Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Finansy_shpor_ME-21.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
446.7 Кб
Скачать

90. Эссе. Қаржы дағдарысының Қазақстанның қаржы жүйесіне тигізетін әсері, салдары

Американың ипотекалық нарығындағы проблемалардан туындаған әлемдік қаржы дағдарысы қаржылық жүйенің аясынан шығып, экономикалық дағдарысқа алып келді, бұл дағдарысқа, оның құрылымдық ерекшеліктеріне Қазақстанның экономикасы өте сезімтал болды. Әлемдік қаржы дағдарысының «екінші толқыны» деп аталатын салдар қаржы секторының барлық сегменттерінің және Қазақстан экономикасының жай-күйінде байқалды. Әлемдік экономикада болып жатқан ғаламдық өзгерістер әлемнің

көптеген елдерінің Үкіметі мен қаржылық реттеушілерінің алдына дағдарыстың алдын алу жөніндегі шараларды қабылдау қажеттілігімен байланысты үлкен міндеттер қойды. Қазақстан жалпы ғаламдық үрдістер аясында бұрын қабылданған іс-шаралар кешеніне толықтыру әзірлеп, Қазақстан Республикасы Үкіметінің, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің және Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің Экономиканы және қаржы жүйесін тұрақтандыру жөніндегі бірлескен іс-қимыл жоспарын қабылдады.

2008 жылдың екінші жартысында айтарлықтай күшейе түскен жаһандық турбуленттіліктің салдары жалпы ел экономикасына және отандық қаржы секторының жай-күйіне ауыр әсер етті. Банктердің кредиттік белсенділігінің елеулі түрде кемуі, қазақстандық экспорттың негізгі баптарына бағаның құлдырауы және олардың экономикалық өсімнің серпінділігіне ықпалы, қаржыландырудың дәстүрлі дереккөздерінің елеулі шектелуі еліміздегі қаржылық тұрақтылықты қамтамасыз ету және қаржы жүйесіне деген сенімділікті сақтау мақсатында экономикалық саясат аясында шұғыл, шоғырландырылған және барынша түбегейлі ынталандыруды талап етті. Банк секторы 2008 жылдың екінші жартысында басталған дағдарыстың екінші «толқынынан» елеулі қысым көрген отандық қаржы секторының негізгі сегменті болып қала берді. Атап айтқанда, сыртқы қаржыландыру есебінен өзінің бизнес стратегиясын қаржыландырған ЕДБ өткен жылы өтімділіктің тапшылығы, қатаң талаптары жағдайында және қайта қаржыландыру мен өтімділік тәуекелдерінің өрістеуі барысында іс-әрекет жасауға мәжбүр болды, бұл олардың активтерінің өсу қарқынының баяулауына және өз кезегінде нақты сектордағы халықты кредиттеу көлемінің төмендеуіне алып келді. Бұл ретте, жылжымайтын мүлік пен құрылыс секторларын кредиттеу көлемі төмендеді, сондай-ақ өз бизнесіне банк ресурстарының есебінен белгілі бір деңгейдегі тұрақтылық жағдайында демеу көрсетіп отырған шағын кәсіпкерлік субъектілерін кредиттеу де барынша азайды. Қазақстандық ЖЗҚ портфельдері шетелдердегі ЖЗҚ портфельдері сияқты әлемдік, сондай-ақ ішкі қор нарығындағы күйзелістерге өте сезімтал екенін танытты. Сонымен, 2008 жылғы қыркүйекте алғаш рет

Қазақстанның жинақтаушы зейнетақы жүйесі жұмыс атқара бастағаннан кейін жинақталған зейнетақы қаражатының төмендеуі тіркелді, бұл ЖЗҚ-ның

инвестициялық портфельдеріндегі бағалы қағаздарға нарық бағамына теріс тренд берілуіне байланысты және қаржы нарығындағы құбылмалықпен байланысты инвестициялық кірістің қысқаруымен түсіндіріледі.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]