Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Finansy_shpor_ME-21.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
446.7 Кб
Скачать

41. Қаржы нарығының мәні, функциялары

Қаржы нарығы- дербес экон-қ категория ретінде бағалы қағ-рды сату мен қайта сату жөніндегі операцияларды жүзеге асыру жолымен кәсіпорынның, фирманың, банктің, жинақтаушы зейнетақы қорларының, сақтық институттарының, халықтың, мемлекеттің босақша қаражаттарын жұмылдыруды, бөлуді және қайта бөлуді қамтамасыз ететін рыноктық қатынастардың жиынтығы.

Ол рыноктық қатынастар жүйесінің құрамды бөлігі болып табылады, тауар және басқа рыноктармен (табиғат ресурстары, жұмыс күші, тұрғын үй және басқа жылжымайтын, жер, алтын, сақтық рыноктармен) етене байланысты.

Қаржы рыногының маңызы - бос ақшалай қаражаттарды жұмылдыру және оларды қайта бөлу жолымен ұдайы өндіріс үдерісіне ықпал етіп қана қоймайды, оның болуы- инфляцияны тежейді, өйткені бюджет тапшылығын жабу үшін үкімет ақшалай эмиссияны пайдаланбайды, рынокта еркін жүретін бағалы қағаздар шығарады және олардың бағасы сұраныммен және қамтамасыз етумен анықталады. Қаржы рыногының құрамына келесілер жатады: Сақтандыру рыногы; Ақша рыногы; Зейнетақы рыногы; Бағалы қағаздар рыногы; Валюта рыногы; Депозит рыногы; Несие рыногы;

Қаржы рыногының негізгі функциялары:

Реттеушілік- оның көмегімен мемлекеттік басқару органдарының және өзін-өзі басқару ұйымдарының тарапынан нарықтық реттеу қамтамасыз етіледі.Ақпараттық–қаржы нарығына қатысушылардың барлығын ақпараттармен толық және теңдей қол жеткізуін қамтамасыз етеді.Бөлу- қаржы нарығы құралдарының айналысы, ақша қаражаттарының экономиканың бір саласынан екіншісіне, нарықтың бір қатысушысынан екіншісіне, бір аймағынан екіншісіне өтуін қамтамасыз етеді және сонымен бірге қаржы ресурстарының бөлінуіне әсер етеді. Коммерциялық қызмет- қаржы нарығы жүзеге асыратын операциялар, мәмлеге қатысушылардың барлығы қандай да бір табыс алып келеді.Баға белгілеу-қаржы құралдарының бағасы нарықта еркін бәсекелестік жағдайындағы сұраныс пен ұсыныстың әсерінен қалыптасады.

42. Мемлекет қаржысындағы шығарып тастау және бөлгіштік қағидасының мәні.

Мемлекет қаржысы- мемлекеттің экономикалық, әлеуметтік, саяси функцияларын орындау үшін оны қажетті ақша ресурстарымен қамтамасыз ететін елдің қаржы жүйесінің маңызды сферасы болып табылады.

Кез келген қоғамда мемлекет бірқатар факторларға: қоғам дамуының таңдап алынған үлгісіне, саяси құрылысына, қалыптасқан дәстүрлерге, сыртқы факторларға байланысты экономикалық қызметке қатысады және мемлекет қаржысының қоғам дамуында, экономиканың жетілуінде маңызы зор.

Мемлекет өндіріске тура қатыса алады және белгілі бір тауарларды, игіліктерді, қызметтерді өндіретін, қамтамасыз ететін салаларға тікелей қатынаса алады. Қоғамдық тауарлардың нарықтық тауарлардан қағидалы айырмашылығы сол- олар бөлінбейді және шығарып тастау қағидасының іс-әрекетіне ұшырамайды. Бөлгіштік қағидасы- жеке сатып алушының тауарға қол жетушілігін, оның тап өзіне қажетті нақтылы тауарларды сатып алу мүмкіндігін қажет етеді, мұның өзі сатып алушының егемендігін анықтайды.

