Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Finansy_shpor_ME-21.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
446.7 Кб
Скачать

80. Халықтың өмір сүру деңгейін мемлекеттік реттеу.

БҰҰ Даму бағдарламасының «2009 жылы адам дамуы туралы баяндамасында» алғашқы бестікке Норвегия, Австралия, Исландия, Канада және Ирландия енді. Халықтың өмір сүру деңгейін анықтағанда денсаулық, білім деңгейі және мәдени дамуы, қоршаған ортаны қорғау мен қылмыс деңгейі есепке алынған. Бұдан бөлек, рейтингті анықтауда халықтың өмір сүру ұзақтығы, жан басына шаққандағы ІЖӨ және сауаттылық көрсеткіші, сондай-ақ қоғамдық өмірге араласу мүмкіндігі және еркіндігі ескерілген. .

Былтырғы жылы еңбек өтілдері ескеріле отырып зейнетақылар мен жалақылардың көлемі қайта қаралғанын және жылдың басынан ең төменгі зейнетақы мен жалақы көлемінің көбейтілгеніне тоқталған Елбасы, “біз Халықтың Жинақ банкінде қалып, жоғалған салымдарын өтеуді қажет деп тапқан жалғыз мемлекетпіз. Қазірдің өзінде 4 миллиард теңгеден астам өтемақы төленді. Егер, бұл өтемақыларды ағымдағы жылы төлеп үлгермесек, онда оны келер жылы да жалғастыру керек ” деп атап көрсетті.

Соңғы жылдары ел халқының өмір сүру деңгейі үздіксіз өсіп келеді. Бұл туралы Нұрсұлтан Назарбаев наурыздың 19-ында Парламент палаталарының бірлескен мәжілісінде жария еткен дәстүрлі Қазақстан халқына Жолдауында мәлімдеді.

Былтырғы жылы еңбек өтілдері ескеріле отырып зейнетақылар мен жалақылардың көлемі қайта қаралғанын және жылдың басынан ең төменгі зейнетақы мен жалақы көлемінің көбейтілгеніне тоқталған Елбасы, “біз Халықтың Жинақ банкінде қалып, жоғалған салымдарын өтеуді қажет деп тапқан жалғыз мемлекетпіз. Қазірдің өзінде 4 миллиард теңгеден астам өтемақы төленді. Егер, бұл өтемақыларды ағымдағы жылы төлеп үлгермесек, онда оны келер жылы да жалғастыру керек ” деп атап көрсетті.

Елбасы айтқандай, өткен 4 жылдың ішіндегі экономиканың өсімі “ең төменгі зейнетақы көлемін - 4000 теңгеден 5800 теңгеге арттыруға мүмкіндік берді”. Орташа зейнетақының көлемі де екі есеге – 4 мыңнан 8,6 мың теңгеге дейін өсті. Ең төменгі жалақы екі жарым есеге - 2500-ден 6600 теңгеге, орташа жалақы 1,6 есеге, яғни 14 мың теңгеден 24 мың 800 теңгеге дейін өсті. Ал, мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар 45 пайызға көтерілді. Әлеуметтік- экономикалық даму жетістіктері бізге Орталық Еуропаның бірқатар елдерінің негізгі көрсеткіштеріне жақындауға мүмкіндік беріп отыр, ал, Оңтүстік-шығыс Еуропа елдерінен біз әлдеқашан оздық. Дүниежүзілік банктің саралауы бойынша, біздің мемлекетіміз енді табысы орта деңгейден жоғары елдердің қатарына жатады.

81. Эссе. Иновациялық жүйенің даму болашағы

Қазақстанды қазіргі дағдарыстың дауылынан мейлінше аз шығынмен алып шығатын жол. Біз жаңа технологияларды игеріп, инновациялық өсуді қолдаған жағдайда ғана дағдарыстың зардаптарынан тезірек құтыламыз. Оған Елбасымен бірге өзіміз көрген финн елінің тәжірибесі дәлел бола алады.Бiздің елдiң инновациялық индустрияландыруы - дамудың жалғыз ғана дұрыс жолы. Елімізде инновациялық жүйенi дамытуға арналған барлық алғышарттар бар: ғылыми әлеует, инновациялық және қаржылық инфрақұрылым, инновациялық кәсiпкерлiк. Бұл технопарктер мен бизнес-инкубаторлардың құруын, ғылыми зерттемелерге гранттердің бөлінуін, сонымен бірге өндірісте инновациялық жобалардың іске асырылуы мемлекеттiк-жекеменшік әріптестік (МЖӘ) тәсілдерінің кеңінен қолдануын көздейді.

«Инновациялық даму» дегеніміз жаңа жаңалық пен ғылымды, технологияны өндіріспен тығыз байланыстыру көзделген экономикалық даму бағыты. Республикамыздың 2003-2015жж. Индустриалды-инновациялық дамуы Стратегиясының басты мақсаты да тұрақты өсім траекториясына шикізаттық бағыттан сервистік-технологиялық экономикаға көшу мақсатында өндіріс салаларын диверсификациялау көзделген. Инновациялық даму жолын таңдау себептерінің негізгілері: əлемдегі өнеркəсіптің технологиялық жолмен қарқынды дамуы, əлемде жаһандану процесінің өріс алуы, Қазақстанның БСҰ-на кіру мақсатына байланысты өнеркəсіпті бəсекелестікке дайындау қажеттілігі жəне бəсекеге қабілетті еңселі елу елдің қатарына қосылудағы мақсатқа жету.

