Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Finansy_shpor_ME-21.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
446.7 Кб
Скачать

78. Эссе. Халықты әлеуметтік қорғауды қаржылық қамтамасыз ету мәселеле

Әлеуметтік қорғау - бұл әлдебір жағдайларға (кәрілік, мүгедектік, денсаулық жағдайы, асыраушысынан немесе жұмысынан айрылуы) және өзге де заңды негіздерге байланысты экономикалық белсенді бола алмайтын әрі лайықты ақы төленетін еңбекке қатысу жолымен өзін табыспен қамтамасыз ете алмайтын азаматтар үшін өмірлік қажетті игіліктердің және әл-ауқаттың белгілі бір деңгейін қамтамасыз етуге арналған жүйе.

Әлеуметтік қорғау жүйесінің негізгі қаржыландыру көзі мен жалпы реттеушісі мемлекет болып табылады. Заңнамаға сәйкес азаматтардың жекелеген санаттарына мемлекет қаражаты есебінен әлеуметтік көмек көрсетіледі. Мемлекет барлық әлеуметтік төлемдердің толығын және уақытында төленуін бюджеттен қамтамасыз етеді.

Азаматтарды әлеуметтік қорғау жөніндегі шаралар:

- республикалық және жергілікті бюджеттердің;

- кәсіпорындардың қаражаты;

- қайырмалдықтардың, қайырымдылық көмектің, сондай-ақ халықаралық қорлардың қаражаты есебінен қаржыландырылады.

Соғысқа қатысқандарға, соғыс мүгедектеріне және соларға теңестірілген адамдарға берілетін жеңілдіктер мен оларды әлеуметтік қорғауды қаржыландыру республикалық және жергілікті бюджеттердің, сондай-ақ қайырымдылық қорларының есебінен жүзеге асырылады. Ұйымдар аталған адамдарға материалдық көмек көрсетуге құқылы.

Әлеуметтiк сақтандыру жүйесін қаржыландыру әлеуметтік салық ставкаларын 3% азайту және сақтандыру аударымдарын қызметкер табысының 3% мөлшерінде енгізу есебінен жүзеге асырылады.

Қаржы Министрі Болат Жәмішевтің айтуы бойынша 3 жылдық кезең бойынша 2012 жылы бюджет шығыстары 5 трлн. 500 млрд. теңгені, 2013 жылы - 5 трлн. 505 млрд. теңгені, 2014 жылы - 5 трлн. 884 млрд. теңгені құрайтын болады. «Бұл ретте республикалық бюджеттің 3 жылдық кезеңінде әлеуметтік қамсыздандыру мен әлеуметтік көмекке жұмсалатын шығыстар 4 трлн. 38 млрд. теңге сомасында жоспарланады. Оның ішінде 2011 жылға қарағанда 334 млрд. теңгеге немесе 12,5 пайызға өсе отырып, 2012 жылдың шығысы 1 трлн. 209 млрд. теңгені, 2013 жылдың шығысы - 1 трлн. 349 млрд. теңгені, ал 2014 жылдың шығысы - 1 трлн. 970 млрд. теңгені құрайтын болады», - деді Б. Жәмішев.

Қаржы министрінің айтуынша, аталған қаражаттың 93 пайызы әлеуметтік төлемдерге жолданады. Бұл ретте аталған төлемдерге 3 жылдық бюджеттен 3 трлн. 738 млрд. теңге көзделген. Оның ішінде 2012 жылғы төлемдер 1 трлн. 128 млрд. теңгені құрайды. Бұл биылғы жылмен салыстырғанда, 209 млрд. теңгеге немесе 12 пайызға жоғары көрсеткіш.

79. Мемлекеттің ішкі және сытрқы қарыздарының проблемалары

Соңғы жылдары Қазақстанның сыртқы қарызы күрт өстi. Егер 2005 жылы сыртқы қарыздың көлемi 43 миллиард доллар болса, 2009 жылдың қазанында ол 111 миллиард долларға жеткен. Оның iшiнде мемлекет кепiлдiк бермеген жеке сектордың қарызы – 108,5 миллиард доллар. Ал мемлекет кепiлдiк берген сыртқы борыш – 2,7 миллиард доллар. Қазiр сыртқы қарыз жалпы iшкi өнiмнiң 100,8 пайызынан асты. Cыртқы қарызды айқындайтын бiрден-бiр көрсеткiш – оның тауар және факторлық емес қызмет экспортына қатысы. 2009 жылдың алғашқы жарты жылдығының қорытындысы бойынша бұл көрсеткiш 225,5 пайызға жеткен. Ұлттық банк деректерiне сүйенсек, сыртқы мiндеттеменiң, әсiресе, 2007-09 жылдары едәуiр өскенiн байқаймыз. 2007 жылы елiмiздiң жалпы сыртқы қарызы 23 миллиард долларға, ал 2008 жылы 11 миллиард долларға өскен. Шетелден көп қарыз алғанымызбен, қайтарғанымыз аз. 2009 жылдың алғашқы жарты жылдығында сыртқы қарыз небәрi 1,5 миллиард долларға қысқарған.

