
- •1.Қоғамдық ұдайы өндірістегі қаржының мәні, функциялары, рөлі
- •2.Қаржы ж/е қаржылық қатынастарға сипаттама беріңіз.
- •3. Қаржы ресурстары, қаржы қорлары
- •4. Қаржының экономикалық категориялармен өзара байланысы. (Баға, несие, еңбекақы)
- •6. Қаржы жүйесін ұйымдастырудың қағидаттары.
- •7.Қазақстан Республикасында қаржы жүйесін жетілдіру міндеттері.
- •8. Фискалдық және монетарлық саясат.
- •Фискалды (салықтық бюджеттік):
- •Монетарлы (ақша несие саясаты)
- •9.Қаржы саясатының ұғымы, міндеттері, мақсаттары мен қағидаттары
- •Фискалды (салықтық бюджеттік):
- •Монетарлы (ақша несие саясаты)
- •10. Қаржы механизмінің мазмұны мен құрылымы.
- •11. Қаржылық бақылау.
- •12. Қаржылық басқару.
- •13. Шаруашылық жүргізуші субьектілер қаржысының жұмыс істеу негіздері, ерекше белгілері, сыныптамасы.
- •14. Коммерциялық емес ұйымдар мен мекемелердің қаржысы, қаржыландыру көздері, әдістері.
- •16. Мемлекеттің қаржысы. Мемлекет қаржысының кірістерін атап,сипаттамалар беріңіз.
- •18. Сақтандырудың экономикалық мәні,функциялары
- •19. Мемлекеттік кредиттің мәні, нысандары мен әдістері
- •20. Бюджет тапшылығы мен артықшылығы және оны қаржыландыру мен жұмсау жолдары
- •21. Мемлекеттік бюджет мәні,рөлі,құрылымы.
- •Қазақстан Республикасының мемлекеттік бюджеті
- •22. Мемлекеттік бюджеттен тыс қорлар.
- •23. Бюджет жүйесі және бюджет құрылысы
- •Қазақстан Республикасының мемлекеттік бюджеті
- •24. Бюджет жүйесінің қағидаттары және бірыңғай бюджеттік сыныптамасы
- •25.Салық механизмі.
- •27. Салық элементтеріне сипаттама беріңіз.
- •30. Мемлекет қаржысы. Мемлекеттің шығыстары, пайдалану жолдары
- •32. Қорғаныс пен басқарудың қаржыландырылуы
- •33. Инфляцияның әлеуметтік-экономикалық салдарлары
- •34. Мемлекеттік несиенің функциялары мен түрлері
- •35. Сақтық ісін ұйымдастыру.
- •36. Бағалы қағаздар рыногы, бағалы қағаздың түрлері.
- •38. Инфляция,олардың түрлері
- •39. Тікелей салық, оларға тән белгілері, сипаттамасы.
- •40. Бағалы қағаздар ерекшеліктері мен қызметтері.
- •41. Қаржы нарығының мәні, функциялары
- •42. Мемлекет қаржысындағы шығарып тастау және бөлгіштік қағидасының мәні.
- •44 Шаруашылық субъектілердің қаржылық қорлары
- •45. Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры
- •46. Инфляцияның табиғаты және оның қаржымен өзара байланысы.
- •47. Әлеуметтік мақсаттардағы шығыстарды қаржыландыру
- •48. Қаржы рыногы, маңызы,ерекшелігі және оның басқа рыноктардан айырмашылығы
- •50. Мемлекеттік қаржылық реттеудің мазмұны және міндеттері.
- •52. Мемлекеттік бюджеттің кірістері мен шығыстарының құрылымы.
- •54. Мемлекеттік несие, мемлекеттік қарыз, мемлекеттік борыш.
- •55. Қр салық ставкасы
- •56. Мемлекеттік борыш ж/е оның түрлері
- •57. Қаржы саясатының міндеті,мақсаты,қағидалары.
- •58. Мемлекеттік реттеудегі қаржылық реттеу түрлеріне сипаттама.
- •59. Сақтандыру мен қаржының байланысы.
- •60. Қаржы нарығы құрылымы.
- •61. Эссе. Қр-ғы ипотекалық несиелеудің жағдайы және даму перспиктивалары.
