Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:

Tarikhy-Test500_1_1

.doc
Скачиваний:
33
Добавлен:
21.02.2016
Размер:
628.74 Кб
Скачать

«Қазақстан тарихы » пәні бойынша мемлекеттік емтихан бағдарламасы

1

Адамзат тарихында қай кезең ең ежелгі деп есептеледі? Палеолит, тас ғасыры

2

Жер бетінде алғашқы адам қашан пайда болды? Палеолит, 2 млн. Жыл бұрын

3

1927 жылы жердің қай аймағында синантроп табылды? Қытай, Пекин маңында Джоу-Коудян

4

Тас ғасыры тарих дәуірінің қай кезеңіне жатады? Ежелгі палеолит

5

Қазақстан террриториясын ежелгі адамдар қай уақыттан бастап қоныстанды? 700-800 мың жыл бұрын

6

Қазақстаннның қай аймағынан адамдардың ең ежелгі тұрақтары табылды? Қаратау жотасы

7

1958 ж. қай облыста Х.Алпысбаев жетекшілігімен ең ежелгі палеолит тұрақтары табылды? Жамбыл обл, Талас ауд, Берің Тәңір

8

Қаратау тауларында Х.Алпысбаев жетекшілігімен ашылған ежелгі палеолит тұрақтары тұрақтары қалай аталды? Бөріқазған, Тәңірқазған

9

«Экзогамия» термині нені білдіреді? Өз ру ішінде неке болуға тыйым салу

10

Палеолит кезеңіндегі адамдардың ең негізгі шаруашылығы: Аң аулау, терімшілік

11

Матриархат термині нені білдіреді? Әйелдің басшылық етуі

12

Микролит дегеніміз не? Тастан жасалған сына еңбек құралы

13

Ежелгі адамдар тасты үшкірлеуді, кесуді, тесуді қай кезеңде үйренді? Неолит

14

Өндіруші шаруашылық қашан пайда болды? Неолит

15

Қай дәуірде матриархат орнына патриархат келді? Неолит

16

«Патриархат» термині қандай мағынаны береді? Ер адам басшылығы

17

Қазақстанда қола дәуірінің хронологиялық шеңбері: б.з.д. 18-18 ғасыр, б.з.д. 2-3 мың жыл бұрын

18

«Андронов мәдениеті» атауы қайдан шыққан? Андронов селосы, оңт Сібір

19

Кейінгі қола дәуірінде Орталық Қазақстанға қандай мәдениет таралды? Беғазы-Дәндібай

20

Қола неден құралады? Қалайы және мыс

21

Көшпелі мал шаруашылығына өтуде малдың қай түрі басым болды? Жылқы мен қой

22

Қазақстанның қай аймақтарында ежелгі металлургия дамыған? Жезқазған маңайы

24

Андронов мәдениеті қай аймақтарға таралды? Қазақстан, Сібір, Орта Азия

25

Қазақстан территориясында қай тайпалар алғашқы бірлестіктерді құрды? Сақтар

26

Сақ тайпалық бірлестігінің өмір сүруінің хронологиялық шеңбері: б.з.д. 7-4 ғасыр

27

Сақ тайпаларының орналасу ареалын көрсетіңіз: Орта Азия мен Қазақстан

28

Б.з.д. 1-ші мыңжылдықтың ортасында сақтардың территориясынан өткен керуен жолын мамандар қалай атайды? Дала жолы

29

Б.з.д. 1-ші мыңжылдықта сақтардың жерінен өткен Дала жолы материктің қай аймақтарын байланыстырды? Қытай және Қара теңіз

30

Қазақстанның қай бөлігінде сақ-парадарайа тайпалары мекен етті? Арал теңізі маңы, Сырдария маңы

31

Қай тайпаларды шошақбөріктілер деп атады? Тиграхауда

32

Сақ-тиграхауда тайпалары Қазақстанның қай бөлігін мекендеді? Жетісу

33

Ежелгі авторлардың қайсысын «Тарихтың атасы» деп атайды? Геродот

34

«Тарих» атты 9 томды еңбектің сақтарға арналған 4-ші томын ежелгі грек авторларынан кім жазды? Геродот

35

«Алтын адам» табылған Есік қорғаны Қазақстанның қай облысында орналасқан? Алматы обл.

36

Археологтардың қайсысы «Алтын адам» табылған Есік қорғанын тауып, зерттеді? Акишев Кемал

37

Акинак дегеніміз не? Сақтардың қысқа қылышы

38

Аңыз бойынша сақ патшасы Томиристің бұйрығымен жаулап алушылар ішінен кімнің басы шабылды? Кир

39

Александр Македонскийдің бұйрығымен сақтардың жерінде салынған қала қалай аталады?АлександрияЭсхаты

40

Қай шығармада А.Македонскийдің сақтар жеріне жорықтары туралы айтылады? Абайдың Ескендір поэмасында

41

Сақтар өнеріне қандай стиль тән? Аңдық стиль

42

Үйсіндердің жоғарғы билеушісінің титулы: Гуньмо

43

Үйсін мемлекеті қашан және қай территорияда құрылды? Жетісуда б.з.д. 177ж

44

Шыңғысханды император етiп жариялаған бүкiл монғолдардың құрылтай жиналысы қай жылы болды? 1206

45

Отырар қаласының монғол әскерлерiнен қорғануы қанша уақытқа созылды? 5 ай

46

Монғол шапқыншылығы қарсаңында қарақытайлар елiне барып паналаған, мұсылмандарға қыр көрсеткен басшы: Күшлік хан

47

XII-XIVғғ. мемлекет құрудағы ең басты тұрақты бөлу принципi: Сол және Оң қанаттарға бөлу

48

Жошы ұлысы мен Алтын Ордада империя кiмнiң меншiгiнде деп есептелдi? Хан руының

49

1235 ж. монғолдардың Шығыс Еуропаға жорығы туралы шешiм қабылданды. Ол жорықты кiм басқарды? Бату

50

Көшпелi Өзбек мемлекетi қашан құрылды? 15 ғ-ң 20-жылдары

51

Ноғай Ордасының орталығы болған жер: Сарайшық маңайы

52

XIV ғ. орта кезiнде Шағатай мемлекетi екiге бөлiндi. Батыс бөлiгiн Мәуераннахр деп атаған, ал Шығыс бөлiгі қалай аталды? Моғолстан

53

Атақты “Тарихи Рашиди” атты еңбектiң авторы: Мұхамед Хайдар Дулати

54

Орта Азия жерiнде мемлекеттiң негiзiн қалап, XV ғ. бас кезiнде алғашқы қазақ хандарымен Сырдария маңындағы қалалар үшiн ұзақ уақыт күрес жүргiзген: Шайбани

55

XIV ғ. орта кезінде Моғолстанның саяси өмiрiнде қай тайпалардың басшылары ерекше рөл атқарды? Дулат

56

Ақ Орда мен Көк Орда атаулары қай ұлыстың әртүрлi бөлiгiн құрады? Жошы ұлысының

57

Өзiнiң қарсыластарымен ұзақ күрестен кейiн, 1370 жылы Мәуераннахрда жеке билеушi болған кiм?

