Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
tarihi_grammatika_umk.doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
358.91 Кб
Скачать

Қазақ тіліндегі дыбыстар жүйесінің даму ерекшеліктері

Сұрақтар:

  1. Қазақ тілі тарихи фонетикасының зерттелуі

  2. Жетекші ғалымдар пікірі

  3. Қазақ тілінің тарихи фонетикасының негіздері

  4. Қазақ тілі дыбыстарының даму ерекшеліктері.

Тақырып бойынша негізгі ұғымдар тізбесі: таихи фонетика, дауысты, дауыссыз, шұғыл, ызың, мұрын жолды, дыбыстау аппараттары.

Дәріс мәтіні (тезис)

Қазақ тілінің даму кезеңдерін Н.А.Баскаков үш кезеңге бөліп қарайды: көне түркі кезеңі, орта түркі кезеңі, жаңа түркі кезеңі. Қазақ зерттеушісі Ж.Арлбаев осы үш кезеңді басшылыққа ала отырып, лингвитикалық тұрғыдан негіздеп берді. Ж.Арлбаевтың айтуы бойынша көне түркі кезеңіндегі түбір сөздердің құрылымы бір дауысты фонемадан (Г), дауысты және дауыссыз фонемадан (ГС), дауыссыз және дауысты фонемадан (СГ), дауыссыз-дауысты-дауыссыз фонемалардан (СГС) тұратын болған, сөйтіп бұл кезеңде фонетикалық буын лексика-грамматикалық морфемамен сәйкескен. Осыған орай үш дауысты фонема: а, ы, у болған. Қазіргі қазақ тілінде сөздердің көбі осы дыбыстармен айтылады. Осы кезеңде қосарлы түбірлер (сарт-сұрт) қалыптаса бастайды. Ал мұндай түбірлердің қалыптасуы дауыстылар гармониясының бастауы еді. (Б.Базылхан еңбектеріне тоқталу)

Орта ғасырларда аталған дауыстылардың негізінде е, і, ү дыбыстары пайда болды. Бұл фонемалар алдыңғы түбір құрамындағы а, ы, у фонемаларының екінші түбір құрамында бейтараптануы, яғни, семантикалық қызметінің әлсізденуінің нәтижесі. Тіл дамуының кейінгі дәуірлерінде ғана бұл дауыстылар фонемалық айырым белгілерге ие болды. Сөйтіп түркі тілдері 8 дауыстыдан тұратын жүйесі осы кезеңде қалыптасса керек. О, Ө дыбыстарын Ж. Арлбаев бастапқы буындағы дауыстының делабиализациялануынан пайда болған дейді. Өйткені о, ө дыбыстары сөздің соңғы буындарында сирек ұшырайды. Алайда, зерттеушілер бұл дыбыстардың көне түркі тілінде болғандығын айтады. Мысалы, «Түркі тілдерінің салыстырмалы тарихи грамматикасының» авторлары ой, оқ, он, оң; өң, өр, өс, өт, өш тәрізді сөздердің құрамындағы о, ө дыбыстарын түркі негіз тілінен-ақ бар деп қарайды.

ХҮ – ХҮІ ғасырлар арасында дауыстылар жүйесіне ә, и, у дыбыстары қосылады. Ә дауыстысы шығыс тілдерінің ықпалының нәтижесі болса, и, у дыбыс қосындылары тіл құрамында болған дыбыс өзгерістерінің нәтижесі.

Бұл пікірді қазақ тілі вокализмі дамуының кезеңдері жайлы деуден гөрі қазақ тілі вокализмі құрамында өзгеру болған дәуірлер жайлы деп қабылдау дұрыс. Мәселе мынада — көне түркі дәуірінде қазақ тілінің негтізін күраган түркі тілдерінде тек кана үш дауысты фонема болған дейтін тұжырымды фактілер дәлелдемейді. Көне түркі жазбаларының фактілері ол тілде (не тілдерде) 8 дау­ысты дыбыс болғандығын көрсетеді. Бірақ сол 8 дауысты дыбыстың фонемалық қызметтері бірдей емес, олардың ішінде айқын фо­немалық мәнге ие болған үш не төрт дауысты дыбыс болуы мүмкін. Сондай-ақ делабиализация үдерісінің жүріп өткен дәуірі — орта ғасырлар болса керек. Бірақ делабиализация үдерісі о, ө дыбыста-рының калыптасуына бірден-бір себеп болмаса керек.

Баяндалган пікір калайда осы мәселе жайлы ой салатыны айқын.

