
- •Бала жасының кезеңдері
- •Құрсақ ішілік (а н т е н а т а л д ы қ) шақ 270 күнге дейін жалғасады (280 күнге дейін).
- •Жас баланың физикалық дамуы
- •Жаңа туған баланың бойын өлшеу
- •Жаңа туған баланың бас айналымын өлшеу
- •Баланың кеуде айналымын өлшеу
- •Денсаулық топтары
- •ЖүЙке-психикалық даму
- •Қимылдар пайда болуы
- •Балаларды сауықтыру, массаж, гимнастика Гимнастика және массаж
- •Бала денесін шынықтыру
- •Тамақтандыру
- •Ас қорыту мүшелердің ерекшеліктері.
- •Ана сүтінің биологиялық және химиялық ережелері
- •Сүттің кемелділік дәрежелері
- •Дұрыс тамақтандырудың он принциптері
- •Қосымша тағам беру ерекшеліктері
- •Баланы қасық арқылы тамақтандыру
- •Ана кеудесіне баланы ерте салуға болмайтын жағдайлар
- •Табиғи тамақтандыруды қолдануға болмайтын жағдайлар
- •Ана сүті жеткіліктігінің белгілері
- •Сүт жетіспеушілікке күдіктену
- •Баласын емізіп жүрген әйелдің тамақтануы және күн тәртібі
- •Қолдан қоректендіру
- •Аралас тамақтандыру
- •Жаңа туған бала
- •Жетіліп туған бала және оның қүтімі
- •Шала туған бала және оның КүТімі
- •Бала дамуы және денсаулығын сақтау бойынша бақылауды ұйымдастыру
- •Жаңа туған баланың аурулары тері аурулары
- •Тершеңдік
- •Баздану
- •Терінің ж¦қпалы аурулары
- •Кіндік аурулары
- •Омфалиттер
- •Гемолиздық ауру
- •Босануға байланысты жарақаттанулар
- •Орталық ЖүЙке ЖүЙесінің зақымдануы
- •Ас қорыту МүШелердің аурулары
- •Гипотрофиялар
- •СүЙек және б¦лшық ет ЖүЙесінің ерекшеліктері
- •Сколиоз
- •Спазмофилия
- •Конституция ауытқулары
- •Экссудаттық – талаураулы диатез
- •Нерв-артриттік диатез
- •Тыныс алушылық МүШелер аурулары
- •Жедел ринит
- •Жедел ларингит
- •Бронхиттер
- •Жедел пневмониялар
- •ЖүРек - қан тамыр аурулары
- •Іштен біткен жүрек ақаулары
- •Кіші қанайналым шеңберінің қан байлығымен сипатталатын іштен біткен жүрек ақаулары
- •Кіші қанайналым шеңберінің қан аздығымен сипатталатын іштен біткен жүрек ақаулары
- •Саусаќтар µзгерістері
- •Фалло ауруындаѓы бала жаѓдайы үлкен қанайналым шеңберінің қан аздығымен сипатталатын іштен біткен жүрек ақаулары
- •Ќолќа тарылуы
- •Іштен біткен жүрек ақаулары бар баланы емдеу
- •Ревматизм
- •Қан ТүЗу МүШелер аурулары
- •Анемиялар
- •Теміртапшылық анемиялар
- •Лейкоздар
- •Геморрагиялық диатездер
- •Тромбоцитопениялық пурпура (Верльгоф ауруы)
- •Гемофилия
- •Ас қорыту МүШелердің аурулары Стоматиттер
- •ӨТ шығару жолдарының аурулары
- •Дискинезиялар
- •Гельминтоздар
- •Аскаридоз
- •Энтеробиоз
- •Зәр БөЛу және зәр шығару МүШелер аурулары
- •Созылмалы гломерулонефрит
- •Пиелонефриттер
- •Созылмалы пиелонефриттер
- •Балалардың ж¦қпалы аурулар
- •Жұқпалармен күресу жолдары
- •Туберкулез
- •Жедел респираторлы - вирусты жұқпалар
- •Парагрипп
- •Аденовирустық жұқпа
- •Жел шешек
- •Қызылша
- •Қызамық
- •Вирус гепатиттері
- •А, е, ғ вирус гепатиттері
- •В, д, с, у вирус гепатиттері
- •Жәншау (скарлатина)
- •Эпидпаротит
Балаларды сауықтыру, массаж, гимнастика Гимнастика және массаж
Гимнастика және массаж басқа тәрбиелеу шараларымен бірге (тамақтану, үйқтау, сергектену тәртіптерімен) қолданылады.
