Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
tarihi_grammatika_umk.doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
359 Кб
Скачать

Қосымшалардың даму ерекшеліктері және этимомлогиялық табиғаты

Тілдің кез келген элементінің шығу, қалыптасу тарихы бар. Сол секілді, оның мағыналық бөлшектерінің бірі қосымшалар да өзіндік ерекшеліктерге ие. Оған сөздердің морфологиялық құрылымын талдаулар барысында көз жеткіземіз. Бұл талдаулар, әрине, тарихи–салыстырмалы зерттеу әдісіне сүйенеді. Морфологиялық құрылымдардың тарихи дамуы, белгілі бір тілді туыстас тілдер материалдарымен, тарихи ескерткіш фактілерімен салыстырғанда, сонымен қатар тілдің өз құрамында қалыптасқан тілдік элементтерді талдағанда көптеген мәліметтер анықталады.

Тарихи жазба ескерткіш материалдары қазір түбір деп танылып жүрген тұтас тұлғалардың өлі түбірлер мен қосымшаларға немесе алғашқы түбірлер мен өлі қосымшаларға ажырайтыны байқалады.

Морфологияның динамикалық дамуын анықтауға арналған зертеулер, белгілі бір тілге тән тұлғаларды, мүмкіндігіне қарай көне заман ескерткіштері фактілерімен де, туыстас тілдер фактілерімен де салыстыра қарауды қажет етеді. Егер Ү – ҮІІІ ғасыр ескерткіштерінде көмектес септік мәнін бірле шылауы білдірген болса, кейінгі дәуір ескерткіштерінде осы шылау бірлен, білен түрінде кездесіп отырады. Соңғы нұсқасы сол күйінде қазіргі түркі тілдерінің көбінде бар. О бастағы бірле сөзінің құрамындағы р дыбысының түсіп қалуы түркі тілдерінің табиғатына жат құбылыс емес. Ал қазақ тілінің жергілікті говорларында көмектес септік жалғауының -мынан, -бынан, -пынан түрі кездеседі немесе -менен, -бенен, -пенен секілді де түрлері бар, ал Абайдың қара сөздерінде -бірлән тұлғасында кездеседі. Сөз басындағы м/б сәйкестігі түркі тілдер тарихында ескіден белгілі, қазір де бар құбылыс. Сонымен, қазіргі кезде, көпшілік ғалымдар көмектес септік жалғауы мен–нің о бастағы генезисі бірле шылауы екені еш күмән туғызбайды деген қорытынды жасайды. Осы аталған, білен мен бынанды немесе бірләнді салыстырсақ, кей дыбыстардың сәйкестігі мен жуан жіңішкелігіне қарай сәл өзгешелігі болмаса, шығу тегінің бір екенін білу қиын емес. Бұл айтылғандардан тұлғалар даму барысында тек құрылымы жағынан ғана емес, мағыналық жағынан да өзгеріске түсетінін көреміз. Шылаудың жалғауға айналуы осы ерекшеліктің дәлелі...

Тілдің жергілікті ерекшеліктері үнемі көне дәуір қалдығы бола бермейді. Кейінгі араласудың салдары болуы да мүмкін. Қазақ халқының он бесінші ғасырда түрлі тайпалардан құралғандығын ескерсек, ондай ерекшеліктердің тілімізде кездесуін заңды құбылыс ретінде қарауымызға тура келеді. Мысалы, оңтүстік қазақтарының тілінде кездесетін -ғын, -қын, (-гін, -кін), -ың, -ің, -қыл, -кіл, -ғыл, -гіл, бұйрық мәнді көптік қосымшасы -алы, -елі шығыс орнына барыс септігінің, көмектес орнына шығыс септіктің қолданылуы, батыс қазақтарының тілінде кездесетін бізің, сізің, мезгіл мәнді -улы, -улі, жеткізу етістігінің жеттіру түрінде басқа афикстермен айтылуы, -ған есімшесінің орнына -аған, -еген тұлғасының қолданылуы сұрау есімдіктерінің қанда (қайда), қандайма (қандай да болса), қайшан (қашан) тұлғаларында, жатқанның жатырған түрінде қолданылуы әдеби тілде жоқ тәсілдер арқылы кейбір етістік түбірлерінің жасалуы: сақ-ын (сақтан), сақ-ы (сақта), ен-е (ен салу), ұят-та (ұялту), қой-ыр, қой-ырт (қойылт), тір-гіз (тірілт), кішірт, кішірту (кішірейт, кішірейту) т.б айрықша назар аударады. Бұлардың арасында қазір жалпы қосымша ретінде қолданылу ауқымы белгілі бір аймақпен ғана шектелетіндері бар, яғни ондай қосымшалар әдеби тілде кездеспейді. Сонымен қатар, әдеби тілде сөз тудырушы қосымша ретінде өмір сүргенмен, кей сөздердің құрамындағы қызметі әдеби нормадан тыс тұрғандар да бар. Кей қосымшалардың бірінің орнына екіншісінің қолданылуы грамматикалық мағынаның толық айқындалмаған кезінен қалған белгілер болып табылады. Бұлардың барлығы қосымшалардың дамуы барысындағы құрылымдық, мағыналық өзгерістердің көрсеткіші.