- •62. Эссе. Қазақстандағы ақша - несие саясатының негізгі бағыттары.
- •63. Эссе. Қаржылық дағдарыстың себеп - салдары .
- •64. Эссе. Бүкіл элемдік дағдарыстың пайда болу себептері.
- •65. Эссе. Қаржы дағдарысының екінші деңгейлі банктердің қызметіні әсері.
- •66. Эссе. Қр-ғы шағын және орта бизнесті дамытудың қаржылық -аспектілері.
- •68. Қр Ұлттық банкінің инфляцияны тежеудегі қолданатын шаралары
- •69. Қазақстан Республикасының тұрақты экономикалық даму стратегиясы.
- •71. Қр шағын және орта бизнесті дамытуды қаржылық қамтамасыз ету.
- •73. Эссе. Әлемдік қаржы дағдарысы жағдайында қаржы механизмін жетілдіру
- •75. Эссе. Қр сақтандыру нарығының қазіргі кездегі жағдайы және даму перспективалары
- •77. Эссе. Қр-ғы бағалы қагаздар нарығының даму ерекшеліктері.
- •78. Эссе. Халықты әлеуметтік қорғауды қаржылық қамтамасыз ету мәселеле
- •79. Мемлекеттің ішкі және сытрқы қарыздарының проблемалары
- •80. Халықтың өмір сүру деңгейін мемлекеттік реттеу.
- •81. Эссе. Иновациялық жүйенің даму болашағы
- •82. Эссе. Жахандану жағдайындағы бағалы қағаздар нарығындағы даму перспективалары мен проблемалары
- •83 Эссе. Халықтың өмір сүру деңгейін мемлекеттік реттеу мәселелері
- •84 . Эссе. Қр-ғы міндетті сақтандырудың дамуы.
- •85. Эссе. «Әлеуметтік –экономикалық жаңғырту-Қазақстан дамуының басты бағыты»
- •86. Эссе. Қазақстандағы ақша - несие саясатының негізгі бағыттары.
- •87. Эссе. Бюджет шығыстарының әлеуметтік бағыттары
- •88 Эссе қр экономикасының бәсекеге қабілеттілік деңгейі
- •89. Салықтық бақылауды жетілдіру жолдары
- •90. Эссе. Қаржы дағдарысының Қазақстанның қаржы жүйесіне тигізетін әсері, салдары
- •91 Бюджеттің атқарылуы
- •94. Зейнетақы жүйесi
3.
мем-ң төтенше бюджеті
2.
Ұлттық қор
Қазақстан Республикасының мемлекеттік бюджеті
Республикалық
бюджет
Жергілікті
бюджеттер
Облыс
бюджеті
Астана
бюджеті
Республикалық
мәні бар қала бюджеті)
Аудан
бюджеті
Облыстағы
қала бюджеті
Облыс
бюджеті
Мемлекеттік бюджет өз араларында өзара өтелетін республикалық және жергілікті бюджеттерді біріктіретін мемлекеттің орталықтандырылған ақшалай қоры болып табылады. Республикалық бюджет – бұл Бюджет кодексінде белгіленген салық және басқа да түсімдер есебінен қалыптастырылатын орталықтандырылған ақшалай қор. Төтенше МБ – республ-қ жане жергілікті бюджеттер негізінде калыптастырылуы жане ҚР-да төтенше немесе жағдайларында енгізіледі жане осы мерзимінде қолданыста болады.
22. Мемлекеттік бюджеттен тыс қорлар.
. Жалпы мемлекеттік (аумақтық) көлемде республикалық және жергілікті бюджеттер қаржы ресурстарын ұйымдастырудың ең белгілі нысаны болып табылады. Бірақ нарықтық қатынастарға көшу барысында экономикалық және әлеуметтік салаларды қаржыландыруда бір ғана бюджет қаражаттары жеткіліксіз бола бастады. Сондықтан қосымша қаржы көздерін іздестіру қажет болды. Бюджет қорымен қатар 1991 жылдан бастап мақсатты бюджеттен тыс қорлар құрылып, жұмыс істей бастады.
