Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
мет.рек.ОМФ.кз.2012-13.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
896 Кб
Скачать
  1. 5. Оқытудың және сабақ берудің әдістері: Кіші топтарда жұмыс жасау: Студенттер 5-6 адамнан құралатын топ құрып, тақырыптың сұрақтарын талқылайды

  2. Анафилактикалық шоктың патогенезі бойынша сbl технологиясы

  3. Лабораторияда жұмыс жасау (тәжірибелік дағдылар) - аллергологиялық тесттер in vitro бойынша лейкоцитолиз тәсілінің көмегі арқылы себепті аллергенді анықтау, ИФТ тәсілдерімен танысу.

  4. Видеофильм көрсету: «Аллергия», Медициналық анимация. Аллергия», «Аллергия на пыль»,

  5. Есеп, тесттерді шешу.

6.Әдебиеттер

Негізгі:

  1. Шортанбаев А.А., Кожанова С.В. «Общая иммунология», Алматы, 2008

  2. Хаитов Р.М. «Иммунология», Москва, 2006

Қосымша:

1. Новиков Д.К. «Общая иммунология», Минск, 2005

2. Руководство по клинической иммунологии. Учайкин В.Ф Шамшев О.В. М., 2006

3. Дж. Плейфер, Б.М. Чейн «Наглядная иммунология», 2008

4. Никулин Б.А. Оценка и коррекция иммунного статуса: уч пособие для мед. вузов.

М.: ГЭОТАР- Медиа, 2008

7. Бақылау: Сабақтың бастапқы деңгейін бағалайтын бақылау сұрақтары:

1. Аллергия деегніміз не?

2. Атопия түсінігі нені білдіреді?

2. Қандай аллергендер болады?

3. Атопиялық аурулармен көбінесе кім ауырады?

4. Атопияға қатысатын медиаторлардың бірінші тобын атаңыз және олардың негізгі

қызметтері?

Сабақтың бастапқы деңгейін бағалайтын тесттер:

Нұсқаны қараңыз.

Сабақтың қортынды деңгейін бағалайтын бақылау сұрақтары:

  1. Атопияның патогенезінің негізінде не жатыр?

  2. Атопияның клиникалық көрінісі немен негізделеді?

  3. Атопияның кеш фазасында қандай медиаторлар қатысады? Олардың қызметін

сипаттап беріңіз.

4. Атопияның дамуын қандай лимфоциттер жүзеге асырады, және олар қайда түзіледі?

5. Атопиялық аллергиялық аурулардың дамуындағы мес жасушаларының,

базофильдердің ролі қандай?

6. Қандай негізгі лабораторлық тәсілдердің көмегі арқылы атопияға диагностика

жасалады?

7. Анафилактикалық шоктың дамуы немен байланысты болуы мүмкін?

8. Атопиямен анафилактикалық шоктың иммунопатогенезінде айырмашылық барма?

Сабақтың қортынды деңгейін бағалайтын бақылау есептері:

1 есеп Атопиялық аллергиялық серпілістің дамуының сатыларымен жіктелуін жазып беріңіз.

2 есеп Атопиялық аллергиялық серпілістің патогенезіндегі Тх2 цитокиндерінің кестесін толтырыңыз (кесте)

Цитокиндер

Әсер ету механизмі

ИЛ4

ИЛ5

ИЛ6

3 есеп. Схеманы ойлап шығару «Атопиялық аллергия кезіндегі мес жасушаларымен базофилдердің белсену механизмі»

4 есеп: Атопиялық аллергенмен РТМЛ қортындысын бағалаудағы зертханалық жұмыс

5 есеп Лейкоцитолиз реакциясының қортындысын бағалаудағы зертханалық жұмыс.

Нұсқа

Сабақтың бастапқы деңгейін бағалайтын бақылау тесттері:

1-нұсқа

1.Гуморальды тип бойынша иммунологиялық реакцияның дамуында барлығы қатысады, тек

  1. Ι тип 2. ΙΙ тип 3.ΙΙΙ тип 4. ΙУ тип 5. Барлық аталғандар қатыспайды

2.Аллергиялық аурудың біріншілік медиаторларына барлығы жатады, тек

  1. вазоактивті аминдер

  2. энзимдер

  3. протеоглюкиндер

  4. хемотаксикалық факторлар

  5. лейкотриендер

3.Аллергиялық аурудың екіншілік медиаторларына барлығы жатады, тек

1. гистамин

  1. серотонин

  2. гепарин

  3. лейкотриендер

  4. тромбоциттің супрессорлық факторы

4.Аллергия кезінде гистаминнің нысанасы болып табылады

  1. көздің мускулатурасы

  2. қан тамырлары

  3. эндокринді бездер

  4. лейкоциттер

  5. барлық аталғандар

5.Гистамин нысана жасушаларының рецепторларымен өзара әсерлеседі

  1. Н-1 және Н-3 2. Н1 және Н2 3. Н2 және Н3 4. Н1 және Н4

5. Н1 және Н5

6.Гистаминнің әсері шақырады

  1. көз мускулатурасының бірден жиырылуына

  2. бронхоспазмды

  3. эпителиальды жасушалардың, тамырлардың зақымдалуына

  4. тамырлардың тарылуын

  5. миокардиопатияны

7. Антигеннің қандай жолмен түсуі анафилактикалық шоктың дамуына әкелуге мүмкінідігі жоғары

