
- •Бала жасының кезеңдері
- •Құрсақ ішілік (а н т е н а т а л д ы қ) шақ 270 күнге дейін жалғасады (280 күнге дейін).
- •Жас баланың физикалық дамуы
- •Жаңа туған баланың бойын өлшеу
- •Жаңа туған баланың бас айналымын өлшеу
- •Баланың кеуде айналымын өлшеу
- •Денсаулық топтары
- •ЖүЙке-психикалық даму
- •Қимылдар пайда болуы
- •Балаларды сауықтыру, массаж, гимнастика Гимнастика және массаж
- •Бала денесін шынықтыру
- •Тамақтандыру
- •Ас қорыту мүшелердің ерекшеліктері.
- •Ана сүтінің биологиялық және химиялық ережелері
- •Сүттің кемелділік дәрежелері
- •Дұрыс тамақтандырудың он принциптері
- •Қосымша тағам беру ерекшеліктері
- •Баланы қасық арқылы тамақтандыру
- •Ана кеудесіне баланы ерте салуға болмайтын жағдайлар
- •Табиғи тамақтандыруды қолдануға болмайтын жағдайлар
- •Ана сүті жеткіліктігінің белгілері
- •Сүт жетіспеушілікке күдіктену
- •Баласын емізіп жүрген әйелдің тамақтануы және күн тәртібі
- •Қолдан қоректендіру
- •Аралас тамақтандыру
- •Жаңа туған бала
- •Жетіліп туған бала және оның қүтімі
- •Шала туған бала және оның КүТімі
- •Бала дамуы және денсаулығын сақтау бойынша бақылауды ұйымдастыру
- •Жаңа туған баланың аурулары тері аурулары
- •Тершеңдік
- •Баздану
- •Терінің ж¦қпалы аурулары
- •Кіндік аурулары
- •Омфалиттер
- •Гемолиздық ауру
- •Босануға байланысты жарақаттанулар
- •Орталық ЖүЙке ЖүЙесінің зақымдануы
- •Ас қорыту МүШелердің аурулары
- •Гипотрофиялар
- •СүЙек және б¦лшық ет ЖүЙесінің ерекшеліктері
- •Сколиоз
- •Спазмофилия
- •Конституция ауытқулары
- •Экссудаттық – талаураулы диатез
- •Нерв-артриттік диатез
- •Тыныс алушылық МүШелер аурулары
- •Жедел ринит
- •Жедел ларингит
- •Бронхиттер
- •Жедел пневмониялар
- •ЖүРек - қан тамыр аурулары
- •Іштен біткен жүрек ақаулары
- •Кіші қанайналым шеңберінің қан байлығымен сипатталатын іштен біткен жүрек ақаулары
- •Кіші қанайналым шеңберінің қан аздығымен сипатталатын іштен біткен жүрек ақаулары
- •Саусаќтар µзгерістері
- •Фалло ауруындаѓы бала жаѓдайы үлкен қанайналым шеңберінің қан аздығымен сипатталатын іштен біткен жүрек ақаулары
- •Ќолќа тарылуы
- •Іштен біткен жүрек ақаулары бар баланы емдеу
- •Ревматизм
- •Қан ТүЗу МүШелер аурулары
- •Анемиялар
- •Теміртапшылық анемиялар
- •Лейкоздар
- •Геморрагиялық диатездер
- •Тромбоцитопениялық пурпура (Верльгоф ауруы)
- •Гемофилия
- •Ас қорыту МүШелердің аурулары Стоматиттер
- •ӨТ шығару жолдарының аурулары
- •Дискинезиялар
- •Гельминтоздар
- •Аскаридоз
- •Энтеробиоз
- •Зәр БөЛу және зәр шығару МүШелер аурулары
- •Созылмалы гломерулонефрит
- •Пиелонефриттер
- •Созылмалы пиелонефриттер
- •Балалардың ж¦қпалы аурулар
- •Жұқпалармен күресу жолдары
- •Туберкулез
- •Жедел респираторлы - вирусты жұқпалар
- •Парагрипп
- •Аденовирустық жұқпа
- •Жел шешек
- •Қызылша
- •Қызамық
- •Вирус гепатиттері
- •А, е, ғ вирус гепатиттері
- •В, д, с, у вирус гепатиттері
- •Жәншау (скарлатина)
- •Эпидпаротит
КІРІСПЕ
Педиатрия (pais – бала, iatreia - емдеу), баланың даму зандарын, аурулардың себептерін және дамуын, аурулардың диагнозын қою жолдарын, емдеу және алдын алуын зерттейтін ғылым. Сондықтан, педиатрияны өсу, адам ағзасының қалыптасу және даму жолындағы ең жауапты медицина бөлімі, адам өмірінің «алға басу кезеңі» деп айтуға болады.