Қазақстанның қазiргi таңдағы экономикасында мынадай проблемалар орын алуда: экономиканың шикiзат бағыттылығы; әлемдiк экономикаға ықпалдасудың әлсiздiгi; ел iшiндегi салааралық және өңiраралық экономикалық ықпалдасудың босаңдығы;өңдеушi өнеркәсiп өнiмдiлiгiнiң төмендiгi; iшкi рынокта (шағын экономика) тауарлар мен қызметтерге деген тұтыну сұранысының мардымсыздығы; өндiрiстiк және әлеуметтiк инфрақұрылымның жеткiлiктi дәрежеде дамымауы; кәсiпорындардың жалпы техникалық және технологиялық тұрғыдан артта қалуы; ғылым мен өндiрiс арасында ұтымды байланыстың болмауы; ҒЗТКЖ қаржының аз бөлiнуi; отандық ғылымның нарықтық экономика жағдайларына нашар бейiмделуi және т.б.Индустриалды-инновациялық саясаттың басты мақсаты шикiзаттық бағыттан бас тартуға ықпал ететiн экономика салаларын әртараптандыру жолымен елдiң тұрақты дамуына қол жеткiзу; ұзақ мерзімді жоспарда сервистiк-технологиялық экономикаға өту үшiн жағдай жасау болып табылады.Өңдеушi өнеркәсiпте және қызмет көрсету саласында бәсекеге түсуге қабiлеттi және экспортқа негiзделген тауарларды, жұмыстар және қызмет көрсетулер өндiрiсi мемлекеттiк индустриялық-инновациялық саясаттың басты нысанасы болып табылады.

Индустриалдық-инновациялық саясатты iске асыру:

- ЖIӨ құрылымындағы өнiмдердi шығарудың үлес салмағын 2015 жылы 46,5 %-тен 50-52 %-ке дейiн ұлғайту;

- ЖIӨ құрылымындағы ғылыми және ғылыми-инновациялық қызметтiң үлес салмағының қызметiн 2000 жылы 0,9 %-тен 2015 жылы 1,5-1,7 %-ке дейiн көтеру;

- ЖIӨ құрылымындағы өңдеу өнеркәсiбiнiң үлесiн 2000 жылы 13,3 %-тен 2015 жылы 12-12,6 %-ке төмендеуiнiң қарқынын баяулату (осы көрсеткiш салыстыру үшiн индустриялық саясатты жүргiзбесе 2015 жылы 10,9 %-тi құрайтын болады);

- Индустриалдық-инновациялық саясатты iске асырмаса, өнеркәсiп өндiрiсiндегi тау-кен салаларының қосылған құн үлесi 2015 жылы 55-56 %, оның ішiнде 2000 жылы 31,0 % және 25,6 % салыстырғанда мұнай өндiру - 50-51 % жетедi.Стратегияны iске асыруды ескере отырып, тау-кен өндiрiсi 45-47 % ғана құрайды. Бұл ретте ғылымды қажетсiнетiн және жоғары технологиялы өндiрiстiң үлесi 2000 жылы ЖIӨ 0,1 %-тен 2015 жылы 1-1,4 %-кe дейiн өседi. Бұл ретте күнкөрiстiң төменгi деңгейi, ең аз жалақы және зейнетақы өседi. Ел тұрғындарының нақты ақшалай табысы 2,1-2,4 есе ұлғаяды.Индустриялық-инновациялық саясат Қазақстанның 2015 жылға дейiнгi кезеңге арналған мемлекеттiк экономикалық саясатын қалыптастырады және экономика салаларын әртараптандыру арқылы дамудың шикiзаттық бағытынан қол үзу арқылы елдiң тұрақты дамуына қол жеткiзуге бағытталған.Осыған орай ҚР-да Ұлттық инновациялық қор (ҰИҚ) құрылған болатын. ҰИҚ индустриалды-инновациялық дамудың алдағы бес жылда венчурлық және инновациялық инфрақұрылымды дамыту бойынша өз жұмысын жалғастырады. Ұлттық инновациялық жүйені әлемiнiң бiр елiнде де нарық өз еркімен қалыптастырмаған, оның себебі жекеменшік сектор тарапынан бастамашылықтың болмауы және тәуекел етуге бармауы деп атап өту керек. Сондықтан, жүйенiң белсендi қатысушысы (локомотиві) рөлiн атқару, мемлекетке тап болып қалады. Ұлттық инновациялық қор жобаларды дамытудың әртүрлi кезеңдерiнде қаржыландырады: идея мен үлгі жасауынан бастап өндiрiстiң кеңейтуiне дейiн. ҰИҚ-тың қаржыландыруының тетігі – жоба құнынан 49% дейiн үлестiк инвестиция салу. ҰИҚ-тың портфелiнде қазір тоғыз жоба бар.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]