Алдыңғы жылдардағы алынған сыртқы қарыздың басым бөлiгi екiншi деңгейлi банктерге тиесiлi болса, қазiргi кезде банктердiң қарызы 30 пайызға қысқарып, өзге секторлардiкi едәуiр өскен. Бүгiнде елiмiздiң таза сыртқы қарызы 67 миллиард доллар болса, оның 32 миллиарды банк секторына тиесiлi.

2009 жылдың аяғына сырттан тартылған инвестиция көлемi 25 миллиард долларға жеткен. Ұлттық банктiң 30 шiлде бойынша берген мәлiметiне сүйенсек, Қытайдан 7,3 миллиард доллар қарыз алыппыз. Оның 3,4 миллиарды қытай банктерiнен алынған несие. Ұлттық банктiң негiзгi кредитор елдер бойынша есебiне сүйенсек, Қазақстан ең көп қарыз алған ел – Нидерланды. Бұл елден 39,6 миллиард доллар көлемiнде инвестиция тартылған. АҚШ пен Ұлыбританиядан алған қарызымыз да аз емес. АҚШ-тан 7,8 миллиард доллар, ал Ұлыбританиядан 7,5 миллиард доллар көлемiнде қаржы тартылған. Алайда, Қытайдың алдыңғы орынға шығатыны анық. Аспанасты елiнен алынған қарыздың сұрауы тым қымбатқа түстi. «Маңғыстаумұнайгаздың» 50 пайыз акциясын қытайлықтарға ұстаттық.

Макроэкономикалық тұрғыдан алғанда, елiмiздiң сыртқы қарызы қомақты. Мұның артында үлкен қауiп-қатердiң тұрғаны билiктiң ойына кiрiп-шықпайтын сияқты. Ұлттық банк төрағасының орынбасары Данияр Ақышев сыртқы қарыз экономиканың өсуiне оң әсерiн тигiзедi деп есептейдi. «Сыртқы қарыз отандық экономика өндiргеннен анағұрлым көп көлемде тұтынуға, инвестициялауға мүмкiндiк бередi. Оны тиiмдi жұмсау экономикалық прогрестi жеделдетедi», – дейдi ол. Рас, шетелден Шетелден ең көп сыртқы қарыз алған салаларға келсек, қаржы қызметi, геологиялық барлау және iздестiру жүргiзу бойынша қызмет, құрылыс саласын бөлiп айтуға болар.

Сыртқы қарыздың терiс тұстары көп. Ең алдымен кредиторлар алдындағы экономикалық, саяси тәуелдiлiк. Сонд.көптеген экономистер сыртқы қарыздан гөрi iшкi қарыздың берерi көп деп есептейдi. Өйткенi, сыртқы борышты өтеуге жұмсалатын пайыз өзге елдiң экономикасына бағытталады. Бұдан өз елiмiздiң резиденттерiне келiп-кетер пайда жоқ.

Болат Жамишевтің жыл басындағы хабарлауы бойынша ҚР мемлекеттік қарызы 2 трлн.93млрд теңгені құрады, оның ішінде үкімет қарызы 1трлн 618 млрд теңге, ішкі қарыз 1 трлн 289млрд теңге, ал сыртқы қарыз 329 млрд теңгені құрады. Үкімет қарызы бақылау деңгейінде тұр деп мәлімдеді.

2009 жылғы мемлекеттiң iшкi қарызының жартысына жуығы (46,5 пайызы) Ұлттық банкке тиесiлi екен. Үкiметтiң iшкi қарызы былтырғыға қарағанда жарты миллиард долларға өсiп, жыл басында 2,9 миллиард долларға жеттi. Жергiлiктi атқарушы органдардың қарызы 6,5 миллиард доллар. Ұлттық банктiң iшкi қарызы 4,2 миллиардқа жеткен, бiр жыл iшiнде 3 миллиард АҚШ долларына өскен.

Жалпы сыртқы қарыздың өсуiне банктердiң халықаралық қаржы институттарынан аз пайызбен көп көлемде қарыз алуы себеп болып отыр.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]