Нәрестенің қимылдау, тыныс алу, қан түзу, ас қорыту, қан түзу функциялары мен орталық жүйке жүйесінің қалыпты дамуына гимнастика жасаудың және массаждың (сылаудың) елеулі әсері бар. Оларға байланысты қоректендіру, қышқылдату процесстері жоғарлайды, зат алмасуы жақсарады. Массаж және гимнастика дұрыс және дәл қимылдар пайда болуының негізгі тәрбие тәсілі болып саналады. Мақсатты тәрбиенің жоқтығы бала қимылдарының дамуын артта қалдырады да, сапасын төмендетеді.
Бала үшін әдейіленген жаттығуларды таңдағанда, оның жасына байланысты ерекшелерді қана емес, жеке бас ерекшеліктерін де есепке алу керек.Баланың әр жасына байланысты кезеңінде екі түрлі реакциялар кездеседі:
- басымды, күштілеу, бірақ басылуға беталыс алған реакциялар,
- пайда болып жатқан, әлі өте әлсіз, күшеюге беталыс алған реакциялар.
Мысалы, өмірінің бірінші үш айында балалар қол-аяқтарының бұлшық еттерінің бүгілуі (гипертониясы) анықталады. Кешірек бұлшық еттердің жазылуы пайда болады да, бұлшық еттердің тепе-теңдігі дамиды. Бұлшық еттердің тепе-теңдігі тездеу пайда болуына байланысты, бұлшық еттердің босансуы үшін жеңіл сипалау массажды және күнделікті жылы ванналар жасаған қажет; бала өз бетімен қимылдауын ынталандыру үшін - осы шаққа сай шартсыз рефлекстер қолданылады.
Баланың бірінші айларында жаттығулар арасында тек аяқ-қолдардың жазуына байланысты рефлекстерді пайдалану керек. Бала қол-аяғының бұлшық еттері тепе-теңдікке уақытында келсе, онда қол қимылдарының пайда болуына, бала қолдарын қызықтыратын затқа созуына, қолға алуына, соңынан денесін көтеріп, тартылуына алғы шарт туғызылады. Сонымен, бала ұсақ бұлшық еттерінің дамуына байланысты ірі бұлшық еттерінің дамуына алғы шарттар туғызылады, осыған байланысты бала денесінің жағдайын өзгерте алатындай болады.
Физикалық жаттығуларды дені сау, біржарым-екі айлық балаларға істей бастайды. Осы кезге таман бала қоршаған ортаға бейімделеді, өмірінің күн тәртібі белгіленеді, дене қызуы реттеледі. Емізулі балалар үшін қолданылатын жаттығулар өте қарапайым және жеңіл болуы керек.
Сылаумен қатар гимнастиканы күн сайын үнемі бір мезгілде, тамақ ішкенге дейін немесе ішкеннен кейін 40-50 минуттан кейін жасау керек. Оның ұзақтығы 5-7 мин, әр жаттығуы екі-ұш рет қайталанады. Бөлменің жылылығы жиырма-жиырма екі градус болуы керек. Жаздың күні жаттығуларды ашық терезе алдында немесе таза ауада тап осы температура кезінде өткізу керек. Барлық қимылдар ырғақты, тыныш, бір қалыпты жасалы керек.
