Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
tarihi_grammatika_umk.doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
358.91 Кб
Скачать

Фонетикалық құбылыстар мен заңдылықтар

Протеза, диссимиляция, екпін, сингармонизм (фузиялық өзгешеліктер).

Мақсаты: Студенттерге қазақ тілі дыбыстарының қалыптасу тарихы мен даму жолдары және тарихи фонетканың мақсаты мен міндеттері туралы мағлұмат беру.

Сұрақтар:

  1. Фонетикалық құбылыстар мен заңдылықтардың тарихи сипаты.

  2. Қазақ сөздерінің құрылымындағы фонетикалық өзгерістер.

  3. Дыбыстардың позициялық қолданысы.

  4. Кірме дыбыстардың қазақ тіліне бейімделу заңдылықтары

Тақырып бойынша негізгі ұғымдар тізбесі: Протеза, эпентеза, элизия, диссимиляция, метатеза, сингармониялық паралельдер мен варианттар.

Дәріс мәтіні (тезис)

Протеза – сөйлеу тілінде кейбір сөздердің алдынан дыбыс (көбіне ы, і) қосылып айтылуы. Түркі сөздері, сол сияқты қазақ сөздері де, іргелес айтылған екі дауыссыздан, л, р дыбыстарынан басталмайтыны белгілі. Сырттан, басқа тілдерден енген сөздердің барлығы да тілімізде қалыптасу процесінде осы заңдылықты сақтайды.

Қазақ тілінде протеза есебінде жиі айтылатын дыбыстар қысаң дауыстылар, революциядан бұрынғы дәуірлерде енген араб-парсы сөздері де, орыс сөздері де қазақ тілінің заңдылығына лайықталып, осы протезалық дыбыстармен қалыптасып кеткен. Қазақ тіліндегі үстел, ырас, ырза, ірет, т.б. сөздер осы протезалық дыбыспен қалыптасқан. Протеза ретінде кейде о ашық дауысты дыбысы да айтылады: орыс, ораза (бастапқы түрі: русь, руза). Қазіргі орфографиялық нормаға сай ренжу, рахмет, лашын тәрізді сөздер де айтылуда ырахат, іренжу, ылашын болып, протеза қысаң дауыстымен айтылады.

Сөз құрамында әр түрлі сырт жағдайларға байланысты пайда болған дыбыстар (протеза, эпентеза) жайлы айтқанда, сез құра-мында бүрыннан бар дыбыстардың түсіп қалу (элизия) құбылысы да болғандығын айту қажет. Байырғы қазақ сөздері г, г, х, һ дыбыстарынан басталмайтыны мәлім. Осы дыбыстардан басталатын сөздер қазақ тілінде әр түрлі орныққан. Көп жағдайда қазақ тілі өзіне жат құбылыстан «қашып», сөз басындағы әлгі дыбыстарды түсіріп айтқан. Осының нәтижесінде қазақ тілінде Әбдірахман, Әли, Омар, Оспан тәрізді кісі аттары-мен катар әл, әзір, өмір, өкім, әскер, экім, т. б. сөздер қалыптасты. Сонымен қатар, кей сөздер құрамында бұрынғы басқы дыбыс сақталып, қазақ тілі заңдылығына лайықталып қатаңдап кеткен.

Диссимиляция. Дыбыстардың сөз ішіндегі бір-біріне ықпал ету, ыңғайласу зандылықтары (ассимиляция, сингармонизм) қазіргі тіліміздің өн бойын қамтитын, сөйтіп бүкіл тіліміздің қазіргі сыпа-тын, ерекшелігін айқындайтын құбылыстар екені белгілі. Дауысты дыбыстардың жуан-жіңішке (палатальдық гармония) тұрғысынан бірыңғайласуы, сол сияқты түбір ішінде немесе түбір мен қосымша шегінде дауыссыз дыбыстардың бір-біріне ықпал жасауы қазіргі тіліміздің нормалық заңдылығы деп есептеледі. С. Е. Малов түркі тілдерін тілдің ескі қалдығын көп не аз сақтауына қарай белгенде, сары ұйғыр тілін жаңағыдай дыбыс тіркестерін көп сақтауына карай ең көне тілдің бірі деп қарайды. Әрине, қазақ тілі ондай топқа жатпайды. Бірақ бұл ерекшелік оның құрамында кейбір ескі күй-қалыптың сақталуына кепіл де емес. Диссимиляцияның кейбір түрлері қазақ тілінде де үшыраса-ды: рт — торта, қарта (қазы-қарта), орта; рқ, рк бүрке, күрке, арқа, ерке, серке, торк,а, марқа; рп арпа, сорпа; лт алты, ал-тын, былтыр; лқ жылқы, жалқы, алқа, жалқау, салқы (алқы-салқы), шалқы, қалқы.

