Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
tarihi_grammatika_umk.doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
358.91 Кб
Скачать

Сөз таптарының қалыптасу тарихы

Сөз таптары дегеніміз бір-бірінен грамматикалық мағыналары, морфологиялық ерекшеліктеріжәне синтакситік қызметі арқылы ажыратылатын сөздердің жалпы тобы болып табылады. Бірсыпыра зерттеушілер сөз таптарының шығуын сөйлем мүшелерімен байланыстырады. Мысалы, академик И.И. Мешанинов өзінің «сөйлем мүшелері мен сөз таптары» (М,1945) деген кітабында былай деп жазды: «Сөйлемде зат есім – бастауыш немесе толықтауыш, сын есім – анықтауыш, үстеулер – пысықтауыш, етістіктер – баяндауыш ретінде жұмсалады. Олай болса, сөз таптары сөйлем мүшелері болу арқылы бөлініп шықты», - дейді (203).

Бұл пікір онша дәл емес. Мүмкін кейбір сөз таптары (мысалы үстеу) солай жасалынса, жасалған шығар. Бірақ барлық сөз табы сөйлем мүшелерінен бөлініп шықты деу әр уақыт дұрыс бола бермейді. Мәселен, зат есім, сын есім, етістіктер өз алдына жеке-жеке жасалуы да немесе бірінен-бірі бөлініп шығуы да әбден мүмкін.

Көне дәуірде зат есімдер мен сын есімдердің жігі ажырмаған. Мысалы, жас, көк сөздерінің әрі зат есім (жас келсе іске, ертең көкке шығалық), әрі сын есім (жас бала, көк шөп) болуы сол көне құбылыстың ізі екендігін көрсетеді. Тілімізде әрі зат есім, әрі сын есім болатын сөздер (ыстық, жарық, салқын, суық) ғана емес, әрі зат есім, әрі етістік болатын сөздер де бар. Мысалы: көш (көш келе жатыр, бірсүгіні жайлауға көш), той, тоң, ық т.б.

Сөз таптарының бірден пайда болмай, тілдің тарихи даму барысында біртіндеп жасалатындығы үстеулердің сөз табы ретінде қалыптасуынан да көрінеді. Мысалы: қазақ тілінде босқа, зорға, бірге (барыс сеп.); кейде қапыда, бірде (жатыс сеп.); жүресінен, кенеттен, бірден (шығыс сеп.); жайымен (көмектес сеп.);

Қазақ тіліндегі сүзеген, тебеген, қабаған, жатаған тәрізді сөздер формасы жағынан – есімшелер. Бірақ, бұлар тілдік табиғаты жағынан – сын есімдер. Өйткені олар ұдайы анықтауыш қызметінде жұмсала келіп, өздерінің есімшелік мағыналарынан айырылып қалған да, сын есімдерге айналып кеткен.

Сөз таптарының бір-біріне ауысуы сөздің лексикалық мағынасының өзгеруімен тығыз байланысты. Лексикалық мағынада өзгеріс болмай тұрып, бір сөз табының басқа сөз табына ауысуы мүмкін емес.

Сөз таптары бірден емес, тілдің тарихи дамуы барысында біртіндеп сараланды, дамыды. Олардың әрқайсысы өзіндік жалпы категориялы мағынаға ие болады, морфологиялық жағынан тұлғаланады. Сөз тудырушы және сөз түрлендіруші арнайы формаларға ие болып, сөйлемде белгілі бір синтаксистік қызмет атқаруға икемделеді.

Сөз таптарының топтастырылуы

Тіл білімінде сөз таптарының табиғаты жайында әртүрлі көзқарастар бар. Мәселен, А.Потебня, А.А. Шахматов, И.И.Мещанинов, В.В.Виноградов сияқты ғалымдар сөз таптарын лексика-грамматикалық категория деп қарайды. Бұлардың пікірінше, әрбір сөз табының мағынасы сөздің лексикалық мағынасы мен грамматикалық мағынасынан құралады.

Ф.Ф.Фортунатов болса сөз таптарын морфологиялық-грамматикалық (формальды-грамматикалық категория деп қарайды. Ал сөздерді алдымен «түрленетін» және «түрленбейтін» (үстеу) сөздерден топтастырады да, түрленетін сөздерді «септелетін» (зат есімдер), «жіктелетін» (етістіктер) сөздер деп, іштей тағы да жіктейді.

О.П.Суник пен А.А.Реформатскийлер сөз таптарын таза грамматикалық категория ретінде қарастырады.

Біздің ойымызша, сөз таптарын лексика-грамматикалық категория деп қарайтын ғалымдардың пікірлері дұрыс. Өйткені сөз таптары, шындығында да, бір-бірінен тек грамматикалық жағынан ғана емес, сонымен бірге, олар лексикалық мағынасы жағынан да ажыратылады. Мәселен, зат есімдерге тән мағына – заттылық мағына, сын есімдерге тән мағына атрибутивтік мағына, етістіктерге тән мағына – процессульдық мағына. Бұлар – олардың сөз табы ретіндегі мағыналыры. Бұл мағыналар әр сөз табына енетін күллі сөздердің бәріне ортақ.

Сөз таптарына тән категориялды (жалпылыма ортақ) мағынаны сөздің лексикалық мағынасымен де, оның грамматикалық мағынасымен де шатастыруға болмайды. Сондықтан да, бұл мағына, яғни сөз таптарына тән жалпылама ортақ мағына тіл білімінде – жалпы категориалды деп аталынады. ол сөздің лексикалық мағынасы мен грамматикалық мағынасының жалпылану арқылы бірігуінен жасалады.

Сонымен сөз таптары бір-бірінен, біріншіден, жалпы категориалды мағыналары жағынан ажыратылады. Грамматикалық белгілердің өзі екі түрлі. Оның бірі – морфологиялық белгі, екіншісі – синтаксистік белгі.

Морфологиялық белгінің қатарына сөз тудыру формалары (жұрнақ) мен сөз түрлендіру, формалары (жалғаулар) енеді. Мысалы: етік+ші, өн+ім, -зат есімдер; дене+лі, тұз+ды –сын еісмдер;

Морфологиялық белгі дегеніміз – бір сөз табындағы сөздің басқа бір сөз табындағы сөзден ажырататын грамматикалық формалардың белгілі бір жүйесі.

Синтаксистік белгі дегеніміз – белгілі бір сөз табына қатысты сөздердің сөйлемдегі қызметі, яғни сөйлеу мүшесі болу қызметі мен олардың бкасқа сөздермен тіркесу қабілеті. Айталық, зат есімдер етістіктермен тіркеседі де, бастауыш немес толықтауыш қызметін атқарады. Бұл – оның жалпы категориалды мағынасы; олар – заттық, ұғымдық мағыналарымен тығыз байланысты.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]