Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Finansy_shpor_ME-21.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
446.7 Кб
Скачать

8. Фискалдық және монетарлық саясат.

Қаржы саясаты:

  1. Фискалды (салықтық бюджеттік):

Құрылымы:

  • Салық саясаты Кеден саясаты Мемлекеттік шығындар

Құралдары:

  • Салық кеден тарифі

  • Салық түрлері

  • Мемлекеттік шығындарды бап

Кеден тарифі-кеден баждары мөлщерлемесінің жүйеленген жиынтығы болып табылады, олар республиканың кеден аумағына әкелетін және бұл аумақ шегінен әкетілетін тауарлар мен өзге де заттарға салынады.

Мемлекеттік шығыстар-мемлекеттік мекемелер қзметін қамтамасыз етуге, заңды тұлғаларға субсидиялар, ресми трансферттер т.б.

Фискалды саясат екіге бөлінеді:

  1. Дескредициялық – ұлттық өндірістің нақтылы көлемін, жұмыспен қамтылуды өзгерту,инфляцияны бақылау, экономиканы өсуді тездету мақсатымен мемлекеттің салықтарымен және шығыстарымен айла-шарғы жасау ретінде жүргізіледі.

  2. Дескредициялық емес – автоматты немесе «кіріктірме тұрақтандырғыштық» іс-әрекетті қажет ететін саясат.

Экономикалық циклдың сипатына қарай ынталандырушы немесе тежеуші фискалды саясат жүргізіледі. Құлдырау кезінде мыналарды қарастыратын ынталандырушы фискалдық саясат жүргізіледі:

1) мемлекет шығыстарының көбеюі;

2) салықтардың төмендеуі;

3) мемлекеттің шығыстары артуының үлкен нәтижесін ескере отырып фискалдық саясаттың бұл бағыттарының үйлесуі.

Артық сұраныммен және инфляциямен шарттасылған тежеушілік фискалдық саясат кері бағыттарды қамтиды:

1) мемлекет шығыстарының азаюы;

2) салықтардың көбеюі;

3) бұл бағыттардың үйлесуі.

Тежеушілік фискалдық саясат бюджет артығына жетуге бағдарлануы тиіс

Фискалды саясат экон/да мынадай мәселе шешеді:

  1. Өндіріс құлдырауы бүл жағдайда салық мөлшерлемесін азайтып шығын құрылымына дотациялар енгізу және қаржыландыру

  2. Импорттық тауарлардың нормадан жоғары мөлшерден енуі, мұнда кедендік тариф жоғарылап және квота енгізу

  3. Монополиялық жағдай тудырмау жағдайы

  1. Монетарлы (ақша несие саясаты)

Құралдары: қайта қаржыландыру мөлшерлемесі;міндетті резерв нормасы,мемл/к ашық нарық операциясы.

Қайта қаржыландыру- коммерциялық банктің қаржы операциялары бойынша негізге алатын параметрлер.Ұлттық банк пен коммерциялық банк арасындағы операцияларда жүргізіледі.

Мемлекеттік бағалы қағаздарды шығарудың негізі мақсаты-бюджеттегі қаржы ресурстардың жеткіліксіздігі жағдайында тапшылықтың орнын толтыру болып табылады.

Орталық банк жоғарыда аталған құралдары арқылы ақша-несие саясатының мақсаттарын жүзеге асырады: 1) ақша жиынын белгілі бір деңгейде ұстап тұру (қатаң монетарлық саясат); 2) немесе пайыз мөлшерлемесін ұстап тұру (икемді монетарлық саясат).

Ұлттық банк монетарлық саясатты жүргізуді екі сипатта болады:

А) қымбат ақша саясаты (рестрикция) – мемлекет инфляция қарқынын тежеу мақсатында қолданады. Бұл кезде қайта қаржыландыру мөлшерлемесін жоғарылату, міндетті резервтер нормасын жоғарылату,мемлекеттік бағалы қағаздарды коммерциялық банктерге сату жүреді.Нәтижесінде: ұлттық банк міндетті резервтер нормасын жоғарылатады,несие операциялары бойынша мөлшерлеменің жоғарылауын тудырады, инфляция деңгейін тежейді.

Б)арзан ақша саясаты (экспансия)- өндірістің құлдырауы кезінде немесе экономикалық субъектілердің қызметтерін ынталандыру мақсатында жүргізіледі.Бұл кезде қайта қаржыландыру мөлшерлемесін төмендету, міндетті резервтер нормасын төмендету, мемлекеттік бағалы қағаздарды коммерциялық банктерден қайта сатып алу.Нәтижесінде: ұлттық банк міндетті резервтер нормасын төмендетеді,несие операциялары бойынша мөлшерлеменің төмендеуін тудырады, жұмыссыздық деңгкйі төмендейді.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]