Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Finansy_shpor_ME-21.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
446.7 Кб
Скачать

75. Эссе. Қр сақтандыру нарығының қазіргі кездегі жағдайы және даму перспективалары

Қазіргі кездегі жағдайы:2012 жылдың 1 сәуіріне қалыптасқан жағдай бойынша, берілген лицензияларға сәйкес, республиканың қаржы нарығында 36 сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы әрекет жасап жатыр, бұл ретте өмірді сақтандыру жөніндегі іс-әрекетті жүзеге асыруға 7 ұйымның, көлік құралдарының иегерлерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру бойынша – 24 ұйымның лицензиясы бар. Сондай-ақ сақтандыру қызметтері нарығында өзінің іс-әрекеттерін 13 сақтандыру брокері мен 83 актуарий жүзеге асырып отыр.

Қарастырылып отырған мерзімнің 1 сәуіріне 411,6 млрд. теңге құрай отырып, 2012 жылдың 3 айында сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының жиынтық активтері 6,2%-ға артты. Жиынтық өзіндік капитал 2,6 %-ға артып, 237,2 млрд. теңге құрады. Сақтандыру резеревтерінің сомасы 142,7 млрд. теңге құрады.

Тікелей сақтандыру шарттары бойынша жүргізілген сақтандыру төлемдерінің көлемі 2012 жылдың 3 айында 12,2 млрд. теңге құрады, бұл алдындағы жылдың көрсеткішінен 51,0%-ға көбірек. Оның ішінде, міндетті сақтандыру бойынша сақтандыру төлемдерінің көлемі 3,3 млрд. теңге құрады (өткен жылдың осындай күнімен салыстырғанда 20,4%-ға артқан), ерікті дербес сақтандыру бойынша сақтандыру төлемдерінің көлемі - 6,9 млрд. теңге (өткен жылдың осындай күнімен салыстырғанда 74,4%-ға артқан) және ерікті мүліктік сақтандыру бойынша – 2,0 млрд. теңге (43,8%-ға артқан). Қазіргі таңда сақтандыру төлемдерін кепілдендіру жүйесінде 34 сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы қатысып отыр.

2012 жылдың 1 сәуіріне қалыптасқан жағдай бойынша, мәжбүрлеп тарату процесінде 2 сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы («Алтын Полис» СК» АҚ және «Premier Cақтандыру» АҚ), ерікті таратылу процесінде 1 сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы («Темір Ат» СК» АҚ) тұр.

Көлемі бойынша аса ірі сақтандыру компанияларының бестігі өзгермеді. «Евразия» СК-ның активтері ай ішінде 74, 44 млрд. теңгеден 73,36 дейін шамалы азайды, ал «Виктория» СК-да - 58, 1 млрд. теңгеден 57,59 млрд.теңгеге дейін кеміді. «Халық-Қазақинсақтандыру» СК-ның активтері 1,3 млрд.теңгеге артты. «БТА Сақтандыру» СК-ның активтері 0,11 млрд. теңгеге; "ҚазЭкспортГарант"» активтері - 0,07 млрд. теңгеге артты

Даму перспективалары:Қазақстанның сақтандыру нарығы қарқындап өсуде, мұның өзін сақтандыру сыйлықақылары, активтер жəне меншікті капитал көлемінің өсуі растайды. Бұл ретте сақтандыру секторының сыйымдылығы өз əлуетін жоққа шығармады – жиналған сыйлықақылардың айтарлықтай үлесі корпоративтік сақтандыруға тиесілі (ірі өнеркəсіп, мұнай, авиация жəне мүліктік тəуекелдерді сақтандыру). Бұл ретте бөлшек сақтандыру секторы жиналған сақтандыру сыйлықақыларында аз ғана үлеске ие болады (сақтандыру компаниялары портфелінде 1% аспайды). Сақтандыру операцияларының да жоғары қарқынмен өсуіне байланысты, сақтандыру төлемдерінің көлемі өсуде. Сақтандыру қызметінде зияндылықтың біршама өсуіне қарамастан активтердің жəне капиталдың пайдалылық көрсеткіштері сақтандыру компаниялардың пайдамен қызмет етуі үшін жеткілікті дəрежеде жоғары деңгейде. Қазақстандық сақтандыру компанияларының көбі үшін инвестициялық қызмет аса маңызды емес кіріс көзі болып табылады. Сақтандыру компанияларының инвестициялық портфелінің құрылымы кейбір өзгерістерге ұшырады. Атап айтқанда, мемлекеттік бағалы қағаздардың үлесі тұрақты төмендеу үрдісіне ие, бұл ретте екінші деңгейдегі банктердегі депозиттердің жəне республика эмитенттерінің мемлекеттік емес бағалы қағаздарының үлесі өсу үстінде. Бұл қадағалау органының активтердің белгілі бір бөлігін МБҚ-ға міндетті орналастыру жөніндегі талаптарын, осы арқылы олардың елеулі үлесін қаржы нарығының неғұрлым кірісті құралдарына инвестициялау үшін босата отырып, алып тастауына байланысты. Сонымен қатар сақтандыру компанияларының инвестициялық портфелінің құрылымы банктерге тəуелділіктің өсіп отырғанын көрсетеді. Инвестициялық қызметтен кірістердің аз ғана болуына қарамастан оның жиынтық кірістердегі динамикасының өскені байқалады.

