
- •1 Жалпы бөлім
- •1.1 Электрлік жүктемелер
- •1.2 Электрқабылдағыштардың сипаттамасы
- •Электрмен жабдықтау сызбасын және желі кернеуін таңдау
- •2 Технологиялық бөлім
- •2.1 Кернеуді реттеу тәсілін таңдау
- •2.2 Тарату бекеттерінің және қосалқы станциялардың жабдықтары мен
- •2.3 Тоқ және кернеу трансформаторларын таңдау және тексеру
- •2.7 Найзағайдан қорғау және жермен қосқыш
- •3 Конструктор-техникалық бөлім
- •3.1 Кернеуі 1000в жоғары электр қозғалтқышта (эқ) қолданылатын релейлік қорғаныстар.
- •3.4 Эқ асқын жүктемеден қорғау.
- •5 Экономикалық бөлім
- •5.1 Техникалық – экономикалық көрсеткіштердің есептеулері
- •5.2 Тұтынымдық шығындарды есептеу
- •5.3 Амортизациялық шығындарды есептеу
- •5.4 Еңбек ақы қорын есептеу
- •5.5 Жұмыскерлер, мамандар және басшылардың
- •5 Еңбекті және қоршаған ортаны қорғау
- •5.1 Қазақстан Республикасының
- •4.2 Еңбек шарты және жарақаттану анализі
- •4.3 Жұмыс қаусіздігінің қамтамасыз ететін ұйымдастырушылық
- •4.4 Оқшауманың ақаулануын бақылау және алдын алу
- •4.5 Өрт қауіпсіздігі және оны ескерту шаралары
5 Еңбекті және қоршаған ортаны қорғау
5.1 Қазақстан Республикасының
«Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау туралы» Заңы
Еңбекті қорғау дегеніміз – еңбек процесі кезінде адамның денсаулығы мен жұмысқа қабілеттілігін сақтау және қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін жасалған заңдық актілер, ұйымдастырушылық – техникалық, гигиеналық және емдеу профилактикалық шаралар жүйесі. Еңбекті қорғаудың негізгі міндеті – еңбек процесі кезінде адамдарды аурулар мен алған жарақаттардан қорғау болып табылады.
Еңбекті қорғау үшін - өндірістік мекемелердің қоршаған ортасының жағдайы, олардың жарықтануы, желдетілуі, электромагнитті және радиоактивті сәулеленуі, вибрация, шу көптеген мәнге ие.
Қазақстан Республикасының «Еңбек қауіпсіздігі жєне еңбекті қорғау туралы» заңы 1993 жылғы 22 ақпанындағы Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің қаулысы бойынша «Еңбекті қорғау туралы» заңына өзгертулер енгізіліп 2004 жылдың 28 ақпанынан бастап қолданысқа енгізілді.
Қазақстан Республикасының Конституциясында еңбекті қорғау жағдайларын жақсартуға бағытталған баптар енгізілген.
Әркімнің еңбек ету бостандығына, қызмет пен кәсіп түрін таңдауына құқығы бар. Еріксіз еңбекке соттың үкімі бойынша не төтенше жағдайда немесе соғыс жағдайында ғана жол беріледі (24 бап).
Әркімнің қауіпсіздік пен тазалық талаптарына сай еңбек ету жағдайына, еңбегі үшін нендей бір кемітусіз сыйақы алуына, сондай-ақ жұмыссыздықтан әлеуметтік қадағалауға құқығы бар (24 бап).
Қазақстан Республикасы азаматтарының денсаулығын сақтауға құқығы бар (29 бап). Мемлекет адамның өмір сүруі мен денсаулығына қолайлы айналадағы ортаны қорғауды мақсат етіп қояды (31 бап).
Осы Заң Қазақстан Республикасындағы еңбекті қорғау саласындағы қоғамдық қатынастарды реттейді және еңбек қызметі процесінде еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, қызметкерлердің өмірі мен денсаулығын сақтауға бағытталған, сондай-ақ еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі принциптерін белгілейді.
Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
Өндірістік объектілерді еңбек жағдайлары бойынша аттестаттау - өндірістік объектілерді, цехтарды, учаскелерді, жұмыс орындарын оларда орындалатын жұмыстардың қауіпсіздігінің, зияндылығының, ауырлығының, еңбек гигенасын айқындау және өндірістік орта жағдайларының еңбек жағдайлары нормативтеріне сәйкестілігін айқындау мақсаттарында оларды бағалау жөніндегі қызмет;
Еңбек қауіпсіздігі – еңбек қызметі процесінде қызметкерлерге зиянды және қауіпті әсерді болдырмайтын іс-шаралар кешенімен қамтамасыз етілген қызметкердің қорғалу жай-күйі;
Еңбектің қауіпсіз жағдайлары – қызметкерлерге зиянды және қауіпті өндірістік факторлардың әсері жоқ не олардың әсерінің деңгейі қауіпсіздік нормаларынан аспайтын, жұмыс беруші жасаған еңбек жағдайлары;
Өндірістік жабдықтың қауіпсіздігі - өндірістік жабдықтың өз функцияларын орындауы кезінде нормативтік-техникалық және жобалау құжаттамасында белгіленген жағдайларда еңбек қауіпсіздігінің талаптарына сәйкестілігі;
Өндірістік процестің қауіпсіздігі - өндірістік процестің нормативтік-техникалық құжаттамада белгіленген жағдайларда еңбек қауіпсіздігінің талаптарына сәйкес;
Зиянды өндірістік фактор – оның әсері қызметкердің сырқаттануына немесе еңбекке қабілеттілігінің төмендеуіне әкеп соқтыруы мүмкін өндірістік фактор;
Зиянда (ерекше зиянды) еңбек жағдайы – белгілі бір өндірістік факторлардың әсері қызметкердің еңбекке қабілеттілігінің төмендеуіне немесе сырқаттануына әкеп соқтыратын еңбек жағдайлары;
Еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау мониторингі — өндірістегі еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғаудың жай-күйін қадағалау жүйесі, сондай-ақ Республикадағы еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғаудың жай-күйін бағалау және болжау;
Өндірістегі жазатайым оқиға — өзінің еңбек (қызмет) міндеттерін немесе жұмыс берушінің тапсырмаларын орындау кезінде қызметкердің жарақаттануы, денсаулығының кенеттен нашарлауы немесе улануы салдарынан ауруға шалдығуына не өліміне әкеп соқтырған өндірістік фактордың әсері;
Қауіпсіздік нормалары — қызметкерлердің еңбек қызметі процесінде оларлыњ өмірі мен денсаулығын сақтауға бағытталған техникалық, санитарлық-гигиеналык, биологиялық және өзге де нормаларды, ережелерді, рєсімдер мен өлшемдерді қамтамасыз ету түрғысынан өндіріс жағдайларын, өндіріс және еңбек процесін сипаттайтын сапалық және сандық көрсеткіштер;
Еңбек жағдайларының нормативтері — еңбектің қалыпты жағдайларын қамтамасыз ететін эргономикалык, санитарлык-гигиеналык және психофизиологиялық және өзге де талаптары бар нормативтер;
Еңбекті қорғау жөніндегі қоғамдық инспектор — ұйымның кәсіподақ органы, ал ол болмаған кезде қызметкерлердің жалпы жиналысы тағайындайтын, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласында қоғамдык бақылауды жүзеге асыратын кызметкерлер өкілі;
Қауіпті өндірістік фактор — әсерін тигізуі қызметкердің еңбекке қабілеттілігінен уакытша немесе тұрақты айрылуына (еңбек жарақатына немесе кәсіби ауруына) немесе өліміне әкеп соқтыруы мүмкін өндірістік фактор;
Қауіпті (ерекше қауіпті) еңбек жағдайлары — еңбекті қорғау ережелері сақталмаган жағдайда белгілі бір өндірістік факторлардың әсерін тигізуі қызметкер денсаулығының кенеттен нашарлауына немесе жарақаттануына не өліміне әкеп соқтыратын еңбек жағдайлары;
Еңбекті қорғау — құқықтық, әлеуметтік-экономикалық, ұйымдық-техникалық, санитарлық-гигиеналық, емдеу-алдын алу, оңалту және өзге де іс-шаралары мен құралдарын қамтитын, еңбек қызметі процесінде қызметкерлердің өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігін қамтамасыз ететін жүйе;
Өндірістік жабдық - машиналар, тетіктер, аппараттар мен өзге де техникалық құралдар;
