Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Finansy_shpor_ME-21.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
446.7 Кб
Скачать

50. Мемлекеттік қаржылық реттеудің мазмұны және міндеттері.

Мемлекет тарапынан экономикалық үдерістерді реттеу кез келген коғамдық жүйенің, соның ішінде қаржыны басқарудың ажырағысыз элементі болып табылады.

Экономиканы реттеу әдетте екі нысанда - өзін-өзі реттеу және мемлекеттік реттеу нысанында жүргізіледі. Біріншісі қоғамдық өндірістің түрлі буындарында қаржы базасын калыптастырудың шаруашылық жүргізуші субъектілердің өздері жасап, пайдаланатын әдістерімен сипатталады. Екінші нысан қоғамдық өндірістің даму үдерісіне мемлекеттің сан алуан экономикалық тетіктері, соның ішінде каржылық тұтқалар арқылы араласуын бейнелейді. Экономиканы мемлекеттік реттеуге қаржы жүйесінің барлық сфералары мен буындары катысады, оның үстіне қаржы жүйесінің әр буыны ықпалының өзгешеліктері болады, айталық, ұлттық экономика ара катынастарының (ұдайы өндірістік, салалық, өңірлік жэне т.б.) сан алуан түрлері реттеледі.

Экономиканы мемлекеттік қаржылық реттеу - бұл макроэкономикалык тепе-тендікке жэне экоңомиканың жұмыс істеуінің әрбір нақтылы кезеңінде оның үдемелі дамуына әсер ету үшін, сондай-ақ қаржылық ресурстарды шебер пайдаланудың күнделікті үдерісін камтамасыз ету үшін шаруашылык жүргізуші субъектіге мемлекеттін қаржылық ыкпал жасауының нысандары мен әдістерін мақсатты және дәйекті қолдану үдерісі ретінде си­патталады. Мұндай реттеудің қажеттігі мемлекет тарапынан қоғамдық өндірістің барысын қоғамға керек бағытта түзетіп отыруды талап ететін өндірістің сипатымен анықталады.

Қаржылық реттеудің көмегімен мемлекет халықтың төлем қабілеттігінің сұранымына, қорланудын қарқынына, тауарлар мен кызметтерді өткізуге, елдер арасындағы тауарлар мен капиталдардың қозғалысына, макроэкономиканың салалық және аумақтық құрылымына ықпал етеді.

Міндеттері:

1)материалдық өндіріс сферасында жұмылдырылатын қаржылық ресурстардың жалпы деңгейін реттеу;

2)өндірістік сферадағы монополиялық қызметті экономикалық щектеу;

3)кәсіпорындардың, ұйымдардың сыртқы экономикалық қызметін реттеу, олардың құқықтық және келісімшарт тәртібін қамтамасыз ету;

4)кәсіпорындарда, ұйымдарда, фирмаларда өндірісті дамытуды материалдық жағынан ынталандырып отыру;

5)кәсіпорындардың, ұйымдардың, фирмалардың ақшалай ресурстарын бөлудің ішкі өндірістік ара қатысын реттеу;

6)ел, өңір, сала, кәсіпорын, ұйым, фирма көлемінде инвестициялық және инновациялық үдерістерді реттеп отыру.

Сөйтіп, өндірісті қаржылық реттеу мен ынталандырып отырудың негізінде жалпы алғанда елдің экономикалық дамуының үрдісіне қаржы тұтқаларының көмегімен ықпал жасалады.

51. Салық жүйесі бойынша Лаффер қисығы.

Мемлекеттік бюджет пен салық қойылымдар арасындағы тәуелділіктің графикалық бейнесі « Лаффер қисық сызығы » деп аталады. Лаффер қисығы салық мөлшерімен келіп түсетін салық көлемінің арасындағы байланысты көрсететін қисығы. Корпорациялардың табыстарына салық мөлшерінің тым көп өсуі олардың капиталдық салымдар жасауға ынтасын жоққа шығарады, экономикалық өсуді төмендетеді. Соның нәтижесінде мемлекет бюджетінің түсімі азаяды. Осы қисық көмегімен келіп түсетін салық көлемдерінің сомасының ең жоғары деңгейде болатын салықтың мөлшерің анықтауға болады. Артур Лаффер ойы бойынша, табыс салығы 50% асқанда фирмалар мен адамдардың іскерлік белсенділігі төмендейді.

Б Бюджетке салық түсімі

М

400

300

200

100

15 30 45 60 75 LN

Егерде салық өсімі О –ден 0100% -ке көтерілсе, онда салық бболмайды. Салық түсімі ммаксималды деңгейге 50% (М-ннүктесінде) көтеріліп, онан соң 0-ге ддейін төмендейді. Салық түсімі LN ашартты нүктесінде тепе-тең, бірақ L –нүктесіндегі өсімнің төмен дейгейін ққұптауға болады, ал N-нүктесіндегі ттүсім жайсыз жағдайдың көрінісі.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]