Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Дип. Нурлан Эл42.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
720.9 Кб
Скачать

4.3 Жұмыс қаусіздігінің қамтамасыз ететін ұйымдастырушылық

шаралары

Өндірісте қауіпсіз жұмыс ұйымдастыру кәсіп орынның әкімшілік – техникалық қызметкерлеріне жүктеледі. Директор, бас инженер, бас механик, бас энергетик, цехтардың бастықтары ме шеберлер - әрқайсысы өз бөлімшесінде еңбектің қауіпсіз шарттарын қамтамасыз етеді. Еңбекті қорғау бойынша дұрыс жұмыс ұйымдастыру еңбек өнімділігін жоғарлату, келеңсіз жағдай себептерін жою, жарақаттануды, професионалды улану және науқастануды ескерту үшін бірінші сатылы мәнге ие. Кәсіп орында еңбектің қауіпсіз шарттарын ұйымдастырудағы ұйымдастырушы және бағыттаушы роль бас инженерге бағынатын еңбекті қорғау бөлімшесіне жүктеледі. Еңбекті қорғау бөлімінің штатты құрамы мен құрылымы кәсіп орындағы жұмыскерлердің санына байланысты анықталады. Кәсіп орынның әкімшілік – техникалық қызметкерлерінің еңбекті қорғау бойынша негізгі міндеттері: өндірістік және көмекші мекемелеріндегі жабдықтың, құрал – саймандардың және жұмыс орындарының қауіпсіз санитарлы жағдайын қамтамасыз ету; өндірістік жарақаттану професианалды улану және науқастану себептерімен күресу; техника қауіпсіздігі және өндірістік санитария бойынша инструктаждар өткізу; барлық осы шаралардың орындалуын бақылауды ұйымдастыру.

Жұмыс қауіпсіздігін қамтамасыз ететін барлық шаралар ұйымдастырушылық және техникалық болып бөлінеді.

Ұйымдастырушылық шаралар:

а) жұмысты наряд жіберуші, жұмыс тәртібі бойынша ұйымдастыру.

б) жұмысқа рұқсат беру.

в) жұмыс кезінде бақылау

г) жұмыста үзіліс жариялау, басқа жұмыс орнына ауыстыруды орындау, жұмыс уақытының біткенін хабарлау жатады.

Электр қондырғыларында жұмысты орындауға тек наряд, өкім шығарумен рұқсат етіледі. Наряд – жұмысты орындауға берілген тапсырма. Ол арнайы бланкта орындалады және онда жұмыстың мазмұны, орны, басталу және аяқталу уақыты, қауіпсіз орындау шарттары, мүшелер (жұмысқа қатысушы), сондай-ақ жұмыстың орындау қауіпсіздігіне жауапты кісінің аты-жөні жазылады.

Наряд бойынша электр қондырғыларында мынадай жұмыстар атқарала алады:

а) кернеуді өшірген кезегі

б) тоқ өткізгіш бөлшектерде және оған жақын жерлерде кернеуді өшірмеген кездегі;

жұмыстың қауіпсіздігіне жауаптылар:

а) нарыяберуші дам, өкім шығарушы;

б) рұқсат беруші – оперативті персоналға жауапты адам;

в) жұмысқа жауапты жетекші;

г) жұмысты өндіруші;

д) бақылаушы;

е) бригада мүшелері;

бұл көрсетілген адамдардың электр қауіпсіздігінің тобы кернеуі 1000 В-тан жоғары электр қондырғыларында V-тен кем, ал 1000В-қа дейінгі элекьтр қондырғыларында ІV-тен кем болмауы керек. Электр станциялары мен қосалқы станциялардың жұмыстарының қауіпсіздігі осы байланыстардың сызбасын дұрыс таңдау, электр жабдықтарының беріктігімен, оларды тиімді орналастыру және орынды пайдаланумен қамтамасыз етіледі. Техника қауіпсіздігі ережелерін қадағалау жауапкершілігі электр станциялардың директоры мен бас инженеріне, ал цехтар мен жұмыс орындарында цех бастығына жүктеледі. Электр станцияларда техника қауіпсіздігі адам электр тоғының әсеріне түскен нәтижесінде төтенше жағдайлардың алдын алумен байланысты шараларға аса көңіл бөлінеді. Сондықтан электрлік қондырғыларды пайдалануда электр жабдықтарға бақылау және жөндеу жұмыстарын жүргізуге, кезекшілікке нақты тәртіп орнату керек, сонымен қатар қызметшілерді арнайы таңдап алып оқытады.