Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
мет.рек.ОМФ.кз.2012-13.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
896 Кб
Скачать
☆

3. Оқыту мақсаты:

Студент білуі керек

  • Кумбс пен Джеллдің жіктелуі бойынша БЖС жасушалық механизмі

  • БЖС патогенезінде Т-лимфоциттермен макрофагтардың маңызды ролі

  • БЖС клиникалық мысалдары

  • БЖС лабораторлық диагностика тәсілдері

Студент істей білуі керек

  • Алған білімдерінің негізінде, баяу жоғары сезімталдық түрінің патогенезінің негізінде жатқан иммунологиялық механизмдерін анықтау.

  • Аллергологиялық науқастарда БЖС лабораторлық көрсеткіштерін интерпретациялауда алған білімдерін қолдану. БЖС

  • Ғылыми және медициналық оқулықтармен және интернет-ресурстармен өздігінен

жұмыс істей алу қажет

4. Тақырыптың негізгі сұрақтары:

1. БЖС (IV түрі) реакциясының патогенезі.

2. БЖС (IV түрі) реакциясының клиникалық мысалдары.

3. БЖС кезіндегі қабынуға макрофагтардың қатысуы.

4 БЖС кезіндегі қабынуға Тх1 қатысуы.

5. БЖС лабораторная диагностикасы.

5.Оқытудың және сабақ берудің тәсілдері:

  1. Кіші топтарда жұмыс жасау: Студенттер 5-6 адамнан құралатын топ құрып, тақырыптың сұрақтарын талқылайды, БЖС патогенезі бойынша дискуссия жүргізеді.

  • Видеофильм көрсету – аллергиялық реакцияның IV түрінің дамуының патогенезі бойынша медицинская анимация көрсету

  • Кластерлер құрады – IV тип бойынша дамитын, клиникалық мысалдардың негізінде (Кумбс пен Джеллдің жіктелуі) бойынша құру.

  • Жұптасып жұмыс жасау- теориялық негізді меңгеру жолында (тәжірибелік дағдылар) есептерді шешіп, шешілген есептердің жауабын көрсету.

6.Әдебиеттер

Негізгі:

  1. Шортанбаев А.А., Кожанова С.В. «Общая иммунология», Алматы, 2008

  2. Хаитов Р.М. «Иммунология», Москва, 2006

Қосымша:

1. Новиков Д.К. «Общая иммунология», Минск, 2005

2. Руководство по клинической иммунологии. Учайкин В.Ф Шамшев О.В. М., 2006

3. Дж. Плейфер, Б.М. Чейн «Наглядная иммунология», 2008

4. Никулин Б.А. Оценка и коррекция иммунного статуса: уч пособие для мед. вузов. М.: ГЭОТАР- Медиа, 2008

7. Бақылау:

Сабақтың бастапқы деңгейін бағалайтын бақылау сұрақтары:

1. БЖС реакциясы қандай механизмдермен түсіндіріледі?

2. БЖС серпілісінің дамуы үшін қандай уақыт аралығы қажет?

3. Көбінесе қандай аллергендер БЖС (IV түрі) серпілісін шақырады?

4. БЖС фагоцитарлы механизмді іске қосатын медиаторды атаңыз?

Сабақтың бастапқы деңгейін бағалайтын бақылау тесттері:

Нұсқаны қараңыз.

Сабақтың қортынды деңгейін бағалайтын бақылау сұрақтары:

1. Циркониге және берилиге жоғарысезімталдықтың дамуының негізінде не жатыр?

2. БЖС реакциясының клиникалық көріністері немен негізделген?

3. БЖС медиаторлары қандай эффекті шақырады? Олардың қызметін сипаттаңыз.

4. БЖС реакциясының дамуын қандай лимфоциттер қамтамасыз етеді?

Сабақтың қортынды деңгейін бағалайтын бақылау есептері:

№ 1есеп БЖС патогенезінде Тх1 бөлінетін цитокиндердің ролі

Цитокиндер

Әсер ету механизмі

ИЛ2

Интерферон гамма

TNF-β

ИЛ3

ИЛ-8

МИФ

№2 есеп.Жоғарысезімталдылықтың негізгі түрлерінің клиникалық мысалдары

ЖС түрі

Клиникалық мысалдар

Атопия

БЖС

Цитолитикалық реакция

Иммунды кешен аурулары

№3 есеп. Жоғары сезімталдылық механизмдерінің негізгі сипаттамалары

Негізгі механизм

Антидененің қатысуы

Жасушалық иммунды механизмдердің қатысуы

Комплементтің классикалық жолмен белсенуінің қатысуы

Қабыну түрі

I атопия

II тип

III тип

IY тип

Ситуациялық есеп

37 жастағы науқас, мұғалім. 3 ай бұрын оң білезігінде никельден жасалған браслеттің астында, интенсивті түрдегі қызаруды байқаған. Бірден қышыған және аздаған қабыршықпен көпіршік бар.

Сіздің қортынды диагнозыңыз?

Бұл ауруда аллергиялық серпілістің қайсы түрі дамиды?