Әр қоғамның, елдің, отбасының болашағы, ертеңгі күні, сенері - бала, жасөспірім, жаңа буын. Қандай жағдай болмасын: соғыс па, бейбітшілік пе, экономикалық кұлдырауы ма, өрлеу ме - балаларды аман сақтап, өсіру, аурулардың дамуына жол бермеу - ең көкейтесті мәселе болып тұр. Ересек адамдардың көп деген аурулары балалық шаққа, өсу және даму шарттарына байланысты екені барлығымызға да белгілі. Сондықтан, балалар денсаулығын сақтау, аурулардың алдын алу, басталған дертті емдеу - педиатрия ғылымына, бала дәрігерлеріне, орта буын медицина жұмысшыларына жүктеледі.
Қазақ халқының басынан өткен тарихи қиын ғасырлардың, сол кездердегі ел тағдырының ауыр күйзелістерінен дамудан артта қалуына байланысты болса керек, халқымыз баланы жақсы көргенімен, ана және бала өлімі қорқынышты санға жететін еді. Жиырмасыншы ғасыр басында қазақ даласында 120000 адамдарға жалғыз бір кіндік шеше болған, ауырған қазақ баласына тек емшілердің көмегі тиген.
Тек қана қазақ қоғамдығы қысым жасағаннан кейін патша үкіметі Омбыда, Оралда және Астарқанда бірінші фельдшерлік-акушерлік мектептер ашты. Бірінші бітірушілер арасынан тарихта Ысқақ Абдоштың аты қалды. Ол 1911 жылы фельдшер-акушер мамандығын алып, отыз жеті жыл фельдшер-акушер болып жұмыс істеп, біраз аналар мен балалардың өмірін өлімнен сақтап қалғаны үшін Еңбектік Қызыл Ту Орденімен марапатталған. Балаларымызды ғылыми жолмен тәрбиелеп өсіру күні кешегіге дейін дамымай қалған.
Тек, соңғы 45-50 жылдағы ел мәдениеті көтерілуі мен жаппай білім алудың, ғылыми-техникалық прогресстің ықпалына сай келген қоғамның және мемлекеттің бала үшін жасаған қамқорлығы арқасында республикамызда бала өсіру, оның денсаулығын ғылыми жолмен сақтау жүйелері кұрылып, іске аса бастады.
Осыған орай, ел болашағын ойлайтын, сол үшін іс бітіре алатын, бойында үлкен адамгершілік және азаматтық қасиеті бар ғалым дәрігерлер, осы істі ұйымдастырушылар болып шықты.
Қазақстандағы бала денсаулығын қорғау ісіне белгілі үлес қосқан профессорлар А.И. Авенирова, Т.Н. Никонова, А.Б. Бисенова, Х.В. Мирзалиева, И.А. Барлыбаева, К.Д. өтегенова, В.В. Сурат, А.К. Машкеев, К.С. Ормантаев, Ш.З. Ибраев, Н.А. Каюпова ж.б. болды. Осы жолда Денсаулық сақтау министірлігінің, Алматы, Астана, Қарағанды, Ақтөбе, Семей мемлекеттік медицина академиялары, КР Педиатрия ғылыми зерттеу институтының (қазіргі РК педиатриясының және бала хирургиясының ғылыми орталығы) педиатрлар-дәрігер мен ғылыми қадрлар дайындауда қосқан үлестері өте зор.
Балалар денсаулығын қорғау ісінде Кеңес ғалымдарының үлесін ұмытпау керек. Бұл тарапта А. А Кисельдің, Т. Н. Сперанскийдің, А. Ф. Турдың, М. С. Масловтың, Ю. Ф. Домбровскаяның, М. Я. Студеникиннің, Ю. Е. Вельтищевтің, В. А. Таболиннің, Е. Е.Новикованың, Е. А. Надеждинаның еңбектерін әдейі атап кету керек.
Соңғы жылдары педиатрия қалыптасқан бағыттарына қарай деонтология, алдын алушылық, клиникалық, ғылыми, қоғамдық және экологиялық түрлі бағыттарға бөлінеді.
П е д и а т р и я л ы қ д е о н т о л о г и я медицина қызметкерлері бала, оның ата-анасы және жақындары, қоғам алдындағы борышын санамен түсіне білуіне, сонымен қатар ауыратын балалармен, сол тәңіректегі адамдармен этикалық, мамандыққа байланысты қарым-қатынас жасауды тәрбиелейтін тәртіп жинақысы.
