
- •1.Қоғамдық ұдайы өндірістегі қаржының мәні, функциялары, рөлі
- •2.Қаржы ж/е қаржылық қатынастарға сипаттама беріңіз.
- •3. Қаржы ресурстары, қаржы қорлары
- •4. Қаржының экономикалық категориялармен өзара байланысы. (Баға, несие, еңбекақы)
- •6. Қаржы жүйесін ұйымдастырудың қағидаттары.
- •7.Қазақстан Республикасында қаржы жүйесін жетілдіру міндеттері.
- •8. Фискалдық және монетарлық саясат.
- •Фискалды (салықтық бюджеттік):
- •Монетарлы (ақша несие саясаты)
- •9.Қаржы саясатының ұғымы, міндеттері, мақсаттары мен қағидаттары
- •Фискалды (салықтық бюджеттік):
- •Монетарлы (ақша несие саясаты)
- •10. Қаржы механизмінің мазмұны мен құрылымы.
- •11. Қаржылық бақылау.
- •12. Қаржылық басқару.
- •13. Шаруашылық жүргізуші субьектілер қаржысының жұмыс істеу негіздері, ерекше белгілері, сыныптамасы.
- •14. Коммерциялық емес ұйымдар мен мекемелердің қаржысы, қаржыландыру көздері, әдістері.
- •16. Мемлекеттің қаржысы. Мемлекет қаржысының кірістерін атап,сипаттамалар беріңіз.
- •18. Сақтандырудың экономикалық мәні,функциялары
- •19. Мемлекеттік кредиттің мәні, нысандары мен әдістері
- •20. Бюджет тапшылығы мен артықшылығы және оны қаржыландыру мен жұмсау жолдары
- •21. Мемлекеттік бюджет мәні,рөлі,құрылымы.
- •Қазақстан Республикасының мемлекеттік бюджеті
- •22. Мемлекеттік бюджеттен тыс қорлар.
- •23. Бюджет жүйесі және бюджет құрылысы
- •Қазақстан Республикасының мемлекеттік бюджеті
- •24. Бюджет жүйесінің қағидаттары және бірыңғай бюджеттік сыныптамасы
- •25.Салық механизмі.
- •27. Салық элементтеріне сипаттама беріңіз.
- •30. Мемлекет қаржысы. Мемлекеттің шығыстары, пайдалану жолдары
- •32. Қорғаныс пен басқарудың қаржыландырылуы
- •33. Инфляцияның әлеуметтік-экономикалық салдарлары
- •34. Мемлекеттік несиенің функциялары мен түрлері
- •35. Сақтық ісін ұйымдастыру.
- •36. Бағалы қағаздар рыногы, бағалы қағаздың түрлері.
- •38. Инфляция,олардың түрлері
- •39. Тікелей салық, оларға тән белгілері, сипаттамасы.
- •40. Бағалы қағаздар ерекшеліктері мен қызметтері.
- •41. Қаржы нарығының мәні, функциялары
- •42. Мемлекет қаржысындағы шығарып тастау және бөлгіштік қағидасының мәні.
- •44 Шаруашылық субъектілердің қаржылық қорлары
- •45. Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры
- •46. Инфляцияның табиғаты және оның қаржымен өзара байланысы.
- •47. Әлеуметтік мақсаттардағы шығыстарды қаржыландыру
- •48. Қаржы рыногы, маңызы,ерекшелігі және оның басқа рыноктардан айырмашылығы
- •50. Мемлекеттік қаржылық реттеудің мазмұны және міндеттері.
- •52. Мемлекеттік бюджеттің кірістері мен шығыстарының құрылымы.
- •54. Мемлекеттік несие, мемлекеттік қарыз, мемлекеттік борыш.
- •55. Қр салық ставкасы
- •56. Мемлекеттік борыш ж/е оның түрлері
- •57. Қаржы саясатының міндеті,мақсаты,қағидалары.
- •58. Мемлекеттік реттеудегі қаржылық реттеу түрлеріне сипаттама.
- •59. Сақтандыру мен қаржының байланысы.
- •60. Қаржы нарығы құрылымы.
- •61. Эссе. Қр-ғы ипотекалық несиелеудің жағдайы және даму перспиктивалары.
- •62. Эссе. Қазақстандағы ақша - несие саясатының негізгі бағыттары.
- •63. Эссе. Қаржылық дағдарыстың себеп - салдары .
