
- •Бала жасының кезеңдері
- •Құрсақ ішілік (а н т е н а т а л д ы қ) шақ 270 күнге дейін жалғасады (280 күнге дейін).
- •Жас баланың физикалық дамуы
- •Жаңа туған баланың бойын өлшеу
- •Жаңа туған баланың бас айналымын өлшеу
- •Баланың кеуде айналымын өлшеу
- •Денсаулық топтары
- •ЖүЙке-психикалық даму
- •Қимылдар пайда болуы
- •Балаларды сауықтыру, массаж, гимнастика Гимнастика және массаж
- •Бала денесін шынықтыру
- •Тамақтандыру
- •Ас қорыту мүшелердің ерекшеліктері.
- •Ана сүтінің биологиялық және химиялық ережелері
- •Сүттің кемелділік дәрежелері
- •Дұрыс тамақтандырудың он принциптері
- •Қосымша тағам беру ерекшеліктері
- •Баланы қасық арқылы тамақтандыру
- •Ана кеудесіне баланы ерте салуға болмайтын жағдайлар
- •Табиғи тамақтандыруды қолдануға болмайтын жағдайлар
- •Ана сүті жеткіліктігінің белгілері
- •Сүт жетіспеушілікке күдіктену
- •Баласын емізіп жүрген әйелдің тамақтануы және күн тәртібі
- •Қолдан қоректендіру
- •Аралас тамақтандыру
- •Жаңа туған бала
- •Жетіліп туған бала және оның қүтімі
- •Шала туған бала және оның КүТімі
- •Бала дамуы және денсаулығын сақтау бойынша бақылауды ұйымдастыру
- •Жаңа туған баланың аурулары тері аурулары
- •Тершеңдік
- •Баздану
- •Терінің ж¦қпалы аурулары
- •Кіндік аурулары
- •Омфалиттер
- •Гемолиздық ауру
- •Босануға байланысты жарақаттанулар
- •Орталық ЖүЙке ЖүЙесінің зақымдануы
- •Ас қорыту МүШелердің аурулары
- •Гипотрофиялар
- •СүЙек және б¦лшық ет ЖүЙесінің ерекшеліктері
- •Сколиоз
- •Спазмофилия
- •Конституция ауытқулары
- •Экссудаттық – талаураулы диатез
- •Нерв-артриттік диатез
- •Тыныс алушылық МүШелер аурулары
- •Жедел ринит
- •Жедел ларингит
- •Бронхиттер
- •Жедел пневмониялар
- •ЖүРек - қан тамыр аурулары
- •Іштен біткен жүрек ақаулары
- •Кіші қанайналым шеңберінің қан байлығымен сипатталатын іштен біткен жүрек ақаулары
- •Кіші қанайналым шеңберінің қан аздығымен сипатталатын іштен біткен жүрек ақаулары
- •Саусаќтар µзгерістері
- •Фалло ауруындаѓы бала жаѓдайы үлкен қанайналым шеңберінің қан аздығымен сипатталатын іштен біткен жүрек ақаулары
- •Ќолќа тарылуы
- •Іштен біткен жүрек ақаулары бар баланы емдеу
- •Ревматизм
- •Қан ТүЗу МүШелер аурулары
- •Анемиялар
- •Теміртапшылық анемиялар
- •Лейкоздар
- •Геморрагиялық диатездер
- •Тромбоцитопениялық пурпура (Верльгоф ауруы)
- •Гемофилия
- •Ас қорыту МүШелердің аурулары Стоматиттер
- •ӨТ шығару жолдарының аурулары
- •Дискинезиялар
- •Гельминтоздар
- •Аскаридоз
- •Энтеробиоз
- •Зәр БөЛу және зәр шығару МүШелер аурулары
- •Созылмалы гломерулонефрит
- •Пиелонефриттер
- •Созылмалы пиелонефриттер
- •Балалардың ж¦қпалы аурулар
- •Жұқпалармен күресу жолдары
- •Туберкулез
- •Жедел респираторлы - вирусты жұқпалар
- •Парагрипп
- •Аденовирустық жұқпа
- •Жел шешек
- •Қызылша
- •Қызамық
- •Вирус гепатиттері
- •А, е, ғ вирус гепатиттері
- •В, д, с, у вирус гепатиттері
- •Жәншау (скарлатина)
- •Эпидпаротит
Қосымша тағам беру ерекшеліктері
Баланы табиғи жолмен тамақтандырған кезде алты айдан кейін балаға шырындар және жеміс пюресін бере бастаған жөн. Емшек сүтімен қоректенетін балаға шырындардың ішінен бірінші алма шырынын берген дұрыс, өйткені алма шырынында ешқандай аллергендер жоқ, ол темірге және С дәруменіне бай. Әсіресе алманың жасыл сорттары жақсы. Басында бірнеше тамшылардан қана таңертен, емізгеннен кейін беру керек. Сосын бірте-бірте бір аптаның ішінде екі-үш рет, төрт-бес шай қасықтан беріледі.
Сәби алма шырынына үйренгеннен кейін өзге де шырындарды (алмұрт, шие, сәбіз, қара қарақат) осылай беруге болады. Қара қарақат шырыны да өте пайдалы, оның құрамында аскорбин қышқылы мол. Сәбіз шырынында В-каротин бар.