П р о ф и л а к т и к а л ы қ (алдын алушылық) педиатрия – уруларды болдырмау, мүгедектіктен сақтандыру істерінің жинақысы. Алдын алу жұмысты осы мүддегіге сай біріншілік, екіншілік, үшіншілік деп айырады. Профилактикалық (алдын алушылық) педиатрияға өмір сүру мәнінің саулығы (темекі шегумен, есірткі және тағы басқа зиянды заттарды қолданумен күрес, гигиена, дене шынықтыру мәселелерімен айналысу) халықтың жалпы медициналық сауатын көтеру, перинатологияның мәселелерін шешу, диспансерлік бақылау, балаға зәбір жасамау, жұқпалы ауруларға қарсы егулер жасау т.б. жұмыстар жатады.
К л и н и к а л ы қ педиатрия – ауырған балаларға дер кезінде диагноз қою, емдеу, бұзылған денсаулығын орнына келтіру (реабилитация) мәселелерімен айналысады. Осымен қатар дәрі-дәрмектермен емдеген кезде бала денсаулығына зиян келтірмеу, кезеңдік ем, мамандырылған ем істері де клиникалық педиатрияның жұмысы.
Ғ ы л ы м и педиатрия - әр түрлі аурулардың таралуын, шығу себептерін зерттеп, медицина ғылымдарының жетістіктерімен ұштастыру жатады. Тұқым қуалайтын ауруларды, ауруға бейімділік туғызатын жағдайларды және ауруларды табу, емдеу, жою жолындағы ғылыми жетістіктерді іске асыру - ғылыми педиатрия міндетіне жатады.
Қо ғ а м д ы қ педиатрия – денсаулық сақтау ісін басқару, жоспарлау және қоғамдық жағдайлардың бала денсаулығына келтіретін әсерлерін қамтиды. Сонымен қатар профилактикалық істердің, әр түрлі фондтардың медицинамен байланысын, медициналық қамтамасыздандыру жұмыстарымен айналысады.
Э к о л о г и я л ы қ педиатрия – ауа райының, табиғаттың, әр аймаққа сай сыртқы орта факторлары өзгерісінің бала денсаулығына келтіретін зиянды әсерлерін зерттеу, осы кездерде кең тараған радиацияның, гербицидтер мен пестицидтердің бала ағзасына залал келтірмеуіне, соған сай жұмыстар жасалауын қамтамасыз ету бағытында жұмыстармен айналысады.
Қазіргі кезде Дүниежүзілік Денсаулық Сақтау ¦йымының еңгізілген жаңалықтарын және ұсыныстарын қамти отырып, қазақстандық педиатрияда бала денсаулығын сақтау ісінің жүйесі белгіленіп, бағдарламасы жасалған. Кезеңдерге бөлгенде - олар: отбасы, емхана, аурухана, санаторий болып келеді.
Бала денсаулығын қорғау жолында - отбасы, қоғам, медициналық мекемелер және олар ішіндегі ең негізі – медицина қызметкерлері болып тұрады.
Бала жасының кезеңдері
Бала өмір бойы бір қалыпта тұрмайды, өседі, дамиды, сондықтан әр өмір этапында морфологиялық, физиологиялық, психикалық өзгерістерге байланысты бір неше даму кезеңдері болады. Осы этаптардың ішінде негізі екі кезеңдері бар: құрсақ ішілік шақ және балалық шақ.
Құрсақ ішілік шақта әр түрлі жүйелер қалыптасады, ұрық өте тез өседі, дамиды. Ол ұрықтың дамуына байланысты эмбрионды шақ (эмбриогенез) және шарананың (бала жолдасы) дамуына байланысты шараналық шақтан тұрады. Эмбрионды кезең жатырішілік ІІ-ІІІ айларында орын алады, шараналық кезең жатырішілік ІІІ айынан туғанға дейін созылады.
Балалық шақта бала денесінің өсуі, әр жүйелер және мүшелердің дамуы жалғасады. Осы белгілерге байланысты шақтар келесі кезеңдерге бөлінеді.
- Ж а ң а т у ғ а н д ы қ шақ, басқаша неонаталдық шақ деп аталады - 4 жұма бойы, перзент қырқынан шыққанша дейін созылады.
- Е м е т і н немесе б ө б е к т і к шақ 4-12 жұмаға дейін созылады.
- А л ғ а ш қ ы б а л а л ы қ немесе с ә б и л і к шақ, ол мектепке дейінгі кезең алды болып саналады (1-3 жас аралығы).
- Б і р і н ш і б а л а л ы қ немесе е с т и я р л ы қ шақ, ол мектепке дейінгі кезең (3-6 жас аралығы).
- Е к і н ш і б а л а л ы қ немесе б ү л д і р ш і н д і к шақ, кіші мектеп кезеңі (7-11 жас аралығы).
- Ж е т к і н ш е к т і к шақ, ол ересек мектеп кезеңі (12-17 жас аралығы).
Құрсақ ішілік (а н т е н а т а л д ы қ) шақ 270 күнге дейін жалғасады (280 күнге дейін).