Өндірістік санитария — зиянды өндірістік факторлардың қызметкерлерге әсерін болғызбайтын немесе азайтатын санитарлык-гигиеналық, ұйымдастыру іс-шаралары мен техникалық құралдар жүйесі;
Кәсіби ауру — қызметкердің еңбек (қызмет) міндеттерін орындауымен байланысты оған зиянды өндірістік факторлардың әсер етуінен туындаған созылмалы немесе қатты ауруы;
Жұмыс орны — қызметкердің еңбек қызметі процесінде өзінің еңбек міндеттерін орындау кезіндегі тұрақты немесе уақытша болатын орны;
Арнаулы киім - қызметкерді зиянды және қауіпті өндірістік факторлардан қорғауға арналған киім, аяк киім, бас киім, қолғап;
Жеке қорғану құралдары — қызметкерді зиянды және (немесе) қауіпті өндірістік факторлардың єсерінен қорғауға арналған құралдар;
Ұжымдық, қорғану құралдары – жұмыс істейтін екі және одан да көп адамдарды зиянды және (немесе) қауіпті өндірістік факторлардың әсерінен бір мезгілде қорғауға арналған техникалық құралдар;
Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органның аумақтық, бөлімшелері (бұдан әрі — аумақтық бөлімшелер) — уәкілетті мемлекеттік органның Қазакстан Республикасының заңдарына сәйкес тиісті әкімшілік аумақтық бірлік шегінде еңбек қатынастары саласындағы өкілеттікті жүзеге асыратын еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі құрылымдық бөлімшелері;
Ауыр қол еңбегі – ауыр заттарды қолмен көтеруге немесе орнын ауыстыруға байланысты қызмет түрлері не 300ккал/сағаттан астам күш-қуат жұмсалатын басқа да жұмыстар;
Өнеркәсіп қауіпсіздігі саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган - өнеркәсіп қауіпсіздігі саласындағы мемлекеттік саясатты берілген өкілеттік шегінде іске асыратын Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органы;
Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган – еңбек қатынастары саласындағы өкілеттікті Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;
Қазақстан Республикасының «Еңбек қауіпсіздігі жєне еңбекті қорғау туралы» заңы толығымен нарықтық шарттарға сәйкестендіріліп, жұмысты жүргізуге және жұмыскердің қауіпсіз жұмыс істеуін толығымен қамтамасыз етеді деп айтуға болады. Қазақстан Республоикасының еңбең қауіпсіздігі және еңбекті қорау туралы заңдарын бұзғаны үшін жауаптылық Қазақстан Республикасының еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау туралы заңдарын бұзуға кінәлі адамдар Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жауаптылықта болады.
Осы Заң Қазақстан Республикасындағы еңбекті қорғау саласындағы қоғамдық қатынастарды реттейді және еңбек қызметі процесінде еңбек қауіп-сіздігін қамтамасыз етуге,қызметкерлердің өмірі мен денсаулығын сақтауға бағытталған,сондай-ақ еңбек қорғау саласындағы мемлекеттік саясаттың не-гізгі принциптерін белгілейді. Жалпы мемлекеттің өзіндік саясаттың негізгі бағыттары болып еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы мемле-кеттік саясаты:Қазақстан Республикасының еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы нормативтік құқықтық актілерін, мемлекеттік стандарт-тарды, ережелерді,нормаларды,әзірлеу мен қабылдауға; еңбек қауіпсіздігі жә-не еңбекті қорғау саласындағы мемлекеттік,салалық және аймақтық бағдар-маларды әзірлеу; өндірістегі жазатайым оқиғалар мен кәсіби аурулардан зар-дап шеккен қызметкерлердің,сондай-ақ олардың отбасы мүшелерінің заңды мүдделерін қорғауға; өндірістің және еңбектің ұйымдастырудың қазіргі за-манғы техникалық деңгейінде жойылмайтын ауыр жұмыс үшін және еңбек жағдайлары зиянды және қауіпті жұмыс үшін өтемақылар белгілеуге;
Еңбекті қорғау үшін–өндірістік мекемелердің қоршаған ортасының жағдайы, олардың жарықтануы, желдетілуі, электромагнитті және радиоактивті сәулеленуі, вибрация, шу көптеген мәнге ие.