
- •1.Қоғамдық ұдайы өндірістегі қаржының мәні, функциялары, рөлі
- •2.Қаржы ж/е қаржылық қатынастарға сипаттама беріңіз.
- •3. Қаржы ресурстары, қаржы қорлары
- •4. Қаржының экономикалық категориялармен өзара байланысы. (Баға, несие, еңбекақы)
- •6. Қаржы жүйесін ұйымдастырудың қағидаттары.
- •7.Қазақстан Республикасында қаржы жүйесін жетілдіру міндеттері.
- •8. Фискалдық және монетарлық саясат.
- •Фискалды (салықтық бюджеттік):
- •Монетарлы (ақша несие саясаты)
- •9.Қаржы саясатының ұғымы, міндеттері, мақсаттары мен қағидаттары
- •Фискалды (салықтық бюджеттік):
- •Монетарлы (ақша несие саясаты)
- •10. Қаржы механизмінің мазмұны мен құрылымы.
- •11. Қаржылық бақылау.
- •12. Қаржылық басқару.
- •13. Шаруашылық жүргізуші субьектілер қаржысының жұмыс істеу негіздері, ерекше белгілері, сыныптамасы.
- •14. Коммерциялық емес ұйымдар мен мекемелердің қаржысы, қаржыландыру көздері, әдістері.
- •16. Мемлекеттің қаржысы. Мемлекет қаржысының кірістерін атап,сипаттамалар беріңіз.
- •18. Сақтандырудың экономикалық мәні,функциялары
- •19. Мемлекеттік кредиттің мәні, нысандары мен әдістері
- •20. Бюджет тапшылығы мен артықшылығы және оны қаржыландыру мен жұмсау жолдары
- •21. Мемлекеттік бюджет мәні,рөлі,құрылымы.
- •Қазақстан Республикасының мемлекеттік бюджеті
- •22. Мемлекеттік бюджеттен тыс қорлар.
- •23. Бюджет жүйесі және бюджет құрылысы
- •Қазақстан Республикасының мемлекеттік бюджеті
- •24. Бюджет жүйесінің қағидаттары және бірыңғай бюджеттік сыныптамасы
- •25.Салық механизмі.
- •27. Салық элементтеріне сипаттама беріңіз.
- •30. Мемлекет қаржысы. Мемлекеттің шығыстары, пайдалану жолдары
- •32. Қорғаныс пен басқарудың қаржыландырылуы
- •33. Инфляцияның әлеуметтік-экономикалық салдарлары
- •34. Мемлекеттік несиенің функциялары мен түрлері
- •35. Сақтық ісін ұйымдастыру.
- •36. Бағалы қағаздар рыногы, бағалы қағаздың түрлері.
- •38. Инфляция,олардың түрлері
- •39. Тікелей салық, оларға тән белгілері, сипаттамасы.
- •40. Бағалы қағаздар ерекшеліктері мен қызметтері.
- •41. Қаржы нарығының мәні, функциялары
- •42. Мемлекет қаржысындағы шығарып тастау және бөлгіштік қағидасының мәні.
- •44 Шаруашылық субъектілердің қаржылық қорлары
- •45. Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры
- •46. Инфляцияның табиғаты және оның қаржымен өзара байланысы.
- •47. Әлеуметтік мақсаттардағы шығыстарды қаржыландыру
- •48. Қаржы рыногы, маңызы,ерекшелігі және оның басқа рыноктардан айырмашылығы
- •50. Мемлекеттік қаржылық реттеудің мазмұны және міндеттері.
- •52. Мемлекеттік бюджеттің кірістері мен шығыстарының құрылымы.
- •54. Мемлекеттік несие, мемлекеттік қарыз, мемлекеттік борыш.
- •55. Қр салық ставкасы
- •56. Мемлекеттік борыш ж/е оның түрлері
- •57. Қаржы саясатының міндеті,мақсаты,қағидалары.
- •58. Мемлекеттік реттеудегі қаржылық реттеу түрлеріне сипаттама.