Ақсақ Темір

58

Алтын Ордада хан жарлықтары қай тiлде жазылды? Түрік тілінде

59

Ақ Орданың астанасы қай қала? Сығанақ

60

Моғолстан мемлекетіндегі Хан кеңесінің аты: Мәжіліс

61

XVғ. ортасында Әбілқайыр (“Көшпелі өзбек”) хандығындағы саяси жағдайдың шиеленісуі кімдердің арасында болды? Жошы мен Шайбани

62

1480 ж. Жәнiбектiң орнына хан болған: Бұрындық хан (Керейдің баласы)

63

XV-XVІІ ғғ. қазақ қоғамы қандай екi әлеуметтiк топтан тұрды? Ақсүйек пен қарасүйек

64

Тұңғыш қазақ хандары қай мемлекетпен бірінші одақтық қарым-қатынас жасады? Моғолстан

65

Жоңғарларға қарсы күресте Жәңгір ханға қолдау жасап, көмек көрсеткен қолбасшы: Жалаңтөс Баһадүр

66

“Жеті Жарғы” заңдар жинағын құрастыруға қатысқан, көптеген толғаулардың авторы, Ұлы Жүздің биі: Төле би

67

ХУІ-ХУІІ ғғ. “Ұлыстың ұлы күні” деп аталатын қазақтардың негізгі мейрамдарының бірі: Наурыз

68

Жошының ұлы Орда Ежен Ордасы қай жерде орналасты? Ертісте

69

Ұлық Ұлысының Монғол империясынан бөлінуіне қандай себептер әсер етті? Айтылғандардың бәрі

70

Ұлық ұлысында жоғары әскери қолбасшының міндетін кім атқарды? Беклербек

71

Ұлық ұлысында мемлекеттік билік басшысының титулы: Уәзір

72

ХІІІ ғ. екінші жартысы-ХІУ ғ. бірінші жартысында Шағатай мемлекетінде қалалық мәденитеттің құлдырауының себептері: Айтылғандардың бәрі

73

Хан мен сұлтандар үшін шариатта белгіленген мал салығы: Зекет

74

Қазақ хандығының құрылуының объективті алғышарттары: Айтылғандардың бәрі

75

Билігінің соңғы жылдарында Бұрындық хан қайда кетуге мәжбүр болды? Мәуреннахрға

76

1594 ж. Мәскеу патшасы Федорге қазақ елшілігін бастап барған кім? Құл-Мұхаммед

77

Тұрсын ханмен күресте қазақ ханы Есімге кімдер қолдау көрсетті? Қырғыздар

78

Қожа Ахмед Яссауи кесенесі қай жерде орналасқан? Түркістан

79

Қандай оқиға 1219 жылы Шыңғысханның Мәуереннахрға жорығын жеделдетті? 1218ж. Отырар апаты

80

Қай жылы монғолдар Орта Азияны жаулап алды? 1221ж

81

Қай жылы Қазақстан территориясы Шыңғысхан империясының құрамына енді? 1224ж

82

Қазақстан территориясы Монғолдың 3 ұлысының құрамына енді, кіші ұлы Төлеге қай жерлер берілді? Монғолия жері

83

Қай жылы Шыңғыс хан қайтыс болып, оның империясы бірнеше тәуелсіз мемлекеттерге бөліне бастады? 1227

84

Алтын Орда мемлекетінің негізін салған кім? Батый хан

85

Моғолстанның астанасын атаңыз: Алмалық

86

Қазақ хандығының алғашқы кезеңінде Сығанақ қаласы қандай рөл атқарды? Астана болды

87

Неге Баласағұн қаласы Шыңғысханға соғыссыз берілді? Күшлікпен қиратылған еді

(Шапқыншылық тұтқиылдан болды)

88

Деректерде Бату әскері қалай аталды? Татарлар

89

Алтын Ордада салықты кім жинады? Басқақтар

90

Ойраттарға шешуші соққы берген Монғолстан ханы кім? Уәйіс хан

91

Шайбани әулетінен шыққан Әбілқайыр қай жылы хан болып сайланды? 1428ж

92

Ноғай Ордасы көптеген рулық-тайпалық топтарды біріктірген бірнеше ұлыстардан тұрды. Ұлыс билеушісі кім болды? Мырза

93

Ноғай Ордасында әскери дипломатиялық, әкімшілік мұрагерлік билікті кім иеленді ? Князь

94

Ұзақ ғасырларға созылған қазақ халқының және оның этникалық территориясының қалыптасуы қашан аяқталды? 15-16ғғ

95

Көрсетілген Қазақ хандығының қалаларынан діни орталықты көрсетіңіз: Яссы

96

Қай ханның тұсында Ақ Орда тәуелсіз хандық болып жарияланды? Орыс хан

97

Батыста феодалдық жер үлесі бенефиций, Ресейде – поместье, ал Шығыста қалай аталды? Сойырғал

98

Қай жылы Әбілқайыр хан ойраттардан жеңіліп, олармен ауыр жағдайда бейбіт келісімге келді? 1457ж

99

Қай жылы Әбілқайыр хан қайтыс болып, оның мемлекеті ыдырады? 1468ж

100

ХҮІ ғ. бірінші жартысында қай ханның тұсында Қазақ хандығының күш-қуаты артты? Қасым хан

101

Қай жылы Мұхаммед Шайбани Сығанақ қаласын басып алғысы келді, бірақ Қасым әскерлерінен ойсырата жеңілді, ал өзбектер Самарқандқа қашты? 1510ж

102

ХҮІІ ғ. бірінші жартысында Қазақтың қай ханының тұсында Оңтүстік Қазақстанның отырықшы-егіншілік адамдары мен Сырдарияның орта ағысындағы қалалар Қазақ хандығының құрамына еніп, Ташкент 200 жылға берілді? Есім хан

103

Ағасы қайтыс болғанда оның әйелі інісіне тұрмысқа берілетін дәстүр қалай аталады? Әмеңгерлік

104

Қай қазақ ханының тұсында қазақ халқының саны 1 млн. адамға жетті? Қасым хан

105

Үйсіндердің астанасы болған: Чигучен

106

Қай жазба дерегі үйсіндерде жеке меншіктің болғандығы туралы мәлімет береді? Сыма-Цань тарихи жазба

107

«Кангюй» термині тарихи деректерде алғаш қашан айтыла бастады? Б.з.д. 2 ғ

108

Көптеген деректердегі пікірлер бойынша ғұндар: Түрік тілдес

109

Бұмын қаған титулын қай жылы алды? 552ж

110

Мұқан қағанның билік құрған жылдары: 553-572жж

111

582-603 жылдар қандай кезең? Түрік қағанатын ыдырауға алып келген бүлік

112

Батыс Түрік қағанатының астанасы: Суяб

113

Сұлу (Сұлұқ) қағанның билік құрған жылдары? 715-738ж

114

Қимақ мемлекетінің мұрагерлері: Қыпшақтар

115

Иқта, (Издольщина), уакф (вакф), коммендация. Жер иеленудің бұл түрлері қай мемлекетте кеңінен таралды? Қарахан мемлекетінде

116

Қай халықтың жоғарғы билеушілері елбөрілі әулетінен болды? Қыпшақ

117

Кімдердің әскери қолбасшысына сюбашы титулы берілді? Оғыздарға

118

Янгикент қай мемлекеттің астанасы болды? Оғыз мемлекетінің

119

Қарахандар мемлекетінің құлауы кімдермен байланысты болды? Қидандармен

120

Ертедегі түрікілерде «мемлекет» сөзінің баламасы: Ел

121

«Он оқ бұдын» деп: Батыс Түрік қағанатының тұрғындары

122

Қара.. және Сары ... – бұл ірі бөлімдер атауы қай тайпада болды? Түргештер

123

Бірінші Түрік қағанатынның ақсүйектері арасында таралған әлемдік діндердің бірі: Буддизм

