Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
мет.рек.ОМФ.кз.2012-13.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
896 Кб
Скачать

Ситуациялық есеп №1

Науқас М.,35 жаста, поликлиникаға келгенде дене қызуының жоғарлауына, әлсіздікке, шаршағыштыққа, түнгі уақытта тершеңдікке, тамағының ауырсынуына, салмағының төмендеуіне, терісіндегі бөртпелерге шағымданады. Поликлиника дәрігерінің қойған диагнозы: Жедел респираторлы ауру, ангина.

Науқас өзінің ауырғанына 1,5 ай болғанын, яғни әлсіздікті, тез шаршауын, дене қызуының жоғарлауын және салмағының төмендеуін байқаған.

Науқас таяу арада инженер қызметін атқарып Африкадан қайтып келген.

Ол жақта жыныстық қатынаста болғанын айтады.

Объективті: арықтаған, мойын және жақ асты лимфа түйіндері ұлғайған, орофарингеальды кандидоз, тонзиллит, фарингит, терісінде экзема тәрізді бөртпелер бар.

Лабораторлық көрсеткіштер: Нв 120г/л, Эритроцит 3х1012/л, Лейкоцит 3х109/л, СОЭ 17мм/сағ

Иммунограммада: Лейкоциттер 3100, Нейтрофилдер 1600, Лимфоциттер 625,

СD3+ 30% (188), CD19+ 70% (437), CD4+ 15% (179), CD8+ 17% (179), CD16+ 15%. Спонтанды НСТ- тесті 5% . CD4/CD8= 1,0

АИВ-на антидене анықталмаған

  1. Эпиданамнезіне, клиникасына, лабораторлы зерттеулердің көрсеткіштеріне сүйене отырып Сіздің болжам диагнозыңыз қандай ?

  2. АИВ-на қарсы антидене анықталмағанына қарай АИВ- инфекциясы емес екенін айтуға болама?

1. Тақырып №11: Вакциналар және вакцинопрофилактика. Казіргі кездегі вакцина жасау принциптері.

2. Мақсат: Казіргі кездегі вакцина жасау принциптері мен вакцинопрофилактика туралы білім беру және бекіту

3. Оқыту мақсаты: Қазіргі кездегі вакциналардың жіктелуімен, жасау принициптерімен және вакцинация кезіндегі асқынулармен таныстыру.

Студент білу керек

  • Вакцинацияның негізгі мақсатын

  • Вакцинацияның негізінде жататын иммунологиялық механизімдерін

  • Вакциналардың түрлерін

  • Қазіргі вакциналардың жіктелуін

  • Вакцинопрофилактика принциптерін

  • Вакцинация кезіндегі асқынуларды

Студент істей білуі керек

  • Білім денгейін толықтыру үшін ғылыми, медициналық оқулықтармен және интернет-ресурстармен өзіндік жұмыс жүргізуді.

  • Вакцинацияның негізінде жататын иммунологиялық механизмдерге сүйене отырып эффект болмаған жағдайда нәтижесіздік себебін анықтап, фенотиптик коррекцияны жүргізу білу

4. Тақырыптың негізгі сұрақтары:

1. Вакциналардың негізгі түрлері (құрамында өлтірілген бактериялар, вирустар және олардың фрагменттері бар вакциналар, анатоксиндер; тірі вакциналар; синтетикалық және рекомбинантты вакциналар).

2. Вакцинация және оның мақсаты. Әртүрлі жас кезеңдеріндегі (иммуноадаптивті, балалық, ересек кезең) вакцинациялау.

3. Вакцинация кезіндегі асқынулар. Вакцинацияның эффективсіз болуының себептері. Кейбір жағдайларда вакцинаға генетикалық жауап бермеуді фенотиптік коррекциялаудың керектігі.

4. Жаңа вакциналарды жасау принциптері (жасанды тасымалдаушылармен гаптендер; қазіргі поливалентті вакциналар; антиидиотиптік, рекомбинантты және ДНК вакциналар, тағамды вакциналар).

5. Оқыту әдістері:

  • шағын топтарда жұмыс жасау: тақырып бойынша жағдайлық есептер, пікірталастар және сөздері босатылған мәтіндер.

  • Сөздері босатылған мәтіндер мынадай жолдармен жасалады:

    • Тақырып бойынша сөйлем құралады.  Оқытудың негізгі элементтерін, оның ішінде жеке оқыту элементтерінің арасындағы әртүрлі типтегі байланыстарды қамтитын қысқаша мәтін жазылады;

    • осыдан кейін мәтіннің мәнді терминдері өшіріліп орнына көпнүктелер қойылады; мүмкіндігінше бұл терминдердің екі рет қайталанғаны жөн, бірінші рет көпнүкте ретінде, екінші рет – жазылған сөз түрінде;

    • содан кейін мәтін студенттермен тексеріледі және жауаптары айтылады.

  • Тақырып бойынша презентация түрінде сұрақтар көрсетіліп, студенттердің жауабын естігеннен кейін, сұрақтың жауабын презентация түрінде көрсету арқылы талдау.

  • Фильмдер көрсетіледі; вакцина тақырыбына арналған.

6. Әдебиет. Негізгі:

1. Шортанбаев А.А., Кожанова С.В. «Жалпы иммунология», Алматы, 2008

2. Хаитов Р.М. «Иммунология», Москва, 2006

Қосымша:

1. Новиков Д.К. «Иммунология», Минск, 2005

2. Жетписбаева Х.С.,Ягофаров .Ф.Ф. Студенттерге арналған иммунология пәнінен әдістемелік нұсқаулар блоктардың жинағы. Семей, 2008.