XI ғасырдың ғалымы М. Қашқари езінің атақты еңбегінде сол заманғы түркі тайпалары тілдерінде к, мен ч, ғ мен д, ш мен н, ғ мен м, ғ мен л дыбыстарының түбір сөз ішінде метатезалық езге-рістерге түсетінін көрсетеді. Осы айтып отырған пікірді дәлелдеу үшін қарлығаш, қоңсы, жақбыр сездерін мысалға келтіреді. Қаш-қаридың айтуынша, бұл сездердің бастапқы тура түрі қарғылач, қошны, йағмур. Егер сол бұрынғы сыпатын еске алсақ, этимология-лық жақтан қарлығаш сөзі қар (қол, иық мәнінде) сөзінен шық-қанын, ал қоқсы сөзінің қос, қосақталу сездерімен түбірлестігін, жаңбыр сөзінің арғы түбірі йағ (жау — етістік) екенін байқаймыз-Метатезалық өзгерістерді білудің де қажеттігі осында жатыр.

Екпін. Түркі тілдерінде, соның ішінде қазақ тілінде, екпін сөздің соңғы буынына түсетіні белгілі. Бұл ежелгі құбылыс емес. Түркі сөздері негізінен бір буынды болып, қарқынмен айтылатын қатаң дыбыстардан басталуы, сондай-ақ поэзиядағы аллитерация құбылысы, қап-қара тәрізді интенсив формаларының қалыптасуы о баста бір буынды сөздің күшті, қарқынды айтылғандырын дәлелдейді. Бұл жай тек қана түркі тілі материалдарымен емес, монғол, тіпті батыста жатқан венгер тілі фактілерімен де дәлелденіп отыр. Осыған орай казіргі қазақ тілінің мына фактісі айрықша назар аударады: бұйрық рай тұлғасы қарқынмен айтылса, соңғы буындағы екпін бір буын кейін сөздің басына ығысады. Қысқасы, сөздің қарқынмен айтылуы сөз екпінінің қай буынға түсуіне бейтарап емес. Екпіннің соңғы буыннан алға қарай жылжуы сын есімнің интенсив формаларынан да айқын байқалады: қап-қара, сап-сары, шіп-шикі, қып-қызыл, аппақ, т. б. сөздер құрамында екпін алдыңғы күшейтпелі буынға түседі. Қазақ тілінде екпіннің алдыңғы буынға қарай жылжуы, әсіресе, лепті сөйлемдер құрамында байқалады. Лепті сөйлемдер құрамында жұмсалған одағайлар экспрессивтік мәнерге қарай екпіннің орнын езгертіп отырады: одағай сез кенет-тен болған қорқынышты білдірсе, екпін басқы буынға түседі, егер таң қалуды білдірсе, сәздің соңғы буынына ауысады.

Сингармонизм. Дауыстылар гармониясы заңдылығы екі түрлі ыңғайда көрінеді: 1) палатальдық гармония немесе дауыстылар-дың жуан және жінішке жағыңан үндесуі. Көне түркі тілінде дауыстылардың жуан-жіңішке үндесуі сөздін, басынан аяғына дейін сақталады; 2) лабиалдық гармония немесе дауыстылардың ерін-дік үндесуі.

Казіргі түркі тілдерінде лабиалдық гармония заңдылығының таралуы бір қалыпты емес. Түркі тілдерінің көпшілігінде-ақ дауыс-тылардың еріндік үндесуі жүйелі түрде сақталмайды. Мысалы, қазақ тілінде еріндік үндесу екінші буыннан аспайды, кейінгі буындарда еріндік мәнер әбден көмескіленген, сондықтан жазуда ескерілмейді. Ал түркі ескерткіштері тілінде сөз кұрамында еріндік үндесудің біркелкі келетін жүйесі сақталмаған. Ол тілде бір сөз құрамында бірінші буындағы ерін дауыстысының кейінгі буында-ғы дауыстыға ықпалы болса, екінші бір сөзде ондай ықпал бай-қалмайды: буңсуз, буңсыз. Онан соң, кейінгі буындардағы дауыс-тыларға бірінші буындағы ерін дауыстысынын, ықпалы да алдыңғы дауыстылардың сапасына қарай болып отыратыны байқалады. Енисей ескерткіштерінде кейінгі буындағы ы, і дауыстылары басқы буындағы еріндік дауыстының ықпалымен еріндікке айналады. Бірақ осы позициядағы ашық дауыстылардын еріндік ықпалға ұшырауы кездеспейді. Алайда кысаң дауыстылардың басқа түрле-рінің осындай позицияда лабиализацияға ұшырауы жүйелі турде байқалмайды 2. Қазіргі түркі тілдерінің ішінде ерін үндестігі жүйелі сақталатыны — қырғыз тілі ғана. Басқа түркі тілдері немесе жартылай сақтайды (мыс., қазақ тілі) немесе атымен жоқ.

Тұжырымдар

1. Қазақ тілінің тарихи фонетикасы пәні дыбыстардың пайда болу, даму, қалыптасу жолдары туралы мағлұмат беретін тілі білімінің саласы. Ол тіліміздің әр кезеңдегі фонетикалық болмысын сипаттайды, тілдік табиғатының өзіндік ерекешеліктерін түрлі салыстырулар арқылы саралайды.

2. Қазақ тілінің тарихи фонетикасы төмендегідей міндеттерді жүзеге асырады:

- қазақ тіліндегі дыбыстардың түркі тілдері жүйесіндегі орнын айқындау;

- қазақ тілі дыбыстарының сөз құрылымындағы орналасу ерекшеліктерін саралау;

- қазақ моңғол тілдерінортақ фонетикалық ерекшеліктерді айқындау;

- қазақ тілінің Алтай тілдері арасынағы орнын анықтау.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]