- •Кіріспе. Тарихи грамматика – тіл тарихы туралы ғылым. Тарихи грамматика курсының мақсаты мен міндеттері
- •Тарихи фонетиканың зерттеу нысаны. Көне түркі тіліндегі дыбыстар жүйесі және қазіргі түркі тілдеріне ортақ белгілері
- •Қазақ тіліндегі дыбыстар жүйесінің даму ерекшеліктері
- •Фонетикалық құбылыстар мен заңдылықтар
- •Тарихи лексикология Кіріспе. Тарихи лексикологияның зерттеу нысаны, жалпы лексикологиядан айырмашылығы. Тарихи лексикология және этногенез
- •Тарихи морфологияның нысаны мен зерттеу әдістері
- •Қосымшалардың даму ерекшеліктері және этимомлогиялық табиғаты
- •Сөз таптарының қалыптасу тарихы
- •Сын есімнің морфологиялық сипаты
- •Есімдіктердің лексика-морфологиялық сипаты
- •Етiстiктердiң диахрониялық сипаты. Есiмше мен көсемшелердiң тарихи дамуы
- •Жалғаулық және оның түрлері
- •Септеуліктер мен демеуліктер
- •Септеуліктер
- •Тарихи синтаксис
Тарихи фонетиканың зерттеу нысаны. Көне түркі тіліндегі дыбыстар жүйесі және қазіргі түркі тілдеріне ортақ белгілері
Сұрақтар:
Қазақ тілі тарихи фонетикасының зерттелуі
Жетекші ғалымдар пікірі
Қазақ тілінің тарихи фонетикасының негіздері
Қазақ тілі дыбыстарының даму ерекшеліктері.
Тақырып бойынша негізгі ұғымдар тізбесі: таихи фонетика, дауысты, дауыссыз, шұғыл, ызың, мұрын жолды, дыбыстау аппараттары.
Дәріс мәтіні (тезис)
Қазақ тілінің тарихи фонетикасы дыбыстардың даму тарихын, қалыптасу жолдарын зерттейді. Тілдегі дыбыстардың пайда болып, дамуы, белгілі бір халықтың ортақ қолданысына түсуі мен өзіндік сипат иеленіп, жүйеге келуі ұзақ мерзімді қамтитынды. .
Қазақ тілі түркі тілдерінің бір тарауы болғандықтан, оның тарихына бару үшін түркі тілдеріне ортақ кей мәселелерге тоқталмауға болмайды. Түркі тілдерін зеттеу барысы олардың барлық топтарына тән, өз алдына дербес семья ретінде танытатын бірнеше белгілерін анықтап беріп отыр. Солардың ішінде фонетикалық жүйенің өзіндік орны ерекше. Фонетикалық жүйе бойынша М.Томанов бірнеше ерекшеліктерді атап көрсетеді: Олар мыналар: а) Сөздің бірнеше буынындағы дауыстылар мен келесі буындарындағы дауыстылар екі түрлі жүйе құрайды. Бірінші буынында ашық-қысаң, еріндік-езулік, жуан-жіңішке болып жұптасатын 8 дауысты дыбыс жұмсалады (кейбірде і6-ға дейін себ сөз. сөздерде кездеседі). Екінші және одан кейінгі буындарда көбіне жуан-жіңішке, ашық-қысаң, еріндік-езулік болып бөлінетін 6 дауысты жұмсалады. Сонымен бірінші буын вокализм мен кейінгі буындар вокализм сандық жағынан да, сапалық жағынан да бірдей емес, әртүрлі болып отырады; ә) Сингармонизм заңдылығы біршама жүйелі болып келеді. Ол біршама тілдерде (мысалы ұйғыр тілінде) умладтпен күрделеніп отырады; б) кейбір ауытқуларды еске алмағанда сөз басында 7 дауыссыз фонема айтылады, оның төртеуі – шұғыл дауыссыздар (б, т, қ, г), біреуі – мұрын жолды (м), екеуі – ызың (притачные) – с, й. Сөздің ортасы мен соңында 13 дауыссыз айтылады, олардың 7-і шұғыл (взырывные) п, б, д, к, қ, г, ч, 4-і мұрын жолды – м, р, ң, н, 2-і ызың (прочные) – л, р, сөз соңындағы шұғылдар екі вариантты, ғ, г, ұяң дауыссыздарды сөз ішінде тұрақты болып келеді. Сөздің абсолют басында дауыссыздардың қабаттасып келуі түркі тілдеріне тән емес. Түркі тілдерінің байырғы консонантизмдері басқа жүйелі тілдермен салыстырғанда (герман, семит т.б.), сапа, түр жағынан бірыңғай болып келеді. Түркі тілдеріне тән ерекшеліктердің бірі екпін сөздің соңғы буынына түседі. Кейбір ерекшеліктерді есептемегенде бұл түркі тілдерінің тұрақты тобына жатады. Қазақ тілінің дыбыстар жүйесін зерттеудің дерек көздері – көне түркі жазба ескерткіштері. Әріптермен таңбаланған ондағы дыбыстар арқылы бізге олардың өзіндік ерекшеліктері белгілі болады. Көне түркі халықтары тарихта белгілі бола бастағаннан бері бірнеше алфавитті қолданды. Солардың ішінде, өзге тілдермен қатар, қазақ тіліне де қатыстысы әрі біріншісі – Орхон-Енисей жазуы. Осы ескерткіште кездесетін дыбыстар қазақ тілінің дыбыстық жүйесімен салыстырғанда бастапқы негізін сақтай отырып, едәуір өзгерістерге түскенін байқаймыз.