1. ауамен түсуі

2. тағаммен түсуі

3. тері жабындыларымен жанасқанда

4. парентеральды енгізгенде

5. эндоназальды енгізгенде

8. Радиоаллергосорбентті тесттің көмегі арқылы (РАСТ) атопиялық аллергиясы бар бар науқастардың қан сарысуынан қандай иммуноглобуллиндердің концентрациясын анықтайды?

1. IgM

2. IgА

3. IgЕ

4. IgG1,3

5. IgD

2- нұсқа

1. Атопиялық аллергияның клиникалық мысалдары болып табылады:

1. туберкуломаның түзілуі

2. поллиноздар

3. қызылша кезіндегі бөртпе

4. гломерулонефриттер

5. жүйелі жегідегі васкулиттер

2. Атопиялық аллергияның патогенезінде маңызды роль атқарады артық мөлшердегі цитокиндердің синтезі

1. ИЛ-1

2. ИЛ-2

3. ИЛ-3

4. ИЛ-4

5. ИЛ-12

3. Атопияға не тән

1. ұсақ дисперсті иммунды кешендердің түзілуі

2. Т-киллерлердің белсенуі

3. IgЕ артық мөлшердегі синтезі

4. Тх1 белсенуі

5. фагоцитарлық жүйенің жетіспеушілігі

4. Анафилаксияға не тән

1. айқын тұқымқуалаушылық

2. реакция аллергенді ағзаға бірінші парентеральды енгізгенде пайда болады

3. реакция аллергенді ағзаға қайталап парентеральды енгізгенде пайда болады

4. аллергиялық реакция аллергеннің ағзаға қай жолмен түсседе дамуы мүмкін

5. патогенезінде комплементтің альтернативті жолмен белсенуі маңызды роль атқарады

5. Атопиялық аллергияның клиникалық мысалдары болып табылады

1. есекжем

2. контактілі дерматит

3. корь кезіндегі бөртпе

4. гранулеманың пайда болуы

5. жүйелі қызыл жегі кезіндегі васкулиттер

6. Жоғары сезімталдылықтың қайсы түрінде дәрілік цитопенияның патогенезінің негізі жатыр

1. иммундыкешенді

2. атопия

3. цитотоксикалық реакция

4. БЖС

5. анафилаксия

7. Атопиялық брох демікпесімен ауыратын науқаста қандай иммуноглобулиндердің синтезі жоғары болады

1. IgM

2. IgА

3. IgЕ

4. IgG1,3

5. IgD

8. Атопиялық аллергиялық серпілісте нысана жасуша болып табылады:

1. эритроциттер

2. мес жасушалары

3. гепатоциттер

4. моноциттер

5. лимфоциттер

1. Тақырып №15: Цитотоксикалық (цитолитикалық) реакциялардың патогенезі және клиникалық көріністері. Иммунды комплексті аурулардың патогенезі және клиникалық мысалдары.

2. Мақсат: Студенттердің цитотоксикалық (цитолитикалық) реакциялармен иммунды комплексті аурулардың патогенезі туралы ғылыми тұрғыда білімдерін қалыптастырып бекіту. Цитотоксикалық (цитолитикалық) реакциялармен иммунды комплексті аурулардың патогенезі мен клиникалық көріністерімен таныстыру.

3. Оқыту мақсаты: Студенттерге аутоиммунды реакцияның патогенезінің негізінде жатқан иммундыпатологиялық механизмді анықтай білуді үйрету. Клиникалық мысалдарды талдау.

Студент білуі керек

  • Цитотоксикалық (цитолитикалық) реакцияның патогенезінің негізінде жатқан иммунды механизмдер.

  • Цитотоксикалық (цитолитикалық) реакцияның клиникалық көріністері.

  • Иммундық кешен ауруларының патогенезінің негізінде жатқан иммунды механизмдер.

  • Иммундық кешен ауруларының клиникалық көріністері.

Студент істей білуі керек

  • Цитотоксикалық (цитолитикалық) реакциялармен иммунды комплексті аурулардың патогенезі мен клиникалық көріністерінің механизмін түсінуде алған білімдерін қолдану.

  • Ғылыми және медициналық оқулықтармен және интернет-ресурстармен өздігінен

жұмыс істей алу қажет