Бюджеттен тыс қорлар — мемлекеттің қаржы жүйесінін маңызды буыны; мемлекеттің қатаң белгілі бір мақсаттарға пайдаланатын және заң жүзінде қалыптасуының бекітілген көздері бар ақша ресурстарының жиынтығы. Экономикалық категория ретінде бюджеттен тыс қорлар бірқатар қоғамдық қажеттіліктерді қаржыландыру үшін мемлекет тарапынан қаржы ресурстарын қайта бµлу және пайдалану жөніндегі қатынастар болып табылады:
Бюджеттен тыс қорлар өзінің функциялық мақсатты арналымы бойынша да, басқарудың деңгейі жағынан да өте әр түрлі. Мақсатты арналымы бойынша бюджеттен тыс қорлар экономикалық және әлеуметтік, ал басқару деңгейіне қарай мемлекеттік және аймақтық болып бөлінеді.
Экономикалық қорлар —экономикалық дамудың проблемаларын шешуге арналған қорлар. Әлеуметтік қорлар қоғамның әлеуметтік проблемаларын шешуге арналған қорлар болып табылады. Мемлекеттік қорлар — бұл мемлекеттік деңгейде, ал аймақтық қорлар аймақтық деңгейде қалыптасатын қорлар.
Бюджеттен тыс қорлардың көздері тұрақты және уақытша болуы мүмкін.
Бюджеттен тыс қорлардың ақша қаражаттарын жұмсаудың негізгі бағыттары мыналар: жарғылық қызмет; артық ақшалардың белгілі бір үлесін қаржы активтеріне инвестициялау; коммерциялық қызмет.
Бюджеттен тыс қорлар мемлекеттің қаржы буындарының бірі болып табылады. Өзінің мәні жағынан бюджеттен тыс қорлар — бұл, жоғарыда атап кеткеніміздей, бірқатар қоғамдық қажеттіліктерді және оперативті дербестік негізде кешенді жұмсалатындарды қаржыландыру үшін мемлекет тарапынан қаржы ресурстарын қайта бөлу және пайдалану нысаны.
Арналымы — мына арнаулы мақсатты аударымдар есебінен мақсатты шараларды қаржыландыру:
а)арнаулы мақсатты салықтар;
ә) қарыз және ақшалай-заттай лотереялар өткізу есебінен;
б)бюджеттен берілетін субсидиялар есебінен;
в)қосымша анықталған кірістер мен үнемделген қаржы ресурстары;
г)ерікті жарналар мен заңи және жеке тұлғалардың қайырымдылықтары.
Бюджеттен тыс қорлардың көмегімен:
отандық көсіпорындарды қаржыландыру, қаражаттандыру, несиелендіру жолымен өндіріс процесіне ықпал жасауға;
арнайы белгіленген көздер мен қоршаған ортаны ластағаны үшін айыппұлдар есебінен қаржыландыра отырып, табиғат қорғау шараларын қамтамасыз етуге;
зейнетақылар, жәрдемақылар төлеу, жалпы әлеуметтік инфрақұрылымды қаражаттандыру және қаржыландыру жолымен халыққа қызметтер кµрсетуге;
қарыз беруге, соның ішінде шетел мемлекеттерін қоса шетелдік әріптестерге беруге болады.
Бюджеттен тыс қорлардың жұмыс істеу ұйымы биліктің мемлекеттік органдарының — орталық, республикалық және жергілікті органдарының қарамағында болады. Бюджеттен тыс қорлардың белгілі бір жеңілдіктерінің болуы мүмкін:
а) салық тµлеуден босату;
ә)кеден баждарын төлеуден босату (коммерциялық қызмет бойынша жеңілдіктер болмайды).
Бюджеттен тыс қорларды қалыптастырудың көздері шешілетін міндеттердің сипатымен және ауқымдылығымен алдын ала анықталады. Көздердің әр алуандығы мен олардың мөлшеріне сол бір кезеңдегі елдің экономикалық және қаржы жағдайы әсер етеді.