- •64. Эссе. Бүкіл элемдік дағдарыстың пайда болу себептері.
- •65. Эссе. Қаржы дағдарысының екінші деңгейлі банктердің қызметіні әсері.
- •66. Эссе. Қр-ғы шағын және орта бизнесті дамытудың қаржылық -аспектілері.
- •68. Қр Ұлттық банкінің инфляцияны тежеудегі қолданатын шаралары
- •69. Қазақстан Республикасының тұрақты экономикалық даму стратегиясы.
- •71. Қр шағын және орта бизнесті дамытуды қаржылық қамтамасыз ету.
- •73. Эссе. Әлемдік қаржы дағдарысы жағдайында қаржы механизмін жетілдіру
- •75. Эссе. Қр сақтандыру нарығының қазіргі кездегі жағдайы және даму перспективалары
- •77. Эссе. Қр-ғы бағалы қагаздар нарығының даму ерекшеліктері.
- •78. Эссе. Халықты әлеуметтік қорғауды қаржылық қамтамасыз ету мәселеле
- •79. Мемлекеттің ішкі және сытрқы қарыздарының проблемалары
- •80. Халықтың өмір сүру деңгейін мемлекеттік реттеу.
- •81. Эссе. Иновациялық жүйенің даму болашағы
- •82. Эссе. Жахандану жағдайындағы бағалы қағаздар нарығындағы даму перспективалары мен проблемалары
- •83 Эссе. Халықтың өмір сүру деңгейін мемлекеттік реттеу мәселелері
- •84 . Эссе. Қр-ғы міндетті сақтандырудың дамуы.
- •85. Эссе. «Әлеуметтік –экономикалық жаңғырту-Қазақстан дамуының басты бағыты»
- •86. Эссе. Қазақстандағы ақша - несие саясатының негізгі бағыттары.
- •87. Эссе. Бюджет шығыстарының әлеуметтік бағыттары
- •88 Эссе қр экономикасының бәсекеге қабілеттілік деңгейі
- •89. Салықтық бақылауды жетілдіру жолдары
- •90. Эссе. Қаржы дағдарысының Қазақстанның қаржы жүйесіне тигізетін әсері, салдары
- •91 Бюджеттің атқарылуы
- •94. Зейнетақы жүйесi
56. Мемлекеттік борыш ж/е оның түрлері
Мемлекеттік кредит қызметінің нәтижесінде мемлекеттік борыш түзіледі. Мемлекеттік борыш - бұл алынған (игерілген) және өтелмеген мемлекеттік қарыздардың, белгілі бір күнге, сондай-ақ борыштык міндеттемелердің белгілі бір күнге сомасы (олар бойынша есептелген пайыздарды қоса). Мемлекеттік борыш ұлғаймалы ұдайы өндірісті және қоғамдық қажеттіліктерді қанағаттандыру үшін ақшалай ресурстарды тарту нысандарының бірі ретінде мемлекеттік карыздарды пайдаланудан туады. Мемлекеттік борышты мемлекет мемлекеттік бюджеттің қаражаттары есебінен өтейді. Орналастыру рыногына, қарыз валютасына және басқа сипаттамаларына қарай мемлекеттік борыш ішкі және сыртқы мемлекеттік борыш болып бөлінеді. Ішкі мемлекеттік борыш - Үкіметтің, Ұлттық банктің және жергілікті атқарушы органдардың Қазақстан Республикасының резиденттері алдындагы ішкі мемлекеттік қарыздары мен басқа борыштық міндеттемелері бойынша мемлекеттік борышының құрамдас бөлігі. Сыртқы мемлекеттік борыш—Үкімет пен Ұлттық банктің Қазақстан Республикасының бейрезиденттері алдындағы сырткы мемлекеттік қарыздары мен басқа борыштық міндеттемелері бойынша мемлекеттік борышының құрамдас бөлігі. Сондай-ақ күрделі және ағымдағы мемлекеттік борыш болып бөлінеді.Мемлекет кепілдендірген борыш - Қазақстан Республикасының мемлекеттік кепілдіктері бар белгілі бір күнге алынған және өтелмеген мемлекеттік карыздардың сомасы.Күрделі мемлекеттік борыш деп мемлекеттің шығарылған және өтелмеген борышқорлық міндеттемелерінің бүкіл сомасын (бұл міндеттемелер бойынша есептелген пайыздарды қоса) айтады. Ағымдағы борыш - бұл мемлекеттің барлық борышқорлық міндеттемелері бойынша кредиторларға табыс төлеу және мерзімі келген міндеттемелерді өтеу женіндегі шығыстар.Қазақстан Республикасында мемлекеттік борыш өз кезегінде тікелей Үкіметтің, Ұлттык банктің және Үкіметтің кепілдігі үлесін алған кәсіпорындардың борышы болып бөлінеді. Егер Борышты кредиторлардың түрлері (тұрпаттары) бойынша өзара бөліске салсақ, көбінесе Дүниежүзілік банкке, Халықаралық валюта қорына және Қазақстандық экспортты қаржыландыратын ұйымдарға қарыз. Қарыз алудың едәуір көлемі жеке несиелерге де тиеді. Бұлар көбінесе Қазақстанның бағалы қағаздарын - қазынашылық міндеттемелерді, Ұлттық банктің ноталары мен еурооблигацияларын сатып алатын шетелдік жеке және заңи ұйымдар. Мемлекеттік сыртқы қарыз алу бойынша тартылатын қаражаттардың көлемі елдің Ұлттық банкінің таза алтын-валюта резервтерінің 50 пайызынан аспауы тиіс.