124

ХІ ғ. қай түркі тайпалары христиан дініне табына бастады? Керейлер

125

Алғаш ежелгі түркі жазбасы ескерткіштері қашан ашылды? 1721-1722ж

126

Түркі сына жазбасын оқыған: У. Томсон

127

Ежелгі түркі алфавиті қанша белгілерден тұрады? 37-38 белгіден тұрады

128

В.В.Радлов алғаш түркі ескерткіштерінің мәтінін қай жылы жарыққа шығарды? 1894ж

129

Көпшілікке танымал түркі сына жазба ескерткіштерінің орналасқан жері: Моңғолияда

130

М.Қашқаридың өмір сүрген жылдары: 1029-1101ж

131

Әл-Фарабидің өмір сүрген жылдары: 870-950ж

132

Үйсіндердің алғашқы қонысы қай жерден табылды? Шу бойында

133

Қай қағанның тұсында Түрік қағанаты Орталық Азияда саяси үстемдікке жетті? Мұқан

134

«Түрік» сөзі нені білдіреді? Күшті

135

Түріктер үшін сәтті жарықтар болған: Батыс

136

Түріктерде үлкен қажеттілікті басынан кешіруге мәжбүр еткен жұт жылдары: 581-583ж

137

Батыс Түрік қағанатының өмір сүрген жылдары: 603-704ж

138

Түрік қағанатының өмір сүрген жылдары: 552-603ж

139

Түрік қағанатының негізгі халқы: Қауым малшылары

140

«Түрік» этнонимі қай жылнамаларда кездеседі? Қытайда

141

Түргеш қағанатының құрылған жылы: 704ж

142

«Халықтар шайқасы» қай жылы болды? 751ж

143

Керей мемлекеті қай ғасырда құрылды? 10ғ басы

144

Керейлер христиан дінін қай жылы қабылдады? 1007ж

145

Найман тайпалық одағы қалай аталды? Сегіз оғыз

146

Қарлұқ мемлекетінің өмір сүрген жылдары: 756-940ж

147

«Тәңірі» дегеніміз: Аспан

148

Б.з.д. УІ-ХІІ ғасырлар Қазақстан тарихында қандай кезең? Түрік кезеңі

149

Тұтық дегеніміз: Аймақ

150

Түргеш қағанаты неше тұтыққа бөлінді? 20

151

Оғыз мемлекетінің өмір сүрген кезеңі: 9-10ғ басы

152

Қарахандар мемлекетінің өмір сүрген кезеңі: 942-1205ж

153

Қыпшақ мемлекетінің өмір сүрген кезеңі: 11-13ғ басы

154

Қимақ қағанатының өмір сүрген кезеңі: 9-11ғ басы

155

Қимақ қағанатының астанасы: Имақия

156

Қарахандар мемлекетінің астанасы: Бұхара, Баласағұн

157

Оғыз мемлекетінің астанасы: Янгикент

158

“Түрік” этнонимі алғаш қашан атала бастады? 542ж

159

Түрік қағанатының негізін қалаған: Бумын қаған

160

Батыс Түрік қағанатының негізін неше тайпа құрады: 10 тайпа

161

Қай жылы Түрік қағанаты Батыс және Шығыс болып екіге бөлінді? 603ж

162

УІІ ғ. қай қағанның тұсында Түрік қағанаты күшейді? Тұнжабғы қаған

163

704 ж. Жетісудағы билікті алған түркі тайпалары: Түргештер

164

Түргеш қағанатының негізін қалаған: Үш елік қаған

165

Шыңғысхан өз империясын неше ұлысқа бөлді? 4

166

Қай хандар тұсында Алтын Орда гүлденді? Өзбек, Жәнібек

167

Шыңғысханның заңдар жинағы: Ұлы Яссы

168

Алтын Ордада қай ханның тұсында ислам діні мемлекеттік дін болып қабылданды? Өзбек хан

169

Бұл қаған елді әрқайсысы 7 мың әскерден тұратын 20 түтікке бөлген: Үш Елік

170

Қыпшақтар шаруашылығының негізгі түрі: Мал

171

«Жүз» термині нені білдіреді? Тарихи-шаруашылық аймақ

172

Ақ Орданың құлауы қай мемлекеттермен байланысты? Ноғай орбасы, Әбілқайыр хандығы

173

Ноғай Ордасының территориясы қай жерде болды? Еділ мен Жайық арасында

174

Қай жылы Моғолстан мемлекеті құрылды және оның алғашқы ханы кім? 1348ж Тоғлық Темір

175

Бөгенбай батыр басшылығындағы орталықтанған қазақ қолын құру туралы шешім қабылдаған 1710 жылғы құрылтай қай жерде болды? Қарақұмда

176

ХҮІІІ-ғасырдың басында қазақ қоғамында негізгі заң ретінде қай заңдар жинағы қолданылды? Жеті Жарғы

177

“Жеті жарғы” заңдар жинағы бойынша көп жағдайда қандай жазалау шаралары қаралды? Құн төлеу

178

Қазақ қоғамының қай тап мүшелері би сотының қарауында болмады? Сұлтандар

179

“Жеті жарғы” заңдар жинағы қай хан тұсында жасалып, қабылданды? Тәуке хан

180

“Жеті жарғы” заңдар жинағын жасауға төмендегі қайраткерлердің қайсылары ат салысқан? Төле, Қазыбек, Әйтеке

181

Қазақ қауымының қай тобы “ақ сүйек” қауымына жатқан? Төрелер мен қожалар

182

Қазақ қауымында кімдерді “қожалар” деп атаған? 1-ші Ислам миссионерлерінің ұрпақтары

183

Қоғамдағы қай таптың өкілдері қазақтың ханы болып сайлана алды? Тек қана Төрелер

184

Қазақ қоғамында сот билігі қызметін кім атқарды? Билер

185

ХҮІІІ ғасырдың І ширегінде қазақтар үшін қай елден қауіп көбірек төнді? Жоңғарлар

186

Қай жыл “Ақтабан шұбырынды” деп аталды? 1723ж

187

1723 ж. қыркүйек айында Әбілхайыр хан қандай мақсатпен Еділ қалмақтарына қарсы жорық жасады? Жоңғар мен Еділ қалмақтары арасында әскери одақ құруға жол бермеу үшін

188

Ұлы жұт жылдарындағы халықтың қайғы-қасіретін көрсететін ән? Елім-ай

189

1726-жылы Ордабасыдағы Құрылтайда Бүкілқазақ жасағының бас қолбасшысы болып кім сайланды? Әбілқайыр

190

1726-жылғы Бұланты өзені бойындағы шайқаста қазақтар кімге қарсы соғысты? Жоңғарларға

191

ХҮІІІ ғасырдың 20-жылдарында біріккен қазақ әскері қай жерде және қашан жоңғарларға қарсы соғыста алғаш үлкен жеңіске жетті? Бұланты өзені 1726ж

192

1729-жылы қазақтардың жоңғарлармен болған шайқасы қалай аталады? Аңырақай шайқасы

193

Өскемен бекінісі қашан салынды? 1720ж

194

Қай жылы Кіші жүздің ханы Әбілхайыр Құтлымбет Қоштайұлының бастауымен елшілерінің Кіші жүзді империя құрамына қабылдау туралы ұсынысымен Ресейге жіберді? 1730ж

195

Қай жылы және қай Қазақ Жүзі бірінші болып Ресей империясының құрамына енді? 1731ж Кіші жүз

196

1731-жылы 10-қазанда Кіші Жүз ханының ордасына Анна Иоановнаның елшісі ретінде орыс шенеунігінің қайсысы келді? Тевкелев

197

Қай жылы императрица Анна Иоановна Кіші Жүзді Ресей империясының құрамына қабылдау туралы грамотаға қол қойды? 1731ж

198

Қай жылы императрица Анна Иоанновна Орта жүзді Ресей империясының құрамына қабылдау туралы грамотаға қол қойды? 1734ж

199

Орынбор экспедициясы қай жылы құрылды? 1734ж

200

Орынбор экспедициясының тұңғыш басшысы кім? Кириллев

201

Қазақстанның Ресейге қосылуы қашан аяқталды? 1864ж

202

А.И. Тевкелеев кім еді? Кіші жүзге жіберілген елші

203

Қай қазақ ханы ең алғаш Ресей империясының құрамына кіруге өтініш білдірді? Әбілхайыр