Кәсіптің өзі клеенкамен және жөргекпен жабылған төрт қабатты көрпеде үстел үстінде өткізіледі.
Анасының немесе мейіркештің қолдары таза және құрғақ болуы тиісті. Шешіндірген баланың денесі де жылы болуы тиісті. Кәсіп бойы баланың көңіл-күйі көңілді болуы керек, онымен сөйлесіп, күліп, ойыншықтарға қызықтырып, белсенділікке шақыру керек. Мейіркеш жаттығуларды орындап жатқанда, баланың жауап қайтаруын бақылауы тиісті. Баланың көңіл – күйі бұзылып кетсе, ол жыласа – процедураны тоқтатып, баланы тыныштандыру керек.
Б а л а ж а т т ы ғ у л а р к е з і н д е ш а р ш а м а с ы н!
Массажды және гимнастикалық жаттығуларды массаж және гимнастика әрекеттеріне үйренген баланың ата-анасы және басқа күтім жасайтын адамдар өткізе алады.
Е р т е ж а с т а ғ ы б а л а л а р м а с с а ж ы ж ә н е г и м н а с т и к а с ы б о й ы н ш а ж а л п ы ә д і с т е м е с і н і ң н е г і з д ер і. Ерте жастағы балалар дың қимыл әрекеттері екі түрлі болады: статикалық және моторикалық. Осыған байланысты ерте жастағы балалар үшін жаттығудың түрлері белгіденеді: координацияны, тепе-теңдікті дамыту,тыныс қимылдары жатады.
Б е л с е н д і е м ес (п а с с и в т і) жаттығуларды бала емес, мейіркеш немесе анасы жасайды. Олар тек қана баланың табиғи қимылдарын пайдалануға бейімделген. Бұл жаттығулар қол-аяқтардың физиологиялық гипертонусына байланысты үш айға дейінгі балаларда қолданылмайды. Тек үш айдан кейін белсенді емес жаттығуларды баланың қолдарына қана мейіркеш жасайды. Төрт-бес айдан бастап аяқтарына жаттығулар жасалынады.
Р е ф л е к т о р л ы ж а т т ы ғ у л а р. Мойын және дене бұлшық еттерінің қатаюы үшін шартсыз қимыл рефлекстерге байланысты рефлекторлы жаттығуларды қолдануға болады: олар тері, бұлшық еттер, жүйке аппаратының тітіркендіруге байланысты жауап түрінде туа біткен рефлекторлық шартсыз қимыл әрекеттесуімен жауап қайтару.
Әуелі ішінде жатқан баланы тап сол жағдайда көтерсе – бала басын артқа қарата шалқайтады. Бір айдан кейін (төрт айлығында) тап сол жағдайда баланың барлық денесі доға түрінде иіліседі. Осы қимылға байланысты баланың вестибулярлы аппараты қатаяды. Төрт айдан бастап арқасында орналастырған баланы көтергенде, бала басын алға еңкейтіп, денесінің алдынғы жағының бұлшық еттерін ынталандырады. Баланы осындай жағдайларда тұрақты ұстай берсе, баланың мойын, дене бұлшық еттерін нығайтуға болады.
М а с с а ж белсенді емес гимнастиканың түріне жатады. Массаж кезінде бала ағзасына түрлі механикалық тітіркендіргіштер әсер етеді. Массаждың екі түрі болады: жалпы және жергілікті. Жалпы массаж бала ағзасына көпәсерлі және едәуір әсер етеді. Массаждың негізгі бес приемі бар: сипалау, сылау, үгу, соққылау, вибрациялау (дірілдету).
