
- •1.Қоғамдық ұдайы өндірістегі қаржының мәні, функциялары, рөлі
- •2.Қаржы ж/е қаржылық қатынастарға сипаттама беріңіз.
- •3. Қаржы ресурстары, қаржы қорлары
- •4. Қаржының экономикалық категориялармен өзара байланысы. (Баға, несие, еңбекақы)
- •6. Қаржы жүйесін ұйымдастырудың қағидаттары.
- •7.Қазақстан Республикасында қаржы жүйесін жетілдіру міндеттері.
- •8. Фискалдық және монетарлық саясат.
- •Фискалды (салықтық бюджеттік):
- •Монетарлы (ақша несие саясаты)
- •9.Қаржы саясатының ұғымы, міндеттері, мақсаттары мен қағидаттары
- •Фискалды (салықтық бюджеттік):
- •Монетарлы (ақша несие саясаты)
- •10. Қаржы механизмінің мазмұны мен құрылымы.
- •11. Қаржылық бақылау.
- •12. Қаржылық басқару.
- •13. Шаруашылық жүргізуші субьектілер қаржысының жұмыс істеу негіздері, ерекше белгілері, сыныптамасы.
- •14. Коммерциялық емес ұйымдар мен мекемелердің қаржысы, қаржыландыру көздері, әдістері.
- •16. Мемлекеттің қаржысы. Мемлекет қаржысының кірістерін атап,сипаттамалар беріңіз.
- •18. Сақтандырудың экономикалық мәні,функциялары
- •19. Мемлекеттік кредиттің мәні, нысандары мен әдістері
- •20. Бюджет тапшылығы мен артықшылығы және оны қаржыландыру мен жұмсау жолдары
- •21. Мемлекеттік бюджет мәні,рөлі,құрылымы.
- •Қазақстан Республикасының мемлекеттік бюджеті
- •22. Мемлекеттік бюджеттен тыс қорлар.
- •23. Бюджет жүйесі және бюджет құрылысы
- •Қазақстан Республикасының мемлекеттік бюджеті
- •24. Бюджет жүйесінің қағидаттары және бірыңғай бюджеттік сыныптамасы
- •25.Салық механизмі.
- •27. Салық элементтеріне сипаттама беріңіз.
- •30. Мемлекет қаржысы. Мемлекеттің шығыстары, пайдалану жолдары
- •32. Қорғаныс пен басқарудың қаржыландырылуы
- •33. Инфляцияның әлеуметтік-экономикалық салдарлары
- •34. Мемлекеттік несиенің функциялары мен түрлері
- •35. Сақтық ісін ұйымдастыру.
- •36. Бағалы қағаздар рыногы, бағалы қағаздың түрлері.
- •38. Инфляция,олардың түрлері
- •39. Тікелей салық, оларға тән белгілері, сипаттамасы.
- •40. Бағалы қағаздар ерекшеліктері мен қызметтері.
- •41. Қаржы нарығының мәні, функциялары
- •42. Мемлекет қаржысындағы шығарып тастау және бөлгіштік қағидасының мәні.
- •44 Шаруашылық субъектілердің қаржылық қорлары
- •45. Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры
- •46. Инфляцияның табиғаты және оның қаржымен өзара байланысы.
- •47. Әлеуметтік мақсаттардағы шығыстарды қаржыландыру
- •48. Қаржы рыногы, маңызы,ерекшелігі және оның басқа рыноктардан айырмашылығы
- •50. Мемлекеттік қаржылық реттеудің мазмұны және міндеттері.
- •52. Мемлекеттік бюджеттің кірістері мен шығыстарының құрылымы.
- •54. Мемлекеттік несие, мемлекеттік қарыз, мемлекеттік борыш.
- •55. Қр салық ставкасы
- •56. Мемлекеттік борыш ж/е оның түрлері
- •57. Қаржы саясатының міндеті,мақсаты,қағидалары.
- •58. Мемлекеттік реттеудегі қаржылық реттеу түрлеріне сипаттама.
- •59. Сақтандыру мен қаржының байланысы.
- •60. Қаржы нарығы құрылымы.
- •61. Эссе. Қр-ғы ипотекалық несиелеудің жағдайы және даму перспиктивалары.
- •62. Эссе. Қазақстандағы ақша - несие саясатының негізгі бағыттары.
- •63. Эссе. Қаржылық дағдарыстың себеп - салдары .
- •64. Эссе. Бүкіл элемдік дағдарыстың пайда болу себептері.