204

Ресей империясының құрамына қазақ жерлері қандай ретпен енді? Кіші, Орта, Ұлы

205

Қазақ жерін отарлау саясатын Ресей патшалығы неден бастады? Әскери қамал салу

206

Қай жылы Кіші жүз ханы Әбілхайыр Барақ сұлтанның қолынан қаза тапты? 1748ж

207

1748-жылы Әбілхайыр хан қайтыс болғаннан кейін Кіші Жүздің ханы болып кім сайланды? Нұралы сұлтан

208

Императрица Елизаветаның қазақтарға Жайық өзенінің оң жағында мал жаюға тыйым салу туралы жарлығы қашан қабылданды? 1756ж

209

Абылай ханның билік құрған жылдары: 1771-1781ж

210

Абылай ханның шын есімі кім? Әбілмансұр

211

ХҮІІІ ғасырдың 40-жылдары қазақ-жоңғар қатынастарының дәстүрлі жаугершілік сипаттан одақ құру сипатына ауысуына үлкен үлес қосқан қазақ қайраткері: Абылай сұлтан

212

Екатерина ІІ Абылай ханды қазақ жерлерінің қай бөлігінің билеушісі ретінде таныды? Орта жүз ханы

213

Абылай хан қайтыс болған соң Орта жүзде билік басына кім келді? Уәли

214

ХІХ ғасыр ортасындағы энциклопедиялық басылымдардың бірінде жарық көрген Абылай хан туралы алғашқы ғылыми мақаланың авторы кім? Уәлиханов

215

Қашан және кімдердің күшімен Жоңғар хандығы біржолата жойылды? 1758ж Цинь империясы

216

Патша үкіметінің отарлау езгісіне қарсы қазақтардың жаппай көтерілуі алғаш рет неден көрініс алды? Пугачев бастаған шаруалар көтерілісі

217

«Көрінбес қозғалысының» (партизан қозғалысының) ұйымдастырушысы кім болған? Сапура деген қазақ қызы

218

Е. Пугачев бастаған шаруалар соғысы қай жылдары болды? 1773-1775ж

219

Төмендегі келтірілген тұлғалардың қайсысы Е. Пугачев бастаған шаруалар соғысына қатысқан? Сырым Датұлы

220

Сырым Датов бастаған көтеріліс қай жылдары болды? 1783-1797ж

221

Сырым Датов бастаған көтеріліс Қазақстанның қай өңірінде болды? Батыс Қазақстан

222

Сырым Датов бастаған көтерілісшілер қай ханды тақтан тайдыруға ұмтылды? Нұралы ханды

223

1786-жылы Кіші жүз ханы Нұралының биліктен кету себебі неде? Барон Игельстром реформа басталуы

224

С.Датов бастаған көтеріліс жылдарында көтерілісшілер қолынан қай қазақ ханы және қай жылы қаза тапты? 1797ж Есім хан

225

1783 – 1797 ж.ж. көтерілісшілердің қойған негізгі талаптары: Нұралы ханды биліктен тайдыру

226

Кіші жүздегі Игельстром реформаларының негізгі мақсаты? Хандық билікті жою

227

Барон Игельстромның реформасының нәтижелері қандай болды? Реформа жүзеге асқан жоқ

228

Ішкі (Бөкей) Орда қай жылы құрылды? 1801ж

229

Неліктен Ішкі (Бөкей) Орда «ішкі» деп аталды? Бекіністің тылында орналасты

230

Ішкі (Бөкей) Орда Қазақстанның қай бөлігінде құрылды? Орал мен Еділ арасында

231

1801 жылы Ішкі Ордасының билеушісіне тағайындалған кім? Бөкей сұлтан

232

Қай жылдары Ішкі (Бөкей) Орданы Жәңгір хан биледі? 1823-1845ж

233

1812 жылы Наполеонға қарсы Отан қорғау соғысында қазақтар қандай әскери-ұлттық құраманың қатарында болды? Бащқұрт-қазақ

234

ХІХ ғасырдың 20-40 жылдарында қазақ ақсүйектерінің қайсысы оқу-білімге кең жол ашып, қазақтардың егін салуы мен шөп шабуын қолдады? Жәңгір

235

Орта жүзде хан билігін әлсірету үшін патша үкіметі 1815 жылы қандай шара қолданды? Бөкейді тағайындады

236

Жәңгір хан саясатының қай мәселелердегі әрекеті Ішкі Орда тұрғындарының наразылығын туғызып, көтеріліске итермеледі? Жер реформасы. Әдістер мен қорытындысы

237

Ішкі (Бөкей) Ордадағы 1836 – 1838 жылдардағы шаруалар көтерілісін кім басқарды? Исатай мен Махамбет

238

1836 – 1838 жылдары Бөкей ордасындағы көтерілістің негізгі қозғаушы күші кімдер? Шаруалар

239

Ішкі (Бөкей) Ордадағы 1836 – 1838 жылдардағы шаруалар көтерілісінің ең ірі шайқастары қай жерлерде болды? Ақбұлақ өзеніндегі

240

Төменде келтірілген шайқастардың қайсысында Исатай Тайманов қаза тапты? Ақбұлақ

241

1822 – 1824 жылдары бір орталықтан басқаруға арналған реформаның негізгі мақсаты қандай? Кіші жэне Орта жүздегі хандық билікті жою

242

1822 – 1824 жылдардағы реформа қандай құжаттар негізінде жүргізілді? Сібір қырғыздарының жарғысы, Орынбор қырғыздарының жарғысы

243

«Сібір қырғыздары туралы Жарлықтың» авторы кім? Сперанский

244

«Сібір қырғыздары туралы Жарлығына» байланысты Орта жүз жері қалай атала бастады? Сібір қырғыздарының аймағы

245

Орта жүзде хандық билік қашан жойылды? 1822ж

246

«Сібір қырғыздары Жарғысы» бойынша дәстүрлі билер соты қандай өзгеріске ұшырады? Билер соты шектелді

247

«Орынбор қырғыздарының Жарғысы» қай жылы қабылданды? 1824ж

248

«Орынбор қырғыздарының Жарғысына» қандай жаңа жоспарлар еңгізілді? Ара қашықтыққа бөлу

249

Кіші жүзде хандық билік қашан жойылды? 1824ж

250

Ішкі (Бөкей) Ордадағы хандық билік қашан жойылды? 1845ж

251

Ішкі (Бөкей) Ордасының соңғы ханы кім болды? Жәңгір хан

252

Ішкі (Бөкей) Ордасында хандық билік жойылғаннан кейін жоғарғы билік кімнің қолына көшті? Уақытша орыс кеңесіне көшті

253

К. Қасымұлы бастаған көтеріліс қай жылдары болды? 1837-1847ж

254

К. Қасымұлы бастаған көтеріліске қай жүздің қазақтары қатысты? 3 жүз

255

К. Қасымұлы бастаған көтеріліс Қазақстанның қай бөлігін қамтыды? Бүкіл ҚЗ

256

Қай жылы К. Қасымұлы үш жүздің ханы болды? 1841ж

257

К. Қасымұлы кімдердің қолынан қаза тапты? Қырғыз манаптары

258

Сұлтан Саржан Қасымұлы кім еді? 1825-1836ж Солт.ҚЗ оппозиция қозғ. жетекшісі

259

ХІХ ғасырдың 50-жылдарында Сырдарияның төменгі ағысындағы отарлыққа қарсы көтерілісті кім басқарды? Жанқожа Нұрмұхаммедұлы

260

Верный әскери бекінісінің негізі қай жылы қаланды? 1854ж

261

1853 жылы орыс әскерлері жаулап алғаннан кейін Ақмешіт бекінісі қалай аталды? Перовск

262

ХІХ ғасырдың 50-жылдарында Патша үкіметіне Батыс Сібір және Сырдария әскери бекіністерінің бірігуі туралы жоспардың жүзеге асуына не кедергі болды? Қырым соғысының басталуы

263

1864 жылы Батыс Сібір және Сырдария әскери бекіністерін біріктіру шараларында полковник Черняевтың экспедициялық корпусы құрамында қазақтың қай ақсүйегі болды? Ш. Уәлиханов

264

Қандай оқиға Қазақстанның Ресейге қосылуының аяқталуын білдірді? 1864ж Ташкенттің жаулап алынуы

265

«Сырдария және Жетісу обылыстарын басқару туралы уақытша Ереже» қай жылы қабылданды? 1867ж

266

1867 жылғы уақытша Ереже бойынша Сырдария және Жетісу обылыстары қай генерал-губернаторлыққа бағынды? Түркістан

267

Батыс - Сібір генерал-губернаторлығының орталығы қай қала?

