
- •1 Жалпы бөлім
- •1.1 Электрлік жүктемелер
- •1.2 Электрқабылдағыштардың сипаттамасы
- •Электрмен жабдықтау сызбасын және желі кернеуін таңдау
- •2 Технологиялық бөлім
- •2.1 Кернеуді реттеу тәсілін таңдау
- •2.2 Тарату бекеттерінің және қосалқы станциялардың жабдықтары мен
- •2.3 Тоқ және кернеу трансформаторларын таңдау және тексеру
- •2.7 Найзағайдан қорғау және жермен қосқыш
- •3 Конструктор-техникалық бөлім
- •3.1 Кернеуі 1000в жоғары электр қозғалтқышта (эқ) қолданылатын релейлік қорғаныстар.
- •3.4 Эқ асқын жүктемеден қорғау.
- •5 Экономикалық бөлім
- •5.1 Техникалық – экономикалық көрсеткіштердің есептеулері
- •5.2 Тұтынымдық шығындарды есептеу
- •5.3 Амортизациялық шығындарды есептеу
- •5.4 Еңбек ақы қорын есептеу
- •5.5 Жұмыскерлер, мамандар және басшылардың
- •5 Еңбекті және қоршаған ортаны қорғау
- •5.1 Қазақстан Республикасының
- •4.2 Еңбек шарты және жарақаттану анализі
- •4.3 Жұмыс қаусіздігінің қамтамасыз ететін ұйымдастырушылық
- •4.4 Оқшауманың ақаулануын бақылау және алдын алу
- •4.5 Өрт қауіпсіздігі және оны ескерту шаралары
4.2 Еңбек шарты және жарақаттану анализі
Еңбекті қорғау әдісі еңбек шарттарын, технологиялық процесстерін, жабдықтарын және өндірістік жағдайларын зерттеулерден тұрады.
Еңбекті қорғау үшін ережелер мен нормалард қатал қадағалау маңызды мәнеге ие.
Еңбекті қорғау бойынша мағызды шаралардың бірі болып - өндірістегі жарылысқа және өртке қауіпсіздікті қамтамасыз ететін шаралар жүйесі өртке қарсы профилактика табылады.
Еңбекті қорғау бойынша заңдылықтардың орындалуын қадағалайтын мемлекеттік бақылау арнайы инспекцияларымен іске асырады. Мемлекттік бақылау өндірістік кәсіп орында «ЭҚҰ», «ПҚ», сондай – ақ «ТП» ережелерінің орындалуын бақылайды және қадағалайды.
Жарақаттану анализі.
Жарақат дегеніміз – тканьдар мен дене мүшелерінің тұрақтылығының зақымдалуын және сыртқы факторлардың әсеремен олардың функцияларының бұзылуын айтамыз. Ауру немесе науқас дегеніміз – адам организмінің тіршілік функцияларының жалпы бұзылуы.
Жарақаттану әртүрлі себептерден болады. Оларға: дене мүшелерінің сынуы, шығуы, күюі, электр тоғымен зақымдануы және тағы бақалары жатады. Тұрмыстық жарақаттан өзгеше өндірісте алынған жарақаттар жиынтығы өндірістік жарақат деп аталады.
Адам организмінің зақымдану дәрежесіне байланысты жарақаттар былай болып бөлінеді: микрожарақат, бұл жағдайда зардап шегуші еңбек қабілеттілігін жоғалтпайды, сондықтан ол жұмыстан босатылады; еңбек қабілеттілігін уақытша жоғалтатын жарақаттар, бұл жағдайда зардап шегуші қажетті мерзімде жұмыстан босатылады; ауыр жарақаттар әртүрлі дәрежедегі мүгедекттікке әкеледі; өлім жағдайына соқтыратын жарақаттар.
Келеңсіз жағдайларды тудыратын себептерді былай топтастыруға болады:
техникалық себептер: энергетикалық және көліктік жүйелердің конструктивтік кемшіліктері; жабдықтардың конструктивтік кемшіліктері және техникалық жетілдірілмеуі; техникалық процестің жетілдірілмеуі қауіпсіздік құралдарының – тосқауылдардың қорғандардан және сақтандырғыш құрылғыларының болмауы, жетілдірілмеуі.