- •65. Эссе. Қаржы дағдарысының екінші деңгейлі банктердің қызметіні әсері.
- •66. Эссе. Қр-ғы шағын және орта бизнесті дамытудың қаржылық -аспектілері.
- •68. Қр Ұлттық банкінің инфляцияны тежеудегі қолданатын шаралары
- •69. Қазақстан Республикасының тұрақты экономикалық даму стратегиясы.
- •71. Қр шағын және орта бизнесті дамытуды қаржылық қамтамасыз ету.
- •73. Эссе. Әлемдік қаржы дағдарысы жағдайында қаржы механизмін жетілдіру
- •75. Эссе. Қр сақтандыру нарығының қазіргі кездегі жағдайы және даму перспективалары
- •77. Эссе. Қр-ғы бағалы қагаздар нарығының даму ерекшеліктері.
- •78. Эссе. Халықты әлеуметтік қорғауды қаржылық қамтамасыз ету мәселеле
- •79. Мемлекеттің ішкі және сытрқы қарыздарының проблемалары
- •80. Халықтың өмір сүру деңгейін мемлекеттік реттеу.
- •81. Эссе. Иновациялық жүйенің даму болашағы
- •82. Эссе. Жахандану жағдайындағы бағалы қағаздар нарығындағы даму перспективалары мен проблемалары
- •83 Эссе. Халықтың өмір сүру деңгейін мемлекеттік реттеу мәселелері
- •84 . Эссе. Қр-ғы міндетті сақтандырудың дамуы.
- •85. Эссе. «Әлеуметтік –экономикалық жаңғырту-Қазақстан дамуының басты бағыты»
- •86. Эссе. Қазақстандағы ақша - несие саясатының негізгі бағыттары.
- •87. Эссе. Бюджет шығыстарының әлеуметтік бағыттары
- •88 Эссе қр экономикасының бәсекеге қабілеттілік деңгейі
- •89. Салықтық бақылауды жетілдіру жолдары
- •90. Эссе. Қаржы дағдарысының Қазақстанның қаржы жүйесіне тигізетін әсері, салдары
- •91 Бюджеттің атқарылуы
- •94. Зейнетақы жүйесi
44 Шаруашылық субъектілердің қаржылық қорлары
ЖШС қаржысы – өнім өндіріп,сату негізінде ақшалай табыстарды,қорланымдарды,қорларды жасау мен бөлумен және пайдаланумен байланысты экономикалық қатынастар.
Шаруашылық–қаржылық қызмет үдерісінде ШЖС/лар қаржылық қорларды –белгілі бір мақсаттарға арналған ақшалай қаражаттарын қалыптастырып, пайдаланады.ШЖС/ң жұмыс істеуі үшін маңызды қорлар болып табылатындары: жарғылық, резервтік капиталдар, қорлану қоры, тұтыну қоры, еңбекке ақы төлеу қоры, валюталық және жөндеу қорлары. Дербестік жағдайларында ШЖС–лар басқа да мақсатты ақшалай қорларды құруы мүмкін, мысалы, медициналық сақтандыру қоры, жекешелендіру қоры, өндірістік және әлеуметтік инфрақұрылым дамуына қатысудың үлестік қоры және т.б.Жарғылық қор (капитал) мемлекет, басқа меншік иесі немесе құрылтайшы берген ШЖС (ұйым) мүлкінің (капиталының) мөлшерін сипаттап көрсетеді және алғашқыда ШЖС/ды құрғанда өндірістік капиталды, материалдық емес активтерді, айналым құралдарын сатып алудың көзі б.т. оның қаражаттары есебінен кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруға қажетті жағдайлар жасалады. Жарғылық қордың мөлшері шаруашылық қызмет үдерісінде өзгеріп отырады.ШЖС/ң қарамағында қалатын қаражаттардың негізінде, яғни салықтар мен басқа да төлемдерді төлегеннен кейін кәсіпорындар мен ұйымдар кешенді қорларды – тұтыну қоры мен қорлану қорларын құрады.
Тұтыну қоры мыналарды кіріктіреді: бүкіл жұмыскердің еңбегіне ақы төлеу шығындары; ақшалай төлемдер, соның ішінде жылдың қорытындысы бойынша сыйақылар; еңбегі үшін ынталандырудың басқа түрлеріне жіберілетін ақшалай және натуралдық нысандардағы қаражаттар; материалдық көмек; еңбек және әлеуметтік жеңілдіктерді белгілеуге жұмсалатын қаражаттар; ШЖС/ң мүлкіне салынған жұмыскерлердің акциялары мен салымдары бойынша төленетін табыстар(дивидендтер, табыстар); оңтайландырғыштық ұсыныстар, өнертабу және жаңалық ашу үшін берілетін сыйақылардан бөлек басқа жеке сипаттағы төлемдер.Қор қаражаттары жұмыскерлердің жеке тұтынуына жұмсалады.