- •59. Сақтандыру мен қаржының байланысы.
- •60. Қаржы нарығы құрылымы.
- •61. Эссе. Қр-ғы ипотекалық несиелеудің жағдайы және даму перспиктивалары.
- •62. Эссе. Қазақстандағы ақша - несие саясатының негізгі бағыттары.
- •63. Эссе. Қаржылық дағдарыстың себеп - салдары .
- •64. Эссе. Бүкіл элемдік дағдарыстың пайда болу себептері.
- •65. Эссе. Қаржы дағдарысының екінші деңгейлі банктердің қызметіні әсері.
- •66. Эссе. Қр-ғы шағын және орта бизнесті дамытудың қаржылық -аспектілері.
- •68. Қр Ұлттық банкінің инфляцияны тежеудегі қолданатын шаралары
- •69. Қазақстан Республикасының тұрақты экономикалық даму стратегиясы.
- •71. Қр шағын және орта бизнесті дамытуды қаржылық қамтамасыз ету.
- •73. Эссе. Әлемдік қаржы дағдарысы жағдайында қаржы механизмін жетілдіру
- •75. Эссе. Қр сақтандыру нарығының қазіргі кездегі жағдайы және даму перспективалары
- •77. Эссе. Қр-ғы бағалы қагаздар нарығының даму ерекшеліктері.
- •78. Эссе. Халықты әлеуметтік қорғауды қаржылық қамтамасыз ету мәселеле
- •79. Мемлекеттің ішкі және сытрқы қарыздарының проблемалары
- •80. Халықтың өмір сүру деңгейін мемлекеттік реттеу.
- •81. Эссе. Иновациялық жүйенің даму болашағы
- •82. Эссе. Жахандану жағдайындағы бағалы қағаздар нарығындағы даму перспективалары мен проблемалары
- •83 Эссе. Халықтың өмір сүру деңгейін мемлекеттік реттеу мәселелері
- •84 . Эссе. Қр-ғы міндетті сақтандырудың дамуы.
- •85. Эссе. «Әлеуметтік –экономикалық жаңғырту-Қазақстан дамуының басты бағыты»
- •86. Эссе. Қазақстандағы ақша - несие саясатының негізгі бағыттары.
- •87. Эссе. Бюджет шығыстарының әлеуметтік бағыттары
- •88 Эссе қр экономикасының бәсекеге қабілеттілік деңгейі
- •89. Салықтық бақылауды жетілдіру жолдары
- •90. Эссе. Қаржы дағдарысының Қазақстанның қаржы жүйесіне тигізетін әсері, салдары
- •91 Бюджеттің атқарылуы
- •94. Зейнетақы жүйесi
88 Эссе қр экономикасының бәсекеге қабілеттілік деңгейі
Елдің бәсекеге қабілеттілігі - кез келген елдің дамуы үшін қағидатты мәселе, өйткені бұл халықтың өмір сүру сапасы мен әл-ауқаты деңгейінің бірден-бір объективті өлшемі болып табылады. Жаһандану Қазақстан қоғамында болып жатқан барлық процестерге дерлік біртіндеп әсер етуде. Кезең-кезеңімен еркін сауда саясатын жылжыту жүзеге асырылуда. Бірқатар секторлардың өндірістерін трансұлттық ету процесі күшейіп отыр. Қазақстанның ақпарат кеңістігі бірыңғай ақпараттық кеңістікке барынша кірігуде.
Қазақстан Дүниежүзілік Сауда Ұйымына кіру бойынша жұмыстар жүргізуде. Шағын ішкі нарығы бар және әлемдік нарыққа қол жеткізуге мұқтаж ел үшін ашық сауда саясатының объективті қажеттігі анық.
Қазіргі кезде әлемдік тәжірибеде ұлттық экономикалардың бәсекеге қабілеттіліктері мен әлемдік қоғамдастыққа кірігу мәселелеріне басты назар аударылып отыр.