268

1867-1868 жылдардағы реформа бойынша Ақмола облысы қай генерал-губернаторлыққа өтті? Батыс Сібір

269

1868 жылы құрылған Түркістан генерал-губернаторлығының орталығы қай қала? Ташкент

270

1867-1868 жылдардағы реформа бойынша Бөкей ордасы қай әкімшілік аймаққа еңгізілді? Астрахань

271

1867-1868 жылдардағы реформа бойынша қазақтарды әкімшілік-орталық аппарат жүйелерінде қызмет етуге шектелуі неден көрініс алды? Болыс басқарудан артық орын ала алмады

272

1867-1868 жылдардағы реформа бойынша соттар жүйесінің төменгі сатысы қалай аталды? Билер мен қазылар

273

1870-1873 жж. қазақ шаруалырының көтерілістері Қазақстанның қай аймақтарын қамтыды? Маңғыстау

274

Қазақстанға орыс шаруаларын жаппай қоныс аудару қашан басталды? 19ғ 80жылдары

275

«Түркістан өлкесін басқару туралы ереже» қашан қабылданды? 1886ж

276

1891 ж. қабылданған облыстарды басқару туралы Ережеге сай қандай генерал - губернаторлық құрылды? Дала

277

1891 ж. құрылған Дала генерал-губернаторлығының орталығы қай қала болды? Омбы

278

ХІХ ғ. соңында Қазақстанда орыс және украин шаруа қоныс аударушыларына қандай жеңілдіктер жасалды? Олар 15 жылға салықтан босатылды, мал үшін несие алды

279

Қашан Ресей әскері Іле аймағына кіргізілді және жергілікті ұйғырлар мен дұнғандарды қытайлар тарапынан жазалау шараларынан қорғады? 1871ж

280

1881-1884 жж. қандай акт негізінде Жетісуға Іле аймағына ұйғырлар мен дұнғандардың ерікті түрде көшуі жүзеге асырылды? 1881ж Санкт-Петербург

281

1881 ж. Санкт-Петербор келісімінде Іле аймағының ұйғыр және дұнған тұрғындары үшін қандай артықшылықтар қарастырылады? Әр адамға 4-5 десятина қазақ н/се қытай азаматтығын алу

282

1881-1884 жж. Шығыс Түркістаннан Жетісуға қандай халықтардың өкілдері қоныстанды? Ұйғыр, Дүнген

283

Қазақстанда қазақ балаларын оқыту үшін еуропалық түрдегі мектептер алғаш рет қашан және қайда ашылды? 19ғ

284

ХІХ ғ.Қазақстанда ашылған Еуропалық түрдегі мектептердің басты мақсаты не болды?Ұсақ шенеуліктер дайындау

285

ХІХ ғ. Қазақстанда патша өкіметі қандай түрдегі оқу орындарын ашу үшін ерекше кедергі жасады? Мұсылман мектептері мен медреселер

286

Ш.Уәлиханов өмір сүрген жылдары: 1835-1865ж

287

Ш.Уәлиханов аталған оқу орындарының қайсысын бітірді? Омбы кадет корпусы

288

Ш.Уәлиханов өзінің еңбек жолын бастауда аталғандардың ішіндегі қандай лауазымда болды?

Батыс Сібір г-г адъютанты

289

Ш.Уәлиханов ориенталистика саласындағы еңбегі үшін қандай марапатқа ие болды? Ресей импер. Географ. Қоғам. Алтын медалі

290

Қандай ғылыми еңбек Ш.Уәлихановқа бүкіл әлемдік танымдылық әкелді? Қытайдың Нянь-Лу пров. 6 шығ. Қаласы мен 6 шардың жағдайы туралы.

291

Ш.Уәлиханов қай орыс жазушы - демократымен дос болды? Достоевский

292

Ы.Алтынсарин Қазақстанның қай облысында мектеп инспекторы лауазымын атқарды? Торғайда

293

Ы.Алтынсариннің бастамасымен Торғай облысында қандай түрдегі оқу орындары ашалды? Орыс-қазақ мектептері мен училищелері

294

ХІХ ғ. 80-ж. Торғай облысының Ырғыз қаласында қай қазақ қайраткерінің бастамасымен қазақ қыздары үшін алғашқы оқу орны ашылды? Ы. Алтынсарин

295

«Қырғыз хрестоматиясының» авторы кім? Алтынсарин

296

Ы.Алтынсарин төменде көрсетілген қай шығарманың авторы? Қырғыз хрестоматиясы

297

Абай Құнанбаевтың өмір сүрген жылдары: 1845-1904ж

298

Абай Құнанбаевтың шын аты: Ибраһим

299

Абай Құнанбаев қандай оқу орнында оқыды? Семейде Ахмет Риза медресесі

300

Көрсетілген шығармалардың қайсысын Абай жазды? Ескендір поэмасы

301

Абайдың қай шығармасында оның философиялық - этикалық көзқарастары толық бейнеленген? Қара сөздер

302

Қай орыс жазушыларының шығармаларын Абай қазақ тіліне аударды? Пушкин, Лермонтов, Крылов

303

ХІХ ғ. екінші жартысындағы қай қазақ композиторлары «Сарыарқа» және «Балбырауын» күйлерінің авторы? Құрманғазы

304

Құрманғазы, Дәулеткерей және Тәттімбеттер кім болды? Күйші, композитор

305

ХІХ ғ. бірінші жартысында жарыққа шыққан «Қырғыз-қазақ немесе қырғыз-қайсақ ордалары мен даласының суреттемесі» атты қазақ тарихы туралы алғашқы жан-жақты еңбектің авторы: Левшин

306

ХІХ ғ. қай Ресей ғалымы Жетісудың табиғатын зерттеді? Семенов Тянь-Шанский

307

А.С.Пушкин 1833 ж. Пугачев көтерілісіне материалдар жинау үшін Қазақстанның қай қаласына келді? Орал

308

«Оян, қазақ» өлеңдер жинағының авторы кім? М. Дулатов

309

Қазақ тіліндегі мерзімді басылым қашан шықты? 19ғ аяғында

310

1888-1902 жж. қазақ тілінде қандай газет шығарылды? Дала уалаяты

311

ХІХ ғ. аяғында Қазақстанда қандай өндіріс саласы дамыды? Тау-кен және тау зауыты

312

Орынбор - Ташкент темір жолы құрылысы қашан салынды? 1901-1905ж

313

ХХ ғ. басында Қазақстанда қандай темір жол торабы болды? Орынбор-Ташкент

314

1905 ж. желтоқсанда қандай өнеркәсіпте тау - кен жұмысшыларының ірі және ұйымдасқан толқуы болды? Успен кенішінде (руднигінде)

315

1905ж. желтоқсан толқулар барысында Успенск руднигінің жұмысшылары қандай ұйым құрды? Орыс-қазақ одағы

316

Патша үкіметі атына петиция қабылданған қазақтардың Қоянды съезі қашан болды? 1905ж 25 шілде

