- •Кіріспе. Тарихи грамматика – тіл тарихы туралы ғылым. Тарихи грамматика курсының мақсаты мен міндеттері
- •Тарихи фонетиканың зерттеу нысаны. Көне түркі тіліндегі дыбыстар жүйесі және қазіргі түркі тілдеріне ортақ белгілері
- •Қазақ тіліндегі дыбыстар жүйесінің даму ерекшеліктері
- •Фонетикалық құбылыстар мен заңдылықтар
- •Тарихи лексикология Кіріспе. Тарихи лексикологияның зерттеу нысаны, жалпы лексикологиядан айырмашылығы. Тарихи лексикология және этногенез
- •Тарихи морфологияның нысаны мен зерттеу әдістері
- •Қосымшалардың даму ерекшеліктері және этимомлогиялық табиғаты
- •Сөз таптарының қалыптасу тарихы
- •Сын есімнің морфологиялық сипаты
- •Есімдіктердің лексика-морфологиялық сипаты
- •Етiстiктердiң диахрониялық сипаты. Есiмше мен көсемшелердiң тарихи дамуы
- •Жалғаулық және оның түрлері
- •Септеуліктер мен демеуліктер
- •Септеуліктер
- •Тарихи синтаксис
Тарихи лексикология Кіріспе. Тарихи лексикологияның зерттеу нысаны, жалпы лексикологиядан айырмашылығы. Тарихи лексикология және этногенез
Қазақ тілі лексикасының тарихи негіздері.
Қазақ лексикасының құрамы.
Көне түркі жазба ескерткіштеріндегі сөздердің мағыналық ерекшеліктері.
Кірме сөздердің қазақ тіліне ену, мағыналық жақтан өзгеру жолдары
Тақырып бойынша негізгі ұғымдар тізбесі: лексика, лексикология, кірме сөздер, төл сөздер, ататүрік, этногенез.
Дәріс мәтіні (тезис)
Тарихи лексикология — жалпы тіл білімінің сүбелі де күрделі салаларынын бірі. Оның зерттеу объектісі — лексика және онын пайда болу жолдары мен даму заңдылықтары. Басқаша айтқанда, тарихи лексикология тіл тарихына, сол тілде сөйлеуші этностың (халыктың, үлттың) бастан кешірген коғамдық формациялары мен басып өткен үзақ өмірлік жолына қатысты тілдік фактілердін шығу тегін, қалыптасу кезендерін, туыстас тілдердің катарьшан алатын орнын, баска тілдерге қатыстығын ғылыми-теориялық түрғыдан зерттеуді максат етеді.
Демек, тарихи лексикологияның жалпы лексикологиядан басты айырмашылығы — ол тіл фактілерін зерттеуде тарихи принципке сүйенуде. Ол белгілі бір тілдің лексикасын жалпылама емес, нақтылы бір халықтың азаматтық тарихына байланысты, сол халықтын мәдениетіне, дүниетанымына, салт-сана, әдет-ғұрпына т. б. экстралингвистикалық факторларына қатысты зерттеуі керек. Өйткені әрбір тілдің лексикалық қоры, кат-қабат сөз байлығы, сайып келгенде, сол тілді жаратушы, сол тілде сейлеуші халыктың тарихымен тікелей байланысты, сол халықтың халық болып қальгптаса бастаған үзақ дәуірінің жемісі, ұрпақтан-ұрпаққа ауысып, толығып, кемелденіп, жаңарып отыратын асыл да абзал мұрасы, сол халықтың мәдени, рухани өмірінің айнасы болып саналады. Әрбір тілдің сез байлығын тарихи түрғыдан зерттеу дегеніміз — оны сол тілдің өз топырағында, езіндік даму үрдісін, сыр-сипатын ескере отырып қарастыру, жалпылама емес, нактылы объектімен байланыстыру. Ал бұлардын бәрі тарихи лексикологияның бір тілдегі нактылы объектісі болып саналса, оның туыс және туыстас тілдердің лексикасын зерттеуге байланысты проблемаларының шеңбері бұдан әлдеқайда кең болатыны өзінен өзі-ақ түсінікті.
Тарихи лексикологияның өзіндік зерттеу объектісі мен белгілі тәсілдері бола түрса да, оның дербестігінен гөрі ғылымнын басқа салаларымен байланысы, астарластығы ерекше көзге түседі. Осыған орай «қазақ тілі тарихи лексикологиясының зерттеуге тиісті объектілері мен міндеттерін біз қалай анықтауымыз керек?» деген сүрақ туады. Айта кетуіміз керек, бұл мәселе қазақ тіл білімінде бұрын-соңды арнайы сөз болған емес. Тарихи лексикологияның жеке мәселелерін сөз еткен бірлі-жарымды енбектерді есептемегенде, бұл саланың нақтылы объектілері мен алда тұрған міндеттері жан-жақты қаралып, толық анықталып, күн тәртібіне қойыла қойған жоқ.