С и п а л а у. Сипалау кезінде тері эпидермис қабыршақтарынан босайды, осыған байланысты тер және май бездерінің түтікшереі ашылады да, терінің тынысы және қоректенуі, серпінділігі де жақсарады. үш айға дейінгі балаларда массажды тек сипалау түрінде өткізеді, үш айдан кейін массаждың басқа приемдары да қолданылады: сылау, үгу, соққылау, вибрациялау. Жалпы сипалау массажі бала алты айға толғанша дейін қолданылады. Массаж сипалаудан басталады, сосын массаждың басқа түрлерімен кезектесіп, массаж сипалаумен аяқталады.
С ы л а у баланың қимылдау және тірек болу аппаратына әсер етеді. Осы кезде сіңірлердің қоректенуі жақсарып, бұлшық еттердің қысқаруы және икемділігі жоғарлайды. Сылау кезінде тері саусақтармен сәл тартылады. Тек тері емес, астында жатқан тіндер де тартылады.
ү г у массаж жасалып жатқан жердің қан айналымын қүшейтеді және массаж жасаған жердің қоректенуін жақсартады. Ол тереңде жатқан бұлшық еттердің массажында қолданылады. Бұлшық еттер массаж жасайтын адамның саусақтарымен алынып, үгітіледі.
С о қ қ ы л а у - перифериялық (шеткі) нервтердің тітіркендіргіштігін төмендетеді, қанмен қамтамасыз етуіне әсер етеді, бұлшық еттердің қоректенуін жақсартады. Кішкентай балаларда соққылауды саусақтардың алақан жағымен ырғақты түрде өткізеді, ең жиі соққыланатын жерлер – ол артқы жағы, сандары, жіліншік.
В и б р а ц и я л а у – ол денені тез және бірқалыпты дірілдету. Жас балаларда ол қолданылмайды.
Баланы алғашқы айдын аяқ кезінен бастап сылаған, екі айлығынан бастап шағын гимнастика жасатқан пайдалы.
Бір айлық балаға сылау жасаған кезде жеңіл ғана сипай отырып, алақанды баланың аяқ жағынан бірте-бірте кіндікке, белге қарай әкелу керек.
Қолға сипау жасаған кезде оны нәрестенің алақанымен қол басы сыртынан бастап білегіне, одан шығына дейін жеткізеді. Аяқты сылау табанынан басталып сирақ пен жамбасты, тізе ұршығының астыңғы жағын қамтып, тізесінен шабына дейін ептеп ақырын сипайды. Екі айдан кейін баланы етпетінен жатқызып, арқасын, жауырынын жазып, қолдын алақанымен батқызбай сипаған жөн.
Нәрестенің ішін сағат тілі бағытымен шыр айналдыра сипайды, сонан соң осыған қарама қарсы керісінше шыр айналдыра бүйірі түсына таман етіп сипап, оның қан айналымын жақсартып, массаж жасаған жөн. Массаж сағат тілі бағытымен сипаумен аяқталуы керек. 4-5 айлық нәрестені етпетінен жатқыза, қолдарын екі жаққа созып қайта шалқасынан жатқызады, қолын кеудесіне әкеліп, айқастыра кеудесін сипай отырып, қабырға аралығын орталыққа қаратып еппен сылап сипайды.
Массаж жасауымен қатар бірте-бірте гимнастика жаттығуларын жасауға дағдыландыру керек. Баланың еңбектеп жүруін дамытуға жәрдемдесетін жаттығулар 8-10 айлығында күрделене түседі. Баланың кеудесі мен аяғының сүйек - буын мүшелерінің бұлшық еттеріне арналған жаттығулар нәрестенің зат алмасу процестерінің жақсартуына жақсы әсер етеді.
Қоршаған ортаның қолайсыз көріністеріне нәрестенің ағзасы қарсы тұру үшін, дұрыс тамақтандырудың, гимнастика - массажды дұрыс пайдаланудың маңызы өте зор.
1,5 - 3 айлық балаларға арналған жаттығулар кешені
Жаттығулар кешені жалпы массаждың қабылдауларынан және белсенді, туа біткен шартсыз рефлекстерге байланысты, қимылдардан тұрады.