317

Қандай оқиға қазақ зиялыларын ұлт - азаттық көтеріліс сахнасына шыққандығы жөнінде хабардар етті? Қоянды петициясына дайындық

318

Мемлекеттік Думаға сайланған қазақтар: Бөкейханов, Қаратаев, Тынышбаев

319

Қазақ қайраткерлерінің қайсысы Выборг қаласындағы І Мемлекеттік Думаның бұрынғы мүшелерінің жиналысына қатысты және халыққа үндеу жазып, сол үшін үш ай түрмеге қамалды? Бөкейханов

320

ІІ Мемлекеттік Думаның секциялық мәжілісінде Қазақстандағы патша өкіметінің аграрлық саясатын сынға алып сөйлеген қазақ депутаты: Қаратаев

321

Столыпин реформасы қай жылдары жүзеге асырылды? 1906-1912ж

322

ХХ ғасырдың басындағы Столыпин реформасы қандай мәселеге арналды? Аграрлық мәселе

323

ХХ ғ. бас кезінде Столыпин реформасы кезінде қазақтардан қанша жер Көші-қон қорына алынды? 17млн

324

1917 жылға дейін Қазақстанда жалпы шарулар қоныс аударуы басталған кезеңнен қазақтардан қоныс аударушылар қорына қанша жер үлесі тартылып алынды? 45млн десятина жер

325

«Айқап» журналының алғашқы саны қашан жарық көрді? 1911ж қаңтар

326

«Айқап» журналының редакторы және шығарушысы кім болды? М. Сералин

327

«Қазақ» газетінің алғашқы саны қашан жарық көрді? 1913ж

328

«Қазақ» газеті қай жылдар аралығында шығып тұрды? 1913-1918ж

329

«Қазақ» газетінің бас редакторы кім? Байтұрсынов

330

1916 ж. қазақтар көтерілісінің шығуына не себеп болды? Қазақтарды тыл жұмысына әскерге алу

331

Қазақстанда ер адамдарды тыл жұмысына алу туралы патша жарлығы қашан шықты? 1916ж 25 маусым

332

Азамат соғысы жылдарындағы Қазақстанда соңғы майдан қашан жойылды? 1920ж наурыз

333

Біртұтас қазақ Кеңес мемлекетіне қазақ жерінің бірігуі қашан аяқталды? 1924ж

334

1920 ж. Қазақстанның Халық Комиссарлар Кеңесін кім басқарды? Р. Зенкович

335

Сырдария облысында ең алғаш рет Кеңес өкіметі қай қалада орнады? Перовск

336

Ресей қол астындағы Түркістан автономиясын жақтаған, сталинизмді сынап бірнеше еңбек жазған ірі қоғам қайраткері? М. Шоқай

337

Өзін қазақ елінің үкіметі атаған «Алашорданы» тарату туралы шешім қашан қабылданды? 1919 қазанда

338

Күшпен ұжымдастыруға қарсы шаруалардың қарулы күресі Қазақстанда қай жылдары болды? 1929-1931ж

339

«Кіші Қазан» саясатына қарсы шыққандар қандай идеяны талап етті? Өнеркәсіпті шикізат көзіне жақындату

340

Түрксіб құрылысына жәрдемдесетін арнаулы комитет жұмысын кім басқарады? Т. Рысқұлов

341

Қай жылы Бүкілқазақстандық Кеңестер сьезі «қырғыз деген атауды, қазақ атаумен өзгерту» туралы қаулы қабылдады? 1925ж

342

Қашаннан бастап БК П (б) Қазақ Өлкелік Комитетінің бірінші хатшылығына Ф.И. Голощекиннің келуімен байланысты республикаға қысым жасау саясаты күшейіп, ерекше қатаң сипат алды? 1925ж

343

Ф. Голощекин қай жылдары Қазақ өлкелік партия комитетінің бірінші хатшысы болды? 1925-1933ж

344

1932ж. шілдесінде республика қайраткерлерінің бірі тобы жазған «Бесеудің хаты» кімге жолданған еді? Голощекинге

345

«Алжир» деген лагерьде қандай адамдар қамауда болды? Халық жауларының әйелдері

346

Қазақстанда 1933-1938 ж.ж. басшы болған: Мирзоян

347

Айтылған халықтардың ішінде Қазақстанға алғашқы көшірілгені қайсысы? Кәрістер

348

Қазақстанда ұжымдастыру қалай жүргізілді? Жергілікті жағдай ескерілмеді, отырықшылықты пәрменді жүргізді

349

«Үш жүз» партиясының басшылары қандай саяси бағыт ұстады? Социалистік бағыт

350

Қазақстанның алғашқы астанасы қай қала? Орынбор

351

Қазақ халқының 1000 әні мен «Қазақ халқының 500 ән мен күйі» жинағын шығарған композитор, әрі этнограф кім? Затаевич

352

Фашистердің жоспары бойынша Қазақстан қандай елдің құрамына енуі қажет еді? Үлкен Түркістан

353

«Экономиканы соғысқа бейімдеп қайта құру» деген ұғым нені білдіреді? Кәсіпорындарды соғыс өнімін шығаруға көшіру

354

1942 ж. қыркүйек айында Қазақстанның қай аймағында соғыс жағдайы енгізілді? Орал, Гурьев

355

Қазақ ҚСР Ғылым Академиясының тұңғыш президенті кім болды? Сәтбаев

356

Кеңес Одағының батыры атағын екі рет алған ұшқыш? Т. Бигелдинов

357

Кеңестер Одағы Батыры атағын алған ең жас қазақ? Елеусізов

358

Е.Бекмахановтың саяси зиянды деп танылған еңбегі: 19ғ. 20-40 ж. Қазақстан

359

Қай жылы Е.Бекмаханов Ғылым Академиясынан қуылып, Қаз КСР жоғары сотының қылмысты істер жөніндегі коллегиясының үкімімен буржуазиялық- ұлтшылдық көзқарастары үшін 25 жылға бас бостандығынан айрылды? 1952ж

360

Қай жылы Семей полигонында алаш ядролық сынақ өткізілді? 1949ж

361

Қазақстанда тың және тыңайған жерлерді игерудің басталуы? 1954ж

362

Қазақстан Компаритиясының ҮІІ съезінде Ж. Шаяхметовтың орнынына Қазақстан Компартиясының ОК І хатшысы болып сайланған: Пономаренко

363

КСРО Министрлер кеңесінің қаулысы бойынша 1948 ж. салынған ядролық полигон қандай үш облыстың түйіскен жерінде болды? Семей, Павлодар, Қарағанды

364

1954 жылы тамыз айының басына қарай Қазақстанның тың жерінің қанша мөлшері жыртылды? 6,5 млн га

365

Тың жерлерді игерудегі кері зардаптарды көрсетіңіз: Барлық аталғандар

366

1953 жылы 27 қазанда темір жол тұрақты пайдалануға берілді, ол Транс-Қазақстан магистралін салуды аяқтады. Осы жол төсемін атаңыз: Мойынты-Шу

367

1960 ж. Мәскеуде құрылған «Жас тұлпар» бейресми бірлестігін құрушылардың бірінің есімін атаңыз: Әуезов

368

КОКП ОК-нің «Қазақстан Республиканың партия ұйымының еңбекшілерге интернационалдық және патриоттық тәрбие беру жөніндегі жұмысы туралы» қаулысында 1986 ж. Алматыдағы желтоқсан оқиғасына қандай баға берілді? Ұлтшыл жастар бүлігі деп бағаланды

369

Қазақстан жерінде неміс автономиясын құруға Целиноград жастары қашан қарсы шықты? 1979ж маусым

370

Алғаш кеңестік «Невада - Семей» қозғалысының бастамасы қашан салынды? 1989ж ақпан

371

«Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» Конституциялық Заңы қашан қабылданды? 1991ж 16 желтоқсан