Шығарып тастау қағидасы- тұтынушы егер ол тауардың нарықтық бағасын төлей алмаса немесе төлегісі келмесе осы тауардан болатын пайдадан аластатуды білдіреді.Қоғамдық тауарларға қалалар мен елді мекендердегі абаттандыру объектілерінің құрылысы мен оларды: көше жарығын, көгалдандыруды, тротуарларды және басқа қолайлылықтарды ұстау; кеңірек аспектіде- құқықтық тәртіпті қорғау жөніндегі қызметтер, мемлекетті сырттан қол сұғушылықтардан қорғау, мемлекеттік басқару қызметтері жатады.Қоғамдық тауарлар бөлінбейді өйткені олар жеке сатып алушыларға бөлшектеніп сатылмайды және пайдаланушыларды әдеттегідей оларды пайдаланудан аластатуға болмайды, яғни бұл жерде шығарып тастау қағидасы іс-әрекет етпейді. Рыноктық тауарлардан алынған пайда оларды сатып алу кезінде,ал қоғамдық тауарлардан пайда өндіру кезінде ажыратылады.Бірқатар қызметтер көрсету шығарып тастау қағидасының ықпалына түсіп кетеді. Яғни оларға баға белгілеуге және оларды кәсіпкерлік құрылымдар арқылы өткізуге болады. Мысалы, бірқатар медициналық қызметтер, білім деңгейін көтеру, қағида бойынша, бұл қызметтер көрсету мемлекет белгілеген кепілдікті минимумнан жоғары қамтамасыз етіледі.

43. ҚР Ұлттық қорын қалыптастыру ,пайдалану және басқару Үкіметтің Ұлттық банктегі шотында шоғырландырылатын,мемлекеттің қаржы активі түріндегі,сондай-ақ материалдық емес активтерді қоспағанда, өзге мүлік түріндегі активтері ҚР-ң Ұлттық қоры болып табылады. Ұлттық қор(ҰҚ) мемлекеттің қорланымдарын қалыптастыру,сонымен бірге дүниежүзілік бағалардың жағдаятына республ-қ ж/е жергілікті бюджеттердің тәуелділігін төмендету мақсатында жасалынады. Ол мемл-ң тұрақты әл/к-эк/қ дамуын қамтамасыз етуге,қаржы активтерінің ж/е материалдық емес активт-ді қоспағанда,өзге мүліктердің қорлануына,эк-ң мұнай секторына тәуелділігін ж/е қолайсыз сыртқы факторл-ң ықпалын төмендетуге арналған.Яғни, Қазақстанның ҰҚ қалыптастыру – болашақ ұрпақ үшін қорланымды ж/е елдің эк-н келеңсіз сыртқы факторлардан қорғау үшін қаржы резервтерін шоғырландырады. ҰҚ-ң түсімі мен жұмсалуы ұлттық ж/е шетелдік валюталармен жүргізіледі.ҰҚ-ға жіберілетін бюджеттік түсімдер ҰҚ-ды қалыптастыру көздері б.т. 2009ж.басында ҰҚ қаражаттарының сомасы 3,3 триллион тг/ні – 27,3млрд.$ н/е елдің барлық алтын-валюта резервтерінің 60,5%-ын құрады.

ҚР ҰҚ қалыптастыру мен пайдалану әлемдік,ішкі тарау ж/е қаржы рыноктарының конъюктурасы, мемл-гі және шет елдердегі эк-қ жағдай,бұл ретте макроэк-қ және фискалдық тұрақтылық және ҰҚ-ң негізгі мақсаттары мен міндеттері сақталынып,ҚР-ң әл/к-эк/қ даму басымдықтары ескеріле отырып айқындалады. ҰҚ-ды қалыптастыру ж/е пайдалану тиімділігін арттыру жөніндегі,сондай-ақ оны пайдаланудың көлемдері мен бағыттары б/ша шешімдерді Президент қабылдайды.

ҚР-ң ҰҚ-н сенімгерлік басқаруды Ұлттық банк пен Үкімет арасында жасалатын сенімгерлік басқару туралы шарттың негізінде ҚР-ң Ұлттық банкі жүзеге асырады. ҚР-ң ҰҚ-н басқару жөніндегі кеңес – ҚР-ң Президенті жанындағы ҚР-ң ҰҚ-н тиімді пайдалану ж/е оны,материалдық емес активтерді қоспағанда,шетелдік қаржы құралдарына орналастыру жөніндегі ұсыныстар талдап-жасайтын консультациялық-кеңесші орган б.т. ҚР-ң ҰҚ-н басқару жөніндегі кеңесті құру туралы шешімді,оның құрамы мен ҚР-ң Президенті бекітеді.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]