Американдық Heritage Foundation зерттеу қоры The Wall Street Journal-мен бірлесе отырып ұдайы жариялайтын экономикалық еркіндік рейтингінің деректеріне сәйкес республика өзінің көрсеткіштерін тұрақты түрде жақсартуда. «Әлемдік бәсекеге қабілеттілік бойынша шолу – 2012» қорытындысы бойынша әлемнің 59 елі салыстырылған Менеджментті дамыту халықаралық институтының рейтингінде Қазақстан былтырғы көрсеткіштен төрт саты жоғарылап, 32-орынға табан тіреді. Сонымен бірге Қазақстан "АТ Kearney" рейтингіне сәйкес барынша инвестициялық тартымды 25 елдің тізіміне кірген. Қазақстанның танымал бәсекелі басымдықтарының қатарына қолайлы геостратегиялық орналасу орны мен бай, табиғи минералдық-шикізат ресурстары, сондай-ақ саяси тұрақтылық, макроэкономикалық теңгерімділік, капиталдың жоғары деңгейде ағылуы, бизнес бастамаларға жәрдемдесу жатады. Әзірше ірі пайдалы қазба қорларының болуы Қазақстанның ең қомақты салыстырмалы экономикалық артықшылығы болып қалуда. Қазақстан осы артықшылықты тірек ете отырып, ұлттық экономикадағы дағдарысты еңсерді, экономикалық өсуді қамтамасыз етті, бірқатар маңызды экономикалық реформалар жүргізді. Алайда, жаһанданудың тегеуірінді талаптары мен республиканың жалпыәлемдік процестерге жылдам енуі экономикалық өсудің сапалық құрамдас бөлігінің танымал проблемаларын шиеленістіріп отыр. Экономика шикізат ресурстары нарығындағы конъюнктураларға тәуелді. Өңдеу өнеркәсібі баяу қарқынмен дамуда және жаңартылуда. Тұтастай алғанда, Қазақстан орнықты дамуға көшуді қамтамасыз ету жөніндегі озық шараларға мұқтаж. Осы уақытқа дейін ресурстарды өндіру мен тұтынуда айтарлықтай теңгерімсіздік сақталуда. Экономика жаңартылатын ресурстар мен энергия көздерінің зор әлеуетін тек шамалы деңгейде ғана пайдаланып отыр. Өндірілетін өнімдердің энергияны қажетсінуі мен өндірістің экологиялық шығындары жоғары. Бизнестің экологиялық жауапкершілігінің төмен деңгейі мен экологиялық проблемаларды шешу процесіне халық пен әлеуметтің әлсіз қатысулары байқалуда. Халықтың тұрмыс сапасы қазіргі заманғы стандарттардан артта қалуда. Мүлде жоғары әлеуметтік тәуекелдер орын алып отыр, өндірістік, тұрмыстық және жол жарақатының деңгейі де жоғары. Әлеуметтік маңызы бар аурулармен аурушаңдықтың деңгейі, ана мен бала өлімінің деңгейі жоғары болып отыр. Халықтың өмір сүруінің орташа ұзақтылығының төмен деңгейі орын алып отыр.
Қазақстан - әлемде өзінің өмірлік мүдделерін табысты іске асыруға мүмкіндік беретін, халықтың тұрмыстық сапасының жоғары деңгейімен тұрақты даму қағидаларын ұстанатын адам, қаржы, табиғи, техникалық, технологиялық және ақпараттық ресурстары бар қарқынды дамушы мемлекет. Қазақстанның бәсекеқабілеттілік Басымдықтары :
1. Бәсекеге қабілетті ментальділік.
2. Макроэкономикалық, институционалдық және құқықтық орта.
3. Инновациялық және технологиялық.
4. Бәсекеге қабілеттіліктің тік және көлденең аспектілері.
5. Тиімді бизнес.
6. Тұрақты даму, халық тұрмысының жоғары сапасы, қазіргі заманғы
білім беру жүйесі.