372

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы мен Елтаңбасы қаша бекітілді? 1992ж

373

Республика Жоғары Кеңесі Қазақ КСР Президентінің қызмет орны туралы қаулыны қашан бекітті? 1990сәуір

374

1990 ж. 25 қазанында қандай тарихи оқиға болды? Декларация қабылданды

375

Қазақстан Республикасы БҰҰ құрамына мүше болдып қашан қабылданды? 1992ж наурыз

376

ҚР Президенті Қазақстанның астанасы Акмола болуы жөніндегі қаулыға қашан қол қойды? 1995ж қырк

377

Қазақстан халықтары Ассамблеясы қашан құрылды? 1995ж

378

Қазақстан Республикасында Конституцияға сәйкес басқарудың қай түрі бар? Президенттік

379

Қазақстан Республикасында неше облыс бар? 14

380

«Кіші Қазан» идеясын ұсынған кім? Голощекин

381

Қазақстанда индустрияландыру неден басталды? Табиғат байлығын зерттеуден

382

Ұлттық мемлекеттікті қайта бөлу кезінде Қазақ АКСР-ның құрамына қай облыстар кірді? Жетісу, Сырдария

383

Орынбор қай жылдары Қазақ АКСР-ның астанасы болды? 1920-1924ж

384

Түркістан - Сібір темір жолын салу қашан басталды? 1927ж

385

Қазақстанда ұжымдастыруды қай уақытта аяқтау жоспарланды? 1932ж

386

Кенесары Қасымұлы бастаған ұлт-азаттық көтерілістің негізгі мақсаты қандай болды? Абылай хан уақытындағы ҚЗ шекарасын қайта қалпына келтіру «Дуандарды» тарату

387

«Кіші Қазан» саясатына қарсы шыққан Қазақстанның қоғам қайраткерін атаңыз? Сәдуақасов

388

“Алаш” партиясы қашан құрылды? 1917ж

389

ІҮ Бүкілтүркістан съезімен құрылған мемлекет қалай аталды? Түркістан автономиясы

390

Азамат соғысы кезінде Ә. Жангельдин экспедициясы қай майданға қару-жарақпен жәрдем көрсетті? Ақтөбе

391

Алаш үкіметінің жетекшісі кім болды? Бөкейханов

392

«Үш жүз» партиясының басшысы кім болды? Тоғысов

393

Қазақстандағы азамат соғысы қашан аяқталды? 1920ж

394

1941-1942 жылдары Қазақстанға қанша фабрика-зауыттар көшірілді. 220

395

Кеңес Одағының батыры Н. Әбдіров кім болды? Ұшқыш

396

Қазақстанда бірінші Кеңестік Конституция қашан қабылданды? 1937ж наурыз

397

ХХ ғ 80ж Балқаш пен Арал мәселелері бойынша құрылған комитетті кім басқарды? М. Шаханов

398

Қазақстан территориясында Неміс автономиясын құру туралы шешім қашан қабылданды? 1979ж

399

1975 жылы Олжас Сүлейменовтың қай кітабы жарық көрді? АЗиЯ

400

Президенттің «Қазақстан-2030 бағдарламасында» айтқанындай болашақ ұрпақ қандай қасиеттерге ие болатынын таңдап алады? Барлығы

401

Қазақстан Республикасы Президентінің Еуразия Одағы идеясы қашан ұсынылды? 1994ж

402

1954 жылы Қазақстанда қандай оқиға болды? Тың жерлерді игеру

403

1920 жылы қандай оқиға болды? Қазақ АКСР құрылды

404

1991 жылы 1 желтоқсанда Қазақстанда қандай оқиға болды? Президентті сайлау

405

1986 жылы Алматыдағы оқиға кезінде жастар не үшін бас көтерді? Қайта құрудың демокр-қ принцип үшін

406

Қазақстанда 30-жылдары жаппай аштық қандай саясаттың салдарынан болды? Ұжымдастыру саясаты

407

Қазақ КСР Ғылым академиясы қашан құрылды? 1946ж

408

1979 жылы Целиноградтағы бұқаралық толқудың себебі неде? Еңбек ақының уақытында берілмеуі

409

1958 жылы Қазақстанның қай жерінде әлеуметтік мәселенің шешілмеуіне байланысты жаппай тәртіпсіздік болды? Теміртау

410

«Артымызда Мәскеу» атты кітаптың авторы кім? Момышұлы

411

Күштеп ұжымдастыру нәтижесінде 30-жылдары болған аштықтан қанша адам қырылды? 1,5 - 2,1 млн

412

Қазақстандағы көшпелі шаруашылық қашан түпкілікті жойылды? 1930ж

413

1941 жылы жазылған «Ленинградтық өрендерім» атты толғаудың авторы кім? Ж. Жабаев

414

Ұлы Отан Соғысы жылдарында Кеңес Одағы батыры атағын алған Қазақстандықтар саны: 497

415

Қазақстанда бірінші Педагогикалық институт қашан ашылды? 1928ж

416

Кеңес Одағы Батыры атағын екі мәрте алған қазақстандықтар саны қанша? 4

417

1964 - 1986 жылдары Қазақстан Компартиясы ОК-нің І хатшысы кім болды? Қонаев

418

Семей ядролық полигоны қашан жабылды? 1991ж 28 тамыз

419

ҚР Президенті Н.Назарбаевтың «Қазақстан - 2030» даму бағдарламасы қай жылы жасалды? 1997ж қазан

420

Ресейден Қазақстанға саяси жер аударылғандар қандай идея таратты? Демократиялық

421

Қазақстан Республикасында 2005 жылы 4 желтоқсанда қандай оқиға өтті? Президент сайлауы

422

Қазақстан Республикасында «Тілдер туралы» Заң қашан қабылданды? 1997

423

Қазақ КСР Егемендігі туралы Декларация қашан қабылданды? 1990

424

Қай жылы Қазақ АКСР-і Қазақ КСР-і болып өзгертіліп, одақтас республика ретінде КСРО құрамына енді? 1936ж 5 желтоқсан

425

Қазақ ақсүйегі, экономист, ұлттық либералды-демократиялық қозғалыстың жетекшісі: Бөкейханов

426

1920 жылы құрылған Қаз АКСР Орталық Комитетін кім басқарды? Меңдешов

427

1965 жылғы көтерілістің Торғай облысындағы басшысы? Иманов

428

Түркістан-Сібір теміржолының құрылысы қашан аяқталды? 1931

429

Қазақстан Республикасында жаңа әнұран мәтіні қашан қабылданды? 1992 жылдың 7 желтоқсанында

430

Қай жыл ҚР Президентінің Жарлығымен «Халық бірлігі және ұлттық тарих» жылы болып жарияланды? 1998ж

431

Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстандағы 1986 жылғы желтоқсанның 17-18-індегі оқиғаларға қатысқаны үшін қылмыстық, әкімшілік және тәртіптік жауаптылыққа тартылған адамдарды ақтау туралы» Жарлығы қай жылы шықты? 1991ж 12 желтоқсан

432

Қазақстан Республикасының Президентінің «Жалпыұлттық татулық және саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу туралы» Жарлығы қай жылы шықты? 1997ж

433

Мемлекеттік «Мәдени мұра» бағдарламасы қашан қабылданды? 2004

434

1867-1868 жылдардағы патша үкіметінің әкімшілік-территориялық реформалары Қазақстанның қай өңірінде көтеріліс тудырды? Орал, Торғай, Маңғыстау

435

1824 жылғы Жарғы бойынша Кіші Жүзді басқарудың орталығын көрсетіңіз: Орынбор

436

1822 жылғы Жарғы бойынша Орта Жүздің территориясы қандай бөліктерге бөлінді? Округ-болыс-ауыл

