Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Finansy_shpor_ME-21.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
446.7 Кб
Скачать

52. Мемлекеттік бюджеттің кірістері мен шығыстарының құрылымы.

Мемлекеттік бюджеттің кірістері – экономикалық қатынастар жүйесін айтады, бұл қатынастар процесінде мемлекеттің жұмыс істеуінің материалдық базасын жасау үшін мемлекет меншігіне түсетін қаражаттардың жиынтығын құрайды. Бюджеттің кірістері салықтық, салықтық емес түсімдер, негізгі капиталды сатудан түскен түсімдер, трансферттік түсімдер болып табылады. Кірістердің жаңа түрлерін енгізу, қолданылып жүргендерінің күшін жою немесе оларды өзгерту салықтық кодекске міндетті түрде өзгерістер немесе толықтырулар енгізіле отырып жүзеге асырылады.

Салықтық түсімдер - cалықтық кодексте белгіленген салықтар мен бюджетке төленетін басқа міндетті төлемдер болып табылады.

Салықтық емес түсімдер - бюджетке төленетін міндетті, қайтарусыз төлемдер, байлаулы гранттар, сондай-ақ трансферттерден басқа, бюджетке тегін негізде берілетін ақша.

Негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер - мемлекеттік мекемелерге бекітілген мемлекеттік мүлікті, мемлекеттік материалдық резервтен тауарларды, мемлекет меншігіндегі жер учаскелерін жеке меншікке сатудан немесе оларды тұрақты немесе уақытша жер пайдалануға беруден, не Қазақстан Республикасы заңдарында немесе халықаралық шарттарда көзделген тәртіппен өзге тәсілмен өткізуден, мемлекетке тиесілі материалдық емес активтерді сатудан бюджетке түсетін ақшалар болып табылады.

Трансферттердің түсімдері - бұл бюджеттің бір деңгейінен екіншісіне, Ұлттық қордан республикалық бюджетке түсетін трансферттер түсімдері.

Құрамы: Меншік нысандарын ұйымдық –құқықтық рәсімдеуге қарай:

  1. Мемлекеттік кәсіпорындар мен ұйымдардың табыстарынан;

  2. Жеке кәсіпкерлік сектордың салықтық түсімі;

  3. Қоғамдық,кооперативтік және ұжымдық кәсіпорындардың салық түсімдерінен;

  4. Халықтың салықтық түсімдерінен;

Жасалу сферасына байланысты:

  1. Материалдық өндіріс сферасында қалыптасқан кірістер;

  2. Өндірістік емес сферада жасалынған кірістер;

Қаржылық мазмұны бойынша:

  1. Салықтық

  2. Салықтық емес

Мемлекеттік бюджеттің шығыстары – қайтарылмайтын негізде бөлінетін бюджеттік қаражаттар.Шығындардың қатаң мақсатты арналымы болады. Бюджеттің шығыстары шығындар, бюджеттік кредиттер, қаржылық активтерді сатып алу, қарыздарды өтеу болып табылады.

Бюджеттік кредиттер - қайтарымдылық, мерзімділік және ақылық негізде

бюджеттен бөлінетін ақшалар.

Қаржылық активтерді сатып алу - заңи тұлғалардың, соның ішінде халықаралық ұйымдардың қатысу үлестері мен бағалы кағаздарын мемлекеттік меншікке сатып алуға бағытталған бюджеттік қаражаттар. Қарыздарды өтеу - Қазақстан Республикасы ратификациялаған мемлекеттік сыртқы қарыздар туралы, сондай-ақ ішкі қарыздар бойынша халықаралық келісімшарттарға сәйкес негізгі борышты өтеуге бағытталған бюджеттік қаражаттар.

Құрамы:

1. Экономиканы қаржыландыру – бұл өндіріс көлемінің тұрақты өсуі және оның тиімділігін арттыру үшін жағдайлар жасауға бағытталған ақша қаражаттары. Оларға: негізгі капиталға жұмсалатын инвестициялар, негізгі капиталға жөндеу жатады.

2. ҒТП қаржыландыру – ғылыми техникалық зерттеулерге байланысты соның ішінде іргелі және қолданбалы зерттеулер, жобалау зерттемелері, жаңа техника мен технологияны, өндірісті, еңбекті басқаруды, ұйымдастырудың әдістерін енгізу.

3. Әлеуметтік мәдени іс шараларды қаржыландыру – оқу ағарту, ақпаратты, қызметтер көрсетуге, мәдениетке, денсаулық сақтауға жұмсалатын шығын.

4. Қорғанысқа жұмсалған шығын – қарулы күштерге, басқа әскерлер мен әскери құрамаларға қаржы материалдық-техникалық және өзге ресурстарды бөлу, ҚР-ң қорғанысы кепілін қамтамасыз ету. Қорғанысты қаржымен қамтамасыз етуге кіреді: а)қарулы күштерді қаржыландыру; б)ғылыми зерттеулер мен қорғаныс сипатындағы зерттемелер; в) ақпаратты жүйені жасау және дамыту; г) әскери объектінің күрделі құрылымы.

53. Бюджет балансы. Бюджет тапшылығы.