1 кезең – ұйымдық-құқықтық қайта құру (2010 жылға дейін).

Сақтандырудың қорғаныс және инвестицялық қызметтерін ынталандыру:

  • қолайлы әлеуметтік-экономикалық ортаны құру;

  • сақтанушылардың рыногын қалыптастыру;

  • бағалы қағаздар рыногын жетілдіру;

  • сақтандыру заңнамасын халықаралық талаптарға сай үйлестіру;

  • сақтандырушылардың тұрақтылығын жоғарлату;

  • сақтандыру қызметінің инфрақұрылымын қалыптастыруды аяқтау.

2 кезең – инвестициялық мүмкіншіліктерді жоғарлату (2020 жылға дейін)

Инновациялық және инвестициялық қызметтерді жетілдіру:

  • сактандырушылардың ннвестициялық мүмкіншіліктерінің аясын кеңейту;

  • инновациялық қызмет тәуекелін қорғау бойынша жаңа қызмет көрсетулердің пайда болуы;

  • сактандырушылардың капиталдандырылуын ұлғайту;

  • таяу шет ее рыногында ұлттық сақтандырушылардың өктемпаздығы;

  • заңнамаларды жетілдіру;

  • сақтандыру қызметінің инфрақұрылымын дамыту.

3 кезең – дамыған сақтандыру қызметі рыногы

Барлық сақтандыру қызметтерінің толық жүзеге асырылуын қамтамасыз ету:

  • әлеуметтік қорғаудың үш денгейлі жүйесінің толыққанды қызмет етуі (сактандыру компанияларының белсенді рөлі жағдайында);

  • ЖІӨ-ң 15%-ға дейінгі масштабымен сақтандырушылардың институционалдық қызметін нығайту;

  • ұлтаралық сақтандырушылардың пайда болуы;

  • таяу шет ел рыноктарында инвестициялық өктемпаздық жүргізу.

76. ҚР-ның қаржы жүйесіне қаржы дағдарысының әсері.

Әлемдік қаржылық дағдарыс Қазақстанның қаржы жүйесіне айтарлықтай әсер етті. Алайда бұл дағдарыстың әсері Қазақстан үшін Еуропа мемлекеттерімен салыстырғанда қатты болған жоқ. Ең алдымен, менің ойымша аталған үдеріс ең алдымен қаржы жүйесінің дамымағандығымен байланысты. Мысал ретінде ипотекалық несиелеудің дамымағандығы, жалпы несие нарығының дамымағандығы, халықтың қаржылық сауатсыздығы т.б.  Экономиканың баяу қалпына келуі жағдайында қызмет көрсетілмейтін несиелердің үлесі айтарлықтай артты және банк активтері сапасының одан әрі нашарлады, бұл коммерциялық банктердің балансына қосымша қысым түсірді. 2008 жылы әлемдік экономиканың өсуі баяулауы және қазақ¬стан¬дық экспорт бойынша энер¬ге-тикалық және минералды ре¬сурстарға сұраныстың төмендеуінің байқалуы мен ұлттық валюта – теңгенің құнсыздануы да қаржы жүйесіне кері әсерін тигізді. Мәселен, экспорт алдыңғы жылы 71 млрд доллар болды, ал 2009 жылы бұл көрсеткіш 43 млрд долларға төмендеді. Бұл мемлекеттің бюджет үшін айтарлықтай соққы болды. Тұтастай республика бойынша 2008 жылға республикалық бюджеттің нақтыланған болжамы 1 триллион 529,5 миллиард теңге болды, яғни бұрынғы бекітілген көрсеткішке қарағанда 371,1 мил¬лиард теңгеге азайды. Бұл мына¬дай факторлардың әсерінен туындап отыр. 2008 жылдың қорытындысы бойынша есептерді нақтылау есе¬сінен кірістер 176,9 миллиард тең¬геге кеміту жағына қайта қа¬ралды. Сол сияқты, экономи¬ка¬ның өсу қарқынының төмендеуі 62 миллиард теңгеге тарта мөл-шер¬де шығындарға әкеледі. Сырт¬қы сауда айналымы көрсет¬кіштерінің және теңгенің АҚШ долларына бағамы¬ның өзгеруі кі¬ріс бөлігінде 22,8 миллиард теңге мөлшерінде шы¬ғынға әкелетін болады. Сондай-ақ тау-кен сек¬торы бойынша пайдалы қазба¬лар¬ды өндіруге салық көлемі 90 мил¬лиард теңгеге төмендетілді