57. Қаржы саясатының міндеті,мақсаты,қағидалары.
Қаржы саясаты дегеніміз – қоғамның әл/к-эк/қ дамуы б/ша мемл-ң өзінің функциялары мен міндеттемелерін жүзеге асыруға бағытталған қаржы саласындағы ұйымдастырылған мақсатты іс-шаралар жиынтығы.
Қаржы саясатының міндеттері:
Мемлекеттің нақты дамуы сатысына қарай, яғни ұлттық шаруашылық секторының ж/е аумағының қажетіне қарай қаржы ресурстарымен толық қамтамасыз ету жағдайларын жасау.
Мемлекеттің қармағындағы барлық қаржы ресурстарының эк/ка салаларының арасында, ұлттық шаруашылық секторлары мен әкімшілік аумақтың бірліктерінің арасында неғұрлым үнемді мақсатта бөлуді қамтамсыз етуді көздейді.
Қаржы саласындағы нақтыланған іс-шараларды жүзеге асыру үшін тиісті қаржылық механизмді жүргізуді,құруды көздейді.
Қаржы саясатының негізгі мақсаты - бюджет кірістері мен шығыстарының арасындағы теңдікке жеткізуді қоса алғанда эк-ны сауықтыру үшін, эк-ң өндіріс саласын дамыту б.т. Қазақстан жағдайларындағы қаржылық саясаттың мақсаты – іс-шаралар әзірлеу ж/е оларды индустриялық-инновациялық дамудың,ұлттық шаруашылықтың құрылымын қайта құрудың,елдің эк-н әлемдік шаруашылыққа ұтымды біріктіру жолымен сыртқы эк-қ қызметті жандандырудың негізінде эк-қ өсуді қамтамасыз ету,әл-к бағдарламаларды үздіксіз және ұлғаймалы қаржыландыру жөніндегі қаржылық механизм арқылы іске асыру б.т.
Қаржы саясатының қағидалары:
ҚР-ның нақты көлеміне қарай ұлттық-шаруашылық секторларының,әкімшілік аумақтың бірліктерінің, сол аумақта тұратын әл/к-кәсіби топтардың қажеттіліктерін қанағаттандыруда мемлекеттке қаржы ресурстарын бөлуге, яғни қоғамдық өндіріске қатысушылардың әрқайсыларының мүдделерін сақтау мен қорғау.
Қаржы қатынастарын ұйымдастыруда жоспарлықты қамтамасыз ету.
Қаржы буындарының, яғни қоғамдық өндірістегі қатысушылар мен шығындар арасындағы тепе-теңдікті қамтамасыз ету болып табылады.
Қаржы резервтерін құру.
Мемлекет пен шаруашылық тұлғаның арасында қаржы ресурстарын тиімді бөлуді қамтамасыз ету.
Қаржылық саясаттың тиімділігін қамтамасыз ететін жалпы қағидаттар:
объективті эк-қ заңдардың іс-әрекетін есепке алу;
нақты арихи жағдайларды есепке алу;
өткен жылдардың өзіндік тәжірибесін және дүниежүзілік тәжірибені есепке алу.