- Қол, аяқ, арқа, іш массажы (а, б, в, г),
- Белсенді қимылдар – табандардың жаттығулары, омыртқа жотасының рефлекторлық жазылуы, рефлекторлық еңбектеу (сүр. қара).
3-4 айлық балаларға арналған жаттығулар кешені
Бұлшық еттердің гипертониясының төмендеуіне байланысы белсенді емесқимылдар еңгізіледі (сүр. қара).
- Арқа массажы немесе - үгу, (а)
- Бала қолдарын жан жаққа жайып, соңынан кеудесінде құрастыру, (б)
- Баланы рефлекс жолымен ішіне аудару, (в)
- Ішіне жатқызып көтергенде – баланың басы артқа шалқаяды, (г)
- Қолдарын жазыу және бүгу (д)
- «Жылжымалы» аттау – (велосипед қимылдары сияқты, е)
4-6 айлық балаларға арналған жаттығулар кешені
Төрт – бес айлар аралығында күрделі емес белсенді жаттығулады еңгізу керек. Ерекше көңіліңізді келесі жаттығуларға - ұстау, жармасу, қағу т. б. – аударған жөн Ол үшін гимнастикамен айналысып жатқанда қол жаттығуларымен жармасу актін тәрбилеуіді байланыстырған қажет. Әуелі бала мейіркеш қолының саусағына жармасады, алты айдан кейін осы әрекетті нығайту мақсатымен дөңгелектер қолданылады. Осы кездегі баланың қимылдауға тырысуын еңбектеуге дайындалуы деп түсінуге болады. Демек, жаттығулар жүйесі нәрестеде пайда болатын жаңалықтардың алдын алып тұруы керек. Жаттығулардың түрлері:
- Іш бойы қолыңызда жатқан бала «ұшқандай » жағдай алады (а).
- Ішінде жатқан баланы қолдарынан ұстап, денесінің жоғарғы жағын көтеру (б).
- Көмек арқылы еңбектеуге тырмысу (в).
- Аяқтарын кезекпе – кезек және бірге бүгу және жазу (г)
6-12 айлық балаларға арналған жаттығулар кешені
Бала өмірінің екінші жартысында щартсыз және шартты рефлекстер негізінде көп деген жаңа шартты рефлекстер пайда бола бастайды. Демек, бұрында жаттығулар туа біткен рефлекстер түрінде шартсыз тітіркендіруге байланысты пайда болып жатса, енді осы кезде – шартты тітіркендіруге жауап түрінде байланысты пайда болады. Баланы жеңіл түрде аяқтарынан тарту, қарау дабылдары (таяқшалар, дөңгелектер), содан кейін
сөз дабылдары (отыр, бер, ал) – осы жауаптардың көріністері болады. Он – он екі айлар арасында бала өз бетімен тұруға, жүруге талпынады. Әдістемелердің жаңа элементтері – тізесін бүгіп отыру – пайда болады. Осыған байланысты жаңа жаттығулар да кіргізу керек.
Осы кезде бұрынғы бірінші дабыл жүйесінің орнына (қолдарынан тарту, жанбасын бұру) екінші дабыл жүйесі (сөздер бойынша балаға нұсқамалар беру) келеді.
- Қолдарын жан жаққа жазып, отырғызу (а),
- Қолдарынан ұстап, отырғызу (а),
- Денесін еңкейту (в),
- Денесін тікейту (г),
- Баланы қолдарынан ұстап, отырғызу (д),
- Қолдарынан ұстап, баланы отырғызу (е),
1 - 3 айлық балаларға арналған жаттығулар кешені
3-4 айлық балаларға арналған жаттығулар кешені
4-6 айлық балаларға арналған жаттығулар кешені
6-12 айлық балаларға арналған жаттығулар кешені
- Ересектің қолында отырғызып, иілдіру (ж),
- «Төрт аяқтап» жүру (з).