Қорлану қоры: ШЖС/ң қарамағында қалатын табыс (пайда); негізгі капиталды қалпына келтіруге жұмсалатын амортизациялық аударымдар; шығып қалған мүлікті өткізуден түскен түсім – ақша; банктердің кредиттері; жай акцияларды қосымша шығару; басқа да көздер есебінен қалыптасады.
Қорлану қоры пайдаланылады: ғылыми – техникалық дамуға, жаңа өнімдерді игеруге; табиғат қорғау шараларын жүзеге асыруға; өндірістік инфрақұрылым объектілерін (автомобиль жолдарын, есептеу орталықтарын, жөндеу, энергетика, құрылыс және басқа өндірістерді) салуға үлестік қатысуға; құрылысты және әлеуметтік инфрақұрылым объектілерін (тұрғын үйлерді, клубтарды, демалыс үйлерін, пансионаттарды, санаторийледі, емхана мен ауруханаларды, балалар мекемелерін, спорт объектілері мен ғимараттарын, қосалқы ауыл шаруашылық өндірістерін) салуға үлестік қатысуға.Ірі кәсіпорындар мен ұйымдар тұтыну мен қорланудың кешенді қорларының орнына көздері мен шығындарының мазмұны жағынан ұқсас мынадай жеке – жеке қорлар көздерін құрып, пайдалана алады:жалақы, еңбекке ақы төлеу, өндірісті дамыту, әлеуметтік даму қорлары.
Ұдайыөндірістік шығындарды үздіксіз қаржыландыруды қамтамасыз етуде резервтік қордың(резервтік капитал, тәуекел қоры, сақтық қоры)маңызы зор.Қаржылық резервтерді ШЖС/ң өздері меншікті қаржылық ресурстар есебінен басқару құрылымдары, мамандандырылған сақтық ұйымдары және мемлекет жасай алады. Оның мақсаты – шаруашылық – қаржылық жағдайы нашарлаған кезде пайда болған қосымша шығындарды жауып, кәсіпорындардың қаржылық жағдайын тұрақтандыруды қамтамасыз ету. Қор кәсіпорынның тұтыну, қорлану және басқа қорларына жіберілмес бұрын оның қарамағында қалатын табыс есебінен құралады.
ШЖС/ң валюталық қорлары валюта қаражаттарының есебінен мына көздерден қалыптасады: экспорттық валюталық түсім – ақшадан; жарғылық капиталға түсетін жарналардан; банктердің, соның ішінде шетел, басқа қаржы мекемелерінің және шетелдік заңи тұлғалардың валюталық кредиттерінен; ішкі валюта рыногында өкілетті банктер мен айырбастау пункттері арқылы валюта сатып алу; бейрезиденттер көрсететін қаржылық көмек. Бұл қорларға активтерге инвестициялардан, депозиттер, салымдар нысанындағы және т.б. нысандардағы, егер бұл дивидендтер мен табыстар меншікті немесе қаржы қаражаттарының жұмсалымдарынан алынған болса, қаражаттарды орналастырудан алынған шетелдік валютадағы дивидендтер мен табыстар есептелінеді.Валюталық қорлар ең алдымен еңбек ұжымдарының өндірістік, әлеуметтік – мәдени дамуына жұмсалады; валютаның бір бөлігі еңбек ұжымдарының шешімімен халық тұтынатын шетел тауарларын, дәрілік заттарды және медициналық техниканы сатып алуға жұмсалуы мүмкін. Валюталық қорлардың қаржысы ізгіліктік және қайырымдылық көмек көрсетуге де пайдаланылуы мүмкін. Жөндеу қоры кәсіпорындарда негізгі капиталдарды жөндеудің барлық түрлерін: күрделі, орташа, ағымдағы түрлерін жүргізуүшін жасалады, олар өнімнің, жұмыстар мен қызметтердің өзіндік құны есебінен қаржыландырылады. Жөндеу жұмыстарына жұмсалатын болашақ шығындарға қарай жөндеу қорына аударылатын аударымдардың нормативтерін кәсіпорындар өздігінше белгілей алады, бұл шығындардың көлемі негізгі капиталдардың жай – күйімен және тозығының дәрежесімен анықталады.