Қазіргі зертеу еңбектерінің материалдарына сүйенсек, «…руна жазуы тілдің морфологиялық құрылымына негізделген. Сондықтан да ол жазу жеке фонемаларды бір-бірінен дербестейтін айырмашылықтарды белгілеген. Дауыссыз дыбыстардың едәуір тобын екі түрлі таңба арқылы белгілеу ол жазудың сондай ерекшелігінің салдары.
Көне түркі тілінде 8 дауысты дыбыс болған: а, е, ы, і, о, у, ө, ү. Бұл дыбыстар қазірге дейін сақталып келеді. Бүгінгі түркі тілдерінің біразында сегіз қысқа дауысты бар (а, е, о, ө, у, ү, ы, и), бұларға сәйкес көптеген түркі тілдеріндегі созылыңқы дауыстылар бүгінде жоғалған. Тек якут, түрікмен, халадж тілдерінде сақталды. Созылыңқы дауыстылардың жекелеген реликтері басқа да түркі тілдерінде сақталды (шұлым-түркі, ұйғыр, қарақалпақ, өзбек диалектісінде).
Түркі тілдерінің енді бірқатарында тоғыз қысқа дауысты фонема бар. Орхон жазбалары мен ескіұйғыр тілдерінде кездесетін, көне түркілік ә әзірбайжан мен жаңа ұйғыр тілдерінде сақталған. Мысалы, әзірбайжан, ескі ұйғыр, жаңа ұйғыр тілдерінде және орхонда кәл (кел) тұлғаларында жұмсалады. Сондай-ақ, көне ә-нің а-ға ауысуы чуваш вокализміне тән құбылыс. М. әзірбайжан, ұйғыр тілдеріндегі кәс (кесу), чувашша кас. ә дыбысының и-ге ауысуы шамалап, татар, башқұрт, хакас, чуваш тілдерінде кездеседі. М. әзірбайжан, ұйғырша әт (ету) татар, башқұрт, хакас тілдерінде ит тұлғаларында жұмсалады. ә > е сәйкестігі түркі тілдерінің көбінде кездеседі. Әзірбайжанша кәл келу – түрік тілінде гел, ноғай, алтай тілдерінде кел тұлғаларында жұмсалады. Алмасудың осы түрі түркі тілдерінің мұнан өзге біразында кездеседі.
Көне түркі тіліндегі 8 дауысты фонема, жақтың қатысына қарай, мынандай топтарға жіктелген: ашық дауыстылар – а, е; қысаң дауыстылар – ы, і, у, ү; жартылай ашық дауыстылар – о, у.
Жасалу орнына қарай жуан дауыстылар: а, у, о, ы; жіңішке дауыстылар: е, ө, ү, і; ерін қатысына қарай: езу дауыстылар – а, е, ы, і; ерін дауыстылары: о, ө, у, ү сияқты топтарға жіктелген.
Түркі тілдерінің бір тарауы – қыпшақ тобындағы тілдердің қарлұқ, оғұз тілдерінен фонетикалық айырмашылығы бар. Оларды былайша топтап көрсетуге болады: і) 8 – 9 дауысты дыбыс бар, олардың ішіндегі ы, і, у, и дыбыстары түрлі мәнермен айтылады – татар, башқұрт тілдеріндегі бұл дыбыстар қазақ, қарақалпақ, ноғай тілдеріндегі сондай дыбыстарға сәйкес келе бермейді; 2) аффикстер құрамында ерін дауыстылар қолданылмайды; 3) сөз құрамындағы ерін үндесуі әлсіз, қазақ тілінде бірінші буындағы еріндік дыбыстардың кейінгі буындардағы қысаңдарға әсері әлсіз; 4) созылыңқы дауыстылар жоқ. Екінші топқа жататын созылыңқылардың орнына дифтогтер айтылады.
Тұжырымдар
1. Қазақ тілінің тарихи фонетикасы пәні дыбыстардың пайда болу, даму, қалыптасу жолдары туралы мағлұмат беретін тілі білімінің саласы. Ол тіліміздің әр кезеңдегі фонетикалық болмысын сипаттайды, тілдік табиғатының өзіндік ерекешеліктерін түрлі салыстырулар арқылы саралайды.
2. Қазақ тілінің тарихи фонетикасы төмендегідей міндеттерді жүзеге асырады:
- қазақ тіліндегі дыбыстардың түркі тілдері жүйесіндегі орнын айқындау;
- қазақ тілі дыбыстарының сөз құрылымындағы орналасу ерекшеліктерін саралау;
- қазақ моңғол тілдерінортақ фонетикалық ерекшеліктерді айқындау;
- қазақ тілінің Алтай тілдері арасынағы орнын анықтау.