2009-2011 жылдарға арналған қолданыстағы бюджетті нақтылау және Мемлекет басшысы Жол¬дауы¬ның тұжырымдарын іске асыру барысында жекелеген шы¬ғыс¬тарды жалпы сомасы 297,4 мил¬лиард теңгеге арттыру көзделді. Құнсыздануға байланысты инфляцияның болжамды деңгейі 11 пайызға дейін өсу жағына түзетілді

Тұтастай, бюджет¬тің кіріс бө¬лігінде жоғарыда аталған шы¬ғын¬дарды және шы¬ғыс бөлігіндегі қо¬сым¬ша қажеттерді ес¬кере оты¬рып, өтемақы үшін жалпы қажет¬ті сома 668,5 миллиард теңгені құрады. Мемлекет бас¬шы¬сының Жол¬дау¬ында айтылған тапсырмаға сәй¬кес, аталған қажеттерді жа¬будың бірінші көзі 2009 жылға арналған бюджетте бекітілген 843 миллиард теңге мөлшеріндегі ке¬пілді трансфертке қосымша үс¬тіміздегі жылы шикізат секторына түсімдер есебінен құралған, Ұлт¬тық қордан 347,9 миллиард теңге мөлшеріндегі нысаналы транс¬ферт болып табылады. Қосымша бөлінетін нысаналы трансферт Мемлекет басшысы жа¬рия еткен жұмыспен қамту, жұмыссыздық деңгейінің елеулі төмендеуіне жол бермеу және дағдарыстан кейінгі орнықты даму үшін жағдайлар жасау стра-тегиясын іске асыру көзі болып табылады. Бұл ретте, үстіміздегі жылдың 1 қаңтарына жинақ¬тал¬ған және 3,3 триллион теңге құ¬раған Ұлттық қордың активтері өзгеріссіз қалады. Мемлекет бас¬шысының Жолдауында Ұлттық қорға ағымдағы барлық түсімдер екі жыл бойы дағдарысқа қарсы ша-раларды іске асыру үшін ны¬са¬налы трансферттер түрінде то¬лығымен бюджетке жіберілетіндігі жарияланды. Екінші көзі бюд¬жеттің өз ішінен табылды. Үкімет оны бюджеттің жекелеген шы¬ғыстарын оңтайландыру есебінен іске асыруды ұсынды, бұл тағы да 320,6 миллиард теңгені жұмыл-дыруға мүмкіндік берді. Тұтастай алғанда, республи¬ка¬лық бюджет тапшылығы түзетіл¬ген бюджет деңгейінде сақталып отыр, ол – 573,6 миллиард теңге (ІЖӨ-нің болжамдық мөлшеріне 3,4 пайыз). Сол сияқты жергілікті бюджеттерге берілген субвенция¬лардың мөлшерін бекітілген кө-лемде сақтау ұсынылып отыр, ол – 526,9 миллиард теңге. Яғни, бұрын қолданыста болған Бюджет кодексіндегі сияқты жаңа Бюджет кодексінен де өз көрінісін тапқан саясат әрі бюджетаралық қаты¬настар туралы екі, үш жылдық заң¬ды қабылдау арқылы сақ¬талды, ол тұрақты өзара қарым-қатынастарды қамтамасыз етеді.

 

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]