Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
мет.рек.ОМФ.кз.2012-13.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
896 Кб
Скачать

Ситуациялық есеп №1.

1 айлық нәрестеге туғаннан соң БЦЖ вакцинасы салынды. Нәресте туғанда туа біткен жүрек қан-тамыр жүйесінің ақауы, монголоидты көз қиығы, құлақтарының төмен орналасуы, балық тәрізді ауыз, туа біткен тетания анықталған. 1 апатадан соң нәрестенің дене қызуы 37,5oС, тершеңдік, лимфа түйіндерінің ұлғаюы байқалған. Басқа нәрестелерде реакция байқалған жоқ..

Иммунограмма: лейкоциттер 3000 мкл.

лимфоциттер – 350

Т-лимфоциттер СД 3 - 12%

Т-хелпер СД 4 - 6%

Т-лимфоцит СД 8 - 7%

В-лимфоцит СД 19 - 25%

Иммуноглобулиндердің мөлшерінің аздап төмендеуі.

  1. Бұл нәрестеге қандай болжам диагноз қоюға болады?

  2. Бұл асқынуға себеп болатын қандай иммунологиялық көрсеткіштер болуы мүмкін?

  3. Қандай лабораторлық көрсеткіштер қажет

Есеп №2.

Пациент дәрігерге келгенде дене қызуының жоғарлауына, жөтелге, ринореяға, әлсіздікке, тершеңдікке, басының ауырсынуына, көз алмасының қозғалтқанда ауырсынуына шағымданады. 1 ай бұрын гриппке қарсы вакцина салынған.

  1. Сіздің болжам диагнозыңыз?

  2. Вакцина нәтижесіздігінің себебі?

  3. Иммунизация эффектілігін жоғарлату үшін не істеу қажет?

Есеп №3

Балаға 14 жасында жоспарлы түрде қызылша вирусына қарсы вакцина салынған. Бір апта өткен соң мойын лимфа түйіндерінің ұлғайғанын байқаған. Балада басқадай субъективті және объективті көрсеткіштер байқалмайды. Бұрын вакцинадан кейін және жалпы аллергиялық реакциялар болмаған. Бірге вакцина салынған басқа балаларда бұндай реакция байқалған жоқ.

1) Сіздің болжам диагнозыңыз?

2) Қандай зерттеулер қажет?

3) Науқаста қандай иммунологиялық бұзылыстар анықталады?

Иммунограмма: лейкоциттер 6600 мкл-де

СД 3-45%

СД 4-26%

СД 8-19%

СД 19-26%

Фагоцитоз % -39

Фагоцитарлық сан-1.2

НСТ тест- % 3

Есеп №4

42 жастағы ер адам. Обаға қарсы институттың қызметкері. Обаның табиғи эндемиялық ошағына жұмыс бабымен бару қажет болды. Бұрындары обаға қарсы салынған вакцинаға иммунизацияның нәтижесіздігі байқалған.

  1. Вакцинадағы оба антигендеріне жауаптың болмауы қандай тәсілмен анықталған?

  2. Вакцинаға генетикалық жауаптың болмауына байланысты қандай фенотипті коррекцияны жүргізу қажет?

Семей қаласының мемлекеттік медицина университеті тәжірибелік сабақтарға арналған әдістемелік нұсқаулар

Мамандығы: Жалпы медицина

Пәні: Жалпы иммунология

Кафедра: Иммунология, клинико-зертханалық және визуальды диагностика кафедрасы

Курс: 3

Тақырыптар: № 12-13,18

Құрастырушы: ассистент, м.ғ.к.

_________ Кудайбергенова Н.К.

Семей – 2012 ж.

Кафедра отырысында бекітілген

хаттама

«____» _________ 2012ж