Мемлекеттік бюджеттен тыс қорлар мен мемлекеттік емес қорларды ажырата білген жµн; соңғылары бірқатар мемлекеттік бюджеттен тыс қорларға, мысалы, мемлекеттік емес жинақтаушы зейнетақы қорлары, әр түрлі ізгіліктік, соның ішінде халықаралық қорларға ұқсас болғанымен өзінің мақсатты арналымы бойынша өте сан алуан болып келеді. Қазақстанда мемлекеттік бюджеттен тыс қорлар 1999 жылдан бастап мемлекеттің қаржы ресурстарын орталықтандыру саясатын жүргізуге байланысты мақсатқа сәйкес емес деп танылды: қорлардың қаражаттары республикалық бюджетке шоғырландырылды. Алайда дүниежүзілік практика қоғам тарапынан қаражаттардың жұмсалуына бақылауды қамтамасыз еткенде мемлекеттің қаржы ресурстарын оперативті басқару мақсатымен оларды дербес қалыптастыруды орталықсыздандырудың және пайдаланудың тиімділігін растайды.
Қаржы институттарының — бюджеттен тыс қорлардың ақша қаражаттары қозғалысын 1998 жылға дейін Қазақстан Республикасында жұмыс істеген кейбір қорлардың мысалында қарауға болады.
Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры. Бұл қор сақтық әдісімен жасалды. Жасалу көздері:
1)кәсіпорындар мен ұйымдардың сақтық жарналары (немесе арнаулы салық);
мемлекеттік бюджеттің қаражаттары;
санаторийлерге, демалыс үйлеріне, курорттарға жолдамаларды сатудан түскен табыс;
басқадай көздер.
Қордың қаражаттары мыналарға жұмсалды:
1.Жәрдемақылар төлеуге (еңбекке уақытша жарамсыздық бойынша; жүкті болғанда және босанғанда берілетін; балаға оның белгілі бір жасқа толғанға дейін қарауға берілетін; көмектің басқа түрлері).
2.Санаторлық-курорттық қызмет көрсетуді қаржыландыруға.
3.Кәсіподақтардың қызметін материалдық қамтамасыз етуге.
Мемлекеттік жинақтаушы зейнетақы қоры:
Мемлекеттік жинақтаушы зейнетақы қорының міндеттері.
а) зейнетақылар мен жәрдемақылар тәлеу үшін қаражаттар жинау, сонымен бірге зейнетақы ісін ұйымдстыру;
ө) аймақтық әлеуметтік бағдарламаларды қаржыландыруға қатысу.
Зейнетақы корының қаражаттары мынадай көздерден жасалынады:
міндетті зейнетақы жарналары;
меншік нысанына қарамастан барлық шаруашылық органдары төлейтін сақтық жарналары немесе арнаулы салықтар.
жеке еңбек қызметімен айналысатын азаматтардың сақтық жарналары;
4)жоғарғы органдардың қаражаттары;
5)ерікті зейнетақы жарналары және т.б.
Зейнетақы қорының жұмсалу бағыттары:
1) заңнамаға сәйкес зейнетақыларды төлеу;
2) балаға қарау жөніндегі жәрдем.ақыларды төлеу;
3) материалдық көмектің бір жолғы төлемақылары;
зейнетақыларды индекстеуге байланысты оларды көбейтуге байланысты болатын шығыстар;
қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді қағаздарға, ғылыми-техникалық базаны дамытуға және т.б. резервтерді орналастыру.
Бюджеттен тыс қорлардың органдары:
басқару;
атқарушы органдар;
тексеріс комиссиясы;
қордың аймақтық бөлімшелері.
Қазақстанда бюджеттен тыс қорлардың жүйесі реформалауға жиі үшырады: біраз уақыт олар өзін өзі биледі, мемлекеттік бюджеттің құрамында "Мақсатты қаржылаңдыру қоры" бөлімінде бөлек бөліп көрсетілді, 1999 жылдан бастап түгелдей мемлекеттік бюджетке шоғырландырылды.
Қазақстанда Астана қаласын экономикалық және әлеуметтік дамыту үшін "Жаңа астана" қоры сақталынған. Бұл қор:
кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру кезінде жеңілдетілетін қаражаттар;
Астана қаласында тұрғын үй құрылысына бағьпталатын және іс жүзінде мақсатты арналымға пайдаланылған қаражаттар;
мемлекеттік бюджет қаражаттары;
қалада құрылыс пен абаттандыруды жүзеге асыратын шетелдік инвестордың қаражаттары;
шет елдердің үкіметтерінің, фирмаларының және компанияларының мақсатты гранттары есебінен жасалынды.