Баланс – бұл тепе-теңдік, бюджетті жасаған кезде негізгі мәселе мемлекеттің ақшалай түсімдері мен шығыстарының осындай жай күйіне жету болып табылады. Кірістердің шығыстардан, яғни бюджетке түсетін түсімдердің жалпы сомасының шығыстардың және қайтарымды негізде бөлінетін кірістердің ауқымынан асып түсуі бюджет артығын – профицитті құрайды. Ол мемлекеттік борышты өтеуге бағытталады немесе бюджеттік қаражаттардың (республикалық және жергілікті бюджеттегі) бос қалдығын құрауы мүмкін. Аяқталған бюджет жылы бойынша бюджет кезеңінің аяғында қалыптасқан бюджеттік қаражаттардың бос қалдықтары үкімет пен жергілікті атқарушы органдардың арнайы шоттарына есептеледі және кассаның айналымдағы нақты ақшасының өсіміне және биліктің тиісті органының мемлекеттік борышын жабуға пайдаланылады.

Шығыстардың кірістерден асып түсуі мемлекеттік бюджеттің тапшылығын тудырады. Тапшылықтың едәуір әрі тұрақты болуы қаржының дағдарыстық жай-күйін сипаттайды.Бюджет тапшылығы инфляция басылғаннан кейін ел экономикасының шешуші проблемалары бола бастайды. Әр бюджетте оның кіріс және шығыс бөлігін теңестірген, яғни баланстаған дұрыс. Жалпы түсінікте кірістердің шығыстардан асып түсуі бюджет артығын - профицитті, ал шығыстардың кірістерден асып түсуі мемлекеттік бюджеттің тапшылығын құрайды. Қазақстанда Бюджеттік кодекске сәйкес, бұл ұғымдарға нактыланған түсінік берілген: бекітілген, нактыланған және түзетілген республикалық және жергілікті бюджеттердің тапшылығы (профициті) олардың борышының негізгі сомасын өтеу сомасынан шегеріп тастағандағы қарыз алу сомасына тең. Бекітілген, нактыланған және түзетілген республикалық бюджеттің мұнайлық емес тапшылығы (профициті), Ұлттық қордың түсімдерінен басқа республикалық бюджет шығыстарын шегеріп тастағандағы республикалық бюджет түсімдерінің сомасына тең. Бесжылдық кезеңде республикалық бюджеттің тапшылығы кепілдік берілген трансферт мөлшерін алып тастап, Ұлттық қорға түсетін жалпы түсімдер ретінде есептелетін Ұлттық қордың орташа жылдық өсімінен аспауға тиіс. Тапшылықтың ұйғарымды деңгейі деп елдің жалпы ішкі өнімге қатысты 2-3% мөлшері саналады. Бюджеттің едәуір және созылмалы тапшылығы кезінде қарыздар мемлекеттің қажеттіліктерін жаппайды, олар ақшаның қосымша (яғни тауар айналымының қажеттіліктерінен тыс) эмиссиясымен қамтамасыз етіледі, бұл инфляцияның дамуына, ақша айналысы заңының бұзылуына, ақшаның құнсыздануына, нақтылы табыстардың және халықтың тұрмыс деңгейінің төмендеуіне апарып соғады.Бюджет тапшылығы экономиканың жай-күйін бейнелеп көрсетеді, ал оның болуы мына себептерге байланысты:елдің экономикасында өндірістің жалпы құлдырауы;қоғамдық өндіріс шығындарының өсуі; айналысқа тауар жиынымен жабылмайтын ақшаны шектен тыс шығару;бюджеттің шығыстарында экономиканың даму деңгейіне сәйкес келмейтін едәуір әлеуметтік шығыстардың басымдығы;әскери-өнеркәсіп кешенін ұстауға жұмсалатын әскери шығыстарды, басқару шығыстарын қаржыландырудың қомақты ауқымы; «көлеңкелі» экономиканың ірі ауқымды айналымы;ұлттық шаруашылықтағы өнімсіз шығыстар мен ысыраптар.Ақша эмиссиясы есебінен бюджет тапшылығын жабуға болмайды. Бюджет тапшылығын жабудың негізгі нысандары мыналар болып табылады: мемлекеттік қарыздар шығару; кредиттік ресурстарды пайдалану. Тапшылықты азайту немесе оны жою мақсатымен секвестр - ағымдағы қаржы жылының қалған уақыты ішінде барлық баптар бойынша белгілі бір пайызға мемлекеттің шығыстарын үйлесімді қысқарту пайдаланыладыБюджет тапшылығын төмендетудің мынандай әдістері болады: шығыстар тұрақты, кірістер өседі; кірістер тұрақты, шығыстар азаяды; кірістер өседі, шығыстар азаяды Тапшылықты қаржыландыру - оны жабу үшін қосымша ақшалай қаражаттарды іздестіру.Бюджет тапшылығын қаржыландырудың жолдары:

Ақша белгілерін шығару. Бұл жол теріс әлеуметтік-экономикалық салдарлары болатын инфляцияға жеткізеді.Өз кезегінде ақша эмиссиясы айналысқа ақша белгілерін тікелей шығаруда да, жанама түрде мемлекеттік бағалы кағаздар шығару және оларды коммерциялық банктерге өткізу арқылы да тұлғалануы мүмкін, коммерциялық банктер өзінің резервтерін көбейтеді және банктік мультипликатордың аркасында айналыстағы ақшаның санын көбейтеді.

Мемлекеттік қарыздар. Бұл жағдайда қаржыландыруға бос ақшалай қаражаттары бар компаниялар, банктер қатысады.

Шетелдікқарыздар.Оларды Дүниежүзілік валюта қоры, басқа халықаралық қаржы ұйымдары, үкіметтер, банктер береді.

Ұлттық байлықты пайдалану. Бұл ретте мемлекет басқа субъектілерге өзінің активтерін сатады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]