Дауысты дыбыстардың фонемалык мәнде түракты колданылатын орны — түбір, бір буынды түбір. Өйткені бір буынды түбір құрамындагы дауысты гана баска дыбыстың ыкпал, әсеріне ұшырамайды, дербес сапасын сақтайды. Дауыстыларға жасалатын талдау да осы бір буынды түбірлерге негізделеді. Дегенмен, талдау үстінде кейде екі буынды түбірлер де қарастырылады. Алайда мұндай түбірлердің де басқы буыны кұрамындагы дауысты дыбыс негізге алынады. Ал мүндай сөздер бір буынды байыргы түбірлердің косымша аркылы ұлгайган түрі екені мәлім.

Сөздің баскы буынындагы дауысты сөз магынасын айкындайды. Мысалы: ал-өл, сал-сел, нақ-нық, қара-көре, ана-ене, т.б. Нақ осындай кұбылыс екі буынды сөздер кұрамынан да байқалады. Соңғы буындағы дыбыс алғашкы буындағы дауыстының сапалық қалпына ыңғайланады. Айталык, ерен сөзінің екінші буынындагы е алгашкы буындагы осындай дыбыстың көрінісі (аллафоны). Баскы буындагы дауыстының тұрақтылыгы және сол аркылы сөз магынасын ажыратуы мына мысалдар күрамынан байкалады: жарық, жырық, таным, тыным, қатық, қытық. Екінші буындағы дау­ыстылар өзгермеген. Дегенмен, қазақ тілінде басқы буындағы дауысты дыбыстың ауысуымен сөз магынасы өзгеріссіз қала беруі де үшырасады. Ондай сөздердің бір сыңары әдеби норма да, бір сыңары диалектілік тұлға болып келеді. Мысалы: пісу (тамақ пісті) — пысу, тастау-тыстау, қолдану-құлдану, едәуір – адауыр т. б. Осы жай сырттан енген сөздерді қолданудан да байкалады: Ғали-Қали, Әли, Абдрахман-Әбдрахман, т. б. Дауысты-лардың мүндай «ауысуы» түркі тілдері, әсіресе, Орта Азия тілдері арасындағы дауыстылар сәйкестігін қайталайды. Бұл құбылыс, екінші жағынан, әдеби тіл мен диалектілер арасындағы тарихи байланысты көрсетеді.

Сонымен, бір буынды түбір құрамындагы немесе сөздің басқы буынындагы дауысты дыбыстар ғана фонетикалык түргыдан түрак­ты, сөз магынасын айырушы элемент болады да, калған буындардагы дауыстылар соган багынышты болып, бейтарап калады.

Қазіргі қазақ тілінде сөздің баскы буынында айтылмайтын да­уысты фонема жок деуге болады. Дауыстылардың екі тобы да — еріндіктер де, езуліктер де — баскы буында колданыла алады. Айырмашылык — сөздің калган буындарында дауыстылардың кай тобының колданылуында ғана. Езу дауыстылары сөздің барлық шенінде де кездеседі. Ал ерін дауыстылары көбінесе басқы буын­дарында айтылады. Еріндіктен басталган сөздің баскы буындарын­да езуліктер айтылады. Сөйтіп мүндай реттерде баскы буындагы еріндіктің келесі буындагы көрінісі езуліктер болады. Мысалы, үлкендерге, умсын тәрізді сөздерді айтканда алдыңгы еріндіктің әсерімен кейінгі буындарда да еріндік мәнер байқалады, бірак ол өте әлсіз. Сондыктан жазуда ол еленбейді. Бірсыпыра сөздер құра­мында еріндіктер екінші буында да айтылады. Алайда олар о бас­та екі түбірден кұралгандар, ерін дауыстысымен келген екінші буын — бір кезгі дербес түбір.

Тұжырымдар

1. Қазақ тілінің тарихи фонетикасы пәні дыбыстардың пайда болу, даму, қалыптасу жолдары туралы мағлұмат беретін тілі білімінің саласы. Ол тіліміздің әр кезеңдегі фонетикалық болмысын сипаттайды, тілдік табиғатының өзіндік ерекешеліктерін түрлі салыстырулар арқылы саралайды.

2. Қазақ тілінің тарихи фонетикасы төмендегідей міндеттерді жүзеге асырады:

- қазақ тіліндегі дыбыстардың түркі тілдері жүйесіндегі орнын айқындау;

- қазақ тілі дыбыстарының сөз құрылымындағы орналасу ерекшеліктерін саралау;

- қазақ моңғол тілдерінортақ фонетикалық ерекшеліктерді айқындау;

- қазақ тілінің Алтай тілдері арасынағы орнын анықтау.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]