Ұйымдастырушылық себептер: технологиялық бұзылуы, еңбекті дұрыс ұйымдастырмау, жұмыс орындарын дұрыс ұйымдастырмау, жабдықтарды дұрыс жоспарламау: сәйкес келмейтін жабдықтарды құрал – самандарды қолдану; жұмыстың қадағаланбауы; еңбек етушулердің әрекеттерінің келіспеуі, техника қауіпсіздігі бойынша инструкцияларды бұзу және орындамау; жеке пайдаланудағы қорғаныс құралдарының болмауы.
Санитарлы – гигиеналық себептер: метералогиялық жағдайлар (температура, қолайсыз ылғал, ауаның жылжу жылдамдығы, жылулық сәулелену); ауаның кеңістігінің ластануы (улы булырдың, газдардың, шаң–тозаңның болуы), шу, вибрация; улы сәулеленулер (электр магнитті радиоактивті);жеке басының гигиенасының ережелерін бұзу; дәрігерлік бақылау және қадағалаудың болмауы. Келеңсіз жағдай жарақатты зерттеу және анализ жасау кезінде анықталатын бірнеше себептердің салдарынан болуы мүмкін.
Тергеу. Келеңсіз жағдай себептердің тергеуді оқиға болғаннан кейін кезде тез және ұқымты орындау керек.
Бұл кезде келеңсіз жағдайға сәйкес келетін өндірістік жағдайдың барлық шаралары және еңбекшілердің тәртіптері анықталады. Келеңсіз жағдай туралы жиналған мәліметтер көлемі оны жан–жақты қарастыруға жеткілікті болуы керек. Тергеу нәтижелері арнайы формула бойынша келеңсіз жағдай болған жердің сипаттамасы, болған уақыты, жарақаттың тікелей себебі болған жағдайы олардың сипаттамалары, зардап шегушінің квалификациясы, жұмысқа қарам–қатынасы, қанша жыл жұмыс істегені және келеңсіз жағдай себептерін жою бойынша істелінген шаралардың мазмұны кіретін актілермен толтырылады.
Егер өндірістік жарақат нәтижесінде жұмыскер еңбек қабәлеттілігінен айырылса, онда мұндай келеңсіз жағдай ескеріледі. Егер қабілеттілігі үш күннен аз, бірақ 24 сағаттан көпсозылса, онда мұндай келеңсіз жағдай тек қана тіркеледі.
Жарақаттануды танып білудің статикалық және техникалық әдістері бар.
Статикалық әдісі екі көрсеткіштің–жйілік коэффициентімен келеңсіз жағдайлардың ауырлық коэффициентінің көмегімен жарақаттану санды және сапалы бағалауға мүмкіндік береді. Ауыру коэффициентімен мүгедекттікке соқтыратын ауыр жағдайлармен өнімдік жағдайлар ескерілмейді.
Статикалық әдіс–жарақаттану себептерін толығымен ашпайды, бірақ жарақаттану жағдайына толық сипаттама бере алады. Жарақаттанудың алдын–ала алу үшін оны тудыратын немесе өндірісте пайда болуына әкеліп соқтыратын техникалық және ұйымдастырушылық себептерді білу керек. Бұл себептер тек техникалық анализ әдістерімен айқындалуы мүмкін. Ондай әдістер бірнеше.
Жарақаттануды танып білудің монографиялық әдісі–келеңсіз жағдай болған барлық комплекстің бөлшектей зерттелуін қарастырады. Ол кезде еңбекті және технологиялық процестер, негізгі және қосымша жабдықтар, өнделетін материялдар, өндірістік жағдайлардың жалпы шарттары, жұмыс орындары, жеке қорғаныс құралдары және тағы басқа факторлар қарастырылады.
Бұл әдіс жарақаттануды ескерту тәсілдерін біршама толық анықтауға факторлары көп емес қосымша тексеру жолдарымен басқа жерлерде орындаған жұмыс нәтижелерін қолдануға мүмкіндік береді.
Топтартырылған әдіс – зақымдалу ауырлығына қарамастан байланыссыз келеңсіз жағдайлардың қайталануына негізделген. Тергеудің бар мәліметтері жағдайлары бірдей, бір жабдықта болған, сондай–ақ зақымдану сипаты бойынша қайталанылатын келеңсіз жағдайлардыайқындай мақсатында топтарған таратылып бөлінеді. Сонан соң техника қауіпсіздігі бойынша сай келетін шаралар кепілдемелер беріледі. Бұл әдіс қарапайым зерттелуімен ерекшелінеді, бірақ әлі нақты келеңсіз жағдай түрінде айқындалмағандықтан, потенциалды қауіптерді анықтауға мүмкіндік бермейді.