Дереу босану 37-41 жүктілік жұмасына дейін созылады. Мерзімінен бұрын босану - 37 жұмаға дейін кездеседі, кешіккен босану – 42 жұмадан кейін.
Ұрықтың салмағы 270 күн аралығында 6·1012 көбейеді. Туғаннан кейін адамның салмағы тап осылай көбейсе, ересек адамның салмағы жер салмағынан бір неше рет асатын еді. Ұрықтың бойы жүктілік кезде 5000 рет көбейеді.
- Баланың кіндігін кескеннен кейін (неонатальдық) ж а ң а т у ғ а н д ы қ кезең басталады. Бұл кезеңде ағза сыртқы қоршаған ортаның жаңа жағдайларына икемделеді, шараналық (плаценталық) қан айналымы өзгеріп, өкпе арқылы тыныс қалыптасады, дене жылылығын қалыптастыруын жүйелілеуі өзгереді. Осы алдынғы, бір жұмаға жуық неонаталдық мерзіміді тез бейімделу кез деп атайды. Перзент жаңа қоршаған ортаға үйренісіп, қоршаған орта әсерлеріне жауап қайтара бастайды: физиологиялық тері қызаруы, физиологиялық сарғаю, физиологиялық дене салмағы жойылуы, жыныстік криз т.б. түрінде. Осы кезеңде тек жаңа туған балаларда кездесетін аурулар айқындалады, олар: тумастан біткен ақаулар, тұқым қуалау аурулар, гемолиздық ауру, әртүрлі әсерлерден бала миының зақымдануы, тұншығу, іріңді тері аурулары, сепсис т.б. Осы жаңа туғандық кезеңде шартты рефлекстер пайда болады, бала анасымен әсерлі байланыс жасайды.
- Е м е т і н немесе б ө б е к т і к шақ кезеңінде бала өте тығыз анасымен қатынасады, сондықтан баланы міндетті түрде ана сүтімен қоректендіру керек. Осы кезде баланың салмағы үш есе, бойы 50% көбейеді. Тыныс алу мүшелерінің шала дамуына байланысты бала пневмониямен, бронхиолитпен ауырады. Сондықтан осы балаларды шынықтырған жөн. Ең жақсысы – баланы жүзуге үйрету.
- А л ғ а ш қ ы б а л а л ы қ немесе с ә б и л і к шақ, мектепке дейінгі кезеңнің алды – осы кезде баланың физикалық дамуы төмендейді. Екі жасының аяғында сүт тістердін пайда болуы аяқталады. Баланың қимылы өте тез, сондықтан, қимыл зақымдары жиі болады. Баланың тактильдық сезімі жоғары, ауыз рецепторлық аппараты да жан жақты тану мағлұматына қатысады, сондықтан осы кезеңде өте жиі улану және бөтен заттарды жұтып қою жиі кездеседі. Осы кезеңде аллергиялық аурулар, тіпте демікпе ауруы, респираторлық аурулары да пайда болуы мүмкін. Балалар үш жастан бастап «мен» деп сөйлейді, осы жасқа дейін өзі туралы «ол» деп сөйлейтін еді. Тап осы кезеңде баланы дұрыс тәрбиелеген жөн.
- Келесі кезең б і р і н ш і л і к б а л а л ы қ немесе е с т и я р л ы қ шақ, ол - мектепке дейінгі кезең. Осы кезеңде баланың сүт тістері орынына тұрақты тістер пайда болады. Иммунитеті қалыпты болады, баланың ой өрісі (интеллекті) жоғарылайды, ішкі мүшелер құрылысы дамып жетіледі. Бес жастағы бала өз ана тілін жақсы біліп, сөйлейді. Қыз баламен ер балалардың айырмашылығы жақсы білінетіндей болады. Аурулар арасында бірінші орында жұқпалы аурулар, тыныс алу мүшелердің аурулары тұрады. Өлімшілдік арасында бірінші орында зақымдану (травматизм) тұрады.
- Е к і н ш і л і к б а л а л ы қ немесе б ү л д і р ш і н д і к шақта кіші мектеп кезеңіндегі балалардың сүт тістері толық ауысып болады. Ер балалар мен қыз балалар арасындағы айырмашылық айқын білінеді. Баланың қимыл үйлестіруі жақсы дамиды. Бала оқуға байланысты уақытында дұрыс тамак ішпейді, психикасына және нерв жүйесіне қатты салмақ түседі. Баланың көруі бұзылады, келбеті нашарлайды, тіс жегісі пайда болады.
- Ж е т к і н ш е к т і к шақ ересек мектеп кезеңінде жынысты жетілу кезеңі болып саналады. Осыған байланысты балалардың мінез – құлқы, бұрынғы рухани байлықтары өзгереді. Осы шақта ас қорыту мүшелердің аурулары, семіздік пайда болады.