437

Қай жылы орыс әскерлері Ташкент қаласын басып алды? 1865ж

438

Ірі ұлт-азаттық көтеріліске қолбасшылық еткен, ХІХ ғасырда өмір сүрген қазақ ақыны: Махамбет

439

ХІХ ғасырдың басында Қазақстанның қай бөлігі Ресей империясының құрамына еңген жоқ? Жетісу

440

ХХ ғасыр басында Қазақстандағы қоныстандыру қоры немен айналысты? Жерді тартып алумен

441

Қазақ мәдениетінің дамуында Абайдың еңбегі неден көрініс тапты? Жазба әдебиеттің негізін салушы

442

ХҮІІІ ғасырдың бірінші ширегінде жоңғар билеушілерінің стратегиялық мақсаты:

443

1710 жылы Тәуке хан Ордасында үш Жүз өкілдері қандай мәселені талқылады? Жоңғарға шабуыл

444

Қазақ жеріне шапқыншылық барысында қатыгездік танытқан жоңғар билеушісі: Цеван-Рабдан

445

Қандай тауар, ХҮІІІ-ХІХ ғасырдың бірінші жартысында қазақтардың Ресеймен саудада негізгі болып табылды? мал

446

Қазақстанда өнеркәсіптің қалыптасуын қай кезеңге жатқызуға болады? ХІХ ғ аяғы

447

1867-1868 жылғы реформа бойынша Ақмола облысы қай генерал-губернаторлықтың құрамына енді? Батыс Сібір

448

Қазақстанның Ресей империясының құрамына түпкілікті ену уақытын көрсетіңіз: 1864ж

449

1867-1868 жылғы реформаға дейін Қазақ даласы неше генерал-губернаторлыққа бөлінді? 2

450

1867-1868 жылғы реформа бойынша Қазақстан территориясы неше генерал-губернаторлыққа бөлінді? 3

451

Кіші Жүзде Ресей империясының отарлау саясаты неден көрініс тапты? Бекіністер салу

452

Жоңғарлармен күресте аты шыққан қазақ батырын атаңыз: Бөгенбай

453

Ұйғырлар мен дүңгендердің Жетісу өңіріне қоныс аударуына қандай жағдай мәжбүр етті? Цинь қысымы

454

1867-1868 жылғы реформаға байланысты кімдер салықтан босатылды? Шыңғыс ұрпақтары

455

1731 жылы Әбілқайыр ханның Ресейге адалдық антын қабылдауы қай жерде болды? Хан сарайы

456

Қашан Кіші Жүз Ресей бодандығын түпкілікті қабылдады? 1731ж 19 ақпан

457

ХІХ ғ. аяғы-ХХ ғ.басында Қазақстанға қоныс аударған қоныстанушы шаруаларға жер бөлудің түрін көрсетіңіз:

458

ХІХ ғасырдың ортасындағы Қарқаралы уезіндегі ірі жәрмеңкелердің бірі: Қоянды

459

ХІХ ғасырдың бірінші жартысында патша үкіметі еңгізген шаңырақ басы салығы:

460

1916 жылғы көтеріліс барысында Торғай облысында кім хан болып сайланды? Жанбосынов

461

Столыпин аграрлық реформасы бойынша Қазақстанға Ресейдің орталық аудандарынан шаруаларды қоыныстандару қашан басталды? 1907ж

462

Қай жылдан бастап қазақ жерлері Ресей империясының меншігі деп есептелді? 1867-68ж

463

ХІХ ғ. аяғы-ХХ ғ.басында қазақ буржуазиясы өз капиталын негізінен қай салаға салды? Сауда

464

ХІХ ғ. аяғында Қазақстанның қай саласында шетел капиталистерінің белсенділігі артты? Тау-кен

465

Шоқан Уәлиханов қай сала бойынша көрнекті зерттеу жұмыстарын жүргізді? география

466

1756 жылы қазақтарға «ішкі жаққа» мал жаюға тыйым салу туралы Жарғысы шықты. Мәселе қандай территория туралы болды? Жайықтың оң жағалауы

467

1731-1864 жылдар аралығында Қазақстанда қандай процесс жүрді? Ресейге қосылу

468

1758 жылы Цин империясы талқандаған: Жоңғарлар

469

ХІХ ғасырдың басында Ұлы Жүздің шығыс аудандары кімге тәуелді болды? Хиуа, Бұхар, Қоқан

470

Бөкей Ордасының құрылуы қандай жағдайларға байланысты болды?

471

Бірінші дүниежүзілік соғыстың Қазақстанның дамуына әсері қандай болды? Бәрі дұрыс

472

1732 жылы Ресей бодандығын қабылдаған Орта Жүз ханы: Абылай хан

473

ХҮІІІ ғасырдың бірінші жартысында Ресей үшін Қазақстанның қандай мәні болды?

474

Абылайдың халық алдында беделінің артуына қандай жағдай әсер етті? Жоңғарларға қарсы күрес

475

Кіші Жүздің Ресейге адалдық антын кім қабылдады? Тевкелев бастаған елшілік

476

Игельстром реформасы жобасының мәні неде? Кіші, Орта Жүз хандық билікті жою

477

ХІХ ғасырда Қазақстан мен Қытай арасындағы сауда қатынасында негізгі орталық болған қаланы атаңыз?

478

Кіші Жүздің Ресей империясының құрамына қосылуына қарсы болған қазақ сұлтаны: Барақ сұлтан

479

1756 жылы Абылай сұлтан қай мемлекетке бодандыққа ант берді? Цинь

480

«Сібір қырғыздары туралы Жарғы» бойынша қандай қызмет мұрагерлікке берілді? Болыс сұлтаны

481

«Сібір қырғыздары туралы Жарғы» бойынша 10 жыл қызметінен кейін кім, дворян атағын ала алды? Аға сұлтаны

482

«Орынбор қырғыздары туралы Жарғы» бойынша Кіші Жүз территориясында неше дистанция құрылды? 56

483

1824 жылғы Жарғы бойынша Кіші Жүзде қызметтік лауызымдарды кім тағайындады: Орынбор г-г

484

1916 жылы Қазақстаннан тыл жұмысына алынған ер адамдардың 50% 19-49 жас

485

«Қазақ» газетінің негізін салған: Байтұрсынов

486

1916 жылғы көтеріліс сипаты жағынан: Ұлт-азаттық

487

1916 интеллигенция өкілдерінің қай бөлігі көтерілісшілер жағына шықты? Радикалдар

488

Алаш-Орда үкіметінің орналасқан жерін көрсетіңіз: Семей

489

«Алаш» партиясының бағдарламасы қандай баспасөз берінде жарияланды? «Қазақ» газеті

490

Қай жылы Қазақстанда ұлттық валюта теңге еңгізілді? 1993ж 15 қараша

491

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Туының авторы: Ниязбеков

492

Қазақстан Республикасы Елтаңбасының авторы: Ш.Уәлиханов, М. Жандарбеков

493

Жаңа өзен қаласында толқу қай жылы болды? 1989ж

494

Ж.Шаяхметов қай жылдары Қазақ КСР КПОК 1-ші хатшысы болды? 1848-54ж

495

Аталған еңбектердің ішінен Л.Н.Гумлиев еңбегін көрсетіңіз: Көне түріктер

496

Қай жылы Алматы қаласы Қазақстанның астанасы болып бекітілді? 1929ж

497

Қашан Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасының атауы ҚР болып өзгертілді? 1991ж 10 желтоқсан

498

Бірінші Дүниежүзі қазақтарының Құрылтайы қашан және қай жерде өтті? 1992ж қыркүйек

499

Екінші Дүниежүзі қазақтарының құрылтайы қашан және қай жерде өтті? 2002ж 23 қазан

500

Қазақ КСР-інде «Тілдер туралы Заң» қашан қабылданды? 1989ж 22 қыркүйек

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]