Бірақ таңқұрай, апельсин, лимон, сәбіз шырындары аллергиялық жағдай туғызуы мүмкін, сондықтан осы шырындарға аса әуестенбеген жөн. Шырындарды бір-біріне араластырмай берген жөн, сонда аллергия пайда болған жағдайда қоздырғыш тез анықталады. Шырындар бере бастағаннан екі жұма өткеннен кейін күнделікті дәміне жеміс пюресін қосу керек.
Тағы да алма пюресінен бастауға болады. Екі-үш грамнан бастап, қырқ-елу грамға дейін тәулігіне жеткізу керек. Іші өтетін балаларға алма және банан пюресін беруге болады, себебі олар ас қорыту процессін реттеп, қалпына келтіреді. Ал іші қатып қалатын нәрестеге қара өрік пюресі, ал шырындардан қырыққабат пен қызылша шырыны игі әсер етеді.
Шырын мен жеміс пюресінен кейін алғашқы қосымша тағам ретінде көкөніс пюресін берген жөн, олар ішінде дәрумендерден басқа ақуыз, көмірсулар да бар. Пюрені алғашында тек бір түрінен дайындаған дұрыс, басында екі-үш қасықтан беріп, уақыт өте көлемін жүз-жүз елу грамға дейн жеткізуге болады. Баланың ас қорыту жүйесі пюрені қалай қабылдайтынын бақылау үшін алғашында пюрені танертеңгілік берген дұрыс.
Көкөніс пюресінен кейін барып қана сүт ботқасына көшуге болады. Сүт ботқасын бала көкөніс пюресіне үйренгенен кейін екі-үш аптадан соң берген дұрыс болады. Ботқа әзірлеген кезде алдымен жарманы суға пісіріп, сосын ыстық сүт қосып, тағы да бір қайнатып алу қажет. Сосын сары май қосып, әбден езу керек немесе електен өткізген қажет. Содан кейін барып қана балаға беруге болады. Кейбір балаларда сиыр сүтіне алларгия болады, осындай жағдайда ботқаны сүтсіз істеп бергн жөн.
Сүт ботқасынан кейін, яғни сегіз-тоғыз айлығынан сәбидің күнделікті тағамына ақ ірімшік пен жұмыртқаның сарысын да еңгізуге болады. Олар – жоғары калориялы тағамдар, сондықтан бұларды салмағы аз, мешел ауруы бар балаларға бір ай ерте берген жөн. Сәбиге балалар асханасында немесе сүт зауытының балалар тамағы цехында әзірленген ақ ірімшікті берген жөн. Ондай мүмкінділік болмағанда ірімшікті гигиеналық шараларды сақтап, үйде де дайындауға болады.
Ақ ірімшіктің кальцийлі және қышқыл екі түрі бар. Кальцийлы түрін әзірлеу үшін қайнаған суық сүтке сүт қышқыл кальцийын немесе хлорлы кальций ерітіндісін қосып, эмальды ыдысқа құйып, бір қайнатып, оттан алып, суыту керек. Алынған қоймалжынды стерильді дәкеге салып, ақырындап сығу керек. Әзірленген ірімшікті шыны ыдысқа салып, тоңазырқышта тек бір тәулік сақтау болады. 50 г ірімшік алу үшін 300 мл сүт және 1,25 г сүт қышқыл кальциі, яғни 2,5 түймедақ немесе 3 мл 20% хлорлы кальций ерітіндісі қажет.
Қышқыл ірімшікті айраннан істейді. Эмальды ыдысқа құйып, жәй отта қоюланғанша дейін ұстайды. Сосын стерильді дәкеге салып, сығады. Оны да кальцийленген ірімшік сияқты шыны ыдысқа салып, тоңазырқышта тек бір тәуліктен артық емес сақтау болады.
Ірімшікті емізер алдында берген жөн, алғаш аздан, шәй қасықтын төрттін бір бөлігі мөлшерінде, сосын жарты шәй қасықтан, емшек сүтіне езіп береді. Бұдан әрі мөлшерін көбейтіп, бір бергенде екі шәй қасықтан күніне екі реттен беруге болады.
Жұмыртқа сарысын да үгіткіштен өткізіп, емшек сүтіне езіп, басында өте аз мөлшерде, қасықтын ұщына сәл қана іліп алып беру керек. Балада жұмыртқа сарысына аллергиялық жағдай болмаса, мөлшерін көбейтуге, кейіннен ботқага, көкөніс пюресіне де қосып беруге болады.
Ет нәрестенің қалыпты дамуына аса қажет тағамның бірі. Әдетте етті сәбидің күнделікті дәміне тоғыз-он айынан бастап еңгізеді. Ал егерде баланың қаны аз, дамуы тежеліп, мешелдіктің белгілері орын алып жатса, ондай сәбилерге етті ертерек, алты-жеті айынан көкөніс пюресіне қосып бере бастаған жөн. Піскен етті екі рет еттартқыштан өткізіп барып берген дұрыс. Барлық тағамдарды басында аз-аздан, шыныдан емес, қасықпен берген дұрыс.