Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
tarihi_grammatika_umk.doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
358.91 Кб
Скачать

Септеуліктер мен демеуліктер

  1. Қазақ тіліндегі септеуліктердің тарихи-лингвистикалық негіздері.

  2. Көне дәуірлердегі септеуліктер мен демеуліктердің лингвистикалық табиғаты.

  3. Көне септеуліктер мен демуліктердің мағыналық ерекшеліктері.

  4. Септеуліктер мен демуліктердің даму ерекшеліктері.

Дәріс мәтіні (тезис)

Септеуліктер

Септеуліктер – өзі қатысты толық мағыналы сөздің белгілі бір тұлғада тұруын талап етіп, оған әр түрлі грамматикалық мағына үстейтін көмекші сөздер. Жалғаулықтар сөз бен сөзді, сөйлем мен сөйлемді салаластыра байланыстырса, септеуліктер оларды сабақтастыра байланыстырады. Септеуліктер өзінің алдындағы есім (зат есім) сөздердің белгілі бір септік жалғау формасында тұруын талап етеді де, сол септік жалғаулы сөзді мағына жағынан толықтырады. Сондықтан да септеуліктерді топтастыруда қандай септік жалғаулы сөзді меңгеретіндігі ескеріледі. Септеуліктер жеке сөздермен байланысты қолданылып, сол сөздермен бірге синтаксистік байланысқа түседі.

Қазіргі қазақ тілінде септеуліктерді түбір я негіз тұлғалы сөзбен тіркесетін, барыс, шығыс, көмектес септікті сөздермен тіркесетін септеуліктер деп 4 топқа бөліп қарастырады. XI-XII ғасырларда қолданылған септеуліктердің өзі қатысты есім сөздермен белгілі бір септік жалғауында келіп тіркесуінде тұлғалық жағынан айырмашылықтар байқалады.

1. Қазіргі қазақ тілінде түбір, я негіз тұлғалы сөздермен тіркесіп келетін үшін шылауы тарихи тұрғыдан түбір тұлғалы зат есіммен тіркесіп келумен қатар, ілік септік жалғаулы есім сөздермен тіркеседі. ҺХ-та түбір тұлғалы зат есіммен тіркесіп келуіне бір ғана мысал берілген. Мысалы: Тат Испаһсалар Бег учун бу китаб Чықардым ажунда аты қалсу деп. – Бұл кітапты Тат Испаһсалар бек үшін Шығардым. Дүниеде аты қалсын деп (АЙ 69). Сениң үчүн келдим. – Сен үшін келдім (МҚ I 76); Құш тузаққа мең үчүн илинүр. – Құс тұзаққа жем үшін ілінеді (МҚ III 358). Аның үчүн Йусуф хас Хажиб тәп аты ажунда йазылмыш турур. – Сол үшін Юсуф хас Хажиб деп аты дүниеге тарады (ҚБ алғы сөз).

Дег септеулігі ҺХ-та есім сөздермен ешқандай қосымшасыз түбір я негіз қалпында тіркеседі. Мысалы: Салабат ичинда ’Умар дәг ’ариф. – Шариғат жолында Омар сияқты білгір (АЙ 53). Көни сөз ’асал дәг бу йалған басал. – Шын сөз бал сияқты, жалған – жуа (АЙ 161). Йа йалған сөз иг дәг көни сөз шифа. – Немесе жалған сөз – ауру, шын сөз ем сияқты (АЙ 163). Йылан дәг бу ажун йылан оқлағу. – Бұл дүние жылан сияқты. Жыланның көзін жой (АЙ 213). Йазар қол қушар дәг йана тарк қачар Йазынғы булут дәг йа қуш дәг халы Дыраңсыз кечар бахт йа қуш дәг учар. – Құшатын сияқты қолын жазып, сосын тез қашады. Сипаты жазғы бұлт сияқты немесе түс сияқты Тоқтаусыз кетеді немесе құс сияқты ұшады (АЙ 222) т.б.

Дәк (тәк) септеулігі есімдіктермен тіркесіп келгенде, есімдік ілік септігінде келеді. Мысалы: мұның тәк бұл сияқты. (ҚБ, 23/10); сен сияқты (ҚБ, 144/10); сәниң тәклариг сен сияқтылар (ҚБ, 174/32) [21, 46 б.].

Тег септеулігі турур көмекші етістігімен қолданылады. Мысалы: Киши көңли түпсүз теңиз тег турур. – Адамның көңілі түпсіз теңіз сияқты (ҚБ 281).

ДЛТ-те тег септеулігіне мынадай мысал кездеседі: Ол андағ тег. – Ол сондай секілді. Тег септеулігі андағ сөзімен баяндауыш қызметінде қолданылып тұр.

Бұл берілген мысалдар дег (тег) сөзінің септеулік шылау ретінде қызмет еткендігін дәлелдейді.

Қадзаш таба ыт кеби қыңру бақар. – Туыстарға ит сияқты қыңыр қарар (МҚ III 23).