Оның дамуының негізгі механизмі?

Бұл процестің басылуы мүмкін бе, егерде басылса қандай механизммен?

Нұсқа

Тесттер:

1-нұсқа

1. Реакцияның IУ түрі негізделеді

  1. Т СД8 2. ТН1 3. ТН2 4. В-жасушалармен 5. Комплементпен және антиденемен

2.БЖС реакциясының дамуында жасушалардың ара-қатынасы қажет

  1. СД4+макрофагтардың бетіндегі антиген

  2. Дендритті жасушалар+ макрофагтардың бетіндегі антиген

  3. В-жасушалар + макрофагтардың бетіндегі антиген

  4. СД8 Т-жасушалар + макрофагтардың бетіндегі антиген

  5. IgM + макрофагтардың бетіндегі антиген

3. БЖС патогенезіндегі атқарушы роль жатады

1. IgA

2. Т-лимфоциттерге және макрофагтарға

3. В-лимфоциттерге

4. IgM, IgG (1,3)

5. нейтрофильдерге

4. Жоғары сезімталдықтың ІУ түрінің (БЖС) клиникалық мысалдарына

жатады

1. сарысу ауруы

2. туберкуломаның түзілуі

3. атопиялық риниттер

4. ревматизм кезіндегі миокардиттер

5. жүктіліктің резус-конфликті кезіндегі нәрестедегі гемолитикалық

сарғаю

5. Аталған жасушалардың қайсысы БЖС патогенезінде маңызды роль атқарады

1. В-лимфоциттер

2. эозинофилдер

3. Тх1

4. Тх2

5. плазматикалық жасушалар

6.Манту сынамасы серпілістің мысалын көрсетеді

1. иммунокомплексті патология

2. атопиялар

3. БЖС

4. анафилаксиялар

5. цитолитикалық реакциялар

2-нұсқа

1.БЖС серпілісі келесі жасушалардың қатысуымен жүреді

1. В-лимфоциттердің

2. плазматикалық жасушалардың

3. Тх2

4. нейтрофилдердің

5. макрофагтардың

2. БЖС жасушалық жоғарысезімталдық реакциясының патогенезінде маңызды рольді атқарады

1. комплементтің классикалық жолмен белсенуі

2. комплементтің альтернативті жолмен белсенуі

3. цитофильді Ig көп мөлшерде түзілуі

4. пролиферативті қабынуды дамытып және фагоциттердің белсенуін шақыратын Тх1

лимфокиндердің бөлінуі

5. IgG синтезінің белсенуі

3. IV тип баяу жоғарысезімталдықтың (БЖС) клиникалық мысалдары болып

табылады.

1. сарысу ауруы

2. контактілі дерматит

3. жүйелі қызыл жегі

4. поллиноздар

5. Квинке ісінуі

4. Корь кезіндегі бөртпенің патогенезіне жатады

1. комплементтің классикалық жолмен белсенуі

2. комплементтің альтернативті жолмен белсенуі

3. Тх1 мен макрофагтардың белсенуі

4. мес жасушаларымен базофилдердің дегрануляциясы

5. цитофильді иммуноглобулиндердің синтезімен Тх2 белсенуі

5. Туберкулинді сынаманың оң болу патогенезінің негізінде жатыр

1. комплементтің классикалық жолмен белсенуі

2. комплементтің альтернативті жолмен белсенуі

3. Тх1 мен макрофагтардың белсенуі

4. цитофильді иммуноглобулиндердің синтезімен Тх2 белсенуі

5. АИК жиналуымен бекітілуі

6. Контактілі дерматиттің клиникалық мысалдары болып табылады

1. атопиялық аллергиялар

2. анафилаксиялар

3. БЖС түрі

4. цитотоксикалық (цитолитикалық) реакциялар (жоғарысезімталдықтың II типі)

1. Тақырып №17: Аутоиммунды аурулар, даму механизмдері, патогенезімен клиникалық мысалдары.

2. Мақсат: Аутоиммунды аурулардың патогенезінің негізінде жататын иммунологиялық механизмдерді ғылыми тұрғыда студенттерге қалыптастырып, бекіту.

3. Оқыту мақсаты: аутоиммунды аурулардың негізінде жатқан иммунологиялық механизмдерді анықтауды студенттерге үйрету.

Студент білуі керек

  • Аутоаллергия туралы түсінік, даму жағдайы

  • Аутоиммунды аурулардың даму механизмі

  • Аутоиммунды аурулардың дамуының қауіп факторлары

  • Аутоиммунды аурулардың жіктелуі

  • Аутоиммунды аурулардың клиникалық көріністері

  • Аутоиммунды аурулардың лабораторлы диагностика принциптері

Студент істей білуі керек

  • Аутоиммунды аурулардың даму механизмінің дамуы, аутоиммунды аурулары бар науқастардың лабораторлық көрсеткіштерін интерпретациялау жөнінде алған білімдерін қолдану.

  • Ғылыми және медициналық оқулықтармен және интернет-ресурстармен өздігінен

жұмыс істей алу қажет