улттық көлемде болжам мен баға беретін Қазгидромет.

Табиғат ортасын ластайтын зиянды заттардың жылдамдығына байланысты барлық берілетін хабарлар 3 категорияға бөлінеді:

1. Жедел хабар (экстремалды) -табиғаттың апаттық құбылыстарын немесе теріс антропогендік әсерлер мен қолайсыз гидроме- теорологиялық жағдайлардың әсерінен ластану деңгейінің қауіпті өзгеруі туралы мәліметтерден тұрады. Бұл хабар мүмкіндігінше тез жағдайда жергілікті және республикалық мемлекеттік органдарға, сонымен қатар барлық мүдделі мекемелерге шұғыл хабарды қауіпсіздік жағдайлар бол мас ушін хабарланады.

З- кесте. Зиянды эаттардың ластану басымдылығына байланысты кластарға жіктелуі

Класс бәсьм дыльғы

Зияңды заттар

Орта

Бақыланатын бағдарлама турі

1

Кукірттің қос тотьғы + өлшенетін бөлшектер (взвешенные частицы)

Ауа

И, А Ф

2

Озон

-11-

И, А (стратосферада)

ДЦТжәнебасқа хлорорганикальқ қосыльстар

Биота, адам

И, А

Кадмий және оньң қосыль стары

Тамақ, адам, су

И

3

Нітгратгар, нитриттер

Ауьв су, тамақ

И

Азоттьң тотьқтары

Ауа

И

4

Сынап және оньң қосыль стары

Тамақ, ауа

И, А

Қорғасьн

Ауа, тамақ

И

Көміртегінің қос тотыы

Ауа

Ф

5

Көміртегі тотьғы

-

И

Мунай өнііудері

Теңіз суы

ДФ

6

Флуорццтер

Таза су

и

7

Азбест

Ауа

и

Мышьяк

Ауьв суы

и

8

ІУІікротоксиндер

Тамақ

И, А

ІУҺкробиоламяльқ ластану

-

И, А

Реактивтік көмірсутектер

Ауа

И

  1. Шұғыл (оперативок) хабар-жергілікті периодты жәнебақылау қорытындысының сараптамасы мен басқа мәліметтер жергілікті жерде жургізіледі, қорытынды сараптама Қазгидрометке жіберіледі, ол өзінің барысында мемлекеттік басқару органдарына болып жатқан жағдайды айтып мәлімет береді.

  2. Режимдік хабар - жыл бойынша бақылауды және қоршаған ортаның ластану динамикасыныңжалпы жағдайық ластанудың болу себебі мен оның пайда болуын және табиғат ортасын қорғау жөніндегі жұмыстарды, осы аймақ бойынша жалпы мемлекеттіксаясатты талдау, экономиканың узақ мерзімді бағдарламасын (20 - 30 жыл) жасау, табиғат ресурстарын оңтайлы пайдалаиуды қамтиды.

2 - тарау. БИОСФЕРАҒА ЭСЕР ЕТЕТІН ЭР ТҮРЛІ АНТРОПОГЕНДІК ЖӘНЕ ТЕХНОГЕНДІК ӘСЕРЛЕРДІҢ САРАПТАМАСЫ