Демеуліктер

Демеуліктер – өзі тіркесетін сөздерге әр түрлі грамматикалық мағына, қосымша реңк үстейтін көмекші сөздер. Қазіргі кезде демеуліктердің семантикалық сипаты жағынан дамып, қатары әлдеқайда кеңейген. XI-XII ғасыр ескерткіштерінің тілінде санаулы ғана демеуліктер кездеседі. ҺХ-та кездесетін демеуліктер сұрау мәнді, күшейткіш мәнді, нақтылау мәнді болып келеді.

1. Сұраулық демеуліктер. ҺХ-та му сұраулық демеулігі 8 рет қолданылған. Мысалы: Сәна му айуғай сәза бу тилим. – Саған лайық мақтан айтуға тілім жете ме? (АЙ 3). Санар му едиз қум ушақ таш саны. – Түйір құм мен ұсақ тастың саны есептеуге келе ме? (АЙ 60). Хирадлық му болур тили бош киши. – Тілін тартпаған кісіні ақылды деуге бола ма? (АЙ 137). Сиңар му ешиңда муны кәт сақын. – Досыңда сақтала ма? Мұны жақсылап ойла (АЙ 176) т.б.

Му демеулігі қазақ тіліндегі ма, ме, па, пе, ба, бе сұрау есімдігінің мағынасын береді. ҺХ-та тек му нұсқасы кездеседі. Берілген мысалдардың бәрінде де сұраулық демеулік өзі қатысты мүшемен бірге сөйлемнің басында келіп отырады. Бұндай қолданыс стильдік мақсатқа байланысты болса керек. Біріншіден, сұрауға ерекше екпін түсіру үшін, ал, екіншіден, өлең жолдарында сөйлем мүшелерінің орындарының ауысып келуі – дәстүрлі құбылыс. Кей кездерде му демеулігі негізгі сөз бен көмекші сөздің ортасында қолданылады: хирадлық му болур.

Сұраулық демеулігі II жақ жіктік жалғауымен қатар келгенде, түбір мен жіктік жалғаудың арасына кірігіп кетеді. Мысалы: Есен му сен. – Есенбісің (МҚ I 107). Дәл осы қалып му демеулігінің фонетикалық жағынан мы/мі, бы/бі, пы/пі түрінде өзгеріске түсуі арқылы сақталған: барамысың, айтамысың т.б.

М. Қашқари сөздігінде му демеулігімен қатар мы нұсқасы кездеседі. Мысалы: бу ыт-му (бұл ит пе?) (МҚ III 214); бардың му? (МҚ III 2 ы); ол барда - мы (МҚ III 214).

Му сұраулық демеулігі есімдерге және етістіктерге жалғанып келіп сұраулық мағына берумен қатар, сабақтас құрмалас сөйлемдерде компоненттерді байланыстыру үшін қызмет етеді. Мысалы: Киши йигладиму, өлүм қошнысы. – Кісі ауырды ма, көршісі өлім болар (ҚБ, LV, 131/28). Кәлүр - му йа кәлмаз ачылмаз сөзүм. – Келе ме немесе келмес, ол жөнінде ештеңе айта алмаспын (ҚБ, XL, 182/11).

Түркі руникалық жазба ескерткіштерінде де бұл демеулік өте сирек қолданылған. Мысалы: Қаған му қысайын тідім. – Қағанды ма қысайын, - дедім (ТБ). Екі-үч бің сүмүз келтечіміз бар му не? – Екі-үш мың қолмен келе аламыз ба? Бұл ескерткіштерде -ғу, -гү күшейтпелі демеулігі және күк (кү~ гү+ өк?) сұраулық шылауы кездеседі.

Берілген му, ғу/гү демеуліктерін В.Л. Котвич жалпы алтай тілінен шыққан деп есептейді. Екінші демеуліктен (ғу/гү) ары қарай даму нәтижесінде кі сабақтастырғыш шылауының мағынасы мен қызметіне ие болды, - дейді Н.З. Гаджиева.

В.Л. Котвич те -ғу мен -му арасында генетикалық байланыс жоқ па дейді. Өйткені алтай тілдеріне ғ (г) //м//б дауыссыздарының алмасып келуі жат емес (333). «В.Л. Котвичтің болжамы қызығарлықтай болғанмен, оның дәлелденуі қиын», - дейді А.Н. Кононов. Ол ғу, гү демеулігін (усилительно-выделительная частица деп береді) чуваш тіліндегі қу/қобұл’, сондай-ақ ұйғыр тіліндегі қол / ғол0 + -л) ‘сол’ сілтеу есімдіктерімен тікелей байланысты, тағы да құмық (хасавюрт диалектісі) тіліндегі гөна анда (вон там) ~ құмық. (хасавюрт.) гөл (< р0 + - л) ‘сол’ якут тілінің кини ол < ки + ини – эмоционалды-экспрессивті демеулігімен салыстыр дейді. А.Н. Кононов оқ, өк демеулігі ғу, гү демеулігімен генетикалық жағынан байланысты деп есептейді.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]