Грамматикалық тұлғалардың дамуындағы фактілердің бірі – түбір мен қосымшаның жымдасып кетуі де, түбірдің бастапқы өз мағынасын жоғалтып ескіруінен болуы мүмкін. Мұндайда түбірдің бастапқы сипаты басқа сөздермен салыстыру арқылы, ондай мүмкіндік болмағанда қосымшалардың құрамы арқылы анықталады. Мысалы, іл-гері, жо-рт, ал-да, бай-ла, ар-т, т.б сөздердің қай-қайсысы да түбір мен қосымшалардың бірігуінен пайда болған. Қазіргі тіліміздің фактілерімен салыстырсақ, ілгері сөзінің құрамын іл-гері деп бөлуге болады. Көне түркі ескерткіштерінде илгәрі – алға тұлғасында беріледі. Онымен қазақ тілінің оңтүстік диалектісіндегі ілуде, батыс диалектісіндегі ілік сөздерін салыстыруға болады. Бұлардың мағынасы ілгеріде, әуелде дегенді білдіреді. Екеуіне ортақ түбір – іл-. Ал -гері қосымшасы барыс мағынасын беріп тұр. Бұл қосымша туралы түрлі пікірлер бар. Мысалы Қ.Малғаждаров көне түрі жазбаларында ру/рү формасы септеулік шылаулар қатарында көріне алмағанын және бұл лексикалық единица көмекші сөз ретінде түркітанушы ғалымдар назарынан тыс қалып отырғанын айтады. Мысалы, үчүн, сайу, кісре, тегі тағы басқа септеулік шылаулар сияқты ру/рү тұлғасы да шылаулық қызмет атқарған. Алайда, мұны тілші ғалымдар, шылауларға қосып қарамағанмен, құранды аффикс деген болжамдар айтқаны рас. Ә.Аблақов, С.Исаев, Е.Ағыманов бірлесіп жазған зерттеу еңбекте ру/рү элементі көне барыс септігінің қосымшасы ма, әлде үстеу тудыратын жұрнақ па дей келе гомогенді болуы мүмкін делінген. Ал Е.Ағыманов өзінің келесі бір «Қазақ тілінің тарихи синтаксисі» атты еңбегінде бұл тұлғаны тек қосымша есебінде қарастырады. А.Есенқұлов, Г.Рамстет, В.Котвич пікіріндегідей -ғару/-геру, -қару/-керу құранды формаларын -ға барыс септік және бағыттық мәнді -ру формасы (деректив) деп бөліп, грамматикалық мағына ерекшеліктерін көрсетеді. Сонымен қатар С.Малов, А.Кононов, В.Радлов т.б. түркітанушылар да бұл тұлғаны барыс септік қосымшалары деп көрсетеді. Алайда, екі форманың алғашқысының бұрынғы мағынасы мүлде жойылып, жаңа мағынаға ие болмаса бір түбірге бірдей екі қосымша жалғанбайтыны белгілі. Бұл жалғамалы тілдер заңына қайшы құбылыс. Екі қосымша да (-ға, -рү) көне түркі тілінде бар, сондықтан барыс септігі құранды қосымша бола алмайды деген пікір айтады Қ.Малғаждаров. Осындай екіұдай пікірлерге тоқталғанда, бұл мәселенің әлі де тереңірек зерттелуі керек екенін байқаймыз. Алайда бізге белгілісі – бұл қосымшалардың бірнеше бөлшектен тұратындығы. Қазіргі тілімізде ол ілгері, сыртқары, бергері т.б. секілді бірнеше үстеулердің құрамында ғана сақталған.

«Жорт» сөзінің түбірі жоры немесе жор. Көне түркі тілінде йор немесе жор сөзі шабуылда, жүр мағынасында қолданылған. Демек, жорық, жорға, жорту сөздерінің бір түбірден тарағанын көруге болады. Осыған байланысты жол сөзі де осы түбірден тарамады ма екен деген ой келеді.

Алда сөзінің түбірі көне түркі тілінде ал – өтірік, жалған деген мағына береді. Ал – қулық, -да етістік тудырушы қосымша. Байла сөзінің түбірі ба – байлау мағынасында жұмсалады. -ла қосымшасы да етіктік тудырушы қызмет атқарады. Көнерген түбірлердің құранды болып келетіні секілді қосымшалардың да күрделі, тұлғалы болатын бар. Яғни, морфологиялық бірліктерден тұрады. М.Томанов ондай қосымшаларға л-ық, с-ы, т.б. жатқызады. -л – тұңғыс тілінде көптік жалғауының қосымшасы. Түркі тілдері тарихында өз дербестігін жоғалтқан соңғы элемент -ық алдыңғы қосымшаның құрамына қарай ығысқан. Қазіргі бастапқы түбір мен өлі қосымшалардан құралған деп жүрген сөздеріміздің біразы-ақ түбірге ығысудан туған. Мысалы, сиық, биік, бақ тәрізді сөздер осындай жолмен жасалған.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]