Алайда қазақ тіл білімінің бүгінгі күннің биік талабына сай табыстары тарихи лексикологияның терең де тегеуірінді зерттелуіне байланысты. Олай болса, бүл саланың негізгі зерттеу объектілері мен мівдеттерін жан-жақты сөз ете отырып, оған мамандардың наза-рын аудару, программалық зерттеулердің бағыт-бағдарын анықтау бүгінгі таңның зәру міндеті болып саналады. Бұл мәселенің ғылыми түрғыдан зерттеліп, дүрыс шешілуі тек ғылымның, ғалымдардың өздері үшін ғана емес, сондай-ақ көпшілік қауым үшін де маңызы зор. Өйткені талғам-талабы биік бүгінгі оқырман қауымы ана тілінің қол жеткен табыстарын қызықтай отырып, оның еткен тарихын, шығу тегін, сөз енерінің небір тамаша құпия сыры мен күнделікті қолданылып жүрген сөздерінің және «казақ» этнонимінің төркінін білгісі келеді. Ана тілінің табиғатына қызу сезіммен қызыға қараушылар тіл мамандарының бірлі-жарымды, тиіп-қашып айткан пікірлеріне қанағаттанбайтын сияқты. Күрделі еңбекті талап етеді. Сондықтан да олар «өлеңге әркімнің-ақ бар талабы» дегендей, сөз төркіні жөніндегі өзінше топшылаулары мен жорамал-жобаларын газет-журнал беттерінде жариялап, ортаға салуға талаптанады.
Бұлардың бәрі, әрине, заңды талаптар және олар тарихи лексикологияға үлкен де жауапты міндеттер жүктейді. Осы міндеттердін үдесінен шығу үшін тілші қауымы да тіл тарихына байланысты зерттеулерді жандандыруы қажет сияқты. Осы проблеманы жан-жақты қарастыратын арнайы монографиялар мен тарихи-этимологиялық өздіктер шығаруға кірісетін уақыт жетті деп ойлаймыз. Бірақ бұл міндеттерді атқару үшін тарихи лексикологиямен шұғылданушы тілшілерге үлкен дайындық керек. Бұл тәрізді қиын да жауапты іске кірісуден бұрын әрбір маман осы салада бүгінге дейін не істелді және бүл істердің ғылыми-теориялық дәреже-деңгейі қандай екенін анықтай отырып, алдағы мақсатымыз бен міндетімізді айқындап алғаны жөн. Осыған орай мақаланың мақсаты: «казак тілі тарихи лексикологиясының бүгінгі таңдағы көкейкесті проблемалары мен алдағы міндеттері не?» деген сауалға жалпы түрде болса да жауап беру және бүл саланың басқа проблемаларға қатыстығын анықтай түсу.
Тарихи лексикологиянық зерттеу объектілері және басқа ғылым салаларына қатыстығы. Тарихи лексикологияның зерттеу объектісі дегенде екі түрлі жағдайды ескергеніміз жөн. Біріншіден, ол алдына қойған мақсатына және тіл фактілерін талдау тәсілдеріне байланысты іштей сараланып, тікелей өзіне катысты проблемаларды ор қырынан қарастыратын этимология, семасиология, ономасиология, диалектология, этнолингвистика сияқты тарауларды қамтиды. Екіншіден, оның тіл білімінің осы салаларында қол жеткен табыстар мен талдау әдістерін пайдалана отырып, этностың шығу тарихын (этно-генезін), этнос тілінің пайда болуын (глоттогенезін), халық тілінін базистік структурасын, туыс, туыстас және басқа тілдермен болған қарым-қатынасын, әр түрлі экстралингвистикалық факторлардын тіл дамуына тигізген әсерін т. б. тіл фактілері мен оның заңдылықтары Негізінде қарастырып, тұжырым айтуға мүмкіндігі мол. Сондықтан да тарихи лексикологияның өзіндік объектілер мен қатыстық объектілері арасында тығыз байланыс, мүдделестік бар.
Тарихи лексикология және этногенез. Қазақ тілі тарихи лексикологиясына қатысы бар проблеманың бірі — қазақ халкының этногенезі мен глоттогенезі. Бұлар этнос пен этнос тілінің тарихи бір мезгілде, бір географиялық ортада және белгілі бір әлеуметтік жағдайда қалыптасуына байланысты құбылыстар. Тілдік факторлар этностың халық болғанға дейінгі және одан кейінгі тарихын айқындауға бірдей қажет. Бұл арада қазақ тілінің базистік лексикасына тән байырғы сөздер мен сөз түлғаларынан тыс, толып жатқан тілдік деректердің атқаратын қызметі зор екенін ескерткіміз келеді. Қазақ халқының негізін қүрушы квптеген ру-тайпалардың этнонимдері мен «қазақ» этнонимінің этимологиялық табиғаты, көне тарихымыздың куәгері ретінде қазак топырағында сақталып келе жатқан жер-су атаулары, өлке-өлкені мекендеген ру-тайпалардың тілдік ерекшелігі ретінде сақталып бізге жеткен диалектизмдер, көне дәуір мен орта ғасырлардың тасқа қашалған сыналы жазулары мен жазба ескерткіштері — осылардың бәрі де этнос пен этнос тілінің тарихын айқындауға қажетті тілдік деректер.
Этногенез проблемасына байланысты тіл деректерін пайдалану дегенде, біз ең алдымен этнонимдерге жасалатын этимологиялық талдаударды айтқан болар едік. Мәселен, қазақ этнониміне байланысты айтылып жүрген жоба-жорамалдар көп-ақ. Олардың жалпы саны қазірдің өзінде-ақ жүзден асады. Бұлардың арасында ғылыми этимология да, әр түрлі аңыз-риуаяттар мен мифологиялық топшылауларға негізделген халықтық этимология да баршылық. Бұл мәселені тарихшылар мен тіл мамандары бірлесе отырып зерттегенде ғана дұрыс нәтиже шығуы мүмкін. Арғын деген этноним жайында да осыны айтуға болады. Махмұд Қашғаридың «Диуанында» кездесетін ру тобының атауы аргу мен казақ және баска түркі халықтарының қүрамына енген этникалық компонент аргын этнонимінің төркіндестігі -н (-ун/ /-ын) элементінің табиғатына байланысты екенін тілшілер жақсы біледі. Ол түркі, монғол тілдеріне ортақ элемент болып саналады (бай > баян, ной > ноян).
Тарихи лексикология этногенез проблемасына байланысты пікір айтқанда ең алдымен ол объективті тарихи фактілердің өзіне сүйенуі керек. Тарихи-лингвистикалық деректер негізінде бір ру-тайпаның екінші ру-тайпамен тарихи қатынасын, өзара әсер-ықпалын анықтауға болатынын кептеген мысалдармен дәлелдеуге де болады. Мәселен, түркі ру-тайпаларының ұзақ даму тарихында пікір айтып жобалауға болатын дәуір — хун дәуірі. Осы дәуірде Қазақстан территориясын түркі тілдес ру-тайпалардан басқа индоиран тілдерінде сөйлеуші тайпалар (сақ, юечжи, соеды т. б.) да мекендеп келгені мәлім. Осы өлкеде қалыптаса бастаған этникалық процесс біздің ж. с. бұрынғы I ғасырда Орталық Азияның түкпірінен қоныс аударып, Батысқа карай жөңки көшкен хундар Қазақстан жерін мекендейтін осы ру-тайпалардын, этностық келбетін өзгертпей койған жоқ. Белгілі деректерге қарағанда хун бірлестігінің өзі тегі жағынан құрама, тілі жағынан біркелкі болмаған. Кейбір ғалымдардың пікірі бойынша хундардың басым көпшілігі түркі тілдес тайпалардан тұрған, олардың Батыстағы одақтасы — үйсіндер болған. Хундар мен үйсіндер одағы біздің эрамыздың басында Батысқа қарай жылжып, ең алдымен Жетісу территориясын басып алады да, бұл өлкеде жасайтын жергілікті сак, юечжи т. б. тайпалардын біразын ығыстырып тастап, өздері қалған шығыс иран тайпаларымен араласа бастайды. Қазақстан жеріндегі көне тұрғындардың түркіленуінің алғашқы дәуірі осы кезден басталады деп көрсетеді ғалымдар. Ал Орта Азия мен Қазақстан жеріндегі иран тілдес ру-тайпалардың түркілер мен монғолдарға айналуының екінші толқыны сол хундар мен үйсіндердің тағы да Батысқа қарай жылжи түсуінен және бұл жолы олардың кангюй тайпасының Сыр бойындағы үлкен мемлекетін ығыстыруынан басталған еді. Сөйтіп, түрғындары негізінен түркі тілдес тайпалардан қүралған Қазақстан I ғасырдың екінші жартысынан кейін көне түркілердің қол астына өтіп, түркі қағанаттарына тәуелді елге айналады. Демек, қазақ этносының дербес халық болғанға дейінгі тарихы өте күрделі интеграция және дифференциация про-цестерін басынан өткерген. Бұл процестерді тап басып, дәл айтып беру қиын. Бірақ сол хун дәуірінің өзінде-ақ түркі тілдерінің біртұтас іргетасы қаланып, негізі жасалған еді. Ата түрк (пратюрк) дәуірін осы кезге мезгеген дұрыс болар деп есептейді Ә.Қайдар. Енді осы дәуірді бейнелейтін тілдік фактілерді анықтау тарихи-лексикологияның үлесіндегі мәселеге айналуы тиіс.
Тұжырымдар
1. Қазақ тілінің тарихи лекикасы сөз мағынасының қалыптасу мен даму жолдары туралы мағлұмат береді. Ол тіліміздің лексикалы қорының әр кезеңдегі толығуы, тілдік табиғатының өзіндік ерекешеліктері туралы мәліметтер береді.
2. Қазақ тілі лексикасындағы сөздердің тарихы:
- қазақ тілі лексикасындағы түркі текті сөздердің тарихи негіздері;
- қазақ тілі лексикасындағы араб, парсы сөздердің тарихи негіздері;
- қазақ тілі лексикасындағы моңғол сөздердің тарихи негіздері;
- қазақ